Балалармен психологиялық түзету жұмысын ұйымдастыруда және жүргізуде кешенді бағыт.
Психологтың жеткіншектермен жүргізетін жұмысы ең алдымен олардың іштей үлкен болғысы келетін қажеттілігі, айналадағы ортада өзін анықтауы, өзін түсінуі, өз мүмкіндіктерін жете білуі және өмірде өзінің бар екендігін көрсету сияқты міселелерге негізделген. Жеткіншектерге олардың жекелік қалыптасу процесінің аяқталмағандығына қарамастан ересектерді диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер кеңінен пайдаланылады. Мектеп тәжірибесінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізу барысында диагностика екі кезеңнен жүзеге асырылды:
а) кіріс диагностикасы;
б) шығыс диагностикасы.
Кіріс диагностикасы – айналадағы немесе оқушы тарапынын түсетін шағымдар негізінде оқушының мәселесін анықтау және коррекциялық жұмыстың қандай бағытпен жүргізілетіндігін нақтылау. Бұл үшін зерттеуге арналған арнайы әдіс тәсілдер арқылы оқушының психодиагностикалық картасын жасауға болады.
Біз кіріс диагностикасын жүргізу нәтижесінде оқушылардың мектепішілік мазасыздануы үш жағдаймен байланыстылығын анықтадық.
Бірінші жағдайда, оқушы мұғалімді қабылдамайды, бала мұғаліммен қатынас кезінде агрессия, дөрекілік элементтерін көрсетеді. Бұл оның қорғаныс реакциясының орын алуының кепілі. Қатарластарымен де тіл табыса алмай жүргендер дәл осындай мінез – құлықты көрсетеді. Мұның себебі — өзін төмен бағалауы немесе басқалар төмен бағалайды деген сенімнің орын алуымен байланысты болып табылады.
Екінші жағдайда, оқушы мұғалімнен қорқады, бала үндемейді, психологиялық жағынан тез жарақаттанады, сонымен қатар, бала қатарластарымен де қарым – қатынас жасаудан қашады т.с.с. Мұның негізгі себебі — жоғары мазасыздану, өзін төмен бағалау. Бұл балаларға оқу материалдарын меңгеру қиын, сондықтан бұлармен жеке жұмыс істеу керек. Қатарластарымен қарым–қатынас қиындығы олардың өзіндік басын бағалауы төмендеп кеткенінен пайда болған туынды.
Үшінші жағдайда, бала мұғалімге қатты қызығушылықпен қарайды, бірақ темперамент ерекшелігін әлі меңгермегенімен байланысты ол тұйықтық, үндемеушілік білдіреді, ал мұғалім оны оқушының қабылдамаушылығы деп түсінеді. Осындай қатынастардың оқушымен мұғалім арасында қарама–қайшылық туадырады. Бұл оқушыда танымдық мативацияның артта қалуына және өзіне сенбеушіліктің тереңдеуіне алып соғуы байқалады. Нәтижесінде бала мұғалімнің өзіне сүйеніш болатынына сенімі төмендейді, сонымен қатар, өзінің айналасып жатқан іс-әрекетінде табысты болатынына да сенімсіздікпен қарайды.
Зерттеулер нәтижесі бойынша белгілі болғандай, оқушылардың оқу және қарым-қатынас барысындағы барлық қиындықтары өзіне сенбеушілік пен, мазасыздануымен, өзін төмен бағалаумен байланысты екені анықталды. Сондықтан жетінші сынып оқушыларын бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізудік:
Интеллектуалдық лабильділігін жетілдіру жаттығуларын жүргізу (өздеріне сенімін арттыру үшін);
Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым-қатынасын реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру;
Баланың мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау.
Топтық психокоррекцияны адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалаық „Менін“ шақырып, басқа адамдардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады.
Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Эльконин) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдалақтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүргізіледі, қоршаған ортамен танысу және әрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.
Ойынның дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ойын шынайы іс-әрекеттің түрі болғандықтан оны орындау нақты мәселерді шешуді талап етеді, екінші жағынан – ойынның көптеген сәттері шартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден ойнаушылар құтылып, олардың қөңілддері басқа жаққа, ойынның шарттарына аударылады.
Құрылымдық жағынан ойынға үш ерекшелік тән:
ойын барысындағы қатынастардың реттілігі;
ойынның ішкі сыры барлығы (қатынас екі деңгейде жүргізіледі де, олардың біреуі жасырын сыр болады);
ұтыс бар.
бағыт.