Құтты білік

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН
ҚҰТТЫ БІЛІК
Бісмілләхи-р-рахмани-р-рахим!
Аса қамқор, еркіңе мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Әзіз уа күллі ұлылықтың иесі, жер мен көкті жаратқан, тірі жанның бәріне ризық берген құдіреті күшті тәңірге ырзамыз. Әрі ол атақ-даңққа бөлене берсін! Ол кім не тілесе — тілеуін берді, өзі нені қаласа — соны жасады; кімге жафа көрсетсе — көрсетті; уа, неге ықтияр болса, неге құлқы соқса — соны істеді.
Адамдардың ең абзалы, пайғамбарлардың қасиетті ұлы елшісі Мухаммед Мұстафаға сансыз сәлем, мархабат болсын! Оның серіктестері болған әзіз, у а қымбатты сахабаларына Алла разы болсын! Тәңірінің ризық, нұры жаусын!
Бұл бір бек әзіз кітап. Шын1 хакімдерінің2 мысал — хикыматтарымен безендірілген. Машын3 ғұламаларының, ақындарының өлең-жырларымен жасандырылған бұл кітапты оқыған, бұл бәйіттерді басқаларға таратқан адамдар осы кітаптан да жақсы, ізгірек болар.
Шын — Машын ғалымдары мен хакімдерінің бәрі бірауыздан мынадай бір келісімге келді, Мәшрык4 уэлаятында күллі Түркістан елдерінде (түрік халықтары жасаған жерлерде) бүғрахан5 тілінде түркі сөзімен бұл кітаптан жақсырақ кітапты ешкім ешқашан жазған емес: бұл кітап қайсы ықылым замандарда, қай патшалыққа жетсе де өмірді терең парықтап, пайымдағаны үшін, керемет көркемдігі үшін сол елдердің хакімдері мен ғалымдары ықыласпен қабыл алып. әрқайсысы әр түрлі лақап ат берген. Шындықтар «Әдәбүл-Мүлік» («Шахтардың әдеп — қағидалары») деп атады. Машын мәлігінің’1 хакімдері «Айинул мемлекет» («Мемлекеттің дәстүрі») десе, мәшрықлықтар «Зийнәтүл-үмэрә» («Өмір зейнеті») деді; ирандықтар «Шахнамаи турки» деп атады; ал бағзы біреулер «Пэнднэма-ли мулүк» («Падишаларга насихат») бүтін десті; турандықтар «Құтадғу біліг» деп ат қойды7.
Бұл кітапты Баласағұнда туған бір сахаба, тақуа кісі жазып шығарған. Әммәбул кітапты Қашқарда тамамдап(Машрық мәлігі Табғаш Бұғраханның құзырына ұсынған. Мәлік оның еңбегін қадірлеп, жарылқап әрі ұлықтап Хас Хажыб деген атақ беріп, ерекше ілтипат білдірген, сол үшін ол Жүсіп. Ұлы Хас Хажыб атанып, атақ-даңқы жер жүзіне жайылды.
Бұл әзіз кітап төрт ұлы ұғым, төрт қымбат қасиеттердің сұхбатынан құрылған: бірі — Әділ (Әділет), екіншісі — Дәулет (Бақыт, құт.), үшіншісі — Ақыл, төртіншісі — Қанағат. Олардың әрқайсысына жеке — жеке түрліше ат берген. Әділетке «Күшуды Елік» атын беріп, хан орнына қойған; Дәулетке «Айтолды» деген ат беріп, уәзір орнына қойған; Ақылға «Әгдүлміш» атын беріп, уәзірдің ұлына балаған; Қанағатқа «Одғұрмыш» атын беріп, уәзірдің туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін ой — толғаныстарын солардың арасындағы пікірлесу, сауал — жауап сөздер арқылы әңгімелеп, желілеп жеткізген.
Тағы да мұны оқығандардың көкірек сарайы ашылып, жазған адамды жақсы дұғамен еске алсын деп, иншаллаху тағала!
1 Құдіретті бір хақ озық баршадан,
Мадақ, мақтау, құрмет лайық бір соған!
Ақ, зүлжалал10, ұлылықтың иесі,
Жаратушы, кемел қадір — киесі.
Әзірлеген жер-көк, жұрттың иесі,
Же жадырап, ризығыңды тиесі.
Көпке есепсіз ризық беріп, сақтайды ол,
Тойындырып бәрін, өзі татпайды ол.
5 Тірі жанды ешқашан аш қалдырмас,
Жеп — ішкізер, өзегін еш талдырмас.
Не тілесе — барлығына жетеді,
Кім-кімді де, қаласа ұлық етеді.
Сәлем, пейіл расулға таңдаулы,
Достарына ықтиярым ауған-ды.
Мұһаммед — елші, халайықтың басы ол,
Барлығының көзі менен қасы» ол.
Әзіз кітап — бұл ұлылық негізі,
Біліктіге болғай білім теңізі!
10 Құт білікпен безенген бұл, жамағат.
Шүкір қылып ал да, тіле қанағат.
Күллі дана сөзі түгел сүзілген,
Інжу-маржан тізбегіндей түзілген!
Шыңғыс ханы, Машындардың бектері,
Даналары жердің, асыл тектері.
Бұл кітапты баршасы алып хаттаған,
Қазынасының ішіне ерек сақтаған.
Бір-біріне мирас қылып қалдырған,
Басқаларға бермей, жеке алдырған.
15 Зияны жоқ, көп пайда, нұр — арайы,
Мәнін ұқпас түркілердің талайы.
Тыңдағанға — ұғынықты, қадірлі,
Жазбасы — ауыр, надандарға кәдімгі!
Кітап сөзі қолдан демеп, көзді ашар,
Екі дүние ісін бірдей оңдасар.
Машын — Шынның хакімдері жарысып;
Мадақтасты таң-тамаша қалысып.
Шығыс елі, күллі түркі ішінде,
Дүниеде — кітап жоқ бұл пішінде.
20 Кітап құнын білсе, білер білікті,
Ақылсыз жан нені сезіп, біліпті!?
Берме кітап кісілерге кез келген,
Сену киын, дос та болса көз көрген.
Білімсіздер қасиетін біле алмас,
Ақылдылар оқып, көзін бір алмас.
Бұғра хан тұсында бұл жасалды,
Хан тілінде айтылды һәм таралды.
Бұрын-соңды мұндай кітап жазған кім,
Енді асырып, келістіріп жазар кім?!
25 Кім бар, қане, жазып бере алушы,
Мадақтайын шықса, егерде, жазушы.
Әр ұлыста, орда, сарай, шаһарда,
Жаңа атпен, кітап түрлі ат алған.
Әр елдің бек даналары көріпті,
Ел рәсіміне бейім жаңа ат беріпті.
«Әдәбіл Мүлік» деп атапты шындықтар,
«Әнисул Мәмәлік»12 деп атапты машындықтар.
Мұны ұлықтар күллі Шығыс елінде,
«Зийнатүл үмәрә» деп таратқан, тегінде.
30 Ирандықтар «Шахнама» деп қараған,
Турандықтар «Құт білімі» санаған.
Aт қойғанмен бұрып әр ел тіліне,
Жақын күллі адамзаттың діліне!
Және ат беріп, қосқан сөздің шырайын,
Ізгі құлын жарылқасын құдайым!
Ай, кітапты қабыл алып қарарсың,
Түркі тілі ғажабына қанарсың.
Оқып қара, кітап ұнар баршаға,
Көп шаһарға қол жеткізер патша да.
(Кітап күллі кісіге ақыл береді,
Шахтар оқып, артар құрмет, беделі!)
35. Ел, мүлікті13 тұтушы кім?
Әкім кім? Не оған керек?
Айтқан ойлы хакімдер.
Мәліктердің14 құралы, елін сақтауы,
Әмірліктің тәртібі мен шарттары.
Неден мүлкің15 күйреп, бақи болмағы?
Неден билік кетіп, қолда қалмағы?
Қандай болмақ күллі әскер, қолдары,
Тұратын жер, қандай жорық жолдары?
Тәртіп — жөні бұл кітапта қадап-ақ,
Сипатталған, ұғындырған саралап.
40. Және елді берік ұстар кісіге,
Бұйырады ел басқару ісі де.
Оңтайлы адам керек бұған, ойлы адам,
Айдай ашық, шырағдандай жайнаған.
Патшаларда қалың халық қақы бар,
Ал халықта патшалардың қақы бар.
Қара халық күзетсін де патшасын,
Патша елінің жан мен тәнін сақтасын.
Ұрысқа енген патша қандай болмағын,
Түзуді ұрыс үстінде әскер — қолдарын…
45. Айтады, көр, қандай айла тұтуды,
Жау шерігін қалай бұзып, ұтуды.
Қалай істеу керек мәлік жұмысты,
Түзу жолға салу керек ұлысты.
Ондай ханы болса, халқы сүйінер,
Жүзін көрсем деп талайлар иілер.
Құты барға кызмет бер, жанастыр,
Бәз біреуді қу, қақпаннан әрі асыр.
Жақын ұста сені жақын тұтқанды,
Құтсыз деп қу, жауыз шектен шыққанды…
50. Саясаттың басын шауып алмаққа,
Парасатқа көңіл беріп бармаққа,
Білікті, есті ерлер керек ержүрек,
Қазына керек тарататын елге ерек.
Таусылмаса қара халық тағаты,
Барлық істің ішіндегі — рахаты!
Біраз сөзді өсиет еттім, құнтта,
Дұға қылсаң мені де ата, ұмытпа!
Байқап кергін: бұл кітапты берген ер —
Елдің басы, өнерімен өнген ер.
55. Ақылымен құрмет көріп, мақталып,
Рахатта өмір сүрді шаттанып.
Мейірлі, адал, бір Аллаға қараған,
Өзі сақи, білікті һәм таза жан.
«Құзорда»16 елі оның тұрған мекені,
Түп — тегінен қызыл тілдің шешені!
Туған елден шығып барып, алыста,
Бұл кітабын жырмен жазып тауысқан.
Түгел жазып. жүйеге сап, тегінде,
Тамамдады жырмен Қашқар елінде.
60. Хандар ханы Тауғаш Қара Бұғра —
Хан алдында, құзырына оқыған.
Сыйлықты артық көп-көп берді, құрметтеп,
«Қалам хақы, ақылына — құрмет!» — деп.
Хас Хажыбтық атақ берді тағы да,
Мұны өзінін жақын тұтты жанына.
Сол мәні үшін қадірледі, байқағын,
Нағыз Жүсіп Хас Хажыб деп айтады.
Баяндар һәм кітап мәнін тізімдеп,
Төрт керемет қасиеттен түзілген:
65. Бірі оның шындық жолы —- әділет,
Екіншісі — құт пен ырыс,дәулет.
Үшіншісі —ақыл менен парасат,
Төртіншісі — ұстамдылық,қанағат.
Әрбіріне басқа-басқа ат тағып,
Баяндайды қалатындай жатталып.
Әділдікті КҮНТУДЫ ЕЛІК атапты,
Өздеріне соны әмірші жасапты.
Ал дәулетті АЙТОЛДЫ деп санаған,
Уәзірлік орынды оған балаған.
70. ӨГДҮЛМІШ деп ат қойыпты ақылға,
Жалғыз ұлы ол уәзірдің қасында…
ОДҒҮРМЫШ деп аталыпты қанағат,
Уәзірге дейді жақын, жұрағат.
Бүл төрт нәрсе хиқыматын, сырларын,
Хатқа тізген, көрсең кітап жырларын.
Кітаптар көп арабша да, тәжікше,
Біздің тілде бұл жалғыз-ақ әзірше.
Тек білікті білер мұның құрметін,
Ақылды ұғар ақыл-ойдың қымбатын.
(Тек білікті білер мұның түйінін,
Ақылды ұғар шын ақылдың қиынын.)
75. Біл, түркіше жырмен жазып арнадым,
Дұға қылсаң, мені ұмытып қалмағын.
Мен жаһаннан өтем, естіп, қанғайсың,
Көзіңді ашып, көп ғибрат алғайсың.
Илләха, сен жарылқағын, аңғар да,
Ризық бер күллі момын жандарға!
III. ТАҚЫРЫПТАРЫ
Құтты білік Бәйіт
I бап. Әзіз уа ұлы тәңірдің құдіреттілігі айтылады 1—33 бап.
2 — бап. Әләйхіс-сэ-лэм, құдіретті пайғамбар! 34—48
3 — бап. Төрт сахабаның қасиеттері, құдіреті туралы айтылады49—62
4 — бап. Жарқын жаз, аса қадірлі ұлық Бұғрахан қасиеті айтылады 63—123
5 — бап. Жеті жұлдыз, он екі бұрыж туралы айтылады 124—147
6 — бап. Адам баласының қадір-қасиеті біліммен, ақылмен екендігі айтылады148— 161
7 — бап. Тіл өнерінің қасиет — сипаты мен пайда — зияны айтылады 162— 191
8 — бап. Кітап иесі өзі үшін кешірім сұрайды 192—229
9 — бап. Ізгілік қылмақтың жақсылығы, пайдалары айтылады 230—286
10 — бап. Білім, ақылдың қасиетін, пайдасын айтады 287—349
II — бап. Кітапқа ат қойылуы және қарттық туралы айтады 350—397
12 — бап. Сөз басы — Күнтуды Еліктің өзі 398—461
13 — бап. Айтолдының Күнтуды Елікке кызметке келуі айтылады 462—580
14 — бап. Айтолдының Күнтуды Еліктің қызметіне (құзырына) көрінуі айтылады 581—619
15 — бап. Айтолды Елікке өзі Дәулет екендігін айтады 620—656
16 — бап. Айтолды Елікке Дәулеттің сипатын әңгімелейді657—764
17 — бап. Күнтуды Елік Айтолдыға Әділдің сипаттарын айтады 765—791
18 — бап. Күнтуды Елік Айтолдыға әділдіктің сипатының қандай екендігін айтады 792—954
19 — бап. Сөздің қадір-қасиеті және турашылдығы, шыншылдығы жайында 955 —1044
20 — бап. Құттың құбылмалылығы мен дәулеттің баянсыздығын әңгімелейді 1045-—1157
21 — бап. Айтолдының ұлы Өгдүлмішке айтқан ақыл-кеңесі 1158—1277
22 — бап. Айтолдының ұлы Өгдүлмішке өсиеті 1278—1341
23 — бап. Айтолдының Күнтуды Елікке аманат, өсиет жазып қалдырғаны жайлы айтылады 1342—1547
24 — бап. Күнтуды Еліктің Өгдүлмішті шақырғаны туралы айтылады 1548—1580
25 — бап. Өгдүлміштін Елікке жолығуы баяндалады 1581—1590
26 — бап. Өгдүлміштің Күнтуды Елікке қызметке кіруі айтылады 1591—1849
27 — бап. Өгдүлміш Елікке ақылдың қасиеті туралы әңгімелейді 1850—1920
28 — бап. Бектікке лайық бек қандай болуы керектігі айтылады » 1921—2180
29 — бап. Өгдүлміш уәзір қандай болу керектігін айтады 2181—2268
30 — бап. Өгдүлміш Елікке әскер басшылары, қолбасшылар қандай болу керектігін әңгімелейді 2269—2434
31 — бап. Өгдүлміш Елікке ұлыг хажыбтыққа қандай ер керек екендігін айтады 2435—2527
32 — бап. Өгдүлміш Елікке қақпа басына қандай ер керектігін айтады 2528—2595
33 — бап. Өгдүлміш Елікке елшілікке жіберуге қандай кісі керектігін айтады 2596—2671
34 — бап. Өгдүлміш Елікке шежіреші – хатшылыққа қандай кісі керектігін айтады 2672—2742
35 — бап. Өгдүлміш Елікке қазынашылыққа қандай кісі керек екенін айтады 2743—2827
36 — бап. Өгдүлміш Елікке асбасшы (хан салар) қандай болуы керектігін айтады 2828—2882
37 — бап. Өгдүлміш Елікке ыдысшы басшысы қандай болуы керектігін айтады 2883—2956
38 — бап. Өгдүлміш Елікке қызметшілердің хақы, бектердің парызы қандай болуы керектігін айтады 2957—3186
39 — бап. Күнтуды Еліктің Одғұрмышқа хат жазып жолдағаны айтылады 3187—3288
40 — бап. Өгдүлмішгің Одғұрмышқа баруы айтылады 3289—3317
41 — бап. Одғурмыштын Өгдүлмішпен сұхбаттасқаны айтылады 3318—3511
42 — бап. Одғүрмыш Өгдүлмішке дүние айыптарын айтады 3512—3645
43 — бап. Өгдүлміш Одғурмышка бұл дүниемен бірге о
дүние қамын ойламақты айтады 3646—3712
44 — бап. Одгурмыштын Елікке хат жазып жолдауы
айтылады 3713—3895
45 — бап. Күнтуды Еліктің Одгурмышқа екінші хатты
жазып, жолдауы айтылады 3896—3970
46 — бап. Өгдүлміш пен Одғүрмыштьщ екінші қайтара әңгіме — сұхбат құрғаны айтылады 3971—4030
47 — бап. Өгдүлміш Одғұрмышқа бектерге қызмет істеудің
заңдары мен тәртіп — тәсілдері туралы айтады 4031—4164
48 — бап. Өгдүлміш сарайдағы қызметкерлермен қалай қарым-қатынас жасау туралы айтады 4165—4319
49 — бап. Өгдүлміш Одғұрмышқа Қара халықпен қалай қатынасу керектігін айтады 4320—4335
50 — бап. Әулиелермен қатынасу жайы айтылады 4336—4340
51 — бап. Білгір, ғалым адамдармен қалай қатынасу керектігі айтылады 4341—4354
52 — бап. Оташылармен қалай қатынасу керектігі
айтылады 4355—4360
53 — бап. Құшнаштармен (бақсы, балгер) қалай катысу
туралы айтылады 4361—4365
54 — бап. Түс жорушылармен катысу туралы айтылады 4366—4375
55 — бап. Жұлдызшылармен қалай қатынасу туралы айтылады 4376—4391
56 — бап. Ақындармен қалай қатынасу жөнінде айтылады4392—4399
57 — бап. Диқандармен (тарышылармен) қалай қатысу
жайлы айтылады 4400—4418
58 — бап. Сатушылармен қалай катысу жайлы айтылады 4419—4438
59 — бап. Малшылармен қалай катысу айтылады 4439—4455
60 — бап. Шеберлермен (қолөнершілермен) қалай катысу
жөні айтылады 4456—4468
61 — бап. Кедей, пақырлармен катысу жайлы айтылады 4469—4474
62 — бап. Қандай әйел алу керектігі айтылады 4475—4503
63 — бап. Ұл-қыз туса, оларды қалай тәрбиелеу керектігі айтылады 4504—4526
64 — бап. Қол астындағы қызметшілерді қалай ұстау жайы айтылады 4527—4572
65- бап. Өгдүлміш Одғұрмышка асқа (қонаққа) барудың салт-дәстүрлерін айтады 4573—4643
66 — бап. Өгдүлміш Одғүрмышқа асқа (дәмге) шақырмақ жөнін айтады 4644—4679
67 — бап. Одғұрмыш Өгдүлмішке бұл дүниеден жүз бұрып, барға қанағат етіп, о дүниеге пейілді
болу туралы айтады 4680—4933
68 — бап. Күнтуды Еліктің Одғұрмышты үшінші жолы шақыртуы айтылады 4934—5030
69 — бап. Одғұрмыштың Өгдүлмішке таман келуі айтылады 5031—5034
70 — бап. Күнтуды Еліктің Одғүрмышпен көрісуі айтылады 5035—5131
71 — бап. Одғұрмыштын Елікке ақыл-кеңес беруі айтылады 5132—5466
72 — бап. Өгдүлміш Елікке ел басқару заңын айтады 5467—5631
73 — бап. Өгдүлміштің текке өткен тірлікке ашынып, тәубаға келгендігі айтылады 5632—5720
74 — бап. Одғұрмыштың Өгдүлмішке кеңес беруі айтылады 5721—5761
75 — бап. Адалдыққа — адалдық, кісілікке — кісілік жасау туралы айтады 5762—5952
76 — бап. Одғұрмыштың науқастанып, Огдүлмішті шақыртуы айтылады 5953—5992
77 — бап. Өгдүлміш Одғурмышқа түс жору туралы айтады 5993—6031
78 — бап. Одғүрмыш Өгдүлмішке түс көргенін айтады 6032—6036
79 — бап. Өгдүлміштің Одғүрмыштың түсін жоруы айтылады 6031—6046
80 — бап. Одғұрмыштың бұл түсті басқаша жорығаны айтылады 6047—6086
81 — бап. Одғүрмыштың Өгдүлмішке өсиеті6087—6285
82 — бап. Одғұрмыштың құмары Өгдүлмішке Одғұрмыштың өлімін естіртеді 6286—6292
83 — бап. Одғүрмыштың шәкіртінің Өгдүлмішке көңіл айтуы 6293—6298
84 — бап. Өгдүлміштің егіліп, Одғүрмышты жоқтауы 6299—6303
85 — бап. Еліктің Өгдүлмішке көңіл айтып жүбатуы 6304—6520
I. Жігіттікке ашынып, өкініп, қарттық – егделік хақында айтқандары 6521—6564
II. Заманның бұзылғанын, достардың жафасы туралы айтады 6565—6604
III. Кітап иесі Жүсіп ұлығ Хажыб өзіне ақыл-кеңес береді 6605—6645

 

Толық нұсқасы:Құтты-білік

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *