Мезолиттің аяғы мен ерте неолитте солтүстікте аңшылық пен жинап-терушілік ұштасқан шаруашылықтың жаңа формалары — балық шаруашылығы немесе теңіздік кәсіпшілік пайда болады. Бұлар, негізінен алғанда, Данияда, сондай-ақ Балтық теңізінің жағалауларында, Солтүстік және Шығыс Германия мен Польшада, Оңтүстік Швейцария мен Англияда таралған маглемозе (Даниядағы Муллеруп қаласына жақын тұрақ бойынша аталған) мәдениеті ескерткіштерінде айқын керінеді. Маглемозе мәдениеті б. з.-ға дейінгі 6800—5000 жылдар деп шамаланады. Бұл мәдениеттің мекен-жайлары ойпаң жерлерде, батпақты немесе шымтезекті орындарда немесе көлдер мен өзендердегі шағын аралдар мен түбектерде жайғасады, әрі жазғы және күзгі уақытта ғана мекендеуге болатын еді.
Маглемозе мәдениетінің шақпақ тас қарулары дегеніміз қарапайым формалы микролиттер, трапеция және ромба тәрізді формалы ішпекті қарулар еді. Тұрпайы жасалған макролиттер: мүйізден жасалған арнаулы муфталарға бекітілген балталар немесе шаппалар типті соққыш қарулар кездеседі. Әсіресе сүйек пен мүйізден жасалған қарулар: сүңгілер, балталар, балта саптары, пышақтар, немесе қашаулар, жебе ұштықтары, инелер т. б. көп ұшырайды. Бұдан басқа маглемозе мәдениеті жұртында балық аулайтын қармақтар, тоқыма тұйықтар (верши) мен аулар (қабығының талшықтарынан жасалған), келте ағаш ескектер мен шырша діңінен ойылған ұршықтар табылды. Кұс аулау үшін лақтырғыш тақтайшаның мүмкін тұзақтың көмегімен нысанаға тигізілетін қысқа сапты найза қолданылды. Шаруашылықта жабайы өсетін жеуге жарамды өсімдіктерді, тамырларды және шөптерді жинаудың үлкен маңызы болды. Маглемоза мөдениетінің барлық аса маңызды жұрттарында түріне қарағанда өлі бөріні еске түсіретін, бірақ сірә, үйретілген иттердің сүйегі табылды.
Солтүстік Африканың мезолиті мен ертедегі неолитін, негізінен алғанда, осы территорияларда табылған оран ескерткіштерінің одан біраз өзгеше Алжир, Тунис және Марокко территорияларында таралған каспий мәдениетінен көрінеді. Әдетте, бұл мәдениеттің ескерткіштері сонымен бірге, кьеккенмеддингтер (дат термині) немесе қауашақ үйінділері деп те аталатын асханалық қалдықтардың үйінділері болып келеді. Бұл күлмен және ағаш сүрегінің көмірімен араласып кеткен моллюска қауашақтарының толып жатқан қалдықтарының жадағай жалпақ төбелері еді. Бұлардан еңбек құралдары мен жануарлардың сүйектері табылған.
Егер маглемоза мәдениеті үшін аңшылықтан гөрі балық аулау шаруашылығының басымдылығы тән болса, ал бізге кьеккенмеддингті гиблерді қалдырған адамдар аңшылық табыстың жетімісіз жерін тамақта теңіз және өзен моллюскаларын қолданумен толтырды.
Ертедегі несолиттік балық-аң аулау шаруашылығының сарқыншақ формалары андамандықтардың тарихи өткен шағынан жақсы көрінеді. Мұнда да алғашқы тұрмыс экономикасы дәстүрінің ұзақ сақталуы оқшаулану жағдайларынан: Бенгаль бұғазы мен Андаман теңізінің арасындағы Үнді мұхитындағы Андаман аралдарының ерекше жағдайларынан туған болатын.
Андамандықтар шаруашылығының негізі балық шаруашылығы, оның басты қарулары S әрпі тәрізді өзгеше формалы садақ, сүйек ұштықтары бар ұзын бамбук жебелер мен аутригерлі (балансирлі) шағын жалғыз ағаш қайық болды. Андамандықтар өз қайықтарымен теңізге еркін шыға беретін және мұнда ірі балықты таңдап алып, аулайтын, әдетте мұны соншама көп ұстайтындағы сондай, аулағандарының бір бөлігі шіріп те кететін жағдайлар болатын. Тасбақаларды, құстарды, жабайы шошқаларды теңізден және құрылықтан аулау шаруашылықта қосалқы роль атқарды. Бұлардың бәрі ерлердің ісі еді, әйелдер жеуге жарайтын өсімдіктерді жинап-теріп, үй шаруашылығын жүргізді.
Аң аулаумен және жинап-терушілікпен ұштасып, дамыған балық шаруашылығы көлемі 300 шаршы метрге дейін мықты діңгекті үйлері бар тұрақты мекендерге андаманықтардың отырықшылануына мүмкіндік берген, тіршілік етудің біршама сенімді көзін жасады. Кейде тасбақа мен құс жұмыртқаларын жинаған маусымда бұл селолар біраз уақытқа босап қалатын, кейде тамақ қалдықтарының жиналуынан, төзгісіз сасып-орсудан бұлар жаңа орынға көшірілетін, бірақ бүтіндей алғанда біздің көз алдымызда жетіле түскен және күрделіленген шаруашылығы бар әбден дерлік қалыптасқан отырықшы мәдениет келеді. Түрлі ағаш, тоқыма және тері ыдыс-аяқпен қанағаттанып қалмай андаман әйелдері, енді нағыз қыштарды — қыштың жарты шар тәрізді іші қауашақпен қырып жасалған тұрпайы құмғандар әзірлеп шығардьі. Қыштардың ойлап табылуымен тамақ пісіру кең өріс алды, әрі бұның отырықшы тұрмысты нығайту үшін ерекше үлкен маңызы болды. Оны жеткілікті қор етіп жинау оңайға түсті. Өнімдерді консервілеудің андамандар қолданған тәсілдерінің принципінің де біздікінен айырмашылығы жоқ еді: пісірілген немесе қақталған еті бар бамбук ыдыстар саз балшықпен мықтап тығыздалып майланды да, шірітетін бактерияны құртатындай етіліп ұзақ қайнатылатын болды.