Ерте аналық

Ерте аналық — рулық қауым дамуындағы келесі кезең мезолиттің археологиялық ескерткіштері бойынша қадағаланады. Мезолиттің бас кезі мұз құндақтың түпкілікті еріп, жер бетінде жалпы осы заманғы климаттың орнығуымен сай келеді. Флора мен фауналар азды-көпті осы заманғы түрге ие болады. Оңтүстік және Орталық Европада мұздық дәуірінің аяғынан бастап солтүстік бұғысы жойылды. Аңшылардың негізгі табысы бұлан, кер марал, зубр, қабан, қара құйрық, сондай-ақ ұсақ жануарлар мен суда жүзетін құстар болды.

Мезолиттік техникаға микролиттердің кішкентай, ұзындығы 1—2 см, ені 2-3 см, қалыңдығы 0,1 см аспайтын үш бұрыш, ромбы, трапеция, сегмент формалы шақпақ қарулардың таралуы тән болып келеді. Микролиттер сүйек немесе ағаш жақтаулардың ұзынша ойындыларын да, ішпек ретінде пайдаланды. Микролиттерден шақпақты тілетін шеті бар ағаш немесе сүйек қару осылай келіп шықты. Бұл техникалық әдіс әлі күнге шейін қолданылып келеді. Қазіргі кездегі кейбір кескіштер мен бұрғылағыштардың ішпектері бар. Бұл техниканың маңызды жері тұтас шақпақ тастан жасалған еңбек құралы жөндеуге келмейтін, ал ішпек мұқалған кезде оны жаңа ішпекпен ауыстыру арқылы қайта қолданатын.

Мезолит техникасының аса маңызды жетістігі садақ пен жебені ойлап табу болды. Садақтың сонау мадлен дәуірінде табылуы ықтимал, бірақ оның таралуы сөзсіз мезолит дәуіріне ғана жатады. Садақ микролитке қарағанда әлде-қайда күрделі механизм, оны жасау үшін өсімдіктер қасиеті мен қозғалыс механизмі туралы білімдерді талап етті. Адам тұтас ағаш бөлігінен қарапайым садақты немесе күрделі ағаш, сүйек және мүйіз үш бөліктен тұратын садақ жасай алатын еді. Бұл алыстан соғатын жаңа қару аңшылықтың дамуына жаңа түрткі салды. Садақты қолданумен қатар садақ принципі де қолданысқа енді, оны түрлі қақпандар жасауда қолданылды.

Сондай-ақ сонау кейінгі палеолитке саятын, бірақ тек мезолитте ғана таралған мәдениет тарихындағы басқа аса маңызды оқиға мал шаруашылығындағы алғашқы қадам — иттерді қолға үйрету, мүмкін шошқаны үйрету болған шығар. Үйсіндірудің алғашқы кезеңдерінде жабайы және үй жануарларының қаңқа құрылысында морфологиялық айырымдардың әлі де болса шамалы екені сондай, остеологиялық материалдар қандай да болсын жануарлардың үйсіндірілгенін сеніммен айта қоюға мүмкіндік бермейді.

Солтүстік аймақтарда, ал мезолиттің аяғында, жалпы әр түрлі аудандарда тұрпайы орамдалған соққылайтын құралдар (макролиттер), балғалар, қайдалар, шот балғалар пайда болады, сүңгінің кеңінен таралуы жұрттардан көптеген мөлшерде балық сүйектерінің табылуы, балық шаруашылығының интенсивті дамығанын көрсетеді.

Мезолиттік адамдар ары қарай Солтүстікке ірге жайды, Шотландияны, Скандинавияны, Прибалтиканы, тіпті Солтүстік мұзды Мұхит жағалауының бір бөлігін игерді. Америкаға кең жайыла мекендеді.

Мезолиттік аңшылар мен балықшылардың тұрмысы Европаның территориясындағы көптеген тұрақтар бойынша барынша жақсы зерттелген. Кәдімгі мезолиттік мәдениет – азиль, тарденуаз, свидер, лингби мәдениеті.

3. Азиль мәдениеті Францияның Оңтүстік Батысындағы Мас д’Азиль үңгірінің атын алған. Оның шақпақ тас және сүйек қарулары негізінен алғанда, сонау кейінгі палеолиттік тұрпатын сақтаған, бірақ енді микролиттермен жебенің тас ұштықтары да кездесетін. Кер маралдың мүйізінен жасалған шағын жадағай сүңгі де, үстіне қызыл сырмен жұмсақ белгілер салынған малта тас қарулар да тән болып келеді. Үйретілген иттердің де сүйегі табылған. Азильдіктер, көбінесе, үңгірлерде тұрды, мұнда олар өздерінің еліктерін де жерлейтін еді. Азиль мәдениеті Батыс Европаға таралған. Бұларға ұқсас ескерткіштер Қырымда, Кавказда, ішінара Орта Азияда табылды.

Тарденуаз мәдениеті өзінің атын Солтүстік Франциядағы Феран-Тарденуа тұрағынан алған. Тарденуаз жұртының мәдениеті, әдетте өзендер мен көлдердің жағалауларында, құм төбелердің баурайларындаі кейде шағын аңғарларда жайғасады. Бұған стандартталған геометриялық формалы микролиттер мен жеуге жарамды моллюскалар қауашақтарының көптеп жиналуы тән болып келеді. Тарденуаз мәдениетінің ескерткіштері бүкіл Европаға, ал оған ұқсастары Ескі Дүниенің барлық материктеріне кеңінен таралған, бірақ олардың территориялық топтары өзара елеулі түрде жеткілікті айырмаланады.

Сивидер мәдениеті атын Свидер — Вельки түбіндегі (Польша, Варшава маңы) мекен жайдан алған. Бұл мәдениеттің тұрақтары, әдетте өзендердің жағаларында жиі табандарда жайғасқан қыдырма аңшылардың рулық топтарының уақытша мекен-жайлары болып келеді. Бұлардың ең ертедегілерінде әлі де шақпақ қарулардың мадлен формалары ұшырайды, бірақ мұнымен бірге олардың жаңа микролиттік формалары да кездеседі. Әсіресе, бұған тал сағағындағы жапырақ тәрізді жебе ұштықтары тән болып келеді. Свидер мәдениеті Орталық және Солтүстік Польша территориясы мен Литвада таралған.                                       

Свидер мәдениетіне Даниядағы мезолит тұрағы бойынша аталған лингби мәдениеті жақын тұрады және Прибалтикада кеңінен таралған. Лингби мәдениетінің тайпалары солтүстікке қарай жылжи отырып, мұздықтан кейінгі уақытта осы уақытқа дейін бос жатқан Прибалтика аймақтарын мекендейді. Бұл мәдениеттің тұрақтарында қысқа сапты найзаның шақпақ ұштықтары мен жебелер, микролиттік қарулар, сондай-ақ тұрпайы макролиттік қарулар, мадлен типті сүйек сүңгілер мен солтүстік бұғы немесе кер марал мүйіздерінен жасалған ерекше тән болып келетін кетпен тәрізді қарулар кездеседі.

Мезолит дәуіріне тән болып келетін микролиттік техника мен геометриялық формалардың ықшамды қарулардың таралуы Европамен шектеліп қалмайды. Бұл қарулар Африкада белгілі, сондай-ақ Орта Азияда, Үндістанда, тіпті Австралияда да таралған. Микролиттердің барлық жерде таралуы аң аулаудың дамуымен және оның шаруашылық маңызының арта түсуімен байланысты болды. Жебелердің ұштыңтары мен пышақтардың жүздері болған микролиттерді және оларды пайдалану техникасын бір тайпалардан екіншілері жиі алмасып отырды және қару-жарақтардың жаңа түрлерін жасаудың негізі болды.

Бүкіл мезолит заманы бойында алғашқы тұрмыс адамы ең жақсы дегенде жартылай отырықшылық өмір сүруге мәжбүр болды. Келесі археологиялық дәуір — неолиттің ескерткіштеріне қарап қадағаланған жаңа техникалық жетістіктер ғана өз кезіндегі алғашқы тұрмыс экономикасын дамытуда өзгеріс туғызған берік отырықшылыққа көшуге оған мүмкіндік берді.

4. Мезолиттің аяғы мен ерте неолитте солтүстікте аңшылық пен жинап-терушілік ұштасқан шаруашылықтың жаңа формалары — балық шаруашылығы немесе теңіздік кәсіпшілік пайда болады. Бұлар, негізінен алғанда, Данияда, сондай-ақ Балтық теңізінің жағалауларында, Солтүстік және Шығыс Германия мен Польшада, Оңтүстік Швейцария мен Англияда таралған маглемозе (Даниядағы Муллеруп қаласына жақын тұрақ бойынша аталған) мәдениеті ескерткіштерінде айқын керінеді. Маглемозе мәдениеті б. з.-ға дейінгі 6800—5000 жылдар деп шамаланады. Бұл мәдениеттің мекен-жайлары ойпаң жерлерде, батпақты немесе шымтезекті орындарда немесе көлдер мен өзендердегі шағын аралдар мен түбектерде жайғасады, әрі жазғы және күзгі уақытта ғана мекендеуге болатын еді.

Маглемозе мәдениетінің шақпақ тас қарулары дегеніміз қарапайым формалы микролиттер, трапеция және ромба тәрізді формалы ішпекті қарулар еді. Тұрпайы жасалған макролиттер: мүйізден жасалған арнаулы муфталарға бекітілген балталар немесе шаппалар типті соққыш қарулар кездеседі. Әсіресе сүйек пен мүйізден жасалған қарулар: сүңгілер, балталар, балта саптары, пышақтар, немесе қашаулар, жебе ұштықтары, инелер т. б. көп ұшырайды. Бұдан басқа маглемозе мәдениеті жұртында балық аулайтын қармақтар, тоқыма тұйықтар (верши) мен аулар (қабығының талшықтарынан жасалған), келте ағаш ескектер мен шырша діңінен ойылған ұршықтар табылды. Кұс аулау үшін лақтырғыш тақтайшаның мүмкін тұзақтың көмегімен нысанаға тигізілетін қысқа сапты найза қолданылды. Шаруашылықта жабайы өсетін жеуге жарамды өсімдіктерді, тамырларды және шөптерді жинаудың үлкен маңызы болды. Маглемоза мөдениетінің барлық аса маңызды жұрттарында түріне қарағанда өлі бөріні еске түсіретін, бірақ сірә, үйретілген иттердің сүйегі табылды.

Солтүстік Африканың мезолиті мен ертедегі неолитін, негізінен алғанда, осы территорияларда табылған оран ескерткіштерінің одан біраз өзгеше Алжир, Тунис және Марокко территорияларында таралған каспий мәдениетінен көрінеді. Әдетте, бұл мәдениеттің ескерткіштері сонымен бірге, кьеккенмеддингтер (дат термині) немесе қауашақ үйінділері деп те аталатын асханалық қалдықтардың үйінділері болып келеді. Бұл күлмен және ағаш сүрегінің көмірімен араласып кеткен моллюска қауашақтарының толып жатқан қалдықтарының жадағай жалпақ төбелері еді. Бұлардан еңбек құралдары мен жануарлардың сүйектері табылған.

Егер маглемоза мәдениеті үшін аңшылықтан гөрі балық аулау шаруашылығының басымдылығы тән болса, ал бізге кьеккенмеддингті гиблерді қалдырған адамдар аңшылық табыстың жетімісіз жерін тамақта теңіз және өзен моллюскаларын қолданумен толтырды.                

Ертедегі несолиттік балық-аң аулау шаруашылығының сарқыншақ формалары андамандықтардың тарихи өткен шағынан жақсы көрінеді. Мұнда да алғашқы тұрмыс экономикасы дәстүрінің ұзақ сақталуы оқшаулану жағдайларынан: Бенгаль бұғазы мен Андаман теңізінің арасындағы Үнді мұхитындағы  Андаман аралдарының ерекше жағдайларынан туған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *