Дабыл (Ж. Сахиев)

Дабыл
1
Ғарыштан келіп Жер атмосферасына іліккен созылыңқы тамшы пішінді үлкен тас таң сәрідегі шырт ұйқыда жатқан ауыл үстінен ысқыра ағып өтіп, тау аңғарын жанай ұшып, жолындағыны күйдіріпсыдырып барып қара жерге жантая қадалды…
2
Көлік иектен асып өзенге қарай құлаған бетте манадан бері тыйы лып қалған ән де жалғасып кетті. Енді бір кезде ән тоқтап, әңгімедүкен басталды. Сөйлеуін сөйлеп отырса да, бәрінің көздері аңғар табиғатында.
Осы кезде Әбен:
– Өзеннің арғы жағындағы тегіске тоқталық, – деді Қазыкенге бұ рылып, – мына жермен дөңгелекті көлік өте алмайды. Адымдағыш аяғын қос.
Көлік өзен жағасына жетіп кілт тоқтап, сәл кідірді де, аяқтарын түсіріп, адымдап баса жөнелді. Су оның сирағынан да келген жоқ. Бірақ өзен ағыны қатты, қойтастар көп еді. Көлік аяқтары қойтастардың ара арасына гүмпгүмп түсіп, түйеше теңселді.
– Міне, заманымыздың нағыз түйесі! – деп рақаттана күлді Таңатар.– Әйтеуір бәрі темірге айналды ғой! – деп қойды Әсел.
– Қай нәрсенің де бір артықшылығы, бір кемшілігі бар. Қайтеміз, заман осы. Бұл менің күнделікті нан тауып отырған көлігім, – деп Қазыкен суға бір қарап қойды.
Көлік теңселетеңселе арғы бетке өтті. Қазыкен бір тетікті басқанда ол түйеше шөгіп барып, дөңгелектеріне жатты. Енді жұмсақ жылжып, Әбен көрсеткен тегіс алаңға тоқтады. Бұл ауыл тұрғындарының жиіжиі демалыс өткізетін орны.
…Жасаған аты шыққан үлкен ғалым болса да, аға алдында ініше ұстамдылық жасап, отырғандарды көзімен бір шолып өтті. Содан соң өзіне ұсынылған кесесін еппен қойып, кейін қарай бір көсіліп алды да, сөзін бастады.
– Ағам мені асырыңқырап жіберді, – деді ол Төленге көз тастап, – шынымды айтсам, осы ғылымға біржолата бет бұруыма басты себеп болған өзі еді. Аға ақылы деген осы болса керекті. Жарайды, ағайынды екеуіміз бірбірімізді мақтай бермейік. Жаңа өздеріңіз де қалаған мамандықтарыңыздың жетістіктері жайлы айтып өттіңіздер. Мен де өзімнің өмірлік кәсібімдегі жетістіктеріне көшейін. Түркологияның оңай ғылым емес екенін өздеріңіз де білесіздер. Мен Талас жазба ескерткіштерін мұқият зерттеп келемін. Әрине, өздеріңізге бұрыннан белгілі Орхон Енисей, Талас жазба ескерткіштерінде VI–VIII ғасыр тұсындағы түркі қағандары мен бектерінің, алып батырларының басынан кешкен ерлік жорықтары сөз етіледі. Ал біздің о бастан іздеп келе жатқанымыз жал пы түркі мәдениетіне ортақ осы мұралар тілінің қоры қазақ тілінде қаншалықты сақталғанын анықтау болатын. Бұл мақсат бұрыннан барды. Ал бірақ осы жазуларды ғалымдар түрлі саққа жүгіртті. Тіпті кейбірі бұл жазуды сырттан келген деп те қашыртты. Ал бүгінде біз оның халқымыздың төл жазба таңбасы болғанына көз жеткіздік…
– Мен бір нәрсені түсінбеймін, – деп сөзге араласты осы кезде Жасағанның мүдірген сәтін пайдаланған Таңатар, – сіздер талай уақыттан бері тастағы таңбалардың нендей сыр шертетінін ашумен келесіздер. Оның қазақ халқына да көп қатысы бар екені анықталып отыр екен. Тіпті, ол, менің түсінуімше, біздің түпнұсқалы жазу әрпіміз.
Жасаған мына пікірдің түптөркінін ұға қойып, сәл қозғалып алды.
Содан соң шайынан бір ұрттап алып, сөзін жалғады.
– Тәке, ойыңыз дұрыс, – деді оған қарап, – біз атабабамыздың тасқа салып, «Көріңдер», «Біліңдер», «Әрі қарай жалғастырыңдар» деген өсиеттерін орындай алмадық. Заман ағымы шынында да дәстүр салтымызға көпақ кеселін тигізді. Менің түсінуімше, сіз осы кезге дейін неге өз алфавитіміз жоқ дегенге келтіріп отырсыз?
– Иә, иә. – Таңатар өз сұрағынан өзі ыңғайсызданғандай сәл қысылып жалғады, – біз енді қанша дегенмен ауыл адамымыз…
– Олай демеңіз, – деді Жасаған отырғандарды да көзімен шолып өтіп, – біздің тарихымыздың, жазба мәдениетіміздің қалған тұстары осы ауыл, мына сіздер. Жазба тарихымызды зерттегенімен, мен қалада тұрамын. Ауылдың әдетғұрпынан шеттеп қала беремін.
Бұдан соң ешкім сөйлемеді. Бір сәт үнсіздік басып, алдарындағы қуырдақтан алып, шайларын ішісті. …Осыны сезгендей Жасаған да сөзін содан бастады.
– Ежелгі қазақ таңбасын қайқайсымыз да білуге міндеттіміз, – деді ол кішкене серпіліп, – біздің әулетіміз түгел оқи алады. Оқып қана қой майды, жазады, сөйлейді. Ал жуық арада оның негізінде қазақ алфави тін шығарсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Мұны жасау менің ойымда әуелден бар. Тек кейбіреулердің «Соның не қажеті бар. Бүгінгі әрпіміз жетпей ме?!» деп қалатыны бар. Ал әріптік таңбасы жоқ ұлт қандай ұлт болмақ?
Үй іші сілтідей тынып, Жасағанға қарап қалған. Мына айтылып жатқан сөз сөз емес, көкейге қонымды нақылөсиет тәрізді. Тек айта бер се екен дейтіндей бәрі де. Атабабаның еңбек етіп, тасқа қашап жазған таңбаларын қайта тірілтіп, күнделікті жазу кәсібімізге қолдану қай қазақтың да көкейіндегі нәрсе емес пе? Тау аңғарындағы, гүрілдей аққан өзен жағасындағы осы бір алты қанат ақ үй дәл қазір қайта айналып өз ғасырына келгендей еді.
– Ежелгі таңбаларымызды Төлен де жақсы біледі, – деді бір кезде Қазыкен оған қарап. – Дауыстап оқығанын, сырғытып жазғанын көрсең.
– Бұл таңғаларлық жаңалық емес, – деп ыңғайсызданған сыңай танытты Төлен бұл сөзге, – тарихымызды білмесек, кім екенімізді қайдан ұға мыз? Менің жанымды мазалайтын бір нәрсе, ана халықтың алфавитіне бір, мына халықтың алфавитіне бір жабысамыз. Айналайындарау, сонау заманнан бері тасқа қашалып өзімізге жеткен таңбамызды неге ескер мейміз?! Неге біз сол таңбалардың негізінде өзіміздің төл алфа витімізді жасамаймыз? – деп, Жасағанға маза бермей келе жатқан мына менмін.
– Бұл саған мақтаныш емес. – Таңатар қызуланып кетті. – Ал бірақ сенің осы мәселені қозғағаныңа, мына күллі ауыл тұрғындары, қала берді күллі қазақ баласы, біз мақтануымыз керек! Жасасын! Біз тек тілектеспіз…
– Рақмет, – деді сол кезде Жасаған қоңыр үнмен, – ниеттеріңізге көп рақмет! Менің бұған дейінгі отыз жылдық ғұмырым осы таңбаны зерттеу жолында өтті. Ендігі қалған өмірім алфавит жасауға арналады. Мына дәм үстінде уәде беремін.
– Мақсатыңа жет! – деді оған Әбен жасының үлкендігін білдіріп, – қане, әумин делік!
– Әумин! – десті отырғандар.
– Ал енді былай шығып бой жазсақ қайтеді ет піскенше. Мына тау табиғатын тамашалайық. Жоғарырақта әлгі мың қой емінеркін сыйып кететін алапат үңгір бар емес пе? Соны көрелік, – деп Жасаған тұруға ыңғай берді.
Бәрі бата берісіп, орындарынан түрегелді. Келіншектер ер кісілерге жол берді. Бұлар бірбірлеп сыртқа шықты. Үй маңында қойдың бас сирағын үйітушілер мен ет асушылар ғана қалды. Әбен, Төлен, Жасаған, Таңатар мен Қазыкен жартасқа қарай бет алды.
3
…Бұдан кейін демалушылар үлкен бір тасиекті айналып өтіп, ала пат үңгірдің ауызына жетті. Оның іші шынында да кең еді. Мың қой емінеркін сыйып кетеді. Іші жарық. Жарық болатын себебі, оның ішкі жағынан төбесі тесік. Онан ауа кіреді. Сондықтан қатты боран бол са, мұнда мың қой жан сауғалап шыға алады. Жасаған үңгірдің ішкі қабырғасын, төбесін айнала қарап, көзімен мұқият шолып шықты. Бұрынырақ келгенінде бұлайша мән бермеген болатын. Енді ел, жер та рихына деген ғалымдық көзқарас әрбір кертікке дейін аңғартады. Тіпті бір кезде ол осы үңгірдің бір жерінде ескі жазулар жоқ па екен деген ой мен үңіле қарап шықты. Ондай ештеңе көрінбеді. Жазу болса, бұл кезге дейін жасырын қалуы мүмкін емес.
Бәрі үңгірдің төріне дейін өрледі. Ол тұстағы күнделікті киіз үй шаңырағындағыдай тесіктен сыртқа қарады. Онан көгілдір аспан көрінеді. «Мына үңгір өзі алып ошақты көзге елестетеді екен» деп қойды ішінен Жасаған. Соны ойлап болмайынша үңгірден қайтып шығып кет кен Қазыкен:
– Бері шығыңыздаршы! – деп дауыстап қалды.
«Тағы да қара шұбар жылан ба?» деп қалған бұлар асыға басып, май да тастарды сықырлата сыртқа шықты. Онан оңға бұрылды. Қазыкен үңгірдің сол қапталын ала қара жерге жантая қадалған бір үлкен тастың алдында тұр. Тас қандай да бір жалынның ыстығынан қарайып күйген. Бір қарағандаақ жер тасына ұқсамайтын сияқты. «Бұл неғылған тас болды екен?» деген ой бәрінің де ми қыртыстарын шарлап өтті. Енді

қайқайсысы да неше қара шұбар жылан келсе де қорқатын емес. Бар есілдерттері әлгі алып қара таста. Мына үңгірдің оң жақ тұсынан келіп ішіне кіріп кеткендіктен оны ешқайсысы көрмеген еді. Енді қайран бо лып тұр. Біреу әдейі әкеліп тап осы жерге қадап кеткендей. Жасаған қолындағы фотобейнекамерасымен ғажайып тасты бірнеше рет сыртыл датып түсіріп алды. Сөйтті де сәл ойланып:
– Менің пікірімше, бұл тас аспаннан түскен, – деді оның ол жақ, бұл жағын қарайлап, – үлкен жылдамдықпен ке ліп қадалғаны көрініп тұр. Аспанда, атмосферадағы ауа үйкелісі нен лапылдап жанғандықтан төңірегі қарайып күйіп кеткен.
– Берірек келіңіздерші, – деді сол кезде тас бетін көзімен жіті шолып шыққан Төлен, – мына таңбаны қараңыздар.
– Мынау Талас жазуы ғой! Қайсыңызда тағы беторамал бар? Сүртіңіздерші тезірек! – деді шыдамсызданып.
Әркім қалтасында барын шығарып сүртіп жатты. Орамалы жоғы жерден кішкене таяқша алып, күйелерді өшіре бастады. Жасаған енді қалтасында үнемі жүретін кішкене бәкісін алып, таңбалардың ізін қазды.
Олар алғашқыдан да анықтала түсті.
Жазулардың бәрі сүртіліп біткен кезде Жасаған кейін шегініп барып тастағы жазуларды бірнеше рет фотоға, бейнефильмге түсірді. Содан соң қайта жақындап, ондағы жазуларға үңілді. Іріірі таңбаәріптермен қашалып жазылған жазуларды оқып шыққаннан кейін ол былай деп аударды:
«Жұлдыз аралық жолымыздағы тоғыз ғаламшардан құралған осы бір жұлдыз жүйесіндегі көгілдір кезбешар назарымызды айрықша ау дарды. Оның өзіміз аялдаған жалғыз табиғи серігінен мұқият бақылау жүргізгенімізде тіршілік иелері – адамдармен қатар олардың тасқа ойып жазған жазуларын да кездестірдік. Ол жазулар арқылы Талас делінетін өзен бойын мекен еткен халықтың тарихын білдік. Енді бір келгенімізде олар жоғары мәдениет дәрежесіне жетеді. Сонда біз олармен осы тілде сөйлесетін боламыз. Ал оған дейін олар осы серікке ұшып келе қалса, бұл ескерткішімізді оқып, біздің осында келгенімізді біледі. Бұл тасты сол мақсатта қалдырып отырмыз. Күнгей ғаламшарының ғарышкерлері».
Жасаған соңғы сөзді оқыпаударып болған соң жанындағыларға қарады. Бұлар үн қатқан жоқ. Жасағанға мәнжай түсініксіз бол са, қалғандар не айтсын. Ғалым ә дегенде мұндай жазу шығады деп ойламағанды. Енді қараса, мәселе Жерден тыс жағдайға көшкен сияқты. «Сонда мұның қалай болғаны?» деген ой мазалай бастады Жасағанды. Тастың жылылығына қарағанда ол я түнде, я болмаса таң ата құлаған. Мұны әзірге ешкімнің байқамауы да содан болса керекті.
Бәрі оның айналасын қарай бастады. Тастың аспаннан келіп түскеніне жаңағы сөздерден басқа да бұлтартпайтын дәлелдер бар екен. Ұшу траек ториясы осы сай қиясының көлбеулігіне параллель келген. Сондықтан ол қыр көлбеуін жанай ұшқанда желімен де, отымен де талай тастар мен шөп бастарын күйдіріп барып осы жерден дамыл тапқан. Қиғаштаған бойы қара жерге найзаша қадала кеткен. Жазуы бар беті де тұптура «Мені көріңдер, жазуымды оқыңдар» дегендей ауыл жаққа қарапты.
– Бұл жөнінде тездетіп Астанаға хабарлау керек! – деді аз үнсіздіктен соң Жасаған қолындағы сағатына көз салып, – тамақ жеп болған соң осы іске кірісуіміз керек!
– Сонда мұның не болғаны? Түсінсем бұйырмасын?! – деді Қазыкен тас бетін алақанымен сипап қойып.
– Ғарыштан келгені анық. Ал не жазылғанын өздеріңіз жаңа тыңдадыңыздар.
– Сонда біздің атабабаларымыздың жазулары сонау қиыр кеңістіктегі ғаламшар тұрғындарына да мәлім болғаны ма? – деп тасқа бір, Жасағанға бір қарады Таңатар.
– Соны меңзеп тұр. – Төлен тасқа жақын барып жазуларды бір шолып шықты.
– Ал, ендеше киіз үйге баралық, – деді сол кезде дегбірсіздене бастаған Жасаған.
Жазуы бар тасқа тағы бірбір көз тастап алып, төмен қарай түсе бастады.
4
Кеме жерге табан тіреп, дыбысы сөнген кезде қарсы алушылар оған жақындай берді. Одан үш адам түсті. Біреуі – кемені басқарушы. Екіншісі – Жанқуат Пазылұлының көмекшісі Баламұрат Еңсерұлы, ал үшіншісі – жүкті әуе кемесіне тіркеуге көмектесуші. Жасаған үшеуін де арқадан қағып, ежелден білетін туыстарындай қарсы алды. Қалғандар еменжарқын амандасып жатыр.
…Тұрғандар оның қимылқозғалысын тапжылмай бақылап, тас әлгі айқара ашылған есіктен кеме ішіне еніп, есік қайта жабылғанда барып, бірбіріне қарасты. Сол кезде кеменің адам кіріп шығатын есігі тұсынан екі кісілік жәшік көрініп, жылдам жылжып келіп, жайпақ тас үстіне қона қалды. Бұл – лифт еді. Жасаған мәнжайды түсінді де, демалуға бірге келгендерден кешірім өтініп, қоштасып тұрып, жұбайы Балайымға ертең кенже ұлын жекеменшік әуе кемесімен осында алып кетуге жіберетінін айтып, лифтіге қарай жүрді. Бұл кезде Баламұрат Еңсерұлы оны күтіп, ілтипат сақтап, лифтіге бірінші мінуіне жол беріп тұрған еді. Демалушылар онымен де қоштасып үлгергенді.
5
…Көп кешікпей ол ой да жүзеге асты. Бір күні таң алагеуімнен Аста надан бейнетелефон соққан Жасаған мынаны хабарлады:
– Күрделі түрлі құралдарымызбен мұқият зерттеу нәтижесінде жұлдызшылар мен түркологтар мынандай қорытындыға келді, – деді ол қолындағы кішкене қағазды көрсетіп, – тас Айдан келген!
– Айдан?
– Иә, Айдан келген. Таңданатын ештеңе жоқ. Бұл ғылымға ежелден белгілі жайт. Айдан ұшып Жерге түскен, Жерден ұшып Ай бетіне жет кен тастардың талайы екі жақтан да табылған. Бірақ мына тас өзгеше.
– Сонда ол…
– Оның сыры былай. Күнгей ғаламшарының тұрғындары Ай бетіне орнатып кеткен бұл тастың жанына қиыр ғарыштан келген үлкен аспан тасы құлаған. Ол гүрс етіп Ай топырағын опыра ойып жіберген кез де таңба жазуы бар тас қиыршық шаңтозаңмен бірге ғарышқа қарай серпілген. Содан ұшу жолы Жерге, келіп құлаған тау аңғарына сай шыққан. Былайша қарағанда, біреу әдейі бізге «Көріңдер», «Оқыңдар жазуын» деп әкеліп қоя салғандай. Мұндай да сәйкестік болады екенау! – Ғажапақ! Ал енді олардың жүзін көретін күн туар ма екен?
– Кім білсін, жұлдыз аралық сапар күнгейліктерге түк те емес сияқты. Бірде болмаса, бірде келер. Ал, жақсы. Осыны айтайын деп едім.
…Осыдан бірнеше күн бұрын інісі, тағы басқа туыстаныстарымен демалысдуман құрған тау шатқалдары, асып қойған саты сияқтанып жол жатқан асуиек көз алдында бейне бір шар айналып қалып бара жатқандай көрінді.
…Содан сәл жүргенде көлік айнасына бірдеңе жарқ етіп шағы лысқандай болды. Алғашында Төлен «Соңымда тағы бір көлік келе жа тыр ма?» деп қалған еді. Ол екінші рет жарқ еткенде кейіннен емес, төбе тұсынан екені сезілді. Төлен көлікті кілт тежеді де, есігін ашып жерге қарғып түсті. Шағылысқан дене шынында да аспанда екен. Алып тран зистор тәрізденген бірдеңе тарбия қалықтап сай аңғарына қарай түсіп барады. Еш дыбыс жоқ. Егер ол күн сәулесіне шағылысып жарқ етпеген де Төленнің оны аңғаруы неғайбыл еді. «Мынау әлгі ұшатын беймәлім дененің дәл өзі емес пе?» деген ой сап ете қалды Төленге. «Біздің ауылға да жетіптіау пәтшағарың» деп тағы бір қойды. Сөйтті де, артынша көзге түсіп қалмайын дегендей көліктің тасасына жасырынды. Енді оны от алдырудың реті жоқ еді. Әлгілер біліп қоймақ.
Төлен сәл еңкейіңкіреп иекке қарай жүгіре жөнелді. Жолдың оң қапталында, иектің дәл үстінде бірбіріне түйісе орналасқан үлкен екі тас бар еді. Төлен соны туралап жөнелді. Ал бұл кезде әлгі ұшатын беймәлім дене өзен аңғарына қонып үлгерген. Төлен ентіге басып екі тастың арасындағы саңылаудан қарағанда аспан кемесінің тап өздері киіз үй тіккен орынға қонғанын көрді. «Енді қайтер екен? Кімдер болды екен бұлар? Не де болса бір көріп алатын болдым! Ылғи тек газетжурнал дан оқып, радиотеледидардан естіпкөруші едім, енді өз көзіммен көріп тұрмын! Өз көзіммен!» деп іштей қуанды Төлен.
Аспан кемесі біршама уақыт тымтырыс тұрды. Сонан соң астыңғы жағынан сыр етіп кішкене кабина жерге түсті. Кабина ішінен үш адам шықты. Киімдері ақшаңқан түсті. Өздері денелі. Белдеріне жалпақ өрнекті белдік буынған. Шаштары қысқа. Сақалмұрт қойғандары да алыстан аңғарылады. Қолдарында қол шамы тәрізді бірдеңелері бар. Тау шатқалдарына, өзен аңғарын жағалай өскен ағаштарға, жайы лып жүрген мал мен су жағасындағы жылқыларға ме йір лене қарасады. Бірақ біреуінің де жаман ниет көрсетер пиғылдары жоқ. Төленді әзір байқамаған сияқты. Жайымен жоғары өрлеп, әлгі таңба жазуы бар тас табылған жаққа бар ды. Айналаны бақылап, иықтарындағы құралдары ызыңдап жатты. Төлен енді өзін еркін ұстап, тас қуысынан сәл шығып, иегін көтере жоғары қарап еді, бір сәуле жарқ ете қалды. Бұл тез бұғып, қуысқа қайта тығылды. Сол кезде жолдың сол жағындағы үлкен жалпақ тас бетінен түтін будақтады.
Ештеңені түсінбей Төлен не істерін білмей қуысқа тығыла түскен еді, әлгі будақ түтін сейілгенде тас бетінен ойылған таңба жазулар ба дырайып көзге бірден ұрды. Таныс таңба, Талас жазуы. Төлен оны: «Біз сізді манадан байқап тұрмыз. Қорықпаңыз. Тілдесуге шақырамыз» деп күбірлеп оқып шықты. Бірақ сонда да болса сенімсіздік білдіріп, «Өздерімен әкетіп қалса қайтемін. Ауылдың бір адамы да білмейді» деп те уайым кешіп үлгерді. Бірақ аспаннан келген бейтаныстар тыныш қалмады. Әлгі тастың беті тағы түтінденді. Түтін сейілгенде алдындағы таңба жазулардың зымзия жоғалып, орнына басқасының пайда болғанын көрді. «Қорықпаңыз, бері шығыңыз» деп жазылыпты онда. Төлен оны оқып болып, иекке қарай бұрыла бергенде үш денелі адамның қарсы ал дында қазқатар тұрғанын бірақ байқады. Сасқанынан сәл кейін шегініп барып, сабыр сақтап, тоқтады да, олардың бетжүздерін, денемүсіндерін көзімен тез шолып өтті. Сол кезде олардың ортадағысы: – Сіз кім боласыз? – деп көне түркі тілінде сөйледі.
– Қазақ деген ел боламыз, – деді Төлен де сол тілде.
– Қазақ…
– Иә.
– Мына таңба жазуды қай кезден білесіз?
– Жыл есептеуіміз бойынша VI–VIII ғасырлардан бері.
– Түсінікті, – деді аспан адамдарының ортадағысы, – сіздер бүгінде де осы таңбаәріпті қолданып, осы тілде сөйлейсіздер ме?
– Иә… – деп Төлен көкейіне «Біз әлдеқашан басқа ұлттың әріптік жүйесіне ауысып кеткенбіз» деген сөз сайрап тұрса да, сасқанынан жалған айта салды.
– Бізге керегі де осы еді, – деді аспан адамдарының оң шетіндегісі.
– Жолымыз болды, – деді сол шеттегісі.
– Мына тауға құлаған жазуы бар тасты сіздер алдыңыздар ма?
– Иә. – Төлен аспан адамның бетжүзіне тағы бір барлап қарады.
– Түсінікті.
Аспан адамдары бірбіріне қарап қойды. Содан соң Төленге әлі сенбе гендей бірбір адым жақындап:
– Жаза білесіз бе? – деді.
– Білемін. Оқи да білемін, – деді Төлен кішкене еркінсіп.
– Есіміңізді ана тасқа жазыңызшы, – деп ортадағысы қолындағы қолшам тәрізді құралын Төленге ұсынды.
Төлен оның бір түймесін басып қалып еді, тас бетінде әріптер пайда болды. Сол замат түймені қайта босатып жіберді де, екіншісін нұқыды. Әлгі әріптер лезде жоқ болды. Мәнжайды түсінген Төлен енді аспан адамдарына бір қарап алып, жалпақ тасқа «Төлен» деп жазды. Аспан адамдары ризашылық білдіріп бастарын изесті. Төлен құралды қайтарып берді. Олар тағы да бірбіріне қарасты. Содан ортадағысы:
– Бізге бәрі түсінікті. Қайтамыз. Саусаламат болыңыз. Тіліңізді, әріптік жүйеңізді ешқашан ұмытпаңыз. Бұл тіл, бұл жазу біздің бай ланысымызға басты дәнекер болады. Біз өздеріңіз Кит дейтін шоқ жұлдыздағы жұлдызды жүйеден келіп тұрмыз. Тұрағымыз Күнгей деп аталады. Біз әлі ораламыз.
– Сау болыңыздар, – деді Төлен аз уақыттың ішінде бауыр басып қалғандай сүлесоқ.
Аспан адамдары кейін бұрылып, өзен аңғарына қарай түсіп кетті. Төлен болса, тап осы жерге біреу қазықша қадап қойғандай қозғалыссыз тұрып қалған. Өзінің көріп, сөйлескенінің бәрі де өң мен түстің арасында болған оқиғадай. Аспан адамдарынан көз тайдырмайды. Олар транзистор пішінді кемелеріне отырды да, дыбыссыз ғана әуеге көтеріліп жөнелді. Бұл оған ұзақ қарады. Ғайып болған кезде ылдиға қарай жүгіріп түсті де, көлігіне отырып, қайта бұрып алып, ауылға қарай тартты.
6
Осы ісәрекеттер жүріп жатқан кезеңде дүниежүзінің ең іріірі де ген расытханаларындағы жұлдызды әлемді зерттеуші ғалымдар Кит шоқжұлдызындағы тіршілікті ғаламшарлардан хабар күтумен болған ды. Соның бір орталығы Алматы маңындағы АсыТүрген жотасында еді. Мұнда Қазақ расытханасының диаметрі мың метрлік радиотелескопы орнатылғанды. Онда көптеген ғалымдар жұмыс жүргізудетін. Оларға академик Балбек Ерқуатұлы басшылық етеді. Бүгін кезекті зерттеуге өзі келген Балбек алапат құралдың бірнеше бөлмелерін аралап өтіп, жер ден тыс мәдени дамудан дабыл қабылдайтын құрал орнатылған арнайы орынға келді. Ондағы түрлі компьютерлердің жұмысын бақылап шығып, әзірге ешқандай хабарнышан білінбеген соң, екінші қабатқа көтеріліп, балконға шықты. Жаңа Ай туар күннің қарсаңы болғандықтан, ашық аспанда тек жұлдыздар ғана мен мұндалап жымыңдаумен көз тартты. Жұлдызшы ғалым балалық шағынан арман еткен осы бір мамандығына дән риза болғандай аспан күмбезін бұрыла қарап шықты. Тіршілікке қолайлы ғаламшарлар болуы мүмкінау делінген шоқжұлдыздарға айрықша назар аударды. Күні кеше ғана Кит шоқжұлдызынан келіп кет кен бөгде ғаламшарлықтардан әлі хабар жоқ. Егер бір шоқжұлдыздан адамдар келген болса, онда басқа жұлдыз жүйелерінде де тіршілік бо луы тиіс. Жұлдызшаларды осы ой айрықша еліткен. Сондықтан да өзге әлемнен туыстар іздеу ісі қауырт кезең алған.
Балбек біраз тұрған соң ішке кіріп, балкон есігін жапты да, тыным сыз ызыңдап жұмыс істеп тұрған құралдар бар әлгі бөлмеге қарай бет алды. Сол кезде оның құлағына айрықша дабыл шалынды. Балбек бір құбылыстың болғанын тез түсіне қойды. Тепкішекпен жылдам басып бірінші қабатқа түсіп, жерден тыс мәдени дамумен байланыс ұстайтын құралдар орнатылған бөлмеге жақындағанда оның ашық қалған есігінен жыпылық қаққан қызылдыжасылды шамдар да көзге шалынды. Балбек келген бойда шұбатылып еденге түсіп жатқан жіңішке таспаға жармас ты. Екі алақанын жайып жіберіп, зер сала қарағанда күні кеше ғана әлемдік тілге айналған таңба жазу көзіне оттай басылды. «Біз Эри дан шоқжұлдызындағы Жарық делінетін ғаламшар тұрғындары Сізге ыстық сәлем жолдаймыз! Бұған дейін Сіздерден жауап ала алмаған едік. Бұдан аз уақыт бұрын сонда барып қайтқан күнгейлік бауырластарымыз Сіздердің ежелгі жазу ескерткіштеріңізді ұмытпай, оны жалғастырып келе жатқандарыңызды хабарлады. Біздің өсіпөну, дамыпжетілу тари хымыз да күнгейліктерге, өздеріңізге ұқсас. Бірақ біз Сіздер өтіп жатқан даму сатысын ертерек бастан кешірдік. Сіздер өздеріңізге тән ұлттық ерекшеліктеріңізді сақтай білгенсіздер. Алдағы уақытта біздің бір топ елшілеріміз Сіздерге барып қайтатын болады. Саусаламатта болыңыздар. Бізге осы радиотолқында, осы таңбаәріппен жауап жолдаңыздар. Жарық ғаламшарының тұрғындары» деген тексті Балбек дауыстап мүдіріссіз оқып шықты. Содан соң қағаз таспаның ұшын жинағыш дөңгелекке кигізді де, жалпақ панельдегі түйменің бірін нұқыды. Дөңгелек зыр ай налып, қағаз таспаны әпсәтте орап алды. Балбек енді осы жазулары есте сақтайтын құралға көз тікті. Ондағы жұмыс жүйесі де ойдағыдай екен. Ғалым барлық істі асықпай тиянақты жасады. Содан кейін жұлдызды әлемге хабар тартқыш құралдың алдына отырды да, кішкене ақ қағазға Талас таңба жазуы негізінде жасалған қазақ әрпімен: «Жа рық ғаламшарының тұрғындарына! Радиодабылдарыңызды алдық! Елші леріңізді асыға күтеміз! Сәлеметте жолығайық! Жер тұрғындары атынан академик Балбек Ерқуатұлы» деп жазып, астына қолын қойды. Сонан соң оны жұлдызды әлемге дабыл таратқыш құралдың тілдей саңылауына салып жіберді. Артынша шағын экран бетінен әлгі жазған сөздері ирек ирек болып жылдам жылжып өтіп жатты.
Дабыл беріліп біткен соң Балбек көрші бөлмедегі бейнетелефон то рабына келді. Онан Жер шарындағы барлық ірі расытханаларға шұғыл хабар берді. Соңында ғалым Жасағанның үйіне ойысты. Ол тез жауап берді. Жасаған әдеттегісінше түннің бір уағына дейін кітап оқып отыр еді. Белгілі жұлдызшы Балбек Ерқуатұлының балбұл жанған жүзін көргенде таң болды. Бұл амансаулықтан соң қуанышты жаңалығын айтты.
– Тарих тағылымы деген осы да, – деді аз үнсіздіктен соң Жасаған, – Жерден тыс әлемнен жұлдызнамашы ғалымдарымыз қанша уақыттан бері осындай саналы хабарды күтіп келді десеңізші. Енді міне, көктен іздеген туыстарымыз да табылды.
– Мұның бәрі де сіздердің еңбектеріңіздің нәтижесі, – деп жымиды бейнетелефон экранында Балбек.
– Олай деу артығырақ болар. Алғысымызды атабабаларымызға айту ымыз керек. Міне, солардың тасқа жазып қалдырған жазба ескерт кіштерінің арқасында халқымыздың ұлылығын Жер шары ғана емес, күллі әлем мойындап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *