Жанұялық өмірдің тәрбиедегі үлгі, өнегесінің баланың өмірге деген көзқарасының дұрыс қалыптасуына көп әсері бар.
Ана мен әкенің дүниеге, болмысқа қатынасы, өзара қарым – қатынасы, мүдделері, қоғамға әділдігі мен шыншылдығы, жеке басының қамы, өзімшілдігі т.б. бала тәрбиесіне етер әсері ұшан теңіз.
Жанұя тәрбиесінде ықпал жасайтын жағдайларды сипаттайтын басқа да белгілерді атауға болады.Оларға:
1. Жанұяның этникалық құрамы және құрлымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы жанұя, бір немесе көп ұлттан құралған жанұя.
2. Жанұяның әлеуметтік, тіршілік ортасы: білім дәрежесі, еңбектену, кәсіптік құрамы, күнкөріс көзі, материалдық әлауқаты, ауылдық, қалалық жанұя.
3. Жанұяның мәдени құрамы: күнбе-күнгі мәдени тіршілігі, күн режимі, бос уақытын өткізу түрлері, кітапхана, теледидар, музикалық аспаптарды меңгере білуі, спорттық қатынасы, жанұялық мейрамдар дәстүрлері.
4. Жанұяның ішкі өзара қарым-қатынастар: өзара микроклиматы, көзқарастық бірлігі мен айырмашылығы, өз міндеттеріне көзқарасы.
5. Қоғамдық өмірге көзқарасы: еңбекке, қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институтарына көзқарасы, қатынасы.
6. Жанұяның тәрбиелік мүмкіншілігі: жанұядағы тәрбиеде қолданылатын әдістер, педагогикалық мәдени тәрбиесі.
Бұлар тәрбиелік ықпалы күшті, оларды тәрбие барысында үнемі ескеріп отырудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының жанұясына тән өзіндік ерекшелігі бар. Олар: халықтың үздіксіз өсуі, халықтың басынан өткен сан түрлі ауыртпалығын ескере отырып, халқымыздың ойсырап қалған ол қылығын толтыруға, табиғи өсуіне мүмкіндік беру, оның сан жағынан да, сапа жағынан дажетілуіне ерік беру, қолдау, шаруашылық қызметі, тәрбиелік қызметі, туған-туысқандық қатынастары, жанұяның өте маңызды қызметі ұлттық психологиялық қалыптастыру әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлерді орынды пайдалану, қазақ халқы дегенге лайық дара адам етіп тәрбиелеу, интернационализм деген ұғым жәй сөз емес, шын мәнінде іс жұзінде көрсету, басқаның мүддесіне қол сұқпау, сыйлау, қадірлеу, бос еліктемей жаңаны жанымен түсіну арқылы іске қосу т.б.
Совет дәуірінде педагогикалық ақыл ойдың локомотивтік қызметін атқарған А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинскийлердің еңбегінде жанұя тәрбиесінде айтарлықтай тер төгіп еңбек еткен белгілі. Аса көрнекті педагогтардың айтып жазып кеткені әр кезде елдің есінде сақталып ұрпақ тәрбиесіне әліде қызмет етері анық. Десек те, қоғам өмірі бір орынында тұрмайды, өмір өзгеруімен адам санасы да өсіп өзгереді. «Заманына қарай амалы» деп халқымыз тегін атпаған деп білеміз.Сондықтан оларды орынды пайдалану керек.
А.С.Макаренко кезінде мынандай кеңес берген, ал бұл кеңесті бүгінде теріс айту қиын. «Балаңыздың тәрбиесі жөнінде біреуден ақыл сұрауыңыз, өз балаңызды жақсы танымағаныңыз. Алдымен жақсы танысаңыз, содан кейін кеңес алыңыз».-дейді.
Қазақ «Не ексең , соны орасың» дейді. Кезінде ұлы Абай былай жазып кеткен: «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-ана, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан. Солардың ішінде қайсысы жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады. Қорықпақ пен сүймек – от пен су сияқты. Ол екі зат әсте бір жерге жуылмайды. Адам сүйген адамын ғана ақылын ұғынады, содан тағылым алады. Қорқытып, ұрсып айтқан ақыл адамға дарымайды».
Әрине жанұядағы тәрбие түгел іске асып отырмайды. Тәрбиенің сәтсіздікке ұшырауының басты себебі – сол тәрбиенің жүргізіп отырған адамның педагогикалық көзқарасының өмірмен, сол сәттегі адамның көңіл күйімен, материалдық, әлеуметтік жағдаймен ұштасып қауқарсызданунан болып отырады.
1. Жанұядағы өктемдік баланың өзін-өзі басқарудан, билеуден айырады. Ол өз күшіне, мүмкіншілігіне сенуден қалып, оған қарсы қоярлық ішкі күш-жігері төмендейді, сезімі мұқалады.
2. Баланы өз еркімен жіберушілік, еркелік, бәрін кешірушілік ата-ананың баласына деген сүйіспеншілік. Баланың дегеніне көніп, жетегіне еру оны өзімшілдікке тәрбиелейді.
3. Жанұяда бірыңғай талаптың болмауын, ересектер арасындағы алаусыздықты пайдаланып, бала екі жүзді және жағымсыз нәрсеге бейім болып өседі.
4. Ата-ана баланы ұжымнан аулақтап өсіруге тырысады, оған бөгет жасайды. Ол баланың қалыптасуына кері әсер етіп, бөгет жасайды.
5. Ата-ана баласының іс-әрекетіне неқұрайлым қарап, жауапсыздық танытса, бала оны пайдаланып, кездейсоқ, күмәнді адамдармен танысуға мүмкіншілік алады.
А.С.Макаренко тәрбиеде ата-ана беделінің бірнеше түрлерінде атап көрсетеді: «Басу беделі», «Мейірімділік беделі», «Сатып алу беделі», «Менмендік беделі», «Арақашықтық беделі», «Тақуалық беделі» т.б.
Бала санасына жетіп, бойына мінез болып қалыптасқан кейбір мәселелер:
1. Бала өзін-өзі тоқтатып ұстамдылық көрсетпесе, өзін-өзі тежей білмесе, онда намыс пен жігердің болуы мүмкін емес. Ал намыссыз, жігерсіз адам «құр қуыс кеуде», ол берген уәдесін орындай алмайды.
2. Бала неғұлым батыл болса, сол ғұрлым шыншыл, әділ болады. Бала өз қаталігін түсініп, сол үшін өзі жауап беретін болсын, сіз түсінік бере көріңіз.
3. Баланы жастайынан шынайы сезімге дағдыландыру қажет. Жалған сезім абырой әпермейді. Екі жүзділік, көзінше мақтанып, артынан күліп, даттау, мінезсіздік, азғындық.
4. Өзімшіл болмай көпшіл болсам, адам сезіміне дақ түсірмей, өзін өзгеннің орына қоя білу…
5. Өз ісіне жауапкершілікпен, ұқыптылықпен, ойлылық, күтімділік қасиеттері…
Ата-ана абырой дегеніміз – бала көзімен көріп тұрған, жасы үлкен кісінің күдіксіз қасиетті күші, ішкі қуатты берік логикаға негізделген ісі мен қасиеті. Осы қасиеттерді баланың бойына сіңіре білуі жанұя тәрбиесінің мақсаты, борышы, міндеті.