Т-топтары, кездесу топтары, психодрама, өнер терапиясы, гештальттерапия, НЛБ т.б. топтық коррекция түрлері.

Т-топтары, кездесу топтары, психодрама, өнер терапиясы, гештальттерапия, НЛБ т.б. топтық коррекция түрлері.

 

Психокоррекция дегеніміз адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.

            Психологиялық коррекцияны ұйымдастыруға және психотерапия жүрізуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер өте көп. Қазіргі кезде жеке тұлғалық қасиеттерді коррекцияау тренинг топтарында жүргізіледі. Тренингке қатысушылардың алдында тұрған, шешуін талап етіп отырған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекциялық топтар әр түрде болады. Оларды іріктеп алу және пайдалану клиенттің алдында тұрған проблемаларға және психологтың қай ғылыми ағымды қолдайтынына байланысты.

            Дені сау клиенттермен коррекциялық жұмыс жүргізгенде оны тренинг тобы деп атайды. Осы топты ұйымдастыру түрлері оған қатысушылардың негізгі проблемаларына байланысты анықталады. Олар кейде коррекция жүргізу тәсілдері деп аталады. Бұл тәсілдердің негізгі 4 түрі бар. Тренинг түрлері шешуге алынған проблемаға байланысты анықталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *