Әпке (Екі бөлімді драма)

Әпке (Екі бөлімді драма)
Қатысушылар: Қамажай
Омар – інісі
Тим, Тимур – інісі
Ермек – інісі
Наз, Нәзила – сіңлісі
Гауһар – Нәзиланың құрбысы
Кама, Кәмила – Тимурдың сүйген қызы
Сұлтан – Тимурдың досы
Сұлухан, Светлана – Сұлтанның қасындағы қыз
Қабен
Көрші әйел
Бірінші акт
(Сахна төрінен Қамажай мен Қабеннің тұлғалары көрінеді. Қараңғыдан шығып, олар бері жақындайды).
(Телефон шырылдайды).
Қамажай. Алло.
Қабен. Мен ғой. Саламатсың ба?
Қамажай. Әә… Сен бе едің. Саламат па?
Қабен. Дауысың сынық қой, ауырып тұрған жоқсың ба?
Қамажай. Жоқ. Үй тіршілігінен шаршағандық шығар.
Қабен. Өткен жолы неге келмедің?
Қамажай. Мен бе?.. Мен… келдім.
Қабен (күліп). Неге алдайсың? Мен екі сағат күттім ғой.
Қамажай. Мен келсем, сен ұзап кетіп қалыпсың.
Қабен. Шынымен бе? Шынымен, сен келдің бе?
Қамажай. Иә, мен барсам, сен жоқсың.
Қабен. Жоқ, сен жоқсың.
Қамажай. Сен жоқсың.
Қабен. Онда, мен бүгін дәл сол уақытта тағы келемін. Осы сөзің рас болса, шығамын деп уәде бер.
Қамажай. Иә.
Қабен. Қамажай. Не дейсің, тағы айтшы. Шынымен шығасың ба?
Қайта айтшы деймін.
Қамажай. Иә, иә. Шығамын.
Қабен. Қашан?
Қамажай. Ертең.
Қабен. Сағат қаншада?
Қамажай. Кешкі сағат жеті мен таңғы сағат төрттің арасында.
Қабен. Сонда… тоғыз сағат бойы бір орында күтіп тұрайын ба?
Қамажай. Егер күткің келсе.
Қабен. Жарайды. Келістім. Таңға шейін күтем. Тек келсең болғаны… * * *
(Үйде Омар, Нәзила, Гауһар. Қамажай кіріп келгенде, Нәзила орнынан ұшып тұрады.)
Нәзила. Жолдастар (Қамажай аңырып тұрып қалады). Біздің әпкейдің жеке мәселесін қарауға арналған үй жиналысын ашық деп жариялай мын. Түрлі себептермен жиналысқа екі адамымыз қатыса алмай отыр. Тимур қызбен кездесуге кетті. Ермек, түнгі сағат он бір болғандықтан, жиналысқа қатыса алмайтынын мәлімдеп, ұйықтауға кетті. Жиналыс ашық дегендеріңіз қол көтеріңіздер (өзі бастап бәрі қол көтереді).
Қамажай. Ойбайау, сендерді… бұларың не? Мен … сәл… кешігіп қалғаным…
Нәзила. Жолдас Оспанова, отырыңыз.
Қамажай. Мыналардың дені сау маей. «Оспановасы» несі? Әпке, не месе әлгі мамуля демеуші ме едіңдер?

Нәзила. Сіз бұл жайында өзіңізге сөз берілгенде айтасыз. Сонымен, іске кіріселік. Осы шаңырақтың белді мүшесі, әрі басшысы Оспанова Қамажайдың өзге отбасы мүшелерімен ақылдаспай, өз бетінше жұмысқа орналасқаны бәріміздің ашуымызды қоздырғаны белгілі. Бұл мәселе жөнінде кімнің қандай ойы бар?
Гауһар. Мен Қамажай апайдың ертеңгі жұмыс күнімен құттықтаймын. Бірақ бізге айтпағанына өкпелімін.
Омар. Ғылыми тұрғыдан қарағанда, әрбір адам өз қоғамына қай жағынан болса да, пайдалы болуға тиіс. Өйткені қоғам – адам ойының жемісі. Қол еңбегі мен ой еңбегінің арасында айырмашылық жойы лып, еңбекті творчество деп қарауға қалыптасып келе жатқан жаңа пси хологияның тұсында…
Нәзила. Сіз конференцияда лекция оқып тұрған жоқсыз, сондықтан нақты сөйлеңіз.
Омар. Ғылымға негізделмеген дәлел әлсіз болады, сондықтан сіздерге түсініктірек болсын деп…
Нәзила. Иә, әйтеуір, тез айтып болшы.
Омар. Бұл кісінің жұмысқа орналасуы заңды, бірақ біз үшін тым күтпеген жай. Демек, біздің семьяда шығын көп те, кіріс аз деген сөз. Бұл кісі финанс тапшылығын ескеріп, ұлттық табысқа өз үлесін қосуды ойлаған. Өзіміздің әлсіздігімізді, финанс тапшылығын сезіну – бізге ру хани соққы. Ал, бұл кісінің әйтеуір бір кезде қоғам өміріне араласуы тиіс екенін ескеріп, кәсіп таңдау жағына өз басым қарсы екенімді білдіремін. Бұл мәселені өз қабырғамызбен кеңірек ойласып, жедел шешім қарастыру керек.
Нәзила. Болдың ба, әйтеуір?
Омар. Болдым.
Нәзила. Онда тезірек отырыңыз.
Қамажай. Ее, міне, гәп қайда? Сендер менің жұмысқа орналасуым ды намыс көріп отыр екенсіңдер ғой. Бұларың дұрыс емес. Сонда мен үйде қол қусырып отыра бермекпін бе?
Нәзила. Жоқ, сіздің кондуктор боламын дегеніңіз ұнамайды.
Гауһар. Иә, иә.
Омар. Иә, иә.
Қамажай. Бұларың дұрыс емес. Жұмыстың жаманы жоқ. Ермекжан есейді. Үйде өзі қала тұрады.
(Үйге Тимур мен Сұлтан кіреді.)
Сұлтан. Саламатсыздар ма?
Бәрі. Саламатсыз ба?
Қамажай. Түн жарымында қайда жүрсіңдер? Түрлерің қату ғой, тыныштық па?
Сұлтан. Тыныштық. Өткен жолы ұятты боп қаппыз. Сіздерден кешірім өтінемін.
Қамажай. Иә, айып бізде де бар. Үйге келген қонақты қуып шыққандай болдық. Қарындасың балалық жасаса кешірерсің. Отырыңдар, неге сос тиып қалғансыңдар? Қазір шай қоямыз.
Нәзила. Сіздің ерте тұрып жұмысқа баруыңыз керек қой. Ұйық тамайсыз ба?
Қамажай. Жұмыссызақ ерте тұруға үйренгенмін ғой.
Тимур. Жұмыс? Ол не жұмыс?
Нәзила. Сіздің мамуляңыз, құрметті тақсыр, ертеңнен бастап жұмысқа шығады. Автобустың кондукторы. Айлығы отыз мың теңге.
Тимур. Мамуля, рас па?
Қамажай. Рас, рас.
Тимур. Ал, біз ше?
Қамажай. Бізі несі? Онда не болушы еді?
Тимур. Біз дегенім… ім… імм.
Қамажай. Әй, сендерге не болған? Сөздеріңде береке жоқ қой. Бір нәрсені бүлдіргеннен саусыңдар ма?
Тимур. Мамуля…Біз… мен үйленемін.
Қамажай. Үйленемін?..
Сұлтан. Иә, үйленеді.
Нәзила. Осыған жетіп тындым де… Қош бол, бостандық!
Қамажай. Кімге?
Тимур. Камаға.
Пауза.
Қамажай. Мен… мен не дейін. Бақытты болыңдар. Бірақ…
Тимур. Мамуля. Ом. Наз. Гауһар – сен де. Сендер, немене, менің үйленгеніме қуанбайсыңдар ма? Бәрің құшақтап… былай… бетімнен сүйіп, құттықтайтын шығар деп алыпұшып келсем… Қайғылы хабар естігендей тұнжырадыңдар да қалдыңдар. Мен сендерге бөтенмін бе? (Білегіне маңдайын қойып, қабырғаға сүйенеді).
Қамажай (көзіне жас алып). Теміржан, қой, мұңайма! (Келіп оны құшақтап, маңдайынан сүйеді). Сені… сені бөтен деп… Тойды жасай мыз, дүрілдетіп тұрып жасаймыз. Ақша деген табылады…
Тимур (басын көтермейді). Менің Госстрахта ақшам бар…
Қамажай. Госстрах?
Нәзила. Вот страховщик! Залымын қарашыей өзінің.
Қамажай. Теміржан, көтер басыңды. Иә, жөнделіп тұр. Тоқтатыңдар күлкіні. Енді, ағаңның алдына бар. Ең әуелі соның рұқсатын алуың керек.
Тимур. Мен өзім де… солай етейін деп едім. Батылым жетпеді. (Омарға жақындайды). Ом, рұқсат бересің бе?
Омар (галстугын түзеп). Ім…мм… Отбасы – кішігірім мемлекет. Оны басқару үшін жалғыз махаббат жеткіліксіз. Отбасы басшысының бойында ұстамдылық, көрегендік, кешірімділік, мейірбандық сияқты көптеген компоненттер жинақталуы тиіс. Оған қосымша, отбасы басшы сы нәзік дипломат болғаны да жөн. Егер осы қасиеттер…
Тимур. Ом, бұл сенің рұқсат бермеймін деген сөзің емес пе?
Омар. Егер осы қасиеттер адам бойында қалыптасқан болса…
Тимур. Қалыптасқан.
Сұлтан. Оо, қалыптасқан, қалыптасқан. Үш айлық болды!
Омар. А?.. Мұндай жағдайда, мен өз тарапымнан інімнің үйленуіне рұқсатымды беремін.
Сұлтан. Ура, жолдастар!
Нәзила. Гипгип, ура!
Қамажай. Сұлтанау, сонда, той қашан болмақшы? Асығыс емес пе, әйтеуір?
Сұлтан. Жоқ, асығыс емес. Дайындалуға уақыттарыңыз бар. Бес күннен соң.
Қамажай. Бес күннен соң?! Ойбайау, асығыс болғанда қандай бол мақшы сонда? Енді қайттім? Дайындалу керек, онымұны сатып алу ке рек… Ертең жұмысқа шығатын едім…
Нәзила. Бір күнге сұранасыз да.
Қамажай. Шықпай жатып па? Қызық болдыау, өзі. Телефон соғып ескертейін десем, әлі ешқайсысын да танымаймын. Ертең ерте тұрып барып айтармын енді.
Сұлтан. Сонымен, ертең автобустар кондукторсыз жұмыс істейді.
* * *
(Қабен мен Қамажай есік алдына келіп тоқтайды.)
Қамажай. Міне, енді үйге де келдік. Енді қоштасайық.
Қабен. Бірнеше күн бойы жолыңды тосқанымда маған арнағаның осы бірақ сағат болғаны ма? Біраз жүре тұрсақ қайтеді?
Қамажай. Жоқ. Мен болмасам кішкентайымыз ұйықтамайды.
Қабен. Ал… менің… әлгі сөзіме сол күйі жауап бермедің ғой.
Қамажай. Қабен… ол… ол қиын сияқты. Бір сағатқа қиып тастап кете алмай тұрған інілерімді өмір бақи қалай қиямын. Мен… мен олардың әпкесі емеспін, анам көз жұмған сәттен бастап мен оларға ана болғанмын. Саған үйлену керек… Ал, маған інілерім мен сіңлімді тәрбиелеу керек.
Қабен. Қамажай, сен уайымшылсың. Қойшы, осындай сөздеріңді.
Екеуіміз үй болған соң кішкентай Ермекті қолымызға аламыз.
Қамажай. Маған қалғандары да кішкентай.
Қабен. Онда бәрін де қолға аламыз.
Қамажай (күліп). Жожоқ. Ол болмайды. Мүлде қисынсыз.
Қабен. Қамаштай (құшақтамақ болады).
Қамажай. Қой, бала болмайық. Бізге бала болу жараспайтын секілді.
Қабен. Сен жасыңа жетпей егделікке бой ұрмасаңшы. Кәрілік қайда қашады дейсің?
Қамажай. Мен сені түсінемін. Бірақ, амалым не? Үйдегі төртеуі төрт азамат болмай, өз басымның қамын ойлауға хақым жоқ. Өз жөнін тауып, әке кетті, талқаны таусылып, шеше байғұс арманда ол кетті. Тағдырдың соққысынан есеңгіреген естерін енді жинап, көкіректерінен қайғы ұмыт бола бастағанда, «Не болсаң, о бол» деп өз жөніме мен кетсем, олардың күні не болмақ? Жожоқ, Қабен, кешір мені. Бақытыңа кедергі болғым келмейді. Сенің жолың басқа. Інілерімнің біреуі шығып қалса, ұят бо лар. Сау бол. Таңертең ерте жұмысқа баруым керек. Өмірімде бірінші рет (күледі). Балалардың тамағы бар, жуатын киімі бар. Оо, тірлік деген бастан асып жатыр.
Қабен. Жұмысқа өзімақ орналастыратын едім ғой.
Қамажай. Егер жұмысқа сен орналастырсаң, мен саған борышты бо ламын. Тұрмысқа шықпаймын деп айту қиын боп қалады.
Қабен. Мүмкін, әлде де ойланарсың?
Қамажай. Ойланып болғаным осы.
Қабен. Тағы да күте тұрайын.
Қамажай. Жоқ, күтпейақ қой. Ал, сау бол. Қош. Қош!
ЕКІНШІ АКТ
(Баяғы үй. Барынша қатты қойылған музыка астында жастар биі қыза түскен, ішінде Тимур, Кәмила, Сұлтан, Светлана бар. Би ережесі сақталып жатқан жоқ. Нәзила мен Гауһар кіреді.)
Нәзила. Мәссаған! Бұл не жынойнақ тағы?
Кама. Бұл жынойнақ емес. День хорошего настроения!
Нәзила. Жоқ жерден мереке ойлап таба қоятын данышпан екен сің дер ғой.
Светлана. Біле білген адамға, деннің саулығында өтіп жатқан әрбір күн – мереке.
Нәзила. Дұрыс, дұрыс. Билеңіз, билеңіз. Сіздің әрбір күні ңіз мереке болсын деп, деніңіздің саулығына ылғи қуанып, түн жарымына дейін жігітпен секеңдеп билесін деп, ар ғы аталарыңыз бен әкелеріңіз майданда қанын төккен. Билей беріңіз.
Қамажай. Нәзилаау, қойсаңшы. Теміржанды тағы да ренжітіп ала мыз ғой.
Нәзила. Ол ренжиді деп енді үйден беземіз бе? Бәріміз бірдей оның әуеніне төңкерілгенде, ол біздің көңілімізбен неге санаспайды? Тимур, тоқтат енді! Жетер секеңдеуің! Ата сақалың ауызыңа біткенше ұшып қона беруден ұялсаң етті. Есің кіретін кез бола ма, жоқ па?
Тимур (Қамажайға). Ма… мамулям… мен мына қызды терезеден лақтырып жіберемін.
Қамажай. Лақтырғаны несі?
Тимур. Кәдімгідей. Мені жолдастарымның алдында абыройдан жұрдай ғып бітті (Нәзилаға қарай жайлап қозғалады).
Қамажай. Теміржан, бір ашуыңды бер. Біз бесінші қабатта тұрамыз ғой.
Нәзила. Әпке, ара түспеңіз. Лақтырып көрсін. Ал, лақ тыр. Лақтыр
10–3452
деймін енді. Лақтыра алмайсың ғой, қорқақ, жүрексіз. Мен болсам, лақтыра салар едім.
Кәмила. Тим, сонда біздің өз үйімізде қонақ күтіп, көңіл көтеруге де хақымыз жоқ па?
Нәзила. Бар. Бірақ бұл үйде жалғыз сендер ғана емес, бәріміз тұрамыз. Өзгелермен де санасу керек емес пе? Жақында Ом диссертация қорғайды, әпкем жұмыстан шаршап келді, мына бөлмеде бала ұйықтап жатыр. Билегіш боп бара жатсаңдар ресторанға барыңдар.
Светлана. Онда, сіңілім, ревизия жүріп жатыр.
Нәзила. Онда «Тастаққа» кетіңдер, тауға өрмелеңдер немесе айдалаға барып билеңдер. Ол жақта ревизия да, ремонт та жоқ.
Светлана. Қызғаныштан ішің өртеніп барады ғой, ә? Одан да бір жігіттің етегінен ертерек ұста. Сонда өзгелермен ісің болмайды.
Нәзила. Байқауымша, сіздер мықтап ұстаған болуларыңыз керек.
Светлана. Ол біздің шаруамыз. Айтшы, сіз неге далаға шықпайсыз? Әлде, сіз де әпкеңіз секілді үй бағуды жөн көрдіңіз бе?
Нәзила (тістеніп). Тым болмаса, шолақ ақылыңыз бар ма деуші едім, ол да жоқ екен ғой. Сізге сөз әуре қылмаймын (дауыстап). Шығыңыз үйден.
Светлана. Мына қыз бізді тағы да қуып шықты. Кетейік, жолдастар.
(Бәрі шығады).
Тимур. Сұлтан, Светлана!
(Кәмила креслоға отырып, солқылдап жылап жібереді).
Қамажай. Құдайау, маған бәрің де бірдейсіңдер. Қайсыларыңның сөзіңді сөйлерімді білмей басым қатты ғой.
Нәзила. Әпке, басыңызды қатырмаңыз. Ермектің қасына барыңыз.
(Қамажай кетеді. Іштен Омар шығады. Қолында порт фелі бар, киініп алған).
Нәзила. Иә, саған жол болсын?
Омар. Жұрт кетіп қалған ба?
Нәзила. Біз сені жұмыс істеп отыр екен десек, ұйықтап тұрғаннан саумысың?
Омар (таңданып). Кәмила неге жылап отыр?
Нәзила. Адам тек ренішқайғыдан ғана жыламайды ғой, қуаныштан да жылайды.
Омар. Иә, ол не қуаныш?
Нәзила. День хорошего настроения!
Омар (иығын қомдап). Сенің сөзің мен шындық көріністің арасында байланыс жоқ сияқты. Жарайды, мен кеттім. Ертеңге дейін мақаламды бітіруім керек. «Ғылым академиясының хабаршысына» осы аптада бітірем деп уәде беріп едім.
Нәзила. Оған қарсылығымыз жоқ. Айтпақшы, Гауһар, сен де бірге қайт. Бүгін бәрібір бірігіп сабақ оқуға көңіл күйіміз соқпас.
Гауһар. Япырай, мен құтты қонақ бола бермедімау…
Нәзила. Ом, Гауһарды үйіне дейін апарып салғаның жөн. Диалек тикалық материализм тұрғысынан қарағанда…
* * *
Қамажай (телефон нөмірін теріп жатыр). Алло. Жатақхана ма? Маған Оспанов керек еді. Теміржан… Тимур Оспанов. Алло, бұл Темір ме? Теміржан. Әй, алтыным сол. Денің сау ма? Кәмила қалай? Иә, иә. Аманесенбіз. Нәзила ағылшын тілінен сабақ беріп жүр. Ермектің жазған хатын алдың ба? Иәиә, жақсы оқып келе жатыр. Бригадир ұрыс ты. Қалай? Бригадир етіп сайлады дейсің бе? Қашан? О, ақылдым менің. Ауыр емес пе? Құтты болсын, жарығым. Салған ақшаңды алдық. Енді салмайақ қой, өздерің жа ра та беріңдер. Бізге жетеді. Омаржан айына алты жүз дол лар алады. Иә, керегі жоқ. Телефон соғып тұрсаңшы. Ал, Кәмилаға сәлем айт. Сау бол… Уф! Соңынан естілмей кеткені. Бригадир бопты, бригадир. Жарығым сол (Көзін сүртеді). Осында жүргенде тентек деуші едік. Көз алдыңда қадірі болмайды екен…
(Нәзила кіреді, қуанышты).
Нәзила. Әпке, сүйінші.
Қамажай. Тілеуіңді берсін, күнімау. Ол не қуаныш?
Нәзила. Біздің Ом, яғни сіздің Омарыңыз Астананың жаңа ашылған университетінің философия факультетіне кафедра меңгерушісі боп бара тын болды.
Қамажай. Кафедра меңгерушісі? Ойбайау, ол әлі жас емес пе?
Нәзила. За то, оның басы бар.
Қамажай. О, құлындарым менің. Теміржан да бригадир бопты.
Нәзила. Тимур бригадир бопты? Вот дает! Тимур бригадир болғанда, Омар неге кафедра меңгерушісі болмайды. Бүгін той жасамасақ болмас.
Қамажай. Айтпақшы, Астана дедің бе? Нәзила. Иә.
Қамажай. Демек, ол да кетеді десеңші.
Нәзила. Әрине, барыпкеліп істейтін оған өз алдына самолет береді дейсіз бе?
Қамажай. Сөйтіп, бұл да өз жөнімен кетеді де…
Нәзила. Өз жөніне емес, үкіметтің тапсыруымен барады. Омар жалғыз сіздікі ғана емес.
Қамажай. Иә, иә… солай… Бәлкім, сен де кететін шығарсың. Бәрің де кетіңдер жанжаққа тарап, мен қалайын жападанжалғыз.
Нәзила. Жалғызсырамассыз. Құдай қаласа, Ақтау жақтан кішкене немере ініңіз де кеп қалар. Әкеп тастайды ғой. Одан соң Омар да кешікпес.
Қамажай (күліп). Әй, тентегімай. Айтқаның келсін. Ол үшін Омар жан әуелі үйленуі керек қой.
Нәзила. Ол жағынан қам жемеңіз. Кафедра меңгерушісі болудан үйлену қиын деп пе едіңіз. Ол Алматыдан Астанаға біреу емес, екеу боп барады.
Қамажай. Нәзилаау, сен студент емессің, мұғалім болдың, абайлап сөйлемейсің бе?
Нәзила. Абайлағанда да, абайламағанда да солай.
Қамажай. Кім екенін білесің бе?
Нәзила. Кім екенін өзің ойлап тапшы.
Қамажай. Қайдан білейін. Осы күні қыз көп. Шошаңдаған біреу бол маса жарар еді.
Нәзила. Жоқ, шошаңдаған емес. Өте сыпайы, ақылды, көрікті, сізді туған әпкесіндей сыйлайды. Оның үстіне мен сияқты ағылшын тілінен сабақ береді.
Қамажай. Не дейді, не дейді? Мыналарды жын ұрған шығар?!
Гауһар?!
Нәзила. Дәл таптыңыз!
Қамажай (теңселіп тұрып қалады). Не боп кеткен бұл? Бәрің… бәрің, шеттеріңнен, залымсыңдар…
Нәзила. Ол екеуінің залымдығы жоқ. Залым – мына менмін. Екеуін былай иіп әкеп (қолымен көрсетеді), тоқайластырдым да қойдым.
Қамажай. Ұят болдыау… Енді не амал бар?
Нәзила. Ұят ештеңесі жоқ, қайта алғыс айтсын. Бірінбірі жақсы білетін адамдар қосылуы керек (пауза.) Жақында шақыру билеті де да йын болады.
Қамажай. Осыдан екеуі көзіме көрінер ме екен?
Нәзила. Омар ұзақ уақыт тіл қата алмай жүріпті. Ақырында, отырған сәкісінен ұшып тұрып: «Мен сізбен үлгілі отбасын құруға әрқашан да йынмын!», – деп тоқетерін бірақ айтыпты.
(Екеуі қосыла күледі.)
Қамажай. Ал, енді сенің ғана кетуің қалды.
Нәзила. Жоқ, мен ешқайда да кетпеймін.
Қамажай. Тентегімау, сонда тұрмысқа да шықпайсың ба?
Нәзила. Шықсам да, шықпасам да, өмір бойы сенің қасыңда боламын. * * *
(Үйде той. Ұзын үстел лық толы. Қарсы беттегі қабырғада АНА портреті. Оның астында «60 жас» деген жазу көрініп тұр. Көрші әйел кіреді. Қолындағы гүлін үстел үстіндегі вазаға қояды).
Әйел. Бақыт деген осыау деймін, Қамажай. Аналарыңның тойы құтты болсын. Бәрін жеткіздің, бәрін өсірдің. Азамат деген сендейақ болсын.
Қамажай. Көңіліңізге рақмет. Темір мен Омардың келетін уақыты болды. Кешігіп жатыр.
Әйел. Келеді ғой. Қара шаңырақ оларды қайда жіберер дейсің. Әй, Қамажай, өз дегеніңді орындап, бәрін жеткіздің. Омарың – ғалым, Тимурың – бригадир, Нәзилаң – мұғалім, Ермек – оқушы. Енді… өзіңді де ұмытпасаңшы. Саған ешкім ренжи қоймас.
Қамажай. Қайдам, осылардың анасын жоқтатпаймын деп жүріп, шын ана боп кеткен сияқтымын. Бәрі жас баладай көрінеді де тұрады.
Әйел. Түу, Қамажайай. Қызықсыңау. Сенің орныңда, басқаны қай дам, мына мен төзе алам ба, жоқ па, білмеймін. Білсем де, қолымнан келмесау деп қорқамын.
Қамажай. Менікі қайбір жүректіліктен дейсің, осыларға деген мейі  рімнің шарпуы шығар.
Әйел. Аа, айтпақшы, үйге шал да келіп қалған шығар. Әлгінде жи налыста отырмын деп звондап еді. Келсе, осында ертіп әкелейін. Қазір қайтып келемін.
(Шығып кетеді. Ермек кіреді. Қолында телеграмма. Өзінше күбірлеп, оқып келеді).
Ермек. Мамуля, телеграмма!
Қамажай. Не болды, тыныштық па? Бұл не? Телеграмма! Япырай, жүрегім бір нәрсені сезген сияқты еді, әкелші бермен (оқиды, репродуктор).
«Мамуля! Бригаданың жылдық жоспарының орындалуы жайлы өндірістік басқарма алдында ертең есеп беруіме байланысты бара алмай тын болдым. Ол үшін бәріңнен мың мәрте кешірім сұраймын. Тимур».
«Мамуля, Кешір! Қазіргі түркі философиясының теориялық мәселе лері бойынша Анкара қаласында өтетін халықаралық конференцияға шұғыл аттанып бара жатырмын. Қайтар жолда міндетті түрде соғамын.
Өзіңді құшақтап сүюші – Омар!
Қамажай. Сөйтіп… бұлар… келмейтін болды де.
Ермек. Әпке, олар келмей ме?
Қамажай. Иә, келмейтін болды. Жұмыстан… жұмыстан қолдары бо самай жатыр екен. Кешірім сұрапты.
(Ермек телеграмманы қолына алып, орындық арқалығына сүйеніп, үнсіз тұрады).
Ермек. Бұрын мына жерде Ом, мына жерде Тим отыратын еді. Енді бәрі жоқ. Олар бізді енді сағынбайды.
Қамажай. Неге? Олар келеді. Жұмыстан қолдары босаған бойы келеді. Бар, жуына ғой, тамақ ішеміз. (Ермек басқа бөлмеге кетеді. Көрші әйел кіреді.) Олар әлі жоқ… Қайтеміз, тойды өзіміз өткіземіз де. Бүгін көңілденетін күн еді, ән салатын күн еді. Амал бар ма! Нәзила да кешігіп жатыр, қазір барам деп телефон соғып еді. Мейлі, бастай берейік.
Әйел. Ойбайау, саған не болған?! Қазір бәрі жиналады. Менің шалым да киініп жатыр.
Қамажай. Келсе, келе жатар. Ашшы ана шампанды.
(Көрші әйел шампанды ашады).
Қамажай. Құй. Өзіңе де. Маған да!
(Қамажай бокалдағы шампанды түгел ішіп салады. Әйел оған таңданып қарап қалған. Сол кезде барып жерде жатқан телеграмманы көріп, оны қолына ала береді. Үнсіз оқып шығады).
Қамажай. Өзімізақ өткіземіз. Өзімізақ! Олардың қолдары тимейді. Өзімізақ… Өзімізақ!
Соңы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *