ТАХАУИ АХТАНОВ

ТАХАУИ АХТАНОВ
(1923–1994)
Тахауи Ахтанов 1923 жылы 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы Шетырғыз ауы лында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түскен. 1941 жылы екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан боса ғаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Ал ғашқы өлеңдері «Жастар дауы сы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерт теу еңбегі жарияланды. Алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Боран» ро маны үшін жазушыға 1966 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туын дыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында қойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *