Аңыз – қазақ халық ауыз әдебиетінің тарихи негізі бар сала сы. Онда айтылатын оқиғалардың, кейіпкер аттарының, елді ме кен, жер атауларының, мезгіл мөлшерінің деректілігі басым келеді. М.О. Әуезов: «Қазақ аңыздарының ертегілерден ерекшелігі сол – барлығы да тарихта болған адамдар жайында айтылған, халық шығар ған көркем әңгіме болып келеді. Кейін оларға қоспалар қосылады да, халық творчествосының ерекше бір саласын құрайды», – деп бірден екі жанрдың жігін ашып алады. Қазақ аңыздарын тарихи адамдар ту ралы аңыздар мен күй аңыздары деп екі түрге бөлген.