Орта туралы мағлұматтар мен түсініктердің баяу және ұзақ уақыт қалыптасуы.

орта туралы мағлұматтар мен түсініктердің баяу және ұзақ уақыт қалыптасуы.

Кез-келген даму ауытқуында, психикалық үдерістердің жартылай немесе тұтас бұзылуы байқалады: ой-өрісі немесе зият қабілеттері төмендейді, есту-көру арқылы қабылдау бұзылады, ойлау операциялары жетілмейді т.б. Әрине, мұның барлығының дамуы мен жетілуі, ұзақ уақыт пен арнайы әдіс-тәсілдерді қажет етеді.

Әлеуметтік-психологиялық дезадаптация қаупі.

Бұл көрсеткіш соңғы уақытта пайда болды, себебі білім беру саласында пайда болған интеграциялық үдерістер, қоғамдағы адамдардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін, жоғары талаптар қоя бастады, нәтижесінде дамуында ауытқуы бар балалардың қоғамға кірігу мәселесі қиындай түсті.

Екінші деңгейге, дизонтогенетикалық бұзылу топтарына ғана тән заңдылықтар жатады (анализаторлық жүйелердің бұзылуы), мидың ерте кездегі органикалық зақымдануындағы даму заңдылықтары (ақыл-ойдың кемдігі, церебральды-органикалық генезді ПДТ) жатады.

Үшінші деңгейге, дизонтогенездің белгілі бір түріне ғана тән заңдылықтар жатады (ақыл-ойдың кемдігі жағдайындағы, жалпы және тұрақты психикалық жетілмеу немесе ерте балалар аутизміндегі бұрмалана даму).

Л. С. Выготский адамның психикалық даму теориясының мәдени–тарихи негізін қалай бола отырып, мынаны дәлелдейді: «Сау баланың өркениетке  кірігіп өсуі, әдетте, оның органикалық жетілу үдерістерімен біріккен тұтастықты  көрсетеді. Дамудың екеуі де – табиғи және мәдени – бір-бірімен сәйкес келеді және  тұтасып кетеді. Екі қатардағы өзгерістер те өзара кірігеді, нәтижесінде, баланың жеке тұлғасының әлеуметтік–биологиялық қалыптасуының біртұтас Клиникалық зерттеулерге сәйкес, психикалық қызметтердің бұзылуы немесе жетілмеуі эмбриогенезде, яғни, ми құрылымының ерте жасушалық дамуында, түрлі зақымдаушы зиянды әсерлерден пайда болады (1-сурет).

 Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кемтар дамуына әсер ететін, әсер ету уақытына қарай, патогендік факторлар үшке бөлінеді: пренатальды (тууға дейін); натальды (туу кезінде); постнатальды (туғаннан кейін, ерте сәбилік кезеңнен 3 жасқа дейін).

Бала дамуының биологиялық факторларына мыналар жатады:

— тұқым қуалайтын және гендік мутациялар, хромосомдық абберациялар нәтижесінде пайда болған, хромосомдық-генетикалық ауытқулар;

— ананың жүкті кезіндегі жұқпалы және вирустық аурулары (қызамық, токсоплазмоз, тұмау);

1-сурет. Адамның психикалық және дене бітімі жағынан кемтар даму қаупін туғызатын факторлар

— венерологиялық аурулар (соз, мерез);

— ананың эндокриндік аурулары, оның ішінде қант диабеті;

—  резус-фактордың сәйкес келмеуі;

—  ата-ананың маскүнемдігі мен нашақорлығы;

— биохимиялық зияндылықтар (радиация, қоршаған ортаның экологиялық ластануы, айналада қорғасын, сынап тәрізді ауыр металлдардың болуы, агротехникада жасанды тыңайтқыштарды пайдалану, медициналық дәрі-дәрмектерді дұрыс қолданбау, тамақтағы жасанды қоспалар т.б.);

— ананың соматикалық денсаулығындағы ауытқулар, оның ішінде гиповитаминоз, ісіктер, әлсіздік;

— гипоксия (оттегінің жетіспеуі);

— ананың жүктілік кезіндегі токсикозы;

— туу патологиясы, әсіресе, мидың жарақаттануы;

— баланың ерте сәбилік кезіндегі ми жарақаты, ауыр жұқпалы және токсиндік-дистрофиялық аурулар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *