Психокоррекциялық іс-шараны ұйымдастырудағы психологқа қойылдатын талаптар

Психокоррекциялық іс-шараны ұйымдастырудағы психологқа қойылдатын талаптар

1) Коррекциялық жұмыстың теориялық негізін білу, онтогонездегі психологиялық дамудың заңдылықтарын және даму мен оқытудың сәйкестілігін және коррекция тәсілдері – ол теориялық компонент.

2) Коррекцияның әдістері мен әдістемелерін меңгеруі – ол практикалық компонент.

3) Клиенттің мәселелерін шешпей тұрып, өз мәселелерімен жұмыс істеп алу керек – ол тұлғалық даярлық .

* басқа адамдарды тану

* өзініњ тғртібін, эмоциясын қарым-қатынасын басқару іскерлігі.

* коррекциялық жұмыстың нәтижелілігі ұзақ уақыт аралығында көрінеді. Коррекциялық жұмыстың барысында, оның анықталу кезеңіне қарай және сонымен жобамен жарты жылдан кейін ақырғы бектілуі жайлы немесе клиенттің коррекциялық  жұмысының оңтайлы әсерін жоғарлатады.

 

5. Психокоррекциялық –дамытушылық бағдарламаларды   құру   ерекшеліктері.

 

1.      Психокоррекциялық бағдарламалардың негізгі түрлері мен құру принциптері.

2.      Психокоррекциялық-дамытушылық бағдарламалардың құрылуына қойылатын негізгі талаптар.

3.      Психокоррекциялық іс-шараның тиімділік бағасы.

4.      Психокоррекция тиімділігін анықтайтын факторлар.

 

     Психокоррекциялық бағдарламалардың негізгі түрлері мен құру принциптері. Психокоррекциялық бағдарламаларды құру барысында төмендегі принциптерге сүйену керек:

1) Коррекциялық, дамытушылық және профилактикалық міндеттердің жүйелілік принципі. Коррекциялық дамытушылық бағдарламалардың мақсаты мен міндеттері үш деңгейде құрылады: коррекциялық–дамудың бұзылуын және ауытқылушылығын шешу, профилактикалық – дамуында ауытқушылығы мен  қиындықтарын алдын алу; дамытушылық – оңтайландыру, ынталандыру, даму мазмұнын арттыру;

2) Коррекция мен диагностиканы біріктіру принципі. Практик психологтың ерекше іс-әрекеті ретінде клиенттің дамуына психологиялық көмек көрсету үрдісінің тұтастығының сипаты.

3) Каузальды типті коррекцияның басым сипаттағы  принципі. Бұл принцип коррекциялық іс-шараның басым сипаттағы мақсатта клиенттің дамуындағы ауытқушылықтар мен қиындықтарын жою дегенді білдіреді.

4) Коррекцияның іс-әрекет принципі Бұл принциптің теориялық негізі  А.Н.Леонтьев, Д.Б.Элькониннің тұжырымдамаларындағы баланың даму теориясы болып табылады. Бұл принцип коррекциялық коррекциялық жұмыстың жүргізілу тактикасын және қойылған мақсаттың жүзеге асырылу жолдары мен тәсілдерін анықтайды.

5) Клиенттің дербес ерекшеліктері мен жас ерекшелік психологиясын есепке алу принципі. Бұл принцип клиенттің тұлғалық және психикалық даму жолдарының сәйкестілігін және тұлғаның нақты даму жолдарының қайталанбауын талап етеді.

6) Психологиялық әсер ету әдістерінің жинақтылық принципі. Практик психологтың көптеген әдіс-тәсілдерінің пайдалану қажеттіліктері.

7) Коррекциялық бағдарламада таяу әлеуметтік ортасын белсенді түрде назарын аудару принципі. Дамудың объектісі ол тұлғаны жекешелендіру емес, өзі субъектісі болатын әлеуметтік қарым-қатынас жүйесінің тұтастығы болып табылады.

8) Психикалық процестердің әр деңгейде ұйымдастыру тірегі принципі. Коррекциялық бағдарламаларды құрастыру барысында барынша дамыған психикалық процестерге сүйену қажет және белсендіретін әдістерді пайдалану керек. 

9) Бағдарламалық оқыту принципі. Алдымен психологпен орындалған, одан кейін өз бетінше дағды икемділіктердің қалыптасу операцияларының жүйелік қатары.

10) Күрделену принципі. Минималдыдан қарапайымға, максималды күрделіге.

11) Материалдың әр түрлілік деңгейі мен көлемінің өсу принципі. Материалдың көлемін, әртүрлілігін өсіру.

12) Материалдың эмоцианалдық күрделілігін есепке алу принципі. Коррекциялық сабақ эмоцианалды жағымды рең тудырып, жағымды эмоция туғызу керек.

Коррекциялық жұмыстың  бағдарламасы психологиялық жағынан дәлелді болу керек. Коррекциялық жұмыстың табыстылығы алдымен дұрыстығынан, объективтілінен, диагностикалық зерттеулердің нәтижесінен тәуелді. Коррекциялық жұмыс әр функциялардың сапалы құрылыуына сонымен қатар клиенттің әр түрлі қабілеттілігінің дамуына бағытталған.

Коррекциялық бағдарламаның түрлері:

Коррекция әсерінің жүзеге асырылуы үшін коррекцияның белгілі бір нақты моделі болу керек:

Коррекцияның жалпы моделі – жалпы тұлғаның жас ерекшелік оптимальды даму  жүйесі. 

Коррекцияның типтік моделі – практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылуы әр түрлі негізде негізделген: әрекеттің әр түрлі комоненттерін меңгеруге және әр түрлі әрекеттің кезең бойынша қалыптасуына бағытталған.

Коррекцияның дербес моделі – клиенттің психикалық дамуына дербес анықтама сипатын, жетекші әрекет түрлерінің шығарылуы, дербес даму бағдарламасының құрылуы.

Сонымен қатар, еркін және стандартталған коррекциялық бағдарламалар бар.

Стандартталған бағдарламада — бағдарлама қатысушыларына коррекция кезеңдері, керекті материалдар, талаптар, нақты жазылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *