Жағдайды өзінше талдау

Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы қерек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.

Бесінші талап — әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.

Алтыншы талап — клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз қатынас және вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда клиент өз проблемасын ашып сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдау қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап…)

            Жетінші талап — әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыруы қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты.

Оқушылардың психологиялық проблемаларын шешуге көмек көрсету жолдарын нақты анықтау үшін жетінші сыныпта оқитын 24 оқушыны жан-жақты зерттеп нәтижесі бойынша психологиялық кеңес беру және коррекциялық іс-шаралар жүргізлді. Қарым – қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғаны байқалды. Сондықтан коррекциялық іс-шаралар жеткіншектермен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді деп айта аламыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *