Адамның қабілеті жалпы және арнайы, тәжірибелік және жоғары теориялық шығармашылық қабілеттер деп бөлінеді. Шығармашылық қабілет тілмен, сөйлеумен, теориялық және логикалық ойменен, теориялық және тәжірибелік инттеллектпен байланысты. Осы қасиеттерді зерттеу және дамыту жолдарын анықтау ғалымдарды ежелден қызықтыруда. Ежелгі грек филInософы Пифагор еңбектерінде адамның дарындылығы мен қабілетін анықтау формуласын жасаған. Қабілеттілікті жан-жақты зерттеген В.М.Теплов берген анықтама бойынша қабілеттілік дегеніміз жалпы және арнайы білім деңгейі. В.М.Теплов қабілеттілікті зерттеу негізінде жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктері қойылған. Олар туа біте көрініс беретін тұрақты қасиеттерге жатады. Олар:
а) жүйке қызметінің күші – ұзақ уақыт қарқында жүретін, жиі қайталанатын жүктемені көтере алуы;
б) жүйке жүйесінің тежелуге қарсы тұруы (тітіркендіргіштің ұзақ уақыт ішінде жиі тигізетін әсерін көтере алатындығы).
В.М.Тепловтың айтуы бойынша қабілеттілік деген ұғым үш құрамды бөліктен тұрады.
Біріншіден – қабілеттілік жеке адамды басқалардан ерекше көрініс беретін жекелік психикалық қасиеттер жиынтығы (темперамент, таным процестері, психикалық жағдайы т.б.). Екіншіден, қабілеттілік әр жеке тұлғаның іс-әрекеттерді тиімді, сапалы орындауы. Үшіншіден, білім және іскерлік деңгейі. Осы үшеуінің басы қосылғанда ғана жеке адам өзінің іс-әрекеттерін ұйымдастыруға қабілеттілік көрсетеді. Сонымен бірге қабілеттілік адамның білімін, іскерлігін, дағдысын одан әрі шыңдауға, жекешелендіруге әсерін тигізетін ішкі реттеуші күш.
Қабілеттілікті зерттеу барысында негізгі үш проблемаға өте көп көңіл бөлінеді:
1-шіден – қабілеттіліктің пайда балуы және табиғаты;
2-шіден – қабілеттіліктің типологиясы және оны диагностикалау;
3-шіден – қабілеттіліктің даму заңдылықтары және қалыптасу ерекшеліктері.
Психология тарихында қабілеттілік жан қасиеті ретінде зерттеледі. Көптеген психологтар бұл қасиет тұқым қуалаушылық қасиеттердің бірі ретінде генотиптен жеке адамға беріледі деп есептелген. Осы тұжырымдама ұзақ уақыт тәлім-тәрбие негізі ретінде қарастырылған. Жалпы қабілеттілік адамның барлық іс-әрекеттерге икемділігін көрсетеді. Мысалы: естігіштік, сезгіштік, көргіштік, дәм ажырату, барлау. Сонымен бірге қимыл әрекеттің барлық түрлерін меңгеру қабілеті (тік жүру, секіру, жүгіру, өрмелеу, жоғарыға шығып, төменге түсу т.б.), жалпы барлық адамдарға тән, тіршілік жасауға негіз болатын әрекеттерге қабілеттілік деп көрсетілген.
А.Н.Леонтьев көптеген зерттеулері барысында адамның барлық әрекеттерді меңгеруі оның іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерімен байланысты екенін анықтады. Қабілеттілік адам өмірінің барлық кезеңдерінде даму жағдайында болатын қасиет. А.Н.Леонтьевтің әрекеттік теориясы бойынша адамның өз іс-әрекетінде қолданып отырған қасиеттері күнделікті шыңдалынады. Ал қажеттілігі болмай, еш қолданылмаған қабілеттілік біртіндеп сөнеді. Сондықтан қабілеттілік өте нәзік, өзіне көп көңіл бөліп, баптап, тәрбиелеп отыруды қажет ететін қасиет. (Мысалы: музыкалық, техникалық шығармашылық, өнерпаздық, математикалық т.б.).