Диагностикалық блок.

Диагностикалық блок. Мақсаты: тұлғаның даму ерекшеліктерін диагностикалау, психологиялық коррекцияның жалпы бағдарламасының қалыптасуы.

Нұсқаушы  блок. Мақсаты: өзараәрекеттесуге тілктерінің оянуы, мазасыздықтың бәсеңденуі, клиенттің өз өзіне сенімділігі, өз өмірінде бірдеңені өзгерту, психологпен ынтымақтасуы.

Коррекциялық блогы. Мақсаты: клиенттің даму гармониясы және оптимистілігі, жағымсыздан жағымдыға көшуі, әлеммен және өзімен өзара әрекеттесу тәсілдерін меңгеру.

Коррекциялық әсердің тиімділік бағасы блогы. Мақсаты: реакцияның  психологиялық динамикасы мен мазмұнын өлшеу, позитивті реакцияның пайда болуына мүмкіндік туғызу, өзіне-өзі сенімділіктің тұрақталуы.

Психокоррекциялық бағдарламаның құрылуына негізгі талаптар.

Коррекциялық жұмыстың мақсатын нақты тұжырымдау.

Коррекциялық жұмыстың нақтылайтын міндеттерді анықтау,

Коррекциялық жұмыстың жүргізілу тактикасы мен стратегиясын таңдап алу.

Клиентпен жұмыс түрін анықтап алу.

Коррекциялық жұмыстың техникасы мен әдісін таңдап алу.

Коррекциялық бағдарламаның жүзеге асуы үшін жалпы уақытын анықтау.

Кездесу уақыттарын белгілеу.

Әр коррекциялық сабақтың жүргізілу уақытын белгілеу.

Коррекциялық бағдарламаны өңдеу және коррекциялық сабақтың мазмұнын анықтау.

Жұмыс барысында  басқа адамның қатысуын жоспарлау.

Коррекциялық  бағдарламаны  өңдеу. 

Керекті материалдар мен құрал-жабдықтарды дайындау.

Психокоррекциялық іс-шараның тиімділігін бағалау.

Коррекциялық әсердің тиімділігі төмендегідей бағаланады:

А) даму қиындықтарының  шешімі;

Б) коррекциялық бағдарламаның мақсат, міндеттерінің қойылуы.

Клиент үшін бағдарламада қатысу барысында табыстылықтың негізгі критерийлері сабақтан алған эмоциялық қанағаттанарлық, жағымды сезімдер.

Психолог үшін, коррекциялық бағдарламаны жүзеге асыру және ұйымдастыруға жауапты психологқа бағалау критерийі,  ол алға қойған мақсатқа жету.

Клиенттің айналасындағы тұлғалар үшін бағдарлама тиімділігі мүдделерінің қанағаттануымен  анықталады.

Жоспарланған жетістікке жету үшін қарқынды коррекциялық іс-шара мазмұнды мағына береді. Коррекциялық сабақтар аптасына кеміне 1 реттен, 1- 1,5 сағаттан жүргізіліп отыру керек. Сонымен қатар қарқынды коррекциялық бағдарлама әдіс-тәсілдердің, жаттығулардың, ойындардың әр-түрлілігімен анықталады. Коррекциялық жұмыстың табыстылығы коррекциялық әсерді болжай білуде. Тіпті коррекциялық жұмыс аяқталған соң 1-2 ай аралығында бақылау жүргізу керек. Клиентпен қарым-қатынаста болу керек, ол жаңа проблемалардың тумауына себеп болады. Коррекциялық бағдарламаның тиімділігі оның жүзеге асу уақыты елеулі әсер етеді. Дамуындағы ауытқушылықты дер кезінде байқалып, жұмыс ертерек жүргізілсе бұл мәселелерді шешу оңайға соғады, яғни бағдарламаның тиімділігі артады.

Психокоррекция тиімділігін анықтайтын факторлар:

Клиентті күту.

Клиент үшін маңызды ол туған мәселелерден құтылу.

Клиент мәселесінің сипаты.

Клиенттің ынтымақтастыққа даярлығы.

Жүзеге асырылып жатқан коррекциялық іс-шарадан психологтың үміті.

Психологтың кәсібіи және тұлғалық тәжірбиесі.

Психокоррекциялық нақты әдістің спецификалық әсері.

Психокоррекциялық әсер төмендегідей сипатталады:

Клиенттің субъективті ішкі жан дүниесінің өзгеруі;

Адам әлемінің  әр модальдығында өзгеру сипаты.

Адам өмірінің өзгеруінің тұрақталуы. (әсерден кейін)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *