Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы, өзіндік ерекшелігі

Аударма теориясының негізгі салалары және оның басқа филологиялық пәндермен арақатысы, өзіндік ерекшелігі.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарып, олардың ізімен Н.Б.Аристов, И.М.Берман, Л.С.Бархударов т.б. ғалымдар 50-60 жылдарда аударматанудың іргесін бекіте түскен. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі.

Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының аударма ғылымы және оның қалыптасуы туралы зерттеулері, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері аударма теориясы мәселелеріне арналды.

Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Аудар­ма теориясының міндеті – шығарманың түпнұсқа мен аудармасының арасындағы ара қатынастардың заңдылықтарындағы ізін табу, аударманың жеке элементтерін барлап байқаудан туған тұ­жырым, қағидаларды ғылыми негізге сүйеніп қорытындылау және аударма практикасына көмек көрсететін, практик аудармашыға себін тигізетін межені белгілеп беру. Сонымен, аударма теориясының негізгі зерттейтін объектісі – түп­нұсқа мен аударманың арасындағы ара қатынас және оны пайымдау мен қорытындылауды керек ететін нақты жайларға көшкен формаларының айырмашылығы.

Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды. Мәселен, ағылшын тілді әдебиеттен аударылған әңгімелер алғаш рет Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып, оларды қазақ тіліне аударудағы әдіс тәсілдер толыққанды көрсетілді.

Аударма” – көпмағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үрдісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның/жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс-әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді. Ғылыми әдебиеттерде аударманың аталмыш бұл екі сипатын бөліп қарау бар.

Қай халық болмасын дүниежүзілік өркениеттен оқшау өмір сүре алмайды. Бұл – халықтың халық болып, ұлт болып өмір сүруі үшін бірден-бір керекті шарт. Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша аударма, жазбаша аударма, еркін баяндау, әңгіме ету және т.т.) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Қазіргі кезде аударманың қоладнылмайтын саласы жоқ. Телеграф агенттіктерінің хабарларын, газет-журнал материалдарын, техника мен ғылым мағлұматтарын, компьютер мен ғаламтор жаңалықтарын көпшілікке таратудың ең тиімді жолы – аударма.

Аударма — әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түлене береді. Оны зерттеу аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі – «лингвистикалық бағыт». Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек етеді. Осы лингвистикалық бағыт көркем аудармағада да ерекше болды. Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция дегендер-аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары . Осыған орай, көркем аударма аударманың мақсаттары мен түпнұсқасының типін ескере отырып, оның жалпы стратегиясын белгілеуге көмектеседі. Аударма әдеби шығарма арқылы бір халықтың өмірін келесі бір халыққа таныстыру арқылы екі ел арасында рухани көпір орнатуға ат салысады.Жалпы аударманың негізгі екі концепциясы бар: лингвистикалық және әдебиеттану ғылымы. Аударма және аударматану бойынша негізгі екі мәселелер шеңбері бар.Бірінші мәселелер шеңбері – бұл аудару шекараларының мәселелері, яғни, мәтінді аудару мүмкіндігімен байланысты мәселелер.Екінші мәселелер шеңбері, біріншісімен арақатынасын белгілейтін және ерекше сипаттамасы бар аудару барабарлығымен байланысты мәселелер.

Аударманы негізінен төмендегідей екі үлкен түрге бөлуге болады:
1) Ауызша аударма – бұл тәржіманың жазбаша түріне қарағанда күрделірек құбылыс; ақпараттың мазмұн межесін (план содержания) және құрылым межесін (план выражения) жазбай, ауызша жеткізу түрі. Сөйлеген сөздер, баяндамалар ілеспе түрде ауызша аударылады, шетелдерден келген  ресми өкілдер мен қонақтардың пікір алысуына аудармашылар көмектеседі.

  Ауызша аударманың екі түрі бар:
– ілеспе (синхронды) аударма;
– ізбе-із аударма.

       Ілеспе аударма –бастапқы мәтінді тыңдап қабылдай отырып, ілесе, қосарласа,  бір мезгілде  аудару. Аударудың бұл түрі түпнұсқа мәтіннің айтылуымен қатар жүріп отырады. Арнаулы кабинеттерде ілеспе аударма  түпнұсқаның мәтінін  сөйлеушіге (мәтіннің авторына) ілесе отырып оқу арқылы, кей жағдайда сөйлеушінің ауызша баяндалған сөзін  алдын ала дайындықсыз тікелей аудару арқылы жүзеге  асырылады.
Ғалым Ә.Тарақов ілеспе аударманың күрделілігін танытатын төмендегідей

белгілерді атап өтеді:

а)бір мезгілде тыңдап әрі сөйлеу қажеттілігіне байланысты туындаған психофизиологиялық дискомфорт;

ә)баяндамашы не жарыссөзге шығушының микрофондағы сөзінің қайталанбауына қатысты психикалық кедергі. Өйткені баяндамашыны тоқтатуға, болмаса түсінбеген, не қалып қалған сөзін қайталап сұрауға болмайтындығы;
б) аударманың қайталанбауына және үлкен аудитория тыңдаушыларына байланысты психикалық кедергі. Аудармада қателескенді қайта түзеуге болмайтындығы әрі кешірім сұрауға келмейтіндігі;

в) сөз сөйлеудің жылдамдығына байланысты психофизиологиялық        кедергі [6,36,б.]

Ізбе-із аударма ─ мәтін тыңдалып болғаннан кейін жасалатын ауызша аударманың түрі. Ізбе-із аударманы шартты түрде екіге бөлуге болады. Олар: парақтан аударужәне абзацты-фразалы аударма. Ауызша аударманың бұл түрі жауапты келіссөздер, саяси, экономикалық-қаржылық, құқықтық және басқа да мәселелер төңірегіндегі ресми кездесулер кезінде, пресс-конференцияларда, семинарлар мен дөңгелек үстелдер кезінде жүзеге асады.

2)Жазбаша аударма – жазбаша түрде жасалатын тәржіме түрі; қағазға түсірілген жазбаша мәтінді екінші тілге жазбаша түрде  аудару және бұдан алынған нәтиже. Барлық хат-хабар, ресми құжаттар, ғылыми және көркем шығармалар жазбаша аударылады. Түпнұсқа мәтін алдын ала танысу, көру, ойлау, пайымдау, талдау, зерттеу, сөздіктерді, басқа да лингвистикалық және лингвоелтанымдық, когнитивтік мағлұматтарды беретін анықтамалықтарға иек арту арқылы екінші тілге жазбаша түрде түсіріледі [7, 23б.]. Түпнұсқаның түрі мен мәніне қарай аударманың да қолданылатын әр алуан амал-тәсілдері бар. Мысалы, ресми құжаттарды аударғанда, түпнұсқаны қаз-қалпында бұлжытпай толық жеткізу көзделсе, ғылыми және техникалық шығармаларды аударғанда, белгілі салалардың терминологиялық ұғымдарын дұрыс беру көзделеді.

         Жазбаша аударма өз ішінде екі түрге бөлінеді:

1)Көркем аударма – көркем әдебиет шығармаларын, яғни негізгі қызметі оқырманға көркемдік-эстетикалық әсер ету болып табылатын мәтіндерді аудару. Бұл процестің өтуі барысында аудармашының мүмкіндігі шексіз; ол екінші тілде жасалған мәтінді өңдеп, реттей алады. Әдеби немесе көркем аударма дегеніміз – бір тілде жазылған әдеби туындыны екінші тілдің құралдары көмегімен оқырмандарға жеткізу және түпнұсқасының стильдік, көркемдік ерекшеліктерін мейлінше нақты сақтап көрсету. Бұл жерде аудармадағы ең қиын нәрсе – лингвистикалық ерекшелігі емес, ол түпнұсқасының көркемдік жағын дұрыс жеткізу, яғни аудармашы туындының образдық әлемін, автордың идеясын, позициясын және стилін нақты, дәл көрсете білуі. Көркем аударманың бүгінгі әдеби процестегі алатын орны үлкен [8,150,б.].

Жақсы аударылған көркем аударма – сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мәдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дәлелдеудің бір жолы [9,40б.].

Ақпараттың барлық дереккөздерін екіге бөлуге болады:
1)Жалпы дереккөздерге жалпы қолданысқа арналған сөздіктер мен

энциклопедиялар жатады.

2)Арнайы дереккөздерге– арнайы сөздіктер, арнайы энциклопедиялар, анықтамалықтар және ғылым мен техниканың әртүрлі салаларына арналған арнайы әдебиеттер жатады [12,38б.].

Зерттеуші-ғалым А.Қ. Жұмабекова «Аударматанудың негіздері» атты кітабында аудармашылық қызмет субъектісінің  сипаты мен оның аударылып отырған мәтін авторына қарым-қатынасы бойынша ажыратылатын аудармалардың мынадай түрлерін келтіреді:

  1. Дәстүрлі (қолжазбалы) аударма – адам жасайтын аударма. Дәстүрлі аударманың келесі түрлері ажыратылады:

а) Авторлық емес аударма (немесе жай аударма) – түпнұсқа мәтінінің авторы болып табылмайтын аудармашының тәржімесі.

ә) Авторлық аударма (немесе авто аударма) – түпнұсқа мәтіні авторының өзі жасаған аудармасы.

б) Автор мақұлдаған аударма– автор талқылауынан өткен түпнұсқа мәтінінің аудармасы. [1,34б.]

  1. Машиналық (автоматты) аударма – арнайы бағдарлама бойынша

компьютер жасаған аударма. Машиналық аударма негізгі үш жағдаяттарда сәтті қолданылуда [13]: Біріншіден, бағдарлама лексикалық және грамматикалық құрылымы шектеулі, стандартты, тар шеңберде мамандандырылған мәтіндерді аудару үшін құрастырылады. Екіншіден, машина арқылы түпнұсқаның жалпы мазмұны жайлы түсінік беретін көп көлемді аударманы алуға болады. Үшіншіден, жұмысқа редактор кіріседі. Ол мәтінді аударуға дайындайды, яғни машина үшін қиын сөздерін алып тастап немесе басқаша жазып қайта редакциялайды немесе аударылған мәтіндегі қателер мен дәлсіздіктерді түзетеді. [14,338б.].

  1. Аралас аударма – мәтіннің дәстүрлі (немесе машиналық) өңдеуінің едәуір үлесін пайдалану арқылы жасалған аударма.

Аудармаға қойылатын басты талап – автордың стилистикалық өзіндігін сақтау, яғни адамдардың келбет-бітімі, жүріс-тұрысы бір-біріне қандай ұқсамаса, олардың сөз саптау машығы да бір-біріне сондай ұқсамайды, ендеше сол ерекшелікті айыра білу керек.

Мақаламның мазмұнын мынадай сөзбен қорытындылайын: «Егер белгілі бір ойды өз ана тілімізде дәл бере алмасақ, мұны тіліміздің оралымсыздығынан көрмей, өзіміздің дәрменсіздігімізден көруіміз қажет» (М.В. Ломоносов)

Аударма ісін орындауда аудармашы, ең алдымен, аударма түрін анықтайды, яғни аударма мәтіні үшін ақпараттық реттеудің мөлшерін белгілейді. Аударма мәдениетінде қай түрде негізгі мәтін болуы мүмкін екендігін реттеудегі бірінші дәрежесін белгілеуін шығару:- толық немесе бөлешектеп беруінде жатыр. Коммуникативтік тапсырмаға байланысты бұл кезеңде толық, немесе қысқартылған аударма таңдалады (бұл терминдер толық біркелкі емес аталатын болса да, кейбір деректемелерде реферативтік деп көрсетілген).

Қысқартылған аудармаға — тәжірибе жүзінде мәтіндердің барлық түрлері жатады: жай іскери хаттан романға дейін. Қысқартылған аударманы қолдану нәтижесіне мынадай мәтіндер: тезис, конспект, рефераттар, аңдатпа, көшірмелер, дайджестерлер жатады. Әрдайым мұндай мәтіндердің көлемі, оның лексика-семантикалық, синтаксистік пен стилистикалық бейнесі аудармашымен мақсатқа жету үшін таңдап алынатын түріне байланысты.

Негізінен, қысқартылған аударма таңдап алынып, функциональдік аударманың екі негізгі түрінің беруімен орындалады.

Таңдап алынатын аударма — қысқартылған аударманың түрі ретінде аудармашы көзқарасына байланысты тірек сөздерді таңдап алудан тұрады, негізгі мәтіннің және оларды толық аударатын единицалардан. Негізгі мәтіннің

басқа компоненттері осындай аударма түрінде көрсетілмей, нәтижеге жету үшін, қажетті емес түріне жатып, мүлдем аударылмайды. Мұндай аударма түрі іскери хаттар түрінің газет деректемелердегі, ғылыми мақалалар мен хабарлама, баяндамалары тезистік-реферативтік түрімен айтып жеккізуде өте жиі қолданылады. Осындай аударманың дұрыстығы аудармашының тек қана атақ дәрежесімен сақталып осындай аудармада негізгі ақпараттың кейбір маңызды жақтары жойылып кетпейтіндей, тірек бірліктерін дәл таңдап алуға негізделеді.

Функционалдык аударма — негізгі мәтін қысқартылып басқа тілге жеткізетін түрі ретінде мәтіннің функционалды түрде, қайта өңделген, бірліктерінен аударылған мәтінді құрастыруынан тұрады. Функционалды тұрғыдан мен қысқартуы немесе жай түріне келтіру мақсатында қолданылған негізгі мәтіннің лексика-семантикалық, грамматикалық, стилистикалық өзгертулеріне негізделуі мүмкін. Аударманың осындай түрінің мысалы ретінде айтылатын бүтін көлемді шығармаларды жай түрде жеткізетін әдеби мазмұндамалар жатады, мысалы: Б. Заходердің «Ғажайып еліндегі Алиса» атты аударма әңгімесі.

Мәтіннің өзгерту-трансформация түрінен басқа функционалды аударма

негізгі мәтіннің күрделі бөлшектерінің жеткізуін қалайды, бірақ та бұл жерде олардың жай түрге түсіп қалуына байланысты міндетті болуы қажет емес.

Толық аударма — қысқартылған аудармаға қарағанда аударма тіл бірліктеріндегі негізгі мәтіннің барлық компоненттерінің ақпараттық реттеуімен бірге нақты жеткізуіне бағытталған. Толық аударма әр түрлі түрлермен беріледі, бірақ жиі кездесетін: дәлме-дәл, немесе «сөзбе-сөз» аударма, семантикалық пен коммуникативтік аударма түрлерін санауға болады.

Дәлме-дәл аударма — негізгі мәтіннің аудару тіл бірліктеріндегі мүмкіншілік бойынша элементтердің ағым реттерін сақтауымен сөзбе-сөз беруі мен айқындалады. Негізінен, дәлме-дәл аударма коммуникативтік мақсаттпен өте сирек қолданылады да, таратуда тек қана ғылыми салаларға тиесілі. Сөйтіп, лингвистикалық талдау мақсатында дәлме-дәл аударма басқа түрлерге қарағанда көбірек қамтылады.

Питер Ньюмарк деген ағылшын ғалымы мен аудармашысы толық аудармаға екі түрін жатқызады: семантикалық (semantic) және коммуникативтік(communicative), ол дәлме-дәл аударманы толық емес аударманың ерекшк бір түріне жатқызады. (Peter Newmark. Paragraphs on Translation. Cleveden, Multilingual Matters, Ltd., 1993, p. 7- тараудан қарауға болады).

Негізгі мәтінді беруі — түпнұсқаның өзіндік синтаксистік құрылымы туралы ақпаратты жеткізуге мүмкіншілік етеді. Дәлме-дәл аударма да аударылмайтын сөздік ойынға, немесе фразеологиялық бірліктерге түсініктеме беруде қолданылады (тәртіп бойынша сөзбе-сөз аударма «дәлме-дәл», «сөзбе-сөз» деген таңбалармен беріледі). Көркем аударма тарихында бұл түрдің өлеңдік мәтіндерге қолданған үлгілері бар, мысалы: Шекспир пьесаларының А.Радлова аударған.

Семантикалық аударма — негізгі мәтіннің аудару тілінің бірліктерінде контекстуальдік мағынада толығырақ жеткізуін де болады. Семантикалық аударма процессі екі стратегияның негізінен бір-біріне әсер етуден тұрады, біріншіден: екіншіден, аударылатын тілде қолданылатын, айту түріне бағытталған стратегия, айтылатын сөздің негізгі формасының ерекшеліктерін сақтауға негізделген бағыт. Бірінші стратегия — стандартты емес, авторлық баламаларды, түп нұсқалық стилистикалық тәсілдерді, ерекше лексиканы аударғанда орынды болады – осындай жағдайда семантикалық аударма жиірек негізгі таңбаның ерекшеліктеріне бағытталады және аудармада оның ерекшеліктері дәлме-дәл аударылмағанға дейін көбіректеу болады. Екінші стратегия жалпы пайдаланылатын негізгі мәтіннің лексика-грамматикалық элементтеріне қолданылады, мәселен, синтаксикалық стандарттық құрылымдар, пунктуация, сөйлем көлемі, типтік метафоралар, жалғаулықтар,

синтаксистік баламалар, морфологиялық құрылымдар, кең тараған жалпы мәдени мен ғылыми-көпшілік терминдері мен сөйлемдер. Семантикалық аударма, тәртібі, жоғары әлеуметтік-мәдени дәрежесі бар мәтіндерге қолданылады: тарихи маңызды құжаттар, көркем әдеби шығармалар, эпостың ерекше үлгілері. Түпнұсқаның шағын тілдік детальдарына бұл түрде назар аударылатындай аударылатын мәтіннің «оқылатындығы» елестетуімен жиірек түседі. Мұндай аударма түрі, ең алдымен, академиялық арнайы мамандарға арналған басылымдарды, немесе аутентикалық аударма деп аталатын бір данада болатын құжаттарды аударуда қолданылады, яғни түпнұсқаға сәйкестігі ресми түрде қабылданған, немесе екі (немесе одан да көп) тілде баламалар түрінде қатарлас қалыптасқан аударма мәтіні. Семантикалық аударма техникалық нұсқаулықтар, көптеген ғылыми басылымдар мен, әрине, заң құжаттары сияқты мәтіндерді беруде керекті.

Коммуникативтік түрі қабылдаушыға біркелкі әсермен шығатын аударма мәтініне әкелетін негізгі ақпаратты беруде тиісті жол табуға тиесілі.Осындай аударма түрінде негізгі мәтіннің тілдік құрамына, емес оның мазмұны мен эмоциональді-эстетикалық маңызы басты объект есебінде болады.

Функциональді аудармадан коммуникативтік аударма негізгі төрт материалдың қысқартуын, не жай келтіруін қаламайды. Сөйтіп, күнделікте әдеби деп жиі аталатын, жеке түрдегі көркем аударма, негізінен, коммуникативтік қабылдаушының прагматикасын немесе бағдар жасайтын, не меңгерілетін аударма болып саналады. Бұл аударма түрі көркем әдебиеттің, публицистиканың, ғылыми-теоретикалық пен ғылыми көпшілік мәтіндері көптеген түрлеріне тиімді болып есептеленеді. Коммуникативтік аударманың кәсіптік баламасы ретінде көптеген поэтикалық аудармалар болып саналады, себебі шығармашылық мәтін өзінің табиғаты бойынша жай семантикалық, осыған қоса дәлме-дәл, кейбір верлибрдің үлгілерінен басқа аудармаға жатпайды. Тақпақтық мәтінді прозамен, толығырақ оның лексика-семантикалық пен грамматикалық жақтарын сақтауымен аударуға талпыныс, ештемені өзгертпейді, себебі бұндай жағдайда өлеңнің маңызды жақтары – оның фонетикалық пен ырғақметрикалық компоненттері аударылмай, сөйтіп өлең, өлең бола алмай,сапасы басқа мәтінге ауысып, коммуникативтік мақсаттарды шектеу үшін қызмет етеді. Мысал ретінде «Гамлетті» прозалық түрде М. Морозовтың аудармасын келтіруге болады, актер, режиссер мен басқа алушылар немесе Анна Ахматованның ағылшын тіліне аударылған оқу құралы ретінде жасалған прозалық аудармалар (мәтіннің жолдарын бөлуін сақтауда) қазіргі американдық аудиторияның аудармашысымен келтірілген.

Аударманың қай түрін қалауын аудармашы барлық жағдайлардың басқа

аударма процесінде аударманың бір түрі таза күйінде сирек кездеседі, көптеген

күрделі мәтіндер әртүрлі аударма түрін қолдануымен аударылады, дегенмен

олардың біреуі жетекшілік жасайды да, бүтін негізгі мен аударма мәтіндер арасында қатынастық сипаттамасын, көрсетуде, негізгі мәтіннің бөлу жағдайын

беруде және аударма бірліктерін анықтауда, осыған қоса негізгі мәтінді аударма мәнге келтіретін аударма тәсілдерін таңдауда анықтамалар береді.

Аударма түрлерін таңдау үшін ұсынылатын ережелер:

1.Жеке бөлшектік емес аударманың толық мазмұны коммуникативтік маңызы болмағанда, оның мазмұнымен жалпы танысу үшін, негізгі мәтіндерді аударма тілімен жеткізу үшін қолданылады.

2.Таңдамалы жеке аударма дәрістер, іскери хаттар, қалыпты хабарламалар, газеттік материалдарын аударуда пайдаланылады, және де негізгі мәтін не автор стилінің сипаттамасы туралы көрініс алу керекті болғанда, басқа да біркелкі мәтіндер, немесе пікірлерді аударғанда қолданылады, бірақ та толығырақ бұнымен танысу – бірінші кезектігі міндет емес.

3.Функциональдік жеке аударма қысқарту мен негізгі мәтінді қарапайым түрге келтіру үшін, бұлар көпшілік оқымандарға, не осындай түрдегі негізгі мәтіндерді жоғарғы деңгейдегі емес, қабылдауға дайындық жүргізу үшін ұсынылады. Осындай түрлерге әр түрлі мазмұндамалар, көрсеткіштер мен болжамдар жатады.

4.Толық аударма мазмұны жоғарырақ маңызды, қабылдаушыға толығырақ түрде аударма мәтіні берілген негізгі мәтінді жеткізу үшін қолданылады.

5. Дәлме—дәл, толық аударма өте сирек қолданылады, мысалы: оқу, не ғылыми мақсатпен, ерекше мәтіндердің академиялық басылымы үшін, әсіресе эпикалық мәтіндерді аудару мақсатымен іске асады.

6. Семантикалық толық аудармалардың ғылыми ерекшеліктері жоғары, немесе әлеуметтік-мәдени мәні бар, олардың толық мазмұны көпшілік мамандарға арналған негізгі мәтіндерді аударуға бағытталады.

7.Коммуникативтік-прагматикалық толық аударманың әлеуметтік-мәдени мәні бар, толық мазмұны көпшілік қабылдаушыларға арналған негізгі мәтіндерді жеткізу үшін пайдаланылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

        1. Құлманов С. Аударманың өзекті мәселелері. – Алматы: «Palitra-Press», 2015. – 216 б.

        2. Алпысбаев Қ.Қ., Қазыбек Г.Қ. Қазақ аудармасының теориясы мен тәжірибесі. – Алматы: Қазақ университеті, 2001. – 213 б.

        3. Жақыпов Ж.А. Аударматануды аңдату. – Астана: «Аударма» баспасы, 2004. – 70 б.

        4. Алдашева А.М. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы, 1999. – 199 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *