Ескертпе (ремарка)


Ескертпе (ремарка) (франц. remargue – ескерту, белгілеу) – драматургтің пьесадағы оқиғаға қатысты кейіпкерлердің даралық қасиеттерін ашып көрсету үшін қажетті қосымша түсініктеме сөзі. Ескертпе ісәрекет барысындағы кейіпкердің жасына, мінезқұлқына, киіміне, сонымен бірге оның қимылқозғалысына, көңіл күйіне, да уыс ырғағына тән толып жатқан өзіндік ерекшеліктерін белгілеп бере алады. Әрбір кейіпкердің мінезқұлқына, жүрістұрысына тән, нақты түсініктеме беру арқылы оның өзгеге ұқсамайтын, ерекше кескін кейпін айқын көзге елестету мүмкіндігі туады. Ескертпе сөзде актіге, көрініске, эпизодқа қатысты жайларға, кейде оқиға өтетін жерге, қоршаған ортаға, негізгі оқиғаға қатысты жағдайларға нақтылы си паттама беріледі.
А. Ісмақова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *