Әнет би Кішікұлы

М. Мағауин. Казақ тарихының әліппесі. А., Казақстан, 

1995. 84-87-б. ).

Мерғали ЫБЫРАЙҰЛЫ,

ақын, өлкетанушы

ӘНЕТ БАБА

Әнет баба Кішікұлы өз заманында “билердің биі’» атанған оқымысты ғұлама, мемлекет қайраткері, ірі тарихи тұлға. Ұзақ жасап, тоқсан жеті жасында дүние салған адам.

Бұл жерде “билердің биі” деген сөзге азғана түсінік бере кеткен жөн. “Билердің биі” Бұхардағы ғылыми медреседе оқытылатың он екі пәннің бірі “мұсылмандық әдет-ғұрып, заң праволары” курсын толық меңгеріп, тәмам еткен шын мағынасындағы ғұлама оқымысты әрі бірнеше жас билерге ұстаз болып, батасын берген абыз ақсақалдарға, қара

қылды қақ жарған ұлы биге, шешендерге берілетін баға болған.

Әнет бабаның Әз Тәуке заманының іргелі биі, әрі хан ордасындағы кеңес мүшесі ретіндс әйгілі “Жеті жарғыны” жасаушылардың бірі екені тарихи мәліметтерден ежелдсн-ақ мәлім.

Тарихшы А. Ч. Левшин өзінің “Қырғыз-қайсақ ордасы-ның сипаттамасы” атты әйгілі үш томдық тарихи еңбегінде Әнет бабаның аты-жөнін ауызға алмағанмен ұлы бидің замандасы әрі “Жеті жарғы” авторының бірі — қазақ ханы Әз-Тәукеге төмендегідсй баға бере кетеді:

“Әз-Тәукенің (автордың жазуынша Тавкс) атын атаса-ақ болды бар қазақтың жүрегін алғыс кериеп, мақтаныш билейді. Қазақ ордасының ликургі, драконты — сол адам… Әз Тәуке баршаға ортақ заң жасап (“Жеті жарғыны” меңзеп отыр), сол бойынша билік айтты”.

Билердің — биі Әнет бабаң да өз заманында осы қабылданған праволық, құқықтық ұлы құжаттың негізінде барлық ел арасындағы, шиеленіскен ірі дауларға келісімді бағасын беріп, әділ билік айтқан. Қазақ ордасыньң ішкі-сыртқы саясатындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа “Жеті жарғы” негізінде баға беріп отырған. Бұл бір. Екіншіден Әнет бабаң иісі қазақтың пір тұтқан ірі үш тұлғалы билері: Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің “тіл ашар” ұстазы, “адалдыққа жақ бол, арамдықка жат бол”, деп ақ батасын берген жасы да, жалы да үлкен абыз атасы еді. Бір мысал, “Төле би де Әнеттен бата алыпты. Әнет баба ақыл сұрай барған Төлеге садағының алты оғын бармағымен біртіндеп сындырып, екі бүктеп оны екі шабақ етіп ортасынан буып “енді сындырып көpші” депті. Төле, әрине, бір буда шыбықты бірден сындыра алмайды. Сонда Әнет баба мынадай өсиет айтыпты:


  • Төлежан, сен көптің айтқанын қьіл. Көптің айтқанын қылсаң, көп те сенің айтқанынды қылады. Ал көп болсаңдар, өзара ынтымақты болсандар, сендердің белдерінді де ешкім сындыра алмайды.


Осы секілді әрі батыр, әрі шешен Шақшақүлы Жәнібек Төле биден, Датұлы Сырым Малайсары биден бата алғаны белгілі. Демек, аға-кексе ақын мен шешен биден ақыл сұрап, бата алу бейне бір ұстаз алдында емтихан тапсырып, сыннан өтіп, кәмелеттік аттестат алумен пара-пар болған… “(Б. Адамбаев. “Халықтың шешендік мектебі”. “Қазақ әдебиеті”, 1969 ж. ).

Тағы бір мысал келтірейік. “Баяғыда Тобықтының атақты биі әм ғұламасы Әнет Баба деген кісі Бұхардан оқып, он екі фән ғылымын бітіріп келді деп, Арғын Қазыбек би жастау кезінде естіп, Әнет Бабаңнан әрі қазақтың ескі жолын, шариғат жолын үйренемін деп, күз еліне кетерде Бабаңмен қош айтыса келіп, мына сөзді сұрапты:


  • Баба! Дүниені не бұзады? Адамшылық арды не бұзады? Күнә неден шығады?


Сонда Бабаң ойланып отырып айтыпты:


  • Шырағым, “Акм” деген сөз арапша үш әріп, соны екі рет айтса — алты әріп (акм, акм) болады. Сол алты әріп алты ауыз сөздің бас әріптері. Олар мыналар: Әйел мен алтын, кек пен кежір (жалқау), мақтан мсн мансап. Сенің сұраған үш сөзіңнің түбі «Акм” деген бір сөз. Осы “акм” дегенді жаттап ал, балам! Адам осы алтауына қызығып дүниені бұзады, ардан да, адамшылықтан да айрылады, күнә да қылады, — депті.


Байшөгелі жоқ “қасаң” дауға неге бұрынғылар бір түйіршешім айтпаған? — деп Қазыбек Бабаңнан сұрағанда Бабаң:


  • Оған енді мынадай тоқтам айтылсын, — деген:

  • Қазақ жолы — қанағат. О да жолдан аспас, “қасаң” дау емі шариғат, бұған ешкім таласпас” депті. (Ахат Шәкәрімұлы қолжазбасынан).

Кейбір тарихи деректерде Әнет Бабаң туған, өлген жылдары туралы болжаулар бар. Кезінде баспасөзде жарияланған мақаласында үлкен тарихшы ғалымымыз Әлкей Марғұлан ағамыз Әнет Бабаңның қайтыс болған жылын 1723-шы жылы деп көрсеткені бар. Тегі ғалымның бұл сілтемесі Шәкәрім қажының шежіресінде көрсетілген жылды дерек ретінде қабылдаған сияқты.


Бұдан басқа да Әнет Бабаңның туған жөне өлген жылдарына байланысты ел аузында жүрген деректер де ұшырасады.

иӘнет бабаң 1723 жылы Қаратау-Қошқарата деген жерде қайтыс болған. Шек-қарнын, өкпе-бауырын сол Қошқар-

атаға көміп, сүйегін сөрелеп Көкенай батыр Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің қасына әкеп жерлеген”. (С. Қарамендиннің дерегі бойынша).

Алайда, бұл айтылған жылдарда онша сенімді емес секілді. Бабаңның туған, қайтыс болған жылдарын анықтау келешек зерттеушілердің қызметі болса керек. Ең алдымен Әнет Бабаңның туған жылын аңықтау ескі тарих қойнауына бойлауды қажет ететінін ескерте кетеміз. Мәселен, соның бір сарасы еңсегей бойлы ер Есім ханның 1628 жылы Тұрсын Мұхамед ханды өлтіріп, Қатаған елін шабуы. Қайталап айталық, бұл тарихи дерек барлық көне жазбаларда дәл осылай 1628 жылы деп нақтылы көрсетіледі. Егер де бұл деректі осылай деп қабылдасақ, онда Әнст Бабаңның 1628 жылы туғаны күмәнді болып шығады. Себебі, Шәкәрім өз шежіресінде былай дейді: “Есім хан Тұрсын ханды өлтіріп Қатағанды шапты дейді. Бұлай болғанда біздің тоғызыншы ағамыз Сарының катыны, Тұрсын ханның қызы — Қоңырбике сол 1628 жылы алым келінген болады. Оны кдзақтар былай айтушы еді: “Атамыз Сарымен бірге туысқан інісі, Әлі деген бір сартта қызметкер болып жүргенде Есім хан Қатаған елінің ханы Тұрсынды өлтіріп, Ташкенді қайта алады деген хабар келіпті. Мұны естіген соң Әлі сарттың жемге байлаған екі атын мініп, елге қарай қашыпты. Жолда келе жатып әкесінің өлгеннен бұрын сейілге шығып жүрген Тұрсын ханның қыздарына жолығып, оларға сырын айтпай елге келім, елден кісі алып барып Айбике, Нұрбике, Қоңырбике деген Тұрсынханның қыздарын қанша нөкер қыз һәм жасау, жолдастарымен алып келген соң Әліге бастап барған жүлдесіне Қоңырбикені барша киім, шатыр-сайманымен берген соң, жасау, киімдерін өзі алым, Қоңырбикені ағасы Сарыға береді. Сол Қоңырбикеден біздің сегізінші атамыз Кішік және Мәмбетсопы туыпты”.

Егер Шәкәрім қажының шежіресіндегі бұл айтылған деректерге сүйенсек, онда Әнет Бабаң емес, керісінше оның осы Қоңырбикеден туған әкесі Кішіктің туған жылы 1628 жылдан кейін болады. Олай болса, Әнет Бабаңның туған жылын анықтау әлі де болса оңай жұмыс емес екендігін аңғартады… “Әнет би 1629 жылдары туып, 1723 жылғы Жоңғар басқыншылығы кезіндегі бір соғыста алты


баласымен бірге жау қолынан мерт болады. Екіқабат бір келіні аман қалып, одан ұл туады. Оның атын Әнет Бабаның соңғы тұяғы “Бақай” қояды. Сол Бақайдан Әйтек ұрпағы тарайды. Әйтектің бәйбішесінен Олжай, ал тоқалынан Байбөрі, Қалқаман туады… Қалқаманның өзі сері, әрі батыр жігіт екен”.

… Қалқаман еліне өкпелеп Алатау асып кетеді. Ол Жетісуды жайлап отырған нағашысы Үйсіндер аулына жетіп пана табады. Осы күнгі Алматы жанындағы “Қалқаман ауылы”, сол Қалқаманнан калған үрім-бұтақтар (Қараңыз: “Қазақтың 100 би, шешені”, Н. Төреқұлұлы: “Қазақ әдебиеті”, 1993 ж. 30 көкек. ).

Нысанбек ағамыздың бұл дерегінде сол әнтек кеткен тұстары бар. Мәселен, Әйтекті Бақайдан туғызады. Бұл Шәкерім шежіресіне қайшы. Әнет Бабаңның жау қолында қаза тапқанына ешбір дәлел келтірмейді, Қалқаманның нағашы жұртының Үйсін екені айтылса да, әрі қарай таратылмай, шолақ қайырылады.

Қайтқаманның бір ұрпағы Бұлатай нәсілінен тараған Жұматай Шүлікбайұлының аузынан ертеректе жазылып алынған шежіре бар. Ол кезде Жұматай ақсақал 85 жаста, Алматы облысы, Алатау совхозы, Қаскелең ауданында тұратын. Сол шежіре бойынша Үйсін еліндегі Қалқаман ұрпағы былайша тарайды: “Қалқаман ұрпақтары Ұлы жүз Алматы облысының өлкесіндегі Шапырашты-Айқым елін мекендейді. Калқаман үш әйел алған, үш атаға бөлінеді. Қалқаманның бірінші әйелінен: Көне, Дербез, Шаған, екінші әйелінен: Үмбет, Қорам, Атансары, үшінші анамыздан Төнді немесе Тәнді жалғыз. Атансарыдан үш бала: Қонақбай, Күлжуар, Күлте. Қонақбайдан: Ерала, Қасабай, Бұлатай, Мантай, Қайқы, Өтеш, Рүстем. Бұлатай нәсілінен осы шежірені жазушы жоғарыда аты аталған Жұматай Шілікбайүлы”.

Бір-біріне кереғар осындай шежірелердің бары рас.

Басты деректердің бірі — Шәкерім қажы шежіресінде Әнет Бабаңның тоқсан бес жасында көшке ере алмай жалғыз қалып қойғандығы айтылады. Олай болған жағдайда иісі Орта жүздің қадірмендісі болған Әнет Бабаң шұбырған елдің соңында, қу медиен далада көмусіз қалса керек-ті. Алайда, көзі тірі кезінде Сыр бойында, Қаратау өңіріне 7-003


барып қайтқан Шәкәрім қажының баласы Ахат ақсақал: “Қаратаудың бір сілеміндегі дөң басында дөңгелек тас зиратты Әнет Бабаңнын бейіті дейді екен жергілікті жұрт. Тіпті сол жерден көп алыс емес, қазіргі Шиелі ауданының жерінде “Әнет Бабаңның бұлағы”, “Әнет Бабаң жайлауы”, деп аталатын жерлер де бар екен”, — деген сөз әлі де есімізде. Бабаңның ауырып қайтыс болғаны, сүйегінің Түркістанға жерленгені жөнінде басқаша әңгімелер бар. Оның үстіне дадандай ел ағасын көш соңына қалдырып кету қазақ дәстүрінде жоқ. Рас, “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезінде атадан баланың, баладан ананың көз жазып қалғаны шындық. Дей тұрсақ та, Әнет Бабаң секілді әруақты, абыз ақсақалды тастай қашу — қисынға келмейтін секілді. Шәкерім қажы шежіресінде айтылғандай сол жолғы қалмақтармен ұрыста Әнет Бабаңның “Көп Болаттар” атанған бес ұлы бірдей оқка ұшып, аз ауыл тобықты ата қонысын тастап, үдіре көшеді. Кейбір көне деректерге қарағанда бұл оқиға 1723 жылдың ерте көктемінде болғанға ұқсайды. Осы уақытта Әнет Бабаң әлі де бар. Егер көш сорабын Сырдың орта деңгейінен бергі аяғына дейін есептесек, онда жаудан қашқан көштің бірден ордың Карағашына жетіп келуі мүмкін емес. Бұған дейін ата жауымен алыса-жұлыса бірнеше жылдың көлемі өтіп кеткен сияқты.

Бұл кезде Орта жүздің Бабаңнан кейінгі ел ағасы Мәмбетей табынан шыққан мерген, шеп бұзар батыры Көкенайдың (Көкенай 1728 жылы қалмақпен соғыста каза тапқан дейді) тірі кезі. Олай болса ағасы Әнет Бабаңды Көкенай батырдың өз қолымен арулап жерлеуі де қисынға келіңкірейтін сияқты. Әнет бабаңның Қаратауын, туған топырағын қия алмай, жұрттың соңына ермей, қара шаңырағында қала бергенін кейбір шежіре, естеліктерде айтылады. Осындай деректердің негізінде көп ізденіп, Әнет Бабаң жайында көлемді еңбек жазған жазушы Көрібай Ахметбековтың мына бір әңгімесіне назар салайық: “О, жұрағатым! — деді Әнет бабаң — Бір ауыз қолқам бар ортаңа салар. Бабаларың пенде жасынан өтіп, құзғын жасына жетіпті. Жапбар ием маған ақ өлімін қимаған екен, енді қазамды өзім күттім осы жерде. Жетеу еді тәңір сыйлаған перзенті — алдыма бесеуін салдым, артымда бұғанасы бекімеген қос тұяғым қалып барады. Өсер кіндігім, өркен жаяр еліммен бірге болсын, өз сүйегім кір жуып, кіндік кескен жерімде қалсын. Ел иесіз, жер иесіз емес, ата қонысқа қайтар олар шақта туар, бабаларыңның сүйегі сол күнді зарыға күтіп, тілеулес боп жатар, Әмин!” (“Тар кезең”. “Қазақ әдебиеті”, N 52 (1090) 1971 жыл).


Шәкәрім қажының әйгілі: “Қалқаман — Мамыр” дастанында Әнет Бабаң туралы оның кім болғандығы жайында қысқаша поэзиялық мінездемелер беріледі: 

Әнет Бабаң — Арғынның ел ағасы,

Әрі би, әрі молда ғұламасы.

Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен,

Сол кезде тоқсан беске келген жасы.

Яғни, 1722-ші жылы Әнет Бабаң тоқсан бес жаста, ол кісінің дәл осы жылы тоқсан бес жаста қайтыс болуы тарихи деректерге қайшы келеді. Ендеше, Бабаңның арада біраз жыл өткен соң тоқсан бес емес, керісінше, тоқсан жеті жасында қайтыс болғаны мәлім бола түседі.

Шежіреден белгілі, Әнет Бабаң Абай атамыздың алтыншы атасы Әйтекпен бір туысады. Шәкәрім қажы кейінгі ұрпаққа белгілі болып қалсын деген болу керек “Қалқаман — Мамыр” дастанында бұл жөнінде басын ашып, туыстық жағын аңықтап айта кетеді:

Кішік деген — Бабаңның өз атасы,

Мәмбетай — ол Кішіктің бір ағасы. Мәмбетсопы, Кішіктің шешесі бір,

Қатаған Тұрсын ханның қанышасы.

Біздің жетінші атамыз Әйтек деген, Бабаңның бір туысқан інісі екен,

Әйтектің бәйбішесінен — жалғыз Олжай, Тоқалынан — Байбөрі, Қалқаман мен.

Бәкең деп атап кеткен Байбөріні,

Бұл сөзім ертегі емес, сөздің шыны.

Бір қыз үшін Қалқаман елден кеткен,

Соның жайын айтайын, тыңда, міне.

Әйтектің бәйбішесінен Олжай, кіші шешемізден (тоқалынан) Қалқаман мен Байбөрі туатыны осылайша анық-
талады. Байбөрі аса мінезді салмақты, аузынан сөз aлу қиын. “Е, е, солайдың түбі солай ғой” деп қана жұмбақтай меңзеп отыратын кісілікті кісі болған деседі. Ағайын туыстары Байбөрінің осы мінезін аса ұнатып, сыйлап, қадірлеп, үлкені бар, кішісі бар тегіс “Бәкең” деп атап кеткен. Кейіннен бір рулы ел өсіп-өніп, Байбөрі емес, Бәкең атымен тарихқа енген. Сондықтан да атамыз Абайдың: “Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең, осы елде адалдыққа зоры Бәкең” (“Қыздарға” атты өлеңінен) дейтіні содан болса керек.

Жоғарыда Әнет Бабаңның бес баласы бірдей оққа ұшты дедік. Алайда олардың соңы ұрпақсыз емес. Сол бес баласының бірі Байболаттан туған екі бала Ордың Қараағашына келгенде бесіктегі сәби екен. Олардың аттары: Балуан, Бақай. Әнет Бабаңның екінші әйелінен Жаубасар туады. Одан Өтеғүл, Маңғүл туады. Өтеғүлдан үш бала: Жұртыбай, Тоқабай, Сыдық. Маңғүлдан екі бала: Уақбай, Тұяқ. Бабаңның үшінші әйелінен екі бала: Есболат, Шақа. Есболаттан екі бала: Бәйгел, Шабан. Ел аузындағы шежірелерде Бабаң ұрпактарын осылайша таратады. Әрине, бұл айтылғандарға қарап бұл келтірілген кісі аттарының бәрі дұрыс деуге келмейді. Алайда, Әнет Бабаң туралы сөз болған соң кейінгі жас ұрпақ өздері іздестіріп, салыстыра бастағанда бір қажеті болар деп әдейі келтіріп отырмыз.


Әнет Бабаң тарихта болған атақты “Қалқаман-Мамыр” трагедиялық қанды оқиғаға байланысты жұрт аузында көп айтылып келген. Шәкәрім қажы ағасы Абайдың тапсырмасымен “Қалқаман ұрпақтары бар екен” деген ұзынқұлақ хабардан Ұлы жүздегі Елібай датқаның туыс-туғандарының (Қалқаманның шеше жағынан нағашы жұрты), Қалқаманның өз кіндігінен тараған жұрағат жұртындағы басты-басты адамдарға хат жазады. Шыңғыстауды мекен етіп жатқан қажы Құнанбай аулынан жолданған бұл сәлем хат, туыс іздеген сағынышты сұрау хабарға ол жақтан жауап болды ма, болмады ма, ол жағы әлі белгісіз. Қалайда Шәкәрім қажының Абайдың көзі тірі кезінде әлгіндей мағынада хат жолдауы құр долбар емсс, шындыққа жуықтайды. Дәл осы “Қалқаман — Мамыр” дастанының соңғы жағында келтрілген мына жолдар да соның айғағы, бір дәлеліндей көрінеді:

Тұқым бар Қалкаманнан осы күнде,

Шын болса, Ұлы жүздің жүр ішінде.

Өздері Елібаймыз десе керек,

Білмейді кейінгісі бізді мүлде.

Бар болса Қалқаманнан нәсілдері,

Оқыған осы өленді таланты ері. .

Осында туысқаны Олжай, Бәкен Семипалат облысы тұрған жері.

Хан Шыңғыс деген тауда тұрмыз біз де,

Егер де іздесендер, сонан ізде.

Тобықтыда Құнанбай қажы десе,

Басты кісі — біледі Орта жүзде.

Жоғарыда “Қалқаман—Мамыр” дастанында айтылғандай Олжай — Калқаман мен Абайдың екі арасы бар-жоғы бес-ақ ата. Абай — Құнанбай — Өскенбай — Ырғызбай — Айдос — Олжай және Қалқаман. Абайдың өз атасы Өскембай Олжайдың шөбересі болсын, ал Абай атамыз Өскенбай бидің немересі. Бұл бұрыннан белгілі шежірені қазбалай көрсетіп отырғанымыз — қандастық, туыстық байланысты көрсету ғана емес, тарихи ұлы тұлғалардың үзбей жалғасып келген халықтық, қоғамдық қызметіндегі ұлы үлгі өнегінің қайдан, кімдерден бастау алғандарына қалың оқырмандардың назарын аудару.

Жол-жөнекей болсын айта кету керек, дәл Абай атамыз ғұмыр кешкен заманда Қалқаман мен Мамыр, Еңлік пен Кебек оқиғасы болсын, жұрт аузында айтылғанмен, сол оқиғаның басты кейіпкерлерге деген көпшілік көзқарасы қазіргіден мүлде басқаша болатын. Халық арасында бұл ғашық жандардың істеген істері “ағайын арасын бүлдірген бір алуан тентектік, қыңырлық, қазақтың әдет-ғұрпын бұзып, ауа жайылғандық” болып саналған. Абай атамыз көнеден келе жатқан осы ескі көзқарасқа жаңашылдықпен көз салып, махаббатты қастерлеп, бастарын өлімге тіккен өткен дәуір жастарын ерекше дәріптеп, мәжіліс-дүкендерде көтере сөйлеп, мадақтап отырған. Оны: “Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосындар” — деген өлеңімен-ақ әйгілеп кеткен.


“Бұл әңгіме (Қалқаман—Мамырды айтады) 1722-ші жылы біздің Орта жүз қазағы Сырдария бойында жүргенде болған аңық іс. Біздің қазақ қалмақтан жеңіліп, Ақтабан шұбырынды болғаннан біраз жыл бұрын.

“Қалқаман—Мамырдың ісіне ескі қазақтар теріс көзімен қараса да, осы күнгі көңілінің көзі ашықтар жазасыз екенін біліп, дұға қылса керек”, дейді Шәкәрім қажы, өз дастанына жазған алғы сөзінде. Бұл жерде де үлгі тұтқан ағасы Абайдың махаббат туралы ұлы гуманистік көзқарасының лебі сезіліп-ақ тұр.

Әнет Бабаң туралы сөз бола қалғанда біз көбіне көп “Қалқаман — Мамыр” оқиғасын ғaна еске аламыз. Сол ұзаққа созылған “Қалқаман — Мамырдың дауындай” деп мәтел боп кеткен аса шиеленісті тартыста билік айтқанын, үкім шығарғанын ғана тілге тиек етеміз. Бұл әрине Орта жүздің асқан кемеңгер биі, ұлы ойшылы, әрі ел ағасы Әнет Бабаңның тақиясына тар соғады. Тіпті бертінге дейін Әнет Бабаңның “Қалқаман — Мамыр” оқиғасына байланысты айтқан билігі бүтіндей бұрмаланып айтылып келді.

Ел аузындағы тиіп-қашты аңыздардың ұзын-сарыны да әp қилы болды. Боз біреулер: “Жазықсыз екі жасты өлім жазасына кескен Әнет бабаңның билігі қаталдық қана емес, жолсыздық”, — дегенге дейін барды. “Еңлік — Кебекті ат құйрығына тағып өлтіртгі” деп Әнет Бабаңның жолын ұстаған Кеңгірбай биді “канішер жендетіне” дейін теңеп, “қасқырдай өз күшігін өзі жеген” деп сол заманның әлеуметтік, құқықтық шындығының байыбына бармастан тарихи тұлғалардың бетіне орынсыз күл шашып, табалады, жалалады.

Өз інісінің баласы Қалқаманды оққа байлауға Әнет Бабаңның қаталдықтан емес, амалсыздықтан, шарасыздықтан барғанын Шәкәрім ақынның “Қалқаман — Мамыр” поэмасын оқыған адамның көзі жете түседі:

Көкенай жиды барып Мәмбетейді,

Өлтірдім тентегімді өзім дейді.

Бабаңа кісі салды дамыл бермей,

“Ол неге Қалқаманды өлтірмейді!

Жақыным қызымды алды, ұнамаймын, Қорлыкқа тартып алған шыдамаймын,

Егер де Қалқаманды тірі қойса,

Ел болып Кішікпен бас құрамаймын.


Уа, алла! Біз кетеміз қазір ауып,

Менен баска туысқан алсын тауып!”

Бұл хабар Тобықтыға жеткеннен соң,

Сөзінен елдің бәрі қылды қауіп.

Бабаң айтты:


  • Ел бітпес оныменен,


Жүрейік шариғаттың жолыменен,

Бір еркек, бір қатынның құнын алсын, Мәмбетей разы болсын соныменен.

Мәмбетай бабаңның бұл билігіне де тоқтамайды. Ел тізгінен ұстаған Көкенайдың қиын мінезі осы жерде аңық көрінеді. Ол ат кекілін кесіп, аз Тобықтыны қақ жарып әкетуге бекінеді. Дастанда бұл айдан аңық айтылған:

Көнбейді Мәмбетейлер оған тағы:


  • Ауамыз біз болсақ, — деп,— қор


қылмағы, 

Әнет-Бабаң әділет қыылмаған соң,

Көз көрмеске жат болып кеттіктағы.

Көп берген түкке тұрмай қалың малы,

Ем болмады жалынып айтқан жолы,

Тобықты осы сөзге қақ бөлініп,

Болысты Мәмбетайға Қанжығалы.


  • Әй, Баба, тәңіріге аян адал ісің,


Сөйтсе-де ел бүлінер бір бала үшін,

Болған соң қазақ та жау, қалмақ та жау,

Бұл елдің обалына қалмаймысың.

Сол сөзге аударылды жұрттың бәрі,

Не қылсын көп наданға жалғыз кәрі.

“Кеселі көпке болып жүрмегей!” — деп, Бабаңның шын кейіген шықты зары.

Аллаға Бабаң сонда сиыныпты,

Аққан тер нұр жүзіне құйылыпты,

“Қалқаман жүйрік атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын!.. “


  • деп бұйырыпты.


Онсыз да жау көбейіп жан-жақтан анталап тұрған заман. Ет бауыры егізінің сыңары ауыл бара жатса, шаңдатып келер қалмақтың үдере шабуылына қалай қарсы тұрмақ? Ел еңсесін ойсарып, көп пікірі “бәрінен бүтіндік артық” дегенге сайса, бабаңа бұдан ауыр сын тумас! Амалы құрып аққан тер нұр жүзіне құйылып айтқан билігін осал сөз деп көрші, кәне? Сонда Қалқаман:

Қош, Баба бата бер! — деп түрегелді,
“А, құдай, сақтай көр! ” — деп бата берді. Жөнелді күрең атпен сырылдатып,


Ажалға көпе-кернеу байлап белді.

ІІІәкәрім ата ұрпақтан-ұрпақ аузына таран келген осы оқиға жөнінде Әнет Бабанды кінәламайды, қайта тарихи шындық тұрғысынан ел қамын, жұрт бірлігін бәрінен жоғары қойған әділ бидің, абыз атаның ұлы тұлғасын өлең тілімен әдемі сомдап шығарған.

Әнет Бабаң айтты дейтін ұлағатты, ойлы шешендік сөздер архив деректерінен әлі де мол ұшырасады. Алайда, ұлы би айтқан осындай қазір де үлгі-өнегелік тарихи маңызын жоймаған көрегендік сөздерін жинастырып, бір арнаға түсіру қажет.

Әнет Бабаң есімі иісі қазақ баласына Әз Төуке хан заманындагы жасалған “Жеті жарғы” мемлекеттік праволық, әдет-ғұрып жүйесінің ережесіне айналған тарихи құжатгы жасаушылардың бірі ретінде белгілі екенін жоғарыда айттық. Біз осы уакытқа дейін “Жеті жарғыны” жасауға ат салысқан үш ұлы би: Орта жүзден Қаз дауысты Қазыбек, Ұлы жүзден Төле, Кіші жүзден Әйтеке деп жазып та, айтып та келдік. Тарихшы М. Тынышбаевтың көрсетуінше “Жеті жарғыны” жасаушылар осы аталған үш би ғана емес. Әз Тәуке хан заманындағы хан ордасынын Кеңес мүшелерінің тегіс қатысқандығын айтады. Алайда, осы айтып отырған деректердің аңық-қанығына көз жеткізу үшін әлі де болса ұзақ ізденістер қажет. Оның ішінде Әнет Бабаңның өз басына байланысты айтылған сөздер, Бабаңның билік үстіндегі туған толғаулары мен кестелі сөз өрнектері, бүкіл тұтас
халқымыздың мақал-мәтеліне айналып кеткен данышпандыққа толы шешен лебіздер бар.

Әнет Бабаңның қартайған шағында Шақа деген ұлына байланысты айтқан: “Кәрі айғырдың құлыны Шақа туса туар, бірақ шата тумас”, “Тауына қарай — қыраны, жеріне қарай — құланы, ұлысына қарай — ұраны, ұранына қарай — ұланы, сабасына қарай — піспегі, мұртына қарай — іскегі” дегендей сөздер Әнет Бабаңның аузынан шыкқан деседі.

Ел аузында жинай берсе Бабаң айтты деген не бір шешендік пен көсемдікке толы ғажайып сөздер көп-ақ. Бірақ оның бәрін бұл тұста келтіріп жатуды артық санадық. Оның үстіне Әнет Бабаңның өз сөзі екеніне тікелей мәліметтер болмағандықтан тайсақтай соққанымызды жасырмай-ақ қояйық. Оның үстіне халықтың сөз байлығына, өз байлығына баяғыда-ақ айналып кеткен, тіл өнерін дамытуға үлес қосқан қанатты, ұтқыр мақал-мәтелдерді ешбір толғаусыз, зерттеусіз: “Мынау Әнет Бабаңның айтқаны” — деп кесіп айту орынсыз болғандықтан қысқа әңгімемізді осымен доғара тұрамыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *