- Жауынгердің жеке бағытталуы.
Адамның мірі еңбек және қызмет етуден тұрады. Қызмет әртүрлі болуы мүмкін және барлық мүмкін жағдайда жүзеге асырылады. Бірақ барлық уақытта адам өзінің алдына қандай да бір мақсат қояды және соған жетуге күш жұмсайды. Бұл мақсаттар жеке немесе қоғамдық маңызға ие болады.
А. Адамның алдына қойған мақсаттарының жүйесі. Егер адамның өмірдегі бағытын білсе, онда оның жеке іс-әрекеттері мен өмірлік жолына нақты болжам жасай аласың.
АӘД пәні оқыту процесінде болашақ жауынгерлердің қызмет барысында өз-өзіне сенімді іс-әрекет жасай алатындай бағытын қалыптастыру қажет.
Б. Жауынгердің бағытын түсіну үшін, оның алдына қойған мақсаттар жүйесін талқылаған жөн. Адам мақсатты кездойсақ таңдамайды. Мақсатты таңдау мен қою-заңды түрде шартталған процесс. Сондықтан осы заңдылықты ескеру қажет. Белгілі бір мақсатты қою үшін ішкі күштер белсенділікке әкелетінадамның мұқтаждығы. Материалдық қажеттіліктер адамның азық-түлікке, тұрғын үйге, киімге деген мұқтаждықтары. Егер бұл қажеттіліктерін қанағаттандырмаса, адам өмір сүре алмайды.
Бұл қажеттіліктердің толық немесе тұрақты қанағаттандырылмауы адамның көңіл-күйіне, жұмысқа деген қабілеттілігіне кері әсер етеді. Сондықтан командир өзіне бағынушылардың дұрыс тамақтануына, уақытысында демалуына, дұрыс киінуіне назар аударуы қажет. Сонымен қатар жауынгерлерге ұрыс жағдайында материалдық қажеттіліктердің барлығын толық қанағаттандыруға мүмкіншілік болмайтынын түсіндіріп, соған үйрету керек. Психологиялық тұрғыдан дайындалған жауынгер шаршағанға, дұрыс ұйықтаманға, суыққа, үнемі тамақтанбағанға үйреніп, қиындықтарды табандылықпен көтере алады.
Адамның жүріс-тұрысы рухани қажеттіліктерді қанағаттандырумен де байланысты болады. Рухани қажеттіліктер – бұл адамның қоршаған ортаны тануға, қоғамдық еңбекке, басқа адамдармен араласуға, сенімге, қолдауға деген мұқтаждықтары мен мәдени қажеттіліктері. Егер олар жүйелі түрде қанағаттандырылмаса, онда адам ары қарай өмір сүре береді, бірақ өзінің адамдық кейпін жоғалтады.
В. Адамның жүріс-тұрысында рухани және материалдық қажеттіліктер қанағаттандырылу деңгейлері бойынша күрделі үйлесім табады. Қанағаттандырылу деңгейі бойынша жоғары ьұрған қажеттілік дәлелді сипаттайды. Дәлел әртүрлі формада жүзеге асады. Егер адам өзінің қажеттіліктерін сезінбей импульстерінің негізінде әрекет етсе, ондайлардың әрекет ету себебін құштарлық дейміз. Құштарлық көбінесе өкінішті іс-әрекеттердің негізгі себебі болып табылады. Яғни адам өз қажеттілігінің мәнін түсінбестен оны орындауға тырысады. Мысалы, бір адам өз жолдастарының алдында құрметті, сыйлы болғысы келеді. Егер ол осы қажеттілігін сезінбесе, онда оны дұрыс жолмен қанағаттандырмауы мүмкін. Ол үлкендермен жиі тайталасып, өз бетімен жұмыс істей алатындығын жолдастарына көрсеткісі келеді. Сондықтан ынталандырудың мұндай формасын шектеу қажет.
Егер адам әрекет етуге негізгі итермелеуші болып табылмайтын қажеттіліктерін сезінсе, онда ол қажеттілік мүдде делінеді. Бұл жеткіліксіз себеп болып табылады. Ол адамның жеткілікті дәрежеде қол жеткізу мүмкіндігіне сенімділік танытпайтын мақсаттарына жиі бағытталады.
Ынтаның тілек деген формасы да болады. Мүддеге қарағанда тілек белсендірек әрекетке итермелеуші ынта болып есептеледі. Құштарлық, мүдде және тілек-қарапайым ынталар және көбінесе материалдық қажеттіліктермен байланысты болады.
Г. Рухани қажеттіліктер үшін ынтаның күрделі формалары тән.
Танымдық қажеттілік қызығушылық арқылы көрініс табады. Қызығушылық – бұл тұрақты эмоциялық қатынаспен сипатталатын қандай да бір затқа немесе қызмет түріне адамның артығырақ бағытталуы. Жауынгерде белгілі қызығушылықтардың болуы оның қызметінің, қабілеттілігінің дамуының, табысты оқуының жағымды алғышарттары болып табылады. Әскер қатарына шақыруға дайындық кезінде жастардың әскери қызметке, әскерги техникаға деген қызығушылықтарын арттыру қажет.
Қандай да бір қызметке күшті итермелеуші ынта бейімділік болып табылады. Өз қызметіне бейім адам сол қызмет аясында әрқашан жетістіктерге жетеді. Жауынгерлердің ұрыс техникалары мен қаруларына деген бейімділігінің болуы олардың оқу мен қызметте жетістікке жетуінің маңызды алғышарты болып саналады.
Мұрат-мақсат адамның жеке ұмтылысының негізгі бағыты және әрқашан басты қажеттіліктеріне сәйкес келеді. Олардың болуы тұлғаның жоғары деңгейде дамуын дәлелдейді. Мұрат-мақсат — әрекетке өте күшті итермелеуші.
Әдетте батырлық істерді жоғары мұрат-мақсатқа ие жауынгерлер жасайды.
Адамның қоршаған әлемге деген көзқарасының жүйесі дүниетанымды құрайды. Бұл көзқарастар адамның жеке қажеттіліктеріне сәйкес болады және қоғамдық мүдделерімен де байланысты болады. Егер адамның көзқарасы оның қажеттіліктерін білдірмесе, қоғамдық мүддеден алшақтаса, онда олар берік болмайды және керісінше жеке қажеттіліктер қоғамдық мүддемен байланысса, онда көзқарас сенімге, ал олардың жүйесі – жеке дүниетанымға айналды.