- Жауынгердің темпераменті.
Темперамент деп адамның психикалық процестері мен жүріс-тұрысының динамикасын анықтайтын қасиеттерін айтады. Темперамент сырттай адамның күшінде, жылдамдығында, ырғағында және қозғалу қарқынында, сөйлеуінде, қимылында көрініс табады. Алайда бұл көріністерден адмның психикалық қасиеттерін, психикалық процестерінің ерекшеліктерін толық көруге болады. Психикалық процестер динамикасының ерекшеліктері өз кезегінде адмның жүйке жүйесінен, қызметінің ерекшеліетеріне тәуелді болады. Адамның жүйке қызметі негізгі екі жүйке процестерінің: қозу және тежелудің әртүрлі арақатынасымен сипатталады. Бұл процестер күшті немесе әлсіз, салмақты немесе жеңіл, елгезек немесе селқос болуы мүмкін.
Әртүрлі адамдардың психикалық процестерінің жүйке қызметінің түрінен адамның жүріс-тұрысының, темпераментінің ерекшеліктерін қамтамасыз етеді. Темперамент – адамның өмір сүру және қызмет жағдайының тәуелді болатын психикалық қасиеттері.
Сангвиниктік темперамент: Сагвиниктің жүйкелік психикалық процестері жеткілікті дәрежеде күшті болады, олар бір-бірін тез алмастыра алады. Сырттай елгезек және қимылы анық білінетін ұстамды адам.
Холериктік темперамент. Бұл темпераменттің өкілдері бірін-бірі шұғыл ауыстыратын барлық жүйкелік психикалық процестердің үлкен интенсивтілігімен ерекшеленеді. Холерик байсалды емес. Сондықтан оның өзін ұстауы да қиын.
Флегматиктік темперамент. Флегматиктердің жүйкелік-психикалық процестері жеткілікті дәрежеде күшті, бірақ олар пысық емес. Яғни жәй қимылдайды. Ол әдетте байсалды болады және бұл жағдайдан сирек өзгереді.
Меланхоликтік темперамент. Мелонхоликтің жүйкелі психикалық процестері әлсіз білінеді, тежеуші реакцияға да ие болады. Меланхолик тұйық, селқос, ал қозғалыстары мен қимылдарын сенімсіз, өте сезімтал, жиі күманданғыш, адамдармен аз араласады. Шешім қабылдау кезінде толқиды, ал қабылдаған соң оның дұрыстығына күмәнданады.
Осылайша, темперамент тұлғаның басты қасиетін білдіреді. Бірақ бұл қасиет анықтаушы рөл атқармайды. Темперамент – бұл тұлғаның ең мәнді қасиетті мінез-құлқының диалектикалық алғышарттары.
- Жауынгердің мінез құлқы.
Мінез-құлық тұлғаның қасиетінің маңызды шарты болып табылады. Ол адамның кейпін, тұрақты белгілерін сипаттайды. Адамның мінез-құлқын білу – оның жүріс-тұрысын білуді көрсетеді. Сондықтан бағыныштыларды мен басшылықты тәрбиелеу мен оқыту үшін командир тек биографиялық мәліметтерді, өз адамдарының ағымдағы жұмыстарын ғана емес, олардың мінез-құлқын да білу керек. Кез-келген адамның мінезін білу сол адамдыұзақ уақыт мақсатты, жүйелі түрде бақылауды талап етеді. Мінез-құлық адамның психикалық процестеріне жинақталған қоршаған ортаға деген қатынастарынан құралады.
А. Қоршаған ортаға деген қатынас адамның қимылында, іс-әрекетінде көрініс табатын бағытталуын білдіреді және адамның дүниетанымы, қажеттіліктері арқылы анықталады.
Адамның қоршаған ортаға қатынасы бойынша идеялық емес мінез-құлықты ажыратуға болады. Идеялық мінез-құлық тұрақты көзқарасы бар және соған сәйкес өмір сүретін адамдарға тән. Керісінше, идеялық емес мінез-құлыққа ие адамның нақты көз қарасы болмайды нақты көз қарасы болмайды немесе түйсігіне, жағдайға байланысты басқалардың ықпалына бағынып әрекет етеді.
Қоршаған ортаға қатынасты білдіретін идеялық мінез-құлықтың маңызды белгісі мақсатқа ұмтылушылық болып табылады. Ол дүниетанымына негізделген жақын немесе ұзақ уақытта орындалатын мақсаттары бар адамдарда болады.
Б. Қызметіне, еңбекке деген қатынасы адамның еңбекке, оған қатысуға деген көзқарасынан білінеді. Еңбекке қатысы бойынша іскер және іскер емес мінез-құлықтар ерекшеленеді. Іскер мінез-құлықтағы адамға еңбекті ұйымдастыратын оған қоғамдық мән мен моральдық құндылық беретін мақсатқа ұмтылушылық тән болады. Іскер, бірақ ұйымдастырылғанмінез-құлықтағы адамға да мақсатқа ұмтылушылық тән болады. Олар сырттай сасқалақ көрінеді, мақсатқа ұмтылмауында немесе өз әрекетін өз ойларын бағындыра алмайтын болып ерекшеленеді.
Іскер емес мінез-құлыққа ие адамдар белсенді болмайды. Іскерсіздік адамның терең іштей қайсарлық көрсетумен байланысты. Әскери қызмет процесінде адалдық, талап, жауапкершілік, өжеттік, еңбек сүйгіштік, құыптылық, байсалдылық сияқты іскери мақсатқа ұмтылушылық мінез-құлықтарының тұрақты белгілері дамиды.
Адамның еңбекке деген іскери қатынасы сипатталатын мінез-құлықтың жалпы белгілері белсенділік болып есептеледі. Оның мәні – адамға күш беретін мақсаттардың тұрақтылығында.
Жастардың белсенділігін тәрбиелеу өз жұмыстарының мәні мен мағынасын түсінуді және назарды мақсатқа аударуды болжамдайды.
В. Адамдармен қатынас ұжымда бірге қызмет ететін жолдастарымен өзара қатынас орнатуды білдіреді. Осы принцип бойынша тілтабысқыш және тұйық адамдарды ажыратуға болады. Өмірде тез тілтабысқыш адамдар кездеседі. Олар тез таныстық орнатады. Мұндай адамдарды әдетте жеңіл ойлы дейді. Олар әртүрлі күтпеген нәрселерді істеуге қабілетті және оларды үнемі бақылау қажет болады.
Адамның басқалармен араласуы өзімен бірдей ойлайтын адамдардың мүддесіне негізделіп, таңдалуы мүмкін. Мұндай қатынас тұрақты болады және адамды ұстамды ізбасар ретінде сипаттайды. Тұйық мінез-құлық адамдарға деген теріс немесе немқұрайлы, сенімсіз қараудың нәтижсінде болуы мүмкін. Жолдастарына деген жауынгерлердің дұрыс қатынасын қалыптастыру процесінде сергектік, адалдық, мейірімділік, қамқорлық, әділет сияқты қасиеттері дамиды. Жағымсыз жағдайдағы теріс қасиеттер: тас жүрек, немқұрайлық, өзімшілдік, тұрпайылық сараңдық сияқты қасиеттер дамиды.
Г. Өз-өзіне деген қатынас. Әрбір адам өз-өзімен де қатынас жасайды. Бұл қатынас ұжымдағы, қоғамдағы орнын, олардың алдындағы міндеттерін адмның сезінуін білдіреді. Өзінің маңызын, мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін қайта бағалауды өзімшілдік мінез-құлық тән адамдар жүргізеді. Өзімшіл адам өзінің жеке мүддесін ұжымның мүддесінен жоғары қояды, сондықтан мұндай адам сенімсіз, оған сенуге болмайды. Мұндай адамдар қызмет ету кезіндегі қызметкерлермен байланыс жасауда қиындықтарға тап болады.
Д. Әрбір мінез-құлық жекелеген болып табылады, бірақ соған қарамастан, мінез-құлық арқылы жалпы баға беруге болады: мазмұны, күші бойынша, басқа белгілердің болуы немесе болмауы бойынша.
Болашақ жауынгердің мінез-құлқын мазмұны бойынша бағалау адамның өзіне, басқа адамдарға, еңбекке, қоршаған ортаға деген қатынастарының ерекшеліктеріне нұсқау арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағалау болмаса оқушының мінез-құлқын нақты, дұрыс сынауға, әскерге дайындау бойынша тәрбиелік сұрақтарды шешуге мүмкіндік болмайды.
Мінез құлықты күші бойынша бағалау. Күшті деп іс-әрекетті біліміне, сеніміне сәйкес жасалатын адамдардың мінез-құлқы аталады. Күшті мінез-құлқы бар адам сенімді болып табылады.
Мінез-құлықты тұлғаның өзіне тән ерекшеліктері бойынша бағалау. Мінез-құлықтың ерекшеліктері ретінде әдетте адамның психологиялық ерекшеліктерін көрсетеді. Осы психологиялық ерекшеліктер арқылы адамның белгілі бір жағдайда жасамауы мүмкін әрекеттерін талдай аламыз. Мінез-құлықтың ерікті белгілеріне дербестік, өзін-өзі игеру, қажымастық, қатаңдық, өжеттік жатады.
Мінез-құлықтың эмоциялық ерекшеліктері – байсалдық, құштарлық, әсершілдік, ұстамдылық т.б.
Мінез-құлықтың парасаттылық белгілері – терең ойлау, зеректік, тапқырлық және т.б.