Жауынгердің еркі мен ерікті қасиеттері.
Танымдық процестер адамға дұрыс бағдарлануына мүмкіндік береді. Алайда адамның өмірі – тек қана шындықты танудан ғана тұрмайды. Адамның өмірі ең алдымен еңбек етуден, қызмет көрсетуден құралады.
Адамның танымдық процестері, сезімдері мен іс-әрекеттері арасында белгілі бір байланыс болады. Бұл байланыс ерік деп аталады. Адамның өмірінде ерік маңызды рөл атқарады.
Адамның өміріндегі барлық жетістіктері көп жағдайды оның еркінің даму деңгейінен тәуелді болады. Барлық нәрсені түсіну үшін басың жақсы істеуі керек, алайда дұрыс іс-әрекет жасау үшін күшті еркің де болуы тиіс. Әскери қызмет – адамның қызметінің ең қиын әрі күрделі түрі. Ол адамға бірқатар қиындықтар әкеледі. Бұл қиындықтарды жеңу үшін ерікің күшті болу керек. Өйткені қиындықтарды жеңбей жетістікке жете алмайсың. Адамның еркі оның қызметінде көрініс табады және қойылған мақсатқа жету үшін қиындықтарды жеңе білу қабілеттілігін көрсетеді. Қиындықтардың екі түрі болады. Сыртқы – яғни адамға бағынбайтын кедергілер: физикалық, қызметтік, қоғамдщық сипаттағы кедергілер; ішкі – адамға тікелей байланысты қиындықтар, мысалы, өз күшіне сенбеу, дәлелдердің ауытқуы т.б.
Адамның еркі іс-әрекеттен көрінеді. Ол келесі кезеңдерден тұрады: дайындық кезеңі (мақсатты, оған қол жеткізу жолдары мен әдістерін сезіну, шешім қабылдау) және орындау кезеңі (қабылданған шешімді орындау).
Ерікті әрекеттердің кезеңдері:
Себептердің күресі. Адам кез-келген іс-әрекетті жасамастан бұрын оның санасында себептер (әрекетке итермелеу) болады. Олар бір мезгілде әртүрлі және бірнеше болуы мүмкін.
Басты себеп анықталғаннан кейін соған сәйкес мақсат белгіленеді. Мақсат – бұл пайда болған себептерді қанағаттандыратын жетістік.
Ерікті іс-әрекеттің келесі кезеңі мақсатқа жету жолдарын талдау, әрекетті жоспарлау болып табылады. Шешім қабылдаумен ерікті іс-әрекеттің дайындық кезеңі аяталады. Барлық адам бірдей ойлаған іс-әрекетін орындауға бірден ат салыспайды.
Ерікті қасиеттерді талдау кезінде тәжірибелі тәжірибешілер келесілерге назар аудрады:
- ешқандай күдіксіз, ауытқусыз байқалған қасиетті орындау қабілеттілігін қалыптастыру;
- шешімді орындау, қойылған мақсатқа қол жеткізу процесін талдау және бағалау. Ерікті іс-әрекеттің талдау, жастардың еркін дамыту жолдары туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Ұстамдылық — өзін, ойларын, сезімдерін игеру қабілеттілігі.
Табандылық – тапсырманы орындауды қамтамасыз ететін өз уақытысында шешім қабылдау мүмкіндігі.
Бірбеткейлік – дегеніміз жауынгердің басқалардың көмегінсіз өз ойларына сәйкес әрекет етуі.
Қайсарлық — қойылған мақсатқа жетуде қиындықтарға тап болса да, өз дегенінен қайтпау қасиеті.
Ынталық ерікті қасиет ретінде шығармашылық іс-әрекеттерде көрініс табады.
Атқарушылық бұл қабылданған шешімдерді немесе бұйрықтарды белсенді және жүйелі түрде орындау.
Осы қасиеттердің барлығы жауынгерлердің тәртіптілігін дамытудың маңызды алғышарттарын құрайды, яғни ерікті іс-әрекеттерді әскери заңдарын, жарғылардың талаптарына сәйкес жүзеге асыру қабілеттілігін арттырудың негізгі әдістері болып табылады.