Балық пен аң аулаушылардың шаруашылығы
1. Алғашқы тұрмыстық қауымдық құрылыстың дамуында тұтас дәуір бола отырып, аналық рулық қауым тарихи дамудың ұзақ колынан өтті. Осы дәуірде алғашқы тұрмыстық адамзат жеңіп шыққан ең маңызды меже, табиғаттың дайын өнімдерін иемденуден, оларды өндіруге, яғни иемденетін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу болды. Бұл аңшылар мен балық аулаушылардың ертедегі аналық-рулық қауымы мен диқаншы-малшылардың дамыған аналық-рулық қауымын ажыратуға негіз береді.
Ертедегі аналық-рулық қауымдық шектерде иемденуші іс-әрекеттің екі дәйекті кезеңге: архайлық кезеңге және бірқатар аудандарда балық шаруашылығымен де ұштасып келетін неғұрлым дамыған аңшылық шаруашылық кезеңге бөлінеді. Әдетте, аңшылықтың жаңа өте тиімді қаруы — жебелер мен садақты қолдану бұлардың арасындағы шек деп санайды. Бұл ескерте кетуді керек етеді. Этнография садақты пайдаланбаған, бірақ аулаудың басқа, пәрменділігі азырақ қаруларын, мәселен үрмелі, жебе лақтыратын түтікті пайдаланған аңшылар тайпасын, атап айтқанда, Амазонка бассейнінің көптеген тайпаларын біледі. Дегенмен, археологиялық және этнографиялық материалдарға қарап пайымдағанымызда, жетілдірілген аңшылық қаруы ретінде нақ садақ неғұрлым кеңірек тарағандығы хақ, өйткені, бұдан ертедегіден неғұрлым кейінгідегі аңшылық шаруашылығына көшудің белгілі бір дәрежеде шартты болса да, өзіне тән белгісін көруге болады.
Ерте аналық-рулық қауым өмір сүруінің алғашқы кезеңі кейінгі палеолиттің археологиялық ескерткіштерінен көрінеді. Мұздық кезіндегі европада бұл ең алдымен ориньяк, солютрей және мадлен мәдениеті еді, бұлар кейінгі палеолит дамуының кезеңдері үшін тән мадениет ретінде алынып қаралады. Алайда, Германияда, мәселен, солютрей ескерткіштері жоқтығын, ал мадлендіктер Швейцарияның шығысын ала мәлім еместігін ескерген жөн. Оның есесіне перигорди, гримальди, селет және костенки мәдениеті бөлінеді. Перигорди (Франциядағы Перигор үстіртіндегі үңгірлерден табылған олжаларға қарай аталған. Дордонь департаменті) және Гримальди (итальян риверьесіндегі Гримальдин үңгіріндегі олжалар бойынша) мәдениеті ориньяк мәдениетімен бір мезетте өмір сүрді. Костенки мәдениетінің ескерткіштері де (Воронеж маңындағы Костенок селосындағы ең көне ескерткіштер) осы уақытқа жататын болса керек. Бұл мәдениеттер ориньяк, солютрей және мадлен мәдениеті локальды құбылыс саналады және бұлардағы айырмашылық техника мен қоғамдық қатынастардың даму кезеңдерін емес, тек халықтың түрлі топтарындағы әр түрлі дәстүрдің болуын ғана бейнелейді.
«Ориньяк» термині Францияның оңтүстік Батысындағы Ориньяк үңгірі атынан щыққан. Бұл дәуірдегі ең маңызды жаңалық сүйектен көптеген мөлшерде еңбек құралдарын жасап шығару мен тұрақты қыстық қауымдық тұрақтар болды. Бұл дәуірде шақпақ тас өңдеуде (призмалық нуклеус) кейінгі палеолиттік ерекшеліктер алғашқы рет көрінеді, атап айтқанда, солютрей дәуірінде мейлінше дамыған қыспа ретушь тәсілі туды. Шақпақ тасты өңдеудің бұл тәсілі мынадай еді, сүйек қысқыштың көмегімен құралдың сыртқы бетінен жұқа қабыршақтар ойылып алынды.
Солютрей мәдениеті Франциядағы Сена кәне Уаза департаменті Солютр үңгірі бойынша аталған. Бұл мәдениеттің ерекшелігі екі жағынан қыспа ретушьпен шақпақты өңдеу жолымен өте жетілдіріліп жасалған найза ұштықтары мен пышақ кездіктердің таралуы болып табылады. Көшетті және бүйір ойындылы лавр жапырақты және көк тал жапырақты ұштықтар басым келеді, көзі бар сүйек инелер пайда болады.
Аң аулаудың жаңа құралдары ойланып табылғанына қарамастан, бұл ориньяк және солютрей дәуірлерінде үйіріп аң аулау басым болып қала берді; аңшылар тобы аңды жарға, жартас шатқалына, батпаққа сол сияқты, жерлерге қуып тығатын. Тұрақтағы қатып қалған жерде қойма-шұңқыр қазатын, осында етті ұзақ уақыт бойына сақтауға болатын.
Мадлен мәдениеті Францияның Дордониіндегі Ла Мадлен үңгірі бойынша аталған және Испанияның солтүстігінде, Францияда, Швейцарияда, Германияның оңтүстігінде таралған. Бұл б.з.-ға дейінгі 20000—12000 жылдар деп шамаланады. Сөздің кең мағынасында алғанда мадлен мәдениеті немесе дәлірегі мадлен дәуірі кейінгі палеолитік мәдениет дамуының барлық европалық мұздық кезіндегі салаларында көрінеді. Бұл кезде солютрей мәдениетіне тән болып келетін қыспа ретушь және соның көмегімен жасалған лавр жапырағы тәрізді ұштықтар жойылады. Шақпақ тас индустриясының жалпы тұрпаты біраз құлдырағандықтың әсерін тудырады: ұсақ қиындылар, теспелер, қырмалар, шеттері мұқалған жүздер т.б. таралады, бұлар негізінен алғанда сүйектерді өңдеуге арналады. Сүйек және мүйіз индустриясының гүлденуі келіп жетеді. Шақпақ тастар орнына сүйек немесе солтүстік бұғысының мүйізінен жасалған найза үштықтары мен қысқа сапты найзалар, біздер, қырнауыштар қолданыла бастайды, ең тамаша мадлен құралы — сүңгілер болады.
Мадлен дәуірінде адамның бұлшық етінің күшін механикалық құралмен — найза лақтырғышпен тұңғыш толықтырыла түскен өнер жаңалығы ашылды. Мадленнің аяқ кезінде-ақ басқа «механикалық» қару — садақтың ойланып табылуы да ықтимал.
Мадленнің аяғында мүйіз тұмсық пен мамонт қырылып қалды. Аулаудың негізгі объектісі, солтүстік бұғысы мен жабайы жылқы болды. Мадлендіктер неғұрлым кіші жануарларды да, тіпті құстарды да аулады. Аң аулаумен қатар балық аулау біраз маңыз ала бастады. Бұл жөнінде Мадленде пайда болған өте тұрпайы типті, балық аулау қармағы керсетеді.
Қалай дегенмен де мадлен адамына тіршілік етудің негізгі заттарын солтүстік бұғысы берді: ет, жарық үшін май, киім үшін терісі, жіп үшін тарамысы, қаруларды жасау үшін мүйізі мен сүйегі қажет еді. Солтүстік бұғысы — көшіп жүретін жануар. Қыста ол Оңтүстікте, ормандардың шеткері алқабында жүреді, жазда солтүстікке тундра жайылымына ауып барады. Мадлен аңшысы, бұғы табынының соңынан жүре отырып, кейінгі эйкуменнің солтүстік шеткергі аймағын бірте-бірте игерді.
Сібір тұрақтары сібір-қытай облысына жатады. Ертедегі ескерткіштер (Ангара өзеніндегі Буреть, Ақ өзендегі Мальта уақытына қарай батыс европалық солютрейге сай келеді де, тас индустриясының тұрпаты жағынан соған ұқсас болады. Бұл мамонттарды, мүйіз тұмсықтарды жабайы бұқалар мен жылқыларды аулайтын аңшылардың кәдімгі тұрақты лагерлері еді. Кейінгі Афонтов тауы типті ескерткіштер үшін Красноярскі түбіндегі Енисей өзенінде (уақытынақарағанда) Мадленге сай келеді. Мустьерлікті еске түсіретін және ағаш өңдеуге бейімделген аумақты тас қарулардың болуы тән болып келеді. Сібірдің кейінгі палеолиттік мәдениеті жануарлардың арктикалық түрлері бірте-бірте жойылған және осы кездегі тайгалық климат пен ландшафт орныққан кезде онша өзгермеген түрінде өмір сүре берді.
Қырым, Кавказ және Орта Азия тұрақтары Африка, Жерорта теңізі аймақтарына жатады. Бұларға сүйек өңдеудің азырақ дамуы тән болып келеді. Аң аулаумен қатар мұнда жинап-теру ісі үлкен роль атқарған,
Қытай мен Оңтүстік Шығыс Азияда бұлардың батыс европалық ұғымында кейінгі палеолиттік мәдениет болған жоқ. Неолитке дейін бұл аймақтың мәдениеті ертедегі палеолиттік тұрпатта болып келеді. Сонымен қабат Солтүстік Қытайдың мәдениеті сібірлік палеолитке жақындайды да оңтүстік қытай мәдениетінен шұғыл айырымдалады.
Африканың кейінгі палеолиті нашар зерттелген. Тас қарулардың жекелеген олжалары Нигерия мен Конгода жасалған. Сахарада Тассили үстіртінде мадлендік ұқсас сүңгілер табылған. Неғұрлым кейінгі тас бетіндегі суреттер бұл жерде баяғы замандарда, сірә, кейінгі палеолиттік, аң объектісі ретінде бай фаунасы болғандығын көрсетеді.
2. Ерте аналық — рулық қауым дамуындағы келесі кезең мезолиттің археологиялық ескерткіштері бойынша қадағаланады. Мезолиттің бас кезі мұз құндақтың түпкілікті еріп, жер бетінде жалпы осы заманғы климаттың орнығуымен сай келеді. Флора мен фауналар азды-көпті осы заманғы түрге ие болады. Оңтүстік және Орталық Европада мұздық дәуірінің аяғынан бастап солтүстік бұғысы жойылды. Аңшылардың негізгі табысы бұлан, кер марал, зубр, қабан, қара құйрық, сондай-ақ ұсақ жануарлар мен суда жүзетін құстар болды.
Мезолиттік техникаға микролиттердің кішкентай, ұзындығы 1—2 см, ені 2-3 см, қалыңдығы 0,1 см аспайтын үш бұрыш, ромбы, трапеция, сегмент формалы шақпақ қарулардың таралуы тән болып келеді. Микролиттер сүйек немесе ағаш жақтаулардың ұзынша ойындыларын да, ішпек ретінде пайдаланды. Микролиттерден шақпақты тілетін шеті бар ағаш немесе сүйек қару осылай келіп шықты. Бұл техникалық әдіс әлі күнге шейін қолданылып келеді. Қазіргі кездегі кейбір кескіштер мен бұрғылағыштардың ішпектері бар. Бұл техниканың маңызды жері тұтас шақпақ тастан жасалған еңбек құралы жөндеуге келмейтін, ал ішпек мұқалған кезде оны жаңа ішпекпен ауыстыру арқылы қайта қолданатын.
Мезолит техникасының аса маңызды жетістігі садақ пен жебені ойлап табу болды. Садақтың сонау мадлен дәуірінде табылуы ықтимал, бірақ оның таралуы сөзсіз мезолит дәуіріне ғана жатады. Садақ микролитке қарағанда әлде-қайда күрделі механизм, оны жасау үшін өсімдіктер қасиеті мен қозғалыс механизмі туралы білімдерді талап етті. Адам тұтас ағаш бөлігінен қарапайым садақты немесе күрделі ағаш, сүйек және мүйіз үш бөліктен тұратын садақ жасай алатын еді. Бұл алыстан соғатын жаңа қару аңшылықтың дамуына жаңа түрткі салды. Садақты қолданумен қатар садақ принципі де қолданысқа енді, оны түрлі қақпандар жасауда қолданылды.
Сондай-ақ сонау кейінгі палеолитке саятын, бірақ тек мезолитте ғана таралған мәдениет тарихындағы басқа аса маңызды оқиға мал шаруашылығындағы алғашқы қадам — иттерді қолға үйрету, мүмкін шошқаны үйрету болған шығар. Үйсіндірудің алғашқы кезеңдерінде жабайы және үй жануарларының қаңқа құрылысында морфологиялық айырымдардың әлі де болса шамалы екені сондай, остеологиялық материалдар қандай да болсын жануарлардың үйсіндірілгенін сеніммен айта қоюға мүмкіндік бермейді.
Солтүстік аймақтарда, ал мезолиттің аяғында, жалпы әр түрлі аудандарда тұрпайы орамдалған соққылайтын құралдар (макролиттер), балғалар, қайдалар, шот балғалар пайда болады, сүңгінің кеңінен таралуы жұрттардан көптеген мөлшерде балық сүйектерінің табылуы, балық шаруашылығының интенсивті дамығанын көрсетеді.
Мезолиттік адамдар ары қарай Солтүстікке ірге жайды, Шотландияны, Скандинавияны, Прибалтиканы, тіпті Солтүстік мұзды Мұхит жағалауының бір бөлігін игерді. Америкаға кең жайыла мекендеді.
Мезолиттік аңшылар мен балықшылардың тұрмысы Европаның территориясындағы көптеген тұрақтар бойынша барынша жақсы зерттелген. Кәдімгі мезолиттік мәдениет – азиль, тарденуаз, свидер, лингби мәдениеті.
3. Азиль мәдениеті Францияның Оңтүстік Батысындағы Мас д’Азиль үңгірінің атын алған. Оның шақпақ тас және сүйек қарулары негізінен алғанда, сонау кейінгі палеолиттік тұрпатын сақтаған, бірақ енді микролиттермен жебенің тас ұштықтары да кездесетін. Кер маралдың мүйізінен жасалған шағын жадағай сүңгі де, үстіне қызыл сырмен жұмсақ белгілер салынған малта тас қарулар да тән болып келеді. Үйретілген иттердің де сүйегі табылған. Азильдіктер, көбінесе, үңгірлерде тұрды, мұнда олар өздерінің еліктерін де жерлейтін еді. Азиль мәдениеті Батыс Европаға таралған. Бұларға ұқсас ескерткіштер Қырымда, Кавказда, ішінара Орта Азияда табылды.
Тарденуаз мәдениеті өзінің атын Солтүстік Франциядағы Феран-Тарденуа тұрағынан алған. Тарденуаз жұртының мәдениеті, әдетте өзендер мен көлдердің жағалауларында, құм төбелердің баурайларындаі кейде шағын аңғарларда жайғасады. Бұған стандартталған геометриялық формалы микролиттер мен жеуге жарамды моллюскалар қауашақтарының көптеп жиналуы тән болып келеді. Тарденуаз мәдениетінің ескерткіштері бүкіл Европаға, ал оған ұқсастары Ескі Дүниенің барлық материктеріне кеңінен таралған, бірақ олардың территориялық топтары өзара елеулі түрде жеткілікті айырмаланады.
Сивидер мәдениеті атын Свидер — Вельки түбіндегі (Польша, Варшава маңы) мекен жайдан алған. Бұл мәдениеттің тұрақтары, әдетте өзендердің жағаларында жиі табандарда жайғасқан қыдырма аңшылардың рулық топтарының уақытша мекен-жайлары болып келеді. Бұлардың ең ертедегілерінде әлі де шақпақ қарулардың мадлен формалары ұшырайды, бірақ мұнымен бірге олардың жаңа микролиттік формалары да кездеседі. Әсіресе, бұған тал сағағындағы жапырақ тәрізді жебе ұштықтары тән болып келеді. Свидер мәдениеті Орталық және Солтүстік Польша территориясы мен Литвада таралған.
Свидер мәдениетіне Даниядағы мезолит тұрағы бойынша аталған лингби мәдениеті жақын тұрады және Прибалтикада кеңінен таралған. Лингби мәдениетінің тайпалары солтүстікке қарай жылжи отырып, мұздықтан кейінгі уақытта осы уақытқа дейін бос жатқан Прибалтика аймақтарын мекендейді. Бұл мәдениеттің тұрақтарында қысқа сапты найзаның шақпақ ұштықтары мен жебелер, микролиттік қарулар, сондай-ақ тұрпайы макролиттік қарулар, мадлен типті сүйек сүңгілер мен солтүстік бұғы немесе кер марал мүйіздерінен жасалған ерекше тән болып келетін кетпен тәрізді қарулар кездеседі.
Мезолит дәуіріне тән болып келетін микролиттік техника мен геометриялық формалардың ықшамды қарулардың таралуы Европамен шектеліп қалмайды. Бұл қарулар Африкада белгілі, сондай-ақ Орта Азияда, Үндістанда, тіпті Австралияда да таралған. Микролиттердің барлық жерде таралуы аң аулаудың дамуымен және оның шаруашылық маңызының арта түсуімен байланысты болды. Жебелердің ұштыңтары мен пышақтардың жүздері болған микролиттерді және оларды пайдалану техникасын бір тайпалардан екіншілері жиі алмасып отырды және қару-жарақтардың жаңа түрлерін жасаудың негізі болды.
Бүкіл мезолит заманы бойында алғашқы тұрмыс адамы ең жақсы дегенде жартылай отырықшылық өмір сүруге мәжбүр болды. Келесі археологиялық дәуір — неолиттің ескерткіштеріне қарап қадағаланған жаңа техникалық жетістіктер ғана өз кезіндегі алғашқы тұрмыс экономикасын дамытуда өзгеріс туғызған берік отырықшылыққа көшуге оған мүмкіндік берді.