- Жауынгердің қабілеттіліктері.
Қабілеттілік – бұл нақты қызметті жоғары дәрежеде қажетті қасиеттерді жылдам дамыту мүмкіндігін қамтамасыз ететін адамның тұрақты психологиялық қасиеті. Табысқа жетуге деген жеке мүмкіндіктер әрбір адамда болады. Адамның қызметіне қатыссыз оның жеке органдарының қасиеттерін дамыту мүмкіндіктері туралы сөз қозғалса, оны жеке қабілеттілік деп түсінеміз. Сонымен, адамның көру, есту, түйсік, сезім мүшелері жақсы дамуы мүмкін. Егер нақты бір қызметтүріне адамның жеке органдарының қасиеттерін жоғары деңгейде дамыту қажеттілігі туралы айтылса, онда арнайы қабілеттіліктер туралы сөз қозғалады, мысалы, өткір көз – мергенге, жақсы есту қабілеті – гидроакустикке, сезімтал түйсік – минаіздеушіге қажет. Алайда, сәтті қызмет үшін психиканың да басқа ерекшеліктері қажет: мергенге де, минаіздеуші де, гидроакстикке де ойланып тез шешім қабылдау, тапқырлық, зеректік қажет.
Барлық адамға тән жалпы, арнайы, жеке қабілеттіктердің жиынтығы адамның белгілі бір қызмет түріне деген зеріктігін құрайды. Қабілеттіліктердің даму деңгейі әр түрлі болады. Белгілі бір қызмет аясында үлкен нәтижеге адамның жетуіне мүмкіндік беретін өте жоғары зеректік-дарын деп аталады.
Қабілеттіліктің табиғаты қандай?
Адам туылғанда ата-анасынан кейбір тұқымқуалаушылық қасиеттеріне де ие болады. Олар биологиялық шартталған антомды-физиологиялық ерекшеліктер жүйке жүйесімен ағзаның құрылысы және т.б.
Осы қасиеттердің негізінде қабілеттілік қалыптасады. Ол қасиеттер өзі бір текті емес, яғни олардан әртүрлі қабілеттіліктер дамиды. Барлығы адамның өмір сүру ортасы мен қызмет түріне тәуелді болады. Сәтті жұмыстың алғышарттары болып тұрып, қабілеттіліктер өз кезегінде сол қызмет арқылы дамиды. Қабілеттілік сондай-ақ еріктен де болады. Еріктің болуы адамның еңбек етуінің және өзінің қабілеттілігін дамытудың алғышарты болып табылады. Адамның қабілетін дамытудың негізгі жолы болып оны өзінің мүддесі мен бейімділігіне сәйкес белсенді шығармашылық қызметке араластыру табылады. Кәсіби-психологиялық таңдау тұлғаның қасиеттері мен қабілетін анықтауға бағытталған. Оның мәні болашақ мамандыққа ең жақсы сәйкес келетін және кәсіпке жарамды деп танылған талапкерлерді қабілеттері мен жеке психологиялық қасиеттері бойынша таңдаудан тұрады.