Жүйе сапалары: БИП, СБТ, КАНАРСПИ, НОРМ, КСУКП. Жетістіктері мен кемшіліктері.

Жүйе сапалары: БИП, СБТ, КАНАРСПИ, НОРМ, КСУКП. Жетістіктері мен кемшіліктері.

 

1950 жылдары Саратовтық жүйені ұйымдастыру дамыды. Ол БИП жүйесі. БИП — жүйесі негізіне орындаушы еңбегінің өзіндік бақылауы жүргізілді. Орындаушы дайындалған өнімнің сапасына жауап берді, яғни өнімді ақаусыз дайындау жүйесі деп аталды. Бұл жүйенің мақсаты өндірісте қолайлы жағдай туғызу, техникалық құжаттамадан ауытқусыз жұмыс өнімдерін дайындауды қамтамасыздандыру. ОТК ұсынған және жұмысшы дайындаған жалпы партия саны еңбек сапасын сандық бағалауда қолданды, партия саны прценттік қатынаста есептелінді, партия бірінші көрсеткіштерден ақ қабылданды.

Өндірістік жүйеге БИПті ендіру мыналарға мүмкіндік берді: технологиялық тәртіп және технологиялық операциялар қатаң орындалуы қамтамасыздандырылды, сапалы еңбек нітижесін алу үшін бірінші буында басшылықтың және жұмысшылардың жеке жауапкершілігін көтеру, еңбек сапасын жақсарту үшін жұмысшыларды моралды және материалды ынталандыру; өнім сапасын жоғарлатуда кең қадамдар жасау үшін алғы шарттар дайындау.

Онымен қоса БИП жүйесі негізгі өндірістің тек қана жұмысшы цехтарына кеңінен таралдып, әсер ету шеңбері аз болды. Бұл жүйе кері факторлардың әртүрлілігі және кәсіпорын шығаратын өнім сапасына әсер етудің әртүрлі дәрежесін ескермейтін « ақау бар- ақау жоқ» принципі бойынша іске асты. Сонымен қатар бұл жүйе бір кәсіпорын шеңберінде шектеліп, бұйым сапасы олардың жұмысқа пайдалану және тұтыну салаларын ескермейтін статистикалық мәнде болды. БИП ң негізгі принциптері ақаусыз еңбек жүйесінің негіздеріне жатады. Оның мақсаты өнім сапасын жоғарлатуы қамтамасыздандыру, сенімділігі және ұзақ өмір шеңдігі.  

ББССР (бірінші бұйымның сапа сенімділік ресурсы) жүйесі машина құрылыс өндірісінде бірінші болып жасалынды және 1957- 1958 жылдары Горькии қаласында ендірілді. Бұл жүйеде өндірісте технолог жұмысшылар және сапаны басқару жұмысшылары техникалық дайындауды жақсарту үшін бұйым сенімділігін жоғарлату негіз болды. ББССР — жүйесі өз кезеңіндегі үздік жүйенің бірі. Мұнда инженер технолог және ұжымдық ұйымдастыру шаралар  жиынтығын құрады. Бірінші өндірістік үлгіде ақ ол өнімнің жоғарғы сапалығымен сенімділігін қамтамасыз етті. Эксплуатациялау, жобалау және зерттеу барысында көптеген жұмыс түрлері қамтылды және ол ББССР  жүйесінің сипаттамасы болып табылды. Зерттеу және жобалау барысындағы тәжірибелі үлгі дайындауда көп көңіл қабыл алмау мен жойылу және өндірістік период себептерін анықтауға бөлінді. Бұл тапсырманы шешуге зерттеу және экспрементальды базаны дамыту, унификациялық коэффициентті жоғарлату, модельдеу және макеттеу әдістерін кеңінен қолдану, сынауды жылдамдату, соны мен қатар өндірісті технологиялық дайындау процесінде өнімді конструкторлық технологиялық өңдеу есептелінді.      

ББССР — дің мінездемелік ерекшеліктері;

— өнімнің жиынтық сапалылыгын қамтамасыз ету.

— мекемеде конструкторлық, технологиялық және сынайтын қызметтің дамуы.

-ұйымдық жұмыстың обьективті және уақытылы ақпарат шығарудың спа өнімі.

— Бұйым сапасын төмендететін себептерді анықтауға  өндірісті дайындау және интенсивті кезеңді қолдану.

— Процесте сериялы үлгіні шығарарда конструкциялық технологиялық жұмыстарды жүргізу.

— Эксплуатациялау кезінде бұйым құрылымын  шыңдау мен жоғарлату технологиялық деңгейін көтеру.

ББССР   қазірде кең қолданыс табуда.

Сапаны жақсартудың барлық назары өнімнің өмірлік циклы жүйесінде дамыды. Бірінші болып Ярославск мотор заводында 1960 жылы МАҒЖҮ қолданылды. Жүйенің мақсаты шығарылған двигательдердің ұзақөмірлігін және сенімділігін жоғарлату болып табылады.

МАҒЖҮ (моторесурстарды арттыру жұмыстарын ғылыми ұйымдастыру)  — жүйесінің негізіне моторесурс деңгейін жүйелі және бірізді бақылау және двигателдің бірінші күрделі жүйеге дейінгі моторесурсын шектейтін бөлшектер мен бөлшектер жиынтығынын сенімділігі мен ұзақмерзімділігін мезгіл мезгіл арттыру принциптері қойылған.

Жүйеде жұмыстарды ұйымдастыру циклдік принцип бойынша құрылған. Моторесурсты арттыру бойынша әрбір жаңа цикл өндірісте моторесурстың алдын ала жоспарланған деңгейіне жеткен соң басталады және моторесурсты шектейтін бөлшектер жиынтығын анықтауды, оның нақты деңгейін анықтауды қарастырады; моторесурсты арттырудың тиімді деңгейін жоспарлау; моторесурстың жоспарланған деңгейін қамтамасыз ету бойынша инженерлік ұсыныстарды жасап дайындау және тексеру; өндірісте двигателдің жаңа ресурсын игеру бойынша конструкторлық технологиялық іс шаралардың кешенді жоспарын жасап дайындау; конструкторлық технологиялық шаралар және тәжірибе кешенді жұмыстарын жүргізу; өндірісте қол жеткен ресурстарды тұрақтандыру; жұмысқа пайдалану кезінде қол жеткен деңгейді тұрақтандыру. 

МАҒЖҮ жүйесін жасауда БИП жүйесінің тарауларын , ал оны жоспарлауда КАНАРСПИ жүйесінің негізгі ережелерін қамтиды.

ӨСБКЖ  (өнім сапасын басқарудың кешенді жүйелері) стандартқа базаланған жүйелі комплексті принципіне құрылған жұмыстар. ӨСБКЖ басқару теорисының жалпы принципіне және сол уақыттағы өнім спасы моделінің принципіне негізделген. мы ӨСБКЖ надай бес формада жасалынды:

Біріншіден: жүйенің ең басты мақсаты формаланды.

Екіншіден: жүйенің барлық әрекеттері арнайы функцияларға топтастырылды.

Үшіншіден: басқару ұйымы көп деңгейде қарастырылды: кәсіпорын, цех, қызмет, жұмыс орны деңгейлерінде.

Төртіншіден: спаны техникалық ұйымдастыру үшін кәсіпорын стандарттарын негізгі жүйе ретінде қолданды.

Бесіншіден: жүйені құру үшін жалпы басқару теориясының өзара қатынасын дамытуда және енгізуде қолданды.

ӨСБКЖ ғылыми әдістемелік жұмыстың үлкен қорытындысы, ол өткен жүз жылдықтың жылдарының басына барады. Ол ВНИИС ғылыми жұмыстарын ретке келтіруде қолданылды, КСРО МЕМСТ және оның төрағасы ғ.т. д. Профессор В.В.Бойцов жұмысшыларды тікелей ұйымдастыруда және әдістемелік қолдау көрсетті. Көптеген ғалымдардың жұмыстары Украинада Львовской облысында  үлкен масштабты өндірістік тәжірибеде тексерілді. Осы тәжірибеде алынған нәтижелер өнім сапасын басқарудың комплексті жүйесін құруда ЦК КПСС жылы тамыз айында арнайы шешім қабылдап енгізді.

ӨСБКЖ бұл өнім сапасын басқарудың бірінші жүйесі, бұл сапаны негізгі техникалық ұйымдастырудың стандарты болды. Бұл өнәм сапасын әдістемелік басқарудың принциптік жетістігінің өте маңызды жетілгендігі. Ол кәсіпорында өнім сапасын басқару жұмыстарын жүргізуді жаңа ұйымдастыру сатыларына көтерді. ӨСБКЖ жұмыстарын бастауда Мемлекеттік стандарт жүйелері кәсіпорын стандарты түрінде құжат қабылданып заңдастырылды. Ол сапаны басқаруда негізгі стандарт болып қалды. Кәсіпорын стандарттары регламенттейді, дәлірке айтсақ, шығарылатын өнім сапасын жоғарлатуда жоспарлы жұмыстарды ұйымдастырады. Жоғары техникалық деңгейге жетуде атқарушы жұмысшылар және бөлімшелер тәртіпті әрекетті орнатуын және жауапкершілігін, ұзақ мерзімділігін және сенімділігін орнатады. Кәсіпорын стандарты еібек реурстарын және материалдарын үлкен тиімділік пен қолдануға мүмкіндік береді.

 Мына нәрсе анық болды: жүйені құру үшін жобалау жұмыстарын жүзеге асыру. Кәсіпорындарға консультативтік және әдістемелік көмек көрсету үшін арнайы ұйымдарды құру керек деген ұсыныс туды. Тез арада басқарушы әдістемелік құжат жасап шығару тиіс еді. КСРО мемлекеттік стандарттарының тапсырмасы бойынша жұмысшы рекломендациясы жасалынып, енгізілеп және кәсіпорында сапаны басқарудың комплексті жүйесі орнатылды.

70 жылдардың аяғында КСРО өндірістерінде, ЦК КПСС шешімімен келісе отырып, ӨСБКЖ жұмыстары жедел және қарқынды жүргізілді. Оған мыңдаған өнеркәсіптер қосылды.

1979-1983 жылдар аралығында басқарудың комплексті әдістемесі мәнін меңгеру жұмыстары дамыды. Бірінші нәтижелер көріне бастады. Шығарылатын өнім номенклатурасы және ассортименті тез жаңартылып тұрды, сенімділігі жоғарлады, эстетикалық сапасы жақсарды. Сонымен қоса кемшіліктерде болды. Кәсіпорын басшысының жай ғана жұмыс істеуі емес, тез арада рапортты қабылдау қалауы кемшіліктің бірден бір себебі болды. Сапаны жаңа экономикалық қарқында өсірудің жұмыстарын іздестірді. Мұның барлығы сапаны басқарудың жаңа жолдарын ашуға итермеледі.    1989 жылы МЕМСТ институттарына және оны ұйымдастырушыларына сапаны басқаруда ӨСБКЖ жүйесін ендіруде кәсіпорындарға қандай да бір көмек көрсетуге тыйым салынды. Осылайша отандық жұмыстар және басқарудан жиналған тәжірибелер талқыланылып, олардан бас тартылды. Сапаны басқару үшін қолданылған бұл жүйе   90   жылдардың аяғында қолданыстан шықты.  Себебі сол уақытта сапаны басқару үшін ИСО стандарттары жариялана бастады. Бұл стандарттың бір бөлігі КСРО ға тиісті еді.     

  1978 жылы ойлары, принциптері, міндеттері және құрылымы едәуір тарихи ғылыми әдістемелік және практикалық қызығушылық  тудыратын өнім сапасын мемлекеттік басқарудың біріңғай жүйесінің ( ӨСМБ БЖ ) негізгі принциптері жасалып дайындалып Мемстандартпен бекітілді. Басқарудың кешенділігі өнім спасының халықтың және халықшарушылығының қажеттілігі сәйкестігін жүйелі талдауға және өнімнің тіршілік циклын құрайтын процестердің өзара байланысын ұйымдастыруға негізделеді. Ал негізгі принциптерінің бірі техникалық, ұйымдастыру, экономикалық және әлеуметтік шараларды бір бірімен үйлестіруді қамтамасыз ететін  өнімнің сапасын басқару проблемаларын шешудің кешенділігі болып табылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *