Бүкiл дүниежүзiлiк шаруашылық және оның эволюциясының динамикасы.
Дүниежүзiлiк шаруашылық — бұл халықаралық еңбек бөлiнiсi жүйесiне ұлттық шаруашылықтарды бiрiктiретiн ғаламдық экономика.
Дүниежүзiлiк шаруашылық халықаралық экономикалық қатынастар түрiнде жүзеге асады. Халықаралық экономикалық қатынастардың түрлерiне мыналарды жатқызуға болады: халықаралық сауда, капитал шығару, халықаралық несие, халықаралық жұмысшы күшi миграциясы және т.с.с.
Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгiсi – халықаралық сауда. Ол тауар мен қызмет көрсету экспорты арқылы жүретiн халықаралық экономикалық қатынастың түрi.
Әрбiр елдiң халықаралық саудасы түсу деңгейi мен дәрежесi оның ресурстық потенциалымен айқындалады. Мысалы: дамыған елдердiң ресурстық потенциалы – капитал, ғылыми-техникалық база, маманданған жұмысшы күшi және шикiзат болғандықтан дамыған елдердiң даму моделi де осы тiзбекте жүзеге асады. Ал, дамушы елдерде керiсiнше, олардың ресурстық потенциалы – табиғи ресурстар, сауатсыз жұмысшы күшi, пайдаланылатын жер.
Дұниежүзiлiк шаруашылық субъектiлерiне трансұлттық компанияларды, халықаралық интеграциялық бiрлестiктердi және халықаралық экономикалық ұйымдарды жатқызуға болады.
Дүниежұзiлiк шаруашылықтың даму эволюциясының динамикасын бiрнеше кезеңдерге бөлуге болады. Атап айтқанда:
Бiрiншi кезең, оның өзi үш этаптан құралады.
Бiрiншi этап – ХIХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басынан бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiнгi (1914 жыл) аралықты қамтиды. Бұл этап интеграциялық және айырбас процестерiнiң, өндiрiстiк қатынастардың тез қарқынмен даму кезеңi болды.
Екiншi этап – Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс пен Қазан революциясы жылдары (1920 жылға дейiн) аралығын қамтиды. Екiншi этап шаруашылық қатынастардың екi лагерге жiктелуiмен – социалистiк және капиталистiк лагерлер – сипатталады.
Ішiншi этап – 20-шы жылдар соңы мен 30-шы жылдар басын қамтиды, яғни 1929-1933 ж.ж. «ұлы депрессия» жылдарын.
Екiншi кезең де үш этаптан құралады:
Төртiншi этап – Екiншi дүниежүзiлiк және ұлы Отан соғысы мен соғыстан кейiнгi жылдар (1939-1960 ж.ж.) аралығын қамтиды. Бұл этапта дүниежүзiлiк шаруашылықтың екi лагерiнде екi түрлi экономикалық даму пайда болады. Трансұлттық компаниялардың шеңберi, ықпалы кеңейе тұседi, «қырғиқабақ соғыс» басталады.
Бесiншi этап – 60-70 жылдарды, отаршылдық жүйенiң жойылуын қамтиды (мысалы, Індiстанның азаттық алуы). Бұл этап мезгiлiнде дамушы елдердiң арасындағы iшкi экономикалық дағдарыстар туындайды, экономикалықартта қалушылық пайда болады.
Алтыншы этап – 70-80 жылдар, яғни 1979-1981 ж.ж. экономикалық (энергетикалық) дағдарыс жылдарын қамтиды. Дүниежүзiлiк шаруашылықтың экономикалық өсуi тежеледi.
Ішiншi кезең, жетiншi этап – 90-шы жылдардағы жаңашыл даму кезеңi, КСРО-ның ыдырауы мен жаңа мемлекеттердiң дүниежүзiлiк экономикалық байланыстарға араласуы. әлемдегi елдердiң үш түрлi жүйеге жiктелуi жүредi: өнеркәсiптiк дамғын елдер, өтпелi кезең және дамушы елдерi.
ұлттық шаруашылықтарды ортақ дүниежүзiлiк шаруашылыққа бiрiктiрудiң негiзiн халықаралық еңбек бөлiнiсi құрайды.
Халықаралық еңбек бөлiнiсi дегенiмiз елдердiң ұлттық шаруашылықтарының ең жоғары тиiмдiлiкке жеткiзетiн тауарларды өндiруге мамандануы.
ХХ ғасырдың халықаралық еңбек бөлiнiсi моделiнiң ең танымал теориясы – Хекшер-Олин теориясы.
Халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң негiзгi екi түрi бар:
1) өндiрiстiң халықаралық мамандануы (өндiрiстiк және аймақтық бағыттарда);
2) өндiрiстiң халықаралық кооперациялануы.
Дүниежүзiлiк шаруашылықтың дамуында экономикалық интеграцияның мәнi зор.
Интеграция дегенiмiз бұл бiрнеше елдердiң ұлттық шаруашылықтарының бiр-бiрiне жақындауы мен өзара араласуының объективтi процесi және де экономикалық даму деңгейi бойынша бiр-бiрiне жақын ұлттықшаруашылықтардың еңбек бөлiнiсi мен тұрақты экономикалық байланысының даму процесi.
Интеграция – сыртқы экономикалық айырбас пен өндiрiс сферасын қамтиды, аймақтық шаруашылықтық кешендердiң құрылуына себепшi болады.
Интеграция мемлекетаралық та, микродеңгейлiк те болуы мүмкiн.