Психокоррекция түрлері:

Психокоррекция түрлері:

1.   Сипатына қарай:

 Симптоматикалық коррекция – дамуындағы ауытқушылық белгісін алу мақсатындағы каузальды типті коррекцияға көшуге кедергі келтіретін қысқа мерзімді әсер

  Каузальды коррекция ауытқушылық себептері мен шығу көздеріне бағытталған.

2.   Мазмұнына қарай:

 Танымдық сферасы.

 Тұлғалық.

 Аффективті ерікті сферасы.

 Мінез-құлық аспектілері.

 Тұлғаралық қарым-қатынас:

—      Топ арасындағы қарым-қатынас;

—      Балалық ата-ана қарым-қатынасы.

3.   Клиенттермен жұмыс түрі бойынша:

 Дербес

 Топтық:

—      Жабық топта (отбасы, сынып және т.б.);

—      Мәселесі ұқсас клиенттермен ашық топ;

—      Аралас топ.

4.   Бағдарлама бойынша:

 Бағдарламалық.

 Импровизациялы.

5.   Түзету әсерін басқару сипатында:

 Директивті.

 Директивті емес.

6.   Ұзақтығына байланысты:

 Тымқысқа – уақытқа және минутқа бағытталған, тиімділігі тұрақты емес;

 Қысқа – бірнеше сағатқа немесе күнге созылады. Мәселелі жекешеленген мәселелердің шешілуіне бағытталған;

 Ұзақ мерзімді – айларға созылған, мәселе тұлғалық сипатта, коррекция барысында көп бөлшектер қарастырылады, тиімділігі баяу бірақ тұрақты;

 Тымұзақ – біраз жылдарға созылған және саналық және бей саналық сфераны қозғайды.

7.   Міндеттерді шешу масштабында:

 Жалпы. Жалпыкоррекциялық реттегі іс-шара.

 Жеке. Үлкендермен жұмыс істеу барысында  балаларға және жеткіншектерге бейімделген психокоррекциялық әдістер мен тәсілдерді сипаттайтын  психологиялық әсер жиыны.

 Арнайы. Тұлғаның қалыптасуына тиімді болып табылатын бір жас аралығанда жиналған топтық жұмыстың ұйымдастырылған түрлері мен әдістер комплексі.

Психокоррекциялық жұмыстың негізгі принциптері мен жұмыстың мақсат, міндеттері.

1.      Диагностика мен коррекцияның бірлік принципі – психологтың практикалық іс-әрекетінің негізгі түрі ретінде, психологиялық көмек көрсету процесінің тұтастығын сипаттайды.

2.      Дамудың нормативті принципі — онтогеникалық дамудың жас аралық сатысы ретінде, бір-бірін ауыстырып отыратын жүйелілік.

3.      Коррекция принципі «жоғарыдан төмен» (Л.С.Выготский). Коррекция озып өту сипатында және психологиялық құрылымның уақытында қалыптасуға көзделген психологиялық іс-әрекет ретінде құрылады.

4.      Коррекция принципі «төменен жоғары». Психологиялық қабілеттіліктерін жаттықтыру.

5.      Психологиялық іс-әрекеттің даму жүйесі принципі. Коррекциялық жұмыста профилактикалық және дамытушылық міндеттердің есепке алу қажеттілігі.

6.      Коррекцияның іс-әрекет принципі. Мақсатқа жету тәсілдері мен құралдарын таңдау, коррекциялық жұмыстың жүргізілу тактикасын және қойылған мақсаттың жүзеге асыру тәсілдерін анықтайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *