Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы
Мақсаты: адам өз проблемаларына толық түсініп, оны талдап, шығу жолын табуға шамасы келсе ол тұлға өзін-өзі қоршаған ортамен тепе-теңдікте ұстауға болатындығына сенімін күшейту.
Бұл топ келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.
А) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатқа сай еместігін көрсету және оның себебін түсіндіріп қабылдау. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде клиент проблемасын шешудің жаңа жолын іздеп, өз болашағын және осы болашақ өмірдегі басқа адамдармен қарым-қатынасының моделін жасауға кіріседі.
Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты – адам өз қателерін өз санасынан өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберу.
Б) Проблемасын өзінше талқылау (интерпретация).
Бұл тәсілдің мақсаты – қақтығыс туғызған ыңғайсыз, шытырман жағдайдың орын алған себептерін психолог көмегімен талдап, пациентке өзінің де кінәлі екенін түсіндіріп, қайда, қандай қателік жібергенін, оның мән-мағынасын толық түсінуге жәрдем береді.
В) Түсіндіру арқылы өзгелерге деген сенім мен иланушылықты қалыптастыру.
Г) «Жанама әсер» арқылы көмек көрсету тәсілі пайдаланғанда топтағылар бір-біріне сұрақ беруі арқылы қатысушылар өз мінез-құлқының, мінез көрсетуінің ерекшелігін анықтап, оны түсінуге жол ашылады.