Жанр ұғымының түсініктемесі.
Жанр-француз тілінен аударғанда- түр ал латын тілінен аударғанда-тек деген мағынаны білдіреді. Жанр- өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі.Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшеліктеріне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды.Мысалы: музыкадағы «ән», «күй», «романс», «симфония», т.б бейнелеу өнеріне тән «натюрморт», «пейзаж», «портрет», т.б әдебиетте «айтыс», «роман», «жыр» жанрларын атауға болады. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ Жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінеше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқараста біртекті емес. Драматургия, трагедия, комедия, драма сияқты тарихи қалыптасқан ірі үш түрі бар. Драматургиялық жанрлар іштей түрлерге бөлінеді. Мысалы: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс, трагедия, мелодрама, трагикомедия, мюзикль, моралите т.б түрлері бар.
Водевиль- француз тілінен аударғанда-әдетте тақпақпен өлеңмен айтылатын, кейде би аралас ойналатын шағын комедиялық пьеса. Франция шаруалар арасындағы ажуа өлеңдерден шыққан. Бертін келе әзіл- оспақ айтыстар, екеу ара сөз қақтығыстары водевиль деп аталып кетті. Театр жанры ретінде водевиль 18 ғ/а қалыптасып, кейін бүкіл Еуроапаға тарады.
Водевильдің ерекшелігі- адам мінезіндегі келеңсіз қылықтарды өткір тілмен, мысқыл-әзілмен сынау. Ресейде 19 ғ басында кең тарады. Оның дамуы А.И.Писарев, А.С. Грибоедов, А.П. Чеховтардың есімімен байланысты. Қазақ жазушылары Б.Майлин, С.Байқожаев т.б водевильдері жұртшылыққа жақсы танымал.
Мелодрама- грек тілінен аударғанда өлең және драма деген түсінік береді.
Ол драма жанрының бір түрі.Музыкалық драматургиялық шығарма.Алғашқы мелодрамалар 18 ғ аяғында буржуазиялық төңкеріс жылдары пайда болды. Ол әлеуметтік әділетсіздікке, діни фанатизмге қарсы жазылған пьесалар еді. Мелодраманың көрнекті өкілдері- Г.Пиксерекур, Л.Ш. Кенье, Кювелье де Три, М.Г.Льюис,Т.Холкрофт т.б. болды. 19ғ 20 жылдары мелодрамада көңілсіз оқиғалар басым келіп, соңы трагедиямен аяқтала бастады. Осы ғасырдың 40 жылдары ағылшын мелодрамасында өмірлік шынайы сарындар пайда болды. Мелодрама актерлік өнердің қалыптасып, дамуына ықпалын тигізді. Қазіргі кезеңде Мелодрамаұғымы кино өнеріндегі жанрдың атауы ретінде де қолданылады. Қазақстанда Мелодрамалық сарында телехикалар «Тоғысқан тағдырлар», «Қара шегіртке» түсірілді.
Моралите- француз тілінен аударғанда -өнегелі деген мағынаны білдіреді.
Моралите-15-16ғ өріс алған батыс Еуропалық театрдағы ғибратты аллегориялық жанр. Ол сахнаға арналған өлең айту түрінде өсиет айту, діни және философиялық тақырыпта жазылған. Бұл шы,армаларда жағымсыз іс-әрекет сыналып, ізгілік пен қайырымдылық марапатталады.
Моралитенің бас кейіпкерлері адамды өз уысынан шығармау жолында өзара қақтығысқан қайырымдылық пен зұлымдықты көрсететін аллегориялық бейнелер болды. Алғаш рет Францияда пайда болып, кейін Англия. Испания, Италия, голландия, Нидерланды т.б елдерде тарады. Аллегориялық кейіпкерлер М.Сервантес пьесаларында бой көрсетті. Моралите жанры 16 ғ аяғына дейін өмір сүрді.
Мюзикл- эстрадалық, хореографиялық, дарамлық, опералық т.б сан түрлі өнердің әсерлі ерекшеліктерін біріктіріп көрсететін музыкалық-сахналық спектакль. Бұл жанрдың тек комедиялық ғана емес, драмалық сюжеті де болады. Мюзикл жанр ретінде 1920-30ж АҚШ та пайда болды.
1940-60ж АҚШта ерекше дамып, 60 жылдардан бастап басқа елдерге кең тарала бастады. Қазіргі уақытта Мюзикл музыкалық театрлыры рок музыка, ән-би жанрлары элементтерін игере отырып дамуда.
Лирика-грек тілінен аударғанда –көркем әдебиет тегінің бірі.
Лирикалық қаһарман-лирикалық кейіпкер поэзиялық шығармалардан көрінетін адамның бейнесі. Өлең жырларда ақын көбінесе өз атынан сөйлейді. Мысалы: Абай «болыс болдым мінекей»өлеңінде бастан аяқ болысты сөйлетеді.
Лирикалық шегініс- Әдеби шығармада автордың уақиға жүйесін кенет үзіп, шығарма желісін өзі жайлы немесе өз ой сезімдерін баяндау арқылы толықтырады.
Сатира-Сықақ
Комедия- грек тілінен аударғанда көңілді сауық, әуезді ән дегенді білдіреді. Комедия- өмір құбылысының немесе мінездің, іс әрекеттің күлкілік жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарманың бір түрі. Комедия жанрлық жағынан бірнеше түрге бөлінеді.Олар: лирикалық комедия, сатиралық комедия, водевиль, фарс.Комедияның алғашқы элементі Ежелгі Грецияда жүзім шарап тәңірі Диониске құрмет ізет көрсетуге арналған сауық кештерін көңілді өткізу, еңбек қуанышын атап өту дәстүрінен басталған. Оның сол дәуірдегі көрнекті өкілі аристофан болды. Комедия- өмірдегі және адам әрекеті мен мінез-құлқындағы сан алуан жағымсыз жайтты шенеп, әшкерелеп күлкі ететін күшті құрал.Комедияның оқиғасы көбіне жеңіл қайшылықтарға құрылады. Оқиғаның байланысы да, дамуыда шиеленістері де адам әрекетінің әр қилығына негізделеді. Комедия жазудың асқан шеберлері шекспир, мольер, бомарше болса қазақ әдебиетінде комедиялық шығарманы алғаш Б.Майлин «шаншар молда», «Талтаңбайдың тәртібі» атты шығармаларын жазды. М.Әуезовтың «Айман- Шолпан», Ә.Тәжібаевтың «Той боларда», К.Мұқамеджановтың «Бөлтірік бөрік астында» атты шығармалары қазақ даласына өте танымал шығармалар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жарков А.Д. и др. Культурно-досуговая деятельность: теория, практика и методика научных исследовании: Учебное пособие:МГИК,1994.-112с
2. Жарков А.Д. Организация культурно-просветительной работы.- М.:Просвещение,1989.- 239с
3. Қабдолов З. Сөз өнері: Оқулық. – Алматы:Санат, 2002. – 360 бет.