ЖАУ ТЫЛЫНДАҒЫ БАЛА
(Пролог, эпилогы бар екі бөлімді драма)
Қасым Қайсенов шығармасының желісі бойынша
ҚаТыНаСУШылар
а н н а И в а н о в н а – совет офицерінің әйелі
Б о р и с
– оның баласы
Ж а м а л
– совет офицерінің әйелі
С е р і к
– оның баласы
Ж о м а р т м е р г е н б а е в – Серіктің әкесі
П р и м а к
– партизан отрядының командирі
Т а м а р а
– сатқын әйел және бейтаныс әйел
Н е м і с о ф и ц е р і
Партизандар, Неміс солдаты, Бейтаныс еркек.
Оқиға Ұлы Отан соғысы жылдарында Украинада өтеді.
ПрОлОГ
Осы заман. Көктемнің кезі. Вокзал басы екенін аңғарамыз.
Поездың келуін күтіп үш адам тұр. Олар: отставкадағы генерал
– Жомарт мергенбаев, оның ұлы подполковник – Серік
мергенбаев және Жомарттың немересі, он бес жасар қыз –
анна мергенбаева. Қолында тамырын ораған шие ағашы.
а н н а-қ ы з (Ж о м а р т:қа): ата, анна апай сұлу әйел
ме?
Ж о м а р т: Қазір қайдам, қартайды ғой. Қыз кезінде
Шотландияның қуыршағы секілді еді…
340
С е р і к (күліп): Әй, папам-ай, сізде өтірік айтады екенсіз-
ау. Шотландияның қуыршағын қайдан көріп едіңіз…
а н н а-қ ы з: Не нәрсеге де күмән келтіру папамның
әдеті. мамам алдына ас қойса: «Әй, осы шикі емес пе?» –
деп шұқылап отырғаны. (Жомарттың мойнынан құшақтап).
атамның көрмегені бар ма…
Ж о м а р т: (маңдайынан сүйіп). Иә, айналайын, менің
көрмегенім жоқ. ал, Швецарияны Шотландиямен ауыстырып,
қателескенім рас. Берлиннің дүкендерінен ақ сары әдемі
қуыршақтарды көп көріп едім. Тіпті танкінің шынжыр табаны
мыжып кете жаздаған қуыршақты құтқарам деп, оққа ұша
жаздағанмын. Иә, одан бері де 38 жыл өткен екен-ау… Зымыран
уақыт-ай…
а н н а-қ ы з: (Серікке) Папа, Берлинді сен де көрдің бе?
Қандай екен?
С е р і к: Батысын білмеймін, Шығыс Берлин өте әдемі
қала.
Ж о м а р т: Жеңістен соң қайтып көруге жазбады. Көп
өзгерген шығар.
Бұлар тұрған жерге жақын орындыққа Бейтаныс әйел келіп
отырады.
Б е й т а н ы с ә й е л: Кешіріңіздер, поездің кешігу себебін
білмейсіздер ме?
С е р і к: Жоқ дегенде, бір екі сағат кешігу кез келген
поездың сырқаты емес пе. (Сағатқа қарап). Енді бір 30–40
минутта келіп қалар. (Әкесіне). ардагерлермен кездесу кеші
қалай өтті?
Ж о м а р т: Өте жақсы ұйымдастырған. айтар жоқ.
Көңілімізді бір көтеріп тастады. (Күрсініп). менің қатарым да
сиреп барады…
Пауза.
С е р і к: анна апамыз бізді таныр ма екен?..
341
Ж о м а р т: Ол да қартайып қалды… Дегенмен, анна
Ивановна зерек те зерделі әйел еді ғой. Жақсылығын жалғанда
ұмытармыз ба.
С е р і к: Өзіміз танымай қалып жүрмесек…
а н н а-қ ы з: Сіздерді білмеймін, өзім жазбай танимын.
міне, суреті. (Сумкасынан сурет алып көрсетеді).
С е р і к: (таңырқай) Қайдан алдың?
а н н а-қ ы з: Я же переписываюсь с ней.
Ж о м а р т: Өңі әлі жас.
Б е й т а н ы с ә й е л: Поезы түскір әбден кешікті-ау.
(Серікке). Сағатың қанша болды, шырағым?
С е р і к: Сегіз жарым… Қайда барушы едіңіз, шешей?
Б е й т а н ы с ә й е л: Украинаға.
С е р і к: Киевтің өзіне ме?
Б е й т а н ы с ә й е л: Одан ары… Подольскіге дейін.
а н н а-қ ы з: Біз де сол қалаға барамыз.
Ж о м а р т: Жолымыз бір екен. Таныса отыралық. Осы
қаладансыз ба?
Б е й т а н ы с ә й е л: Жоқ. Сарқанттанмын. Соғысқа дейін
Украинада тұрғанмын. Эвакуация кезінде осы Қазақстанға
көшіп келгенбіз. атаңа нәлет фашистер болмаса, жылы орын,
жайлы мекенімізден қоныс аударар ма едік.
С е р і к: Бұл жақ ұнамаса, соғыс біткен соң қайта көшіп
кетпедіңіз бе?
Б е й т а н ы с ә й е л: Үйреніп қалдық. Енді төрімнен көрім
жуық қалғанда туған жерімді бір көріп қайтуға кетіп барамын.
С е р і к: (қадала қарап) мен сізді бір жерде көрген
секілдімін. Әсіресе, көзіңіз таныс…
Б е й т а н ы с ә й е л: Үйінен бірінші рет ұзап шыққан бей-
бақты қайдан көресің, шырағым? Басқа біреумен шатастырып
тұрған шығарсың.
С е р і к: мүмкін… Бірақ сөз жоқ, көрген адамымсыз.
а н н а-қ ы з:. ата, поезд келе жатыр.
Жұрттың қозғалысы. Паровоздың даусы естіледі.
342
Бірінші бөлім
БІрІНШІ КӨрІНІС
В о к з а л: Жолаушылар поезын тосып майор мергенбаев
пен анна Ивановна тұр. Қолдарында гүл.
Ж о м а р т: анна Ивановна, сіз қайта бересіз-ау деймін.
Поезд кешігетін түрі бар.
а н н а И в а н о в н а: О не дегеніңіз? (Күліп).
Жамалдың елден әкеле жатқан сәлем-сауқатын жалғыз
өзіңіз жемексіз бе?
Ж о м а р т: Егер Жамал олжалы оралса, қапшығымен
түгелдей сізге арқалатып жіберермін.
а н н а И в а н о в н а: Ендеше, осыған уәделестік.
Пауза. Вокзалдағы қара табақ радиодан жеңіл музыка
ойнайды.
Ж о м а р т: Каменецк-Подольск қаласына бауыр басып
қалыппыз. Танкистердің өмірі көшпелі ғой, күні ертең басқа
бөлімге ауыстырамыз десе, әсіресе анатолий андреевич пен
сізді, қимайтын секілдіміз.
а н н а И в а н о в н а: рас, біз де жақсы көріп кеттік сіз-
дерді.
Ж о м а р т: Иә, біз туыс адамдармыз. Осыдан 210 жыл
бұрын ата-бабаларымыз ант берісіп, өз еркімен қосылып еді
россияға. Әне, біздің достығымызға екі ғасырдан асып кетті.
Пауза. музыка толастаған жоқ.
а н н а И в а н о в н а:
(аспанға қарап) Бүгінгі түн қандай
әдемі. Жұлдыздар жақыннан жымыңдап тұр.
Ж о м а р т: (толқып) Шынында да, осыншалық сұлу әрі
тынышты түн мың жылдан бері болмағандай. Бейбітшілік
дегеніміздің өзі жолаушыларды гүлмен қарсы алып, алыс
сапарға шығарып салу екен-ау.
а н н а И в а н о в н а: (күліп) Жомарт мергенбаевич,
байқайсыз ба, сіздің шашыңыз мынау түн секілді, қап-қара.
343
Ж о м а р т: рақмет комплиментіңізге. ал, сіздің шашыңыз
жап-жарық – күн секілді.
Осы кезде Борис келеді. Оның қолында да гүл.
Б о р и с: (ентігіп) мама, мені жалғыз тастап қашып
кеткенің қалай?
а н н а И в а н о в н а: Өй, сен қайдан жүрсің. мен үйден
шыққанда ұйықтап жатыр едің ғой. ағаңа сәлем бер.
Б о р и с: (қолын ұсынып) Здраствуйте, дядя Жомарт
(Мамасына). Сен Жамал апайды қарсы алсаң, мен Серікті…
Осы жолы баласын ала келеді деп айтқан өзің ғой.
а н н а И в а н о в н а: (бетінен сүйіп) Баламысың деген…
Папаң звондады ма?
Б о р и с: Жоқ.
Поездың келе жатқанын хабарлайды. Олар вагонға қарай
жүреді.
а н н а И в а н о в н а: Қай вагонда еді?
Ж о м а р т: Төртінші. Ұлымды көрмегеніме де біраз уақыт
өтіпті-ау. 1939 жылы елден аттанғанда бесінші класта оқитын.
Енді, міне, жетіншіні тәмамдап, әкесіне қонаққа келе жатыр.
Б о р и с: Дядя, Жомарт, Серік орысша біле ме?
Ж о м а р т: Ол орыс мектебінде оқиды ғой.
Б о р и с: (қуанып) Ура! менімен ойнайтын бала табылды.
Вокзалда дабыр-дұбыр көбейеді. Сахнаға Жамал мен Серік
шығады. Жүктері бар.
С е р і к: (тұра ұмтылып) Папа! Папатай!
Ж о м а р т: (құшақтап, сүйіп) Құлыным! маңдайға басқан
жалғыз ұлым! атасының ермегі. Сағындырдың ғой әкеңді!
С е р і к: Сағынғаның шын болса, іздеп келер едің.
Ж а м а л: (күліп) Әкесі-ау, мені де бір айдан бері көрмеп едің,
тіпті менсінетін түрің жоқ қой… Тоқал алғаннан саумысың?..
Ж о м а р т: (құшақтап) Кешір, Жамал.
Ж а м а л: (Аннаға бұрылып) Ой, ұят-ай, сізді байқамай қа-
лыппыз ғой. Саламатсыз ба, анна Ивановна.
а н н а И в а н о в н а: Есен-сау келдіңіз бе?!
344
Ж а м а л: Қазақстан алыс қой. Он күн дегенде әрең
жеттік.
Ж о м а р т: анна Ивановна, танысып қойыңыз, біздің ұл,
Серік мергенбаев деген мына кісі болады.
а н н а И в а н о в н а: Сүп-сүйкімді бала ғой өзі. аумаған
әкесі. азамат ұлдарыңыз бар екен, құтты болсын.
Ж о м а р т: аумаған атасы деңіз.
Б о р и с: (жақындап) менің атым – Б о р и с:
С е р і к: менің атым – Серік:
а н н а И в а н о в н а: Кешіріңіз, Жомарт мергенбаевич,
өзіңізден гөрі балаңыздың орысшаға тілі жатық екен.
Ж о м а р т: Ол рас. ал, не тұрыс, қалған әңгімені үйге барып
жалғастырайық. Жамал, ау, Жамал, дорбаңда сәлем-сауқат бар
ма еді? Түгелімен анна Ивановнаға арқалатып жібер. Келісім
солай.
Ж а м а л: алыңыз, бір айға жететін азық бар.
а н н а И в а н о в н а: рақмет. (Әзілдеп). Ендеше, үйге
жеткізіп тастаңдар…
Барлығы күліп, дабырласа сахнадан шығады.
ЕКІНШІ КӨрІНІС
Шам жанғанда Жомарттың үйін көреміз. Дастарқан
жасалып қойылған. мұнтаздай таза. Жеңіл музыка.
Ж о м а р т: міне, біз де келіп жеттік. Өз үйім – өлең төсегім
деп қазақтар бекер айтпаған.
Ж а м а л: (таңдана) Жомартик, (мойнына асылып) қандай
керемет жігітсің, не деген пысықсың… адамның қадірін білу
үшін алысқа аттану керек екен-ау. Үйлену тойын жасайтындай-
ақ әзірлеген екенсің дастарқанды…
Ж о м а р т: Екеуіңнен нені аяйын…
Ж а м а л: Туу, абыр-сабыр болып жүріп, қонақтарды ұмы-
тыңқыраппыз-ау. анна Ивановна, төрге шығыңыздар. Таң
атқанша тойлайық… айтпақшы, анатолий андреевич қайда?
Ж о м а р т: Ол кісі бүгін кезекшілікте. Сені қарсы алатын
болған соң, мені босатқан.
345
Ж а м а л: Қап-ай, бірге болғанымыз жақсы еді…
Ж о м а р т: Серік пен Жамал келе жатыр деп бүкіл шекараны
ашып тастаймыз ба?.. Сақтықта – қорлық жоқ.
Серік пен Борис шүйіркелесіп, домбыраны қызықтап тұра-
ды. Барлығы дастарқанға жайғасады. Жамал дорбаны ақтарып,
ауылдан әкелген құрт-ірімшіктерін шығара бастайды.
Ж а м а л: міне, елдің дәмі.
Ж о м а р т: (құртты иіскеп) ауылдың, анамның иісі
шығады. Жамалжан-ау, осының барлығын қалай ғана арқалап
келдің? мықтысың ғой өзің… Тіпті сүрлеген қазы бар.
Ж а м а л: (наздана) Өзім дегенде, өгіз қара күшім бар, деген
емес пе? Тіпті жол ұзақ, дегеніме қарамай, апам арқалатып
жібереді.
Ж о м а р т: (күрсініп). Иә, ел іші – алтын бесік деген сол…
ағымнан жарылсам, туған жерімді аса сағынып жүрмін.
Ж а м а л: Ой, өзің жылайын деп тұрғаннан саумысың…
Ж о м а р т: Келесі жылы бірге барамыз, Жамал. міндетті
түрде. Одан арыға шыдамаспын да. Кемпір-шалдан да ұят,
жалғыз ұл қайырылмай кетті, деп ойлайды ғой…
Ж а м а л: Ерігіп жүрген жоқсың ғой, атамдар түсінеді оны.
Қызметің солай.
а н н а И в а н о в н а: Екеуің қиялдап, бізді ұмытып
кеттіңдер-ау…
Ж а м а л: (бетінен сүйіп) Кешір, аннушка. атам мен
анамды сағындым деп кемсеңдеген…
а н н а И в а н о в н а: Түсінемін. мен де деревнядағы әке-
шешемді жылына бір рет көрмесем тұра алмаймын.
Ж о м а р т: «анаңды меккеге үш рет жаяу арқалап барсаң да,
қарызынан құтыла алмайсың», – деген қазақтар. Тек осы сөзім,
осы махаббат анау ұлдардың бойына дарыса ғой. (Бокалдарға
шампан құйып). ал, өзімді тамадалыққа сайлаймын.
а н н а И в а н о в н а: Қарсылық жоқ.
Ж а м а л: Дауысқа саламыз.
Ж о м а р т: Олай болса, балаларды да қосалық. Әйтпесе,
адам саны жетпей тұр. Оу, Серік, Борис, бері келіңдер, мен
бастық болайын деп жатырмын.
346
а н н а И в а н о в н а: Серік, сен кім боласың? Әке жолын
қуатын шығарсың? Біздің Боря офицер боламын деп жасын
күнде санайды.
С е р і к: Жоқ, анна тәтей, мен әскери қызметті жек
көремін.
а н н а И в а н о в н а:
(таңдана) Неге, қалқам-ау?
С е р і к: Офицер болғым келмейтін себебі – ешкіммен
соғысқым келмейді. атам секілді түйемді бағып, әнімді салып
бейбіт қартайсам деймін.
Ж а м а л: (сөзін бөліп) Әкесі-ау, ұлың екеуің дискуссияны
кейін жалғастырарсыңдар. Тамағымызды ішелік те, суып
қалды.
а н н а И в а н о в н а:
(басынан сипап) Дегенмен, Серік,
жарайсың. Өзінің көзқарасы бар баладан айналмайсыз ба.
Ж а м а л: «Әкесі тұрып, ұлы сөйлегеннен, шешесі тұрып,
қызы сөйлегеннен без» деп біздің халық бекер айтпаған. ата
тәрбиесін көрген бала бұлай сөйлемес болар.
Ж о м а р т: ал, жолдастар, мен тамада болсын дегендерің
қол көтеріңдер. (Жамалдан басқасы, өзі де қол көтереді).
Жамалжан, жалғыз өзің қалып қойдың. Әуелгі тосты
ортамыздағы дос ана, совет офицерлерінің адал жары – анна
Ивановна мен Жамал мергенбай келіні үшін ішеміз.
а н н а И в а н о в н а: Әрі қатты, әрі қышқыл екен. Сыра
ішкенде таптырмайтын закуска ғой мынау.
Ж о м а р т: Құрт деген жарықтық жақсы ғой. Осы қалпында
тимей сақтап қойсаң, тура жүз жылға бүлінбей шыдайды.
(Телефон шылдырлайды. Трубканы Жомарт алады). майор
Жомарт мергенбаев тыңдап тұр… Ә-ә, өзіңсің бе?.. рақмет-
рақмет. Келді, келді… Ұлым да… Қарсы алдық. Біздің үйде…
Тойлап жатырмыз. Тыныштық па… Қазір шақырайын…
(Аннаға). Сізді шақырады.
а н н а И в а н о в н а: алло! Біз мұнда ішіп отырмыз…
Иә… (Күліп). менің қолымнан не келеді, қазір-ақ шақыртып
алар едім… Боря мен Серік достасып та үлгерді. Біраздан соң
қайтамыз… Тамақ әзірлеп қоямын.
Осы кезде трубканы Жомарт алады.
Ж о м а р т: Өзім сөйлесейін. аллоу, біз сіздің кезекшілі-
гіңіз аяқталғанша кірпік ілместен осы үйде күтеміз. Сондық-
347
тан анна Ивановнаға түн ішінде тамақ әзірле деп әурелемей-ақ
қойыңыз. Келістік пе? Жақсы. (Трубканы қояды). ал, қыздар,
билейік.
Патефон ойнайды. анна мен Жомарт билейді. Серік пен
Борис оңаша шығып әңгімелеседі.
Б о р и с: Серік, мен сені Сережа деп атасам қайтеді?
С е р і к: (күліп) Ендеше, мен сені Боранбай деймін…
Б о р и с: Сендер жақта бір тал ағаш жоқ, қуарған қу дала,
құм, күндіз-түні ып-ыстық жел соғып тұрады, түйеден басқа
жануар шыдай алмайды, деп естігенмін, рас па?
С е р і к: Нешінші класта оқисың?
Б о р и с: (таңдана) Сегізіншіні бітірдім.
С е р і к: География деген сабақ барын білесің бе?
Б о р и с: Білемін.
С е р і к: Олай болса, Қазақстан жайлы, оның ауа райы, жер
жағдайы туралы мұғалімдерің түсіндірді ме?
Б о р и с: айтқан.
С е р і к: Ендеше, дұрыстап айтпаған екен. мұғалімдерің
нашар болған немесе сенің миың аз болған. Қазақстан жеріне
бүкіл Европа сыйып кетеді. Жер шарында қандай ауа райы бар
– бізде соның барлығы табылады, жап-жасыл орманы, айдын
шалқар көлі мен толқыған теңізі, тіпті бүкіл аң-құс, құрт-
құмырсқаның қайсыбірі де өріп жүр…
Б о р и с: (қызыға) Серік, келесі жылғы каникулда
Қазақстанға барамын.
С е р і к: (маңғаздана) мамаң мен папаң жылан шағып
алады, қасқыр жеп қояды деп жібермей қойса қайтесің?
Б о р и с: Қашып кетемін.
С е р і к: Географияны да нашар біледі екенсің,
адасарсың…
Ж а м а л: Әй, балалар, сендер жатсаңдар қайтеді. Сағат
үштен асты.
а н н а И в а н о в н а: Ұйықтаңдар. Ертең де күн бар. Серік
жолдан шаршап келді.
С е р і к: Он күн бойы ұйқыдан басым істі.
Б о р и с: Ой, мама, біз енді ғана Қазақстанға жете беріп
едік, сіздер жолдан қайтарып жібердіңіздер.
348
Ж о м а р т: мамаларың бәрібір тыныштық бермейді.
Ұйықтайтын бөлмеге барсаңдаршы. (Көзін қысып). ар жағын
өздерің білесіңдер ғой… Сахалинге барып қайтсаңдар да…
С е р і к: Ол да ақыл екен.
Екі бала бөлмеге кетеді. Жомарт бокалдарға шампан
құяды.
Ж о м а р т: ал, қыздар, ішкен-жегенімізді секіріп-секіріп
төмен түсірдік, енді дастарқанға жақындаңдар.
а н н а И в а н о в н а: (көңілді) Жомарт, сен сондай ақылды,
жақсы жігітсің. Шөлдеп тұрғанымызды қайдан сезе қойдың?..
Жамал, рұқсат ет, күйеуіңнің бетінен сүйейін…
Ж а м а л: Әй, осы екеуіңнің араңда бір пәле бар.
Бәрі күледі. Жомарт домбыра шертіп, ән айтады.
а н н а И в а н о в н а: Бис! молодец! Екі ғана шегі бар
домбырадан осыншалық әдемі де әсем әуен шығады деп кім
ойлаған.
Ж о м а р т: Келіңдер, осы тосты тыныштық үшін
көтерелік.
Ж а м а л: Тыныш өмір үшін!
а н н а И в а н о в н а: Бейбіт күніміз үшін!
Осы шақта жер дүниені жаңғыртқан дүмпу, самолеттің гүрі-
лі естіледі. Олар еріндеріне апара берген бокалды ұстаған күйі,
сілейіп тұрып қалады.
Ж а м а л: (шошына) Бұл не?!
а н н а И в а н о в н а: Күн күркіреді-ау деймін.
Ж о м а р т: (терезеден қарап) аспан шайдай ашық қой.
Ж а м а л: Учение болып жатқан шығар…
Ж о м а р т: Шекараның дәл түбінде әскери дайындық
болмайды, Жамалжан.. басқа… бұл тегін жарылыс емес…
Дүмпу тағы қайталайды. Үй ішіндегі ыдыс-аяқ сылдырлап
кетеді. Жомарт тез киіне бастайды.
Ж а м а л: Қайда, қайда барасың, Жомарт!?
349
Ж о м а р т: Бөлімшеге.
Жатын бөлмеден балалар атып шығады.
Б о р и с: Не болды, мама! Бомба жарылды ма?
а н н а И в а н о в н а: Қай-қайдағыны айтпа.
С е р і к: Биыл жылан жылы, бір пәле болар деп айтып еді
атам, рас болды.
Телефон шылдырлайды.
Ж о м а р т: майор мергенбаев тыңдап тұр! (Шошына).
Не?! Қашан?! Қай жерде?! Кімдер?! (Пауза). Құп болады,
жолдас полковник! Қазір! (Телефон тұтқасы шала ілінеді де,
арада орнаған сәл үнсіздікті бұзып, дыңылдайды. Жомарт
шыға жөнеледі). Соғыс! Немістер шекараның өн бойынан
шабуыл жасапты!
Б о р и с: Ура! Біз де солдат боламыз.
анна баласын шапалақпен тартып жібереді.
а н н а И в а н о в н а: Ірігеннің аузынан, шіріген сөз
шығады.
С е р і к: (күрсініп) атамның айтқаны айнымай келді. Жылан
жылы…
Ж а м а л: (бетін басып жылап) Құдайым-ай, Серікті бекер-
ақ әкелдім. апамдар жібергісі келмеп еді… Бүкіл үй-ішімізбен
қырылып қалатын болдық-ау… атар таңымыз, шығар күніміз
алда еді ғой…
а н н а И в а н о в н а: (құшақтап) Қой, Жамал, жыламашы,
шекараны ғана бұзған шығар. Сөз жоқ, тұмсықтары қанап, кері
қайтады. Немістер мен біздің үкімет арасында соғыс ашпаймыз
деген келісім бар.
Ж а м а л: Келісімге қарар деймісің анталаған қорқаулар.
Соғыспаса, ішкені батпайтын қанішерлер бүкіл Европаны
жаулап алды емес пе. Іргеде бейбіт жатқан елге көз алартпай
тұра алар ма? апыр-ай, біздің әскерлер қалай ғана қапы қалды
екен…
Телефон тағы қоңыраулайды. Тұтқаны анна көтереді.
350
а н н а И в а н о в н а: алло, тыңдап тұрмын. менмін…
(Өңі бұзылып, буын-буыны дірілдейді). Боря осында… Енді бір-
бірімізді көре алмаймыз ба?.. мақұл… Түсінемін ғой… Бізді
уайымдама, тірі жанбыз ғой, қарап отырмаспыз… (Кемсеңдеп).
мен сені тосамын, жаным. (Трубканы іледі, көзін сүртіп).
Жағдай шынында да қиын, Жамал. Өз күнімізді өзіміз көрмесек,
азаматтардың барлығы қолына қару алып, соғысқа аттанып
кетіпті. Жаудың беті жаман. Эвакуацияға дайындалайық.
асығыс шыға жөнеледі. Бөлмеде Жамал мен Серік қана
қалады.
С е р і к: атам не деген әулие еді… Сезді ғой осылай боларын.
мама, енді не істейміз? Папам қайтып келмей ме?
Ж а м а л: (құшақтайды) атасына тартқан кішкентай ғана
«ақсақалым» менің. Бекер әкелдім сені, бекер-ақ…
Оны-мұны заттарын чемоданға сала бастайды. Телефон
шылдырлайды. Жарық майор мергенбаевқа түседі.
Ж о м а р т: алло! Жамал! мені естіп тұрмысың?..
Қорықпаңдар. Жылап-сықтай бермей, өз-өзіңе берік бол.
Серікті аман-есен елге жеткіз.
Қатты жарылыстан телефон үзіліп кетеді.
С е р і к: (трубкаға) Папа! Көке! Әке!
ҮШІНШІ КӨрІНІС
Вокзал басы. Улап-шулаған ығы-жығы ел. Көптің арасынан
Жамал, Серік, анна Ивановна мен Бористі көреміз.
Ж а м а л: Қай вагонға отырамыз?
а н н а И в а н о в н а: Таңдап тұруға уақыт қайда, кез
келгеніне отыра салайық та. Балалар, адасып қалмаңдар…
Бұларға әдемі киінген сұлу келіншек жақындайды.
Т а м а р а: ау, совет офицерінің әйелдері, сәлем! Күйеулерің-
ді тастап қайда қашып барасыңдар? Қолдарыңа қару алып,
жауға қарсы шабады десем, бас сауғалап тұра безгендерің
қалай?..
351
Ж а м а л: (сыбырлап) Бұл қай сұлу?
а н н а И в а н о в н а: менімен бірге оқыған қыз…
Т а м а р а: Немене, жігітімді сен тартып алған соң күйеусіз
қалады дедің бе?
а н н а И в а н о в н а: Европадағы ең сұлу келіншексің,
саған күйеу табылмаушы ма еді… мына жүрісіңе қарағанда,
жауды қарсы алуға мықтап дайындалған секілдісің…
Т а м а р а: Қарсы алса несі бар. Олар да адам баласы,
иттен туып, іннен шыққан жоқ шығар. Біле-білсең, әлемдегі ең
ақылды ұлт – немістер… Каменец-Подольскіде тудым, осында
өстім, білім алдым… Сен секілді туған жерін тастап, алды-
артыма қарамай шығысқа қаша жөнелейін бе…
а н н а И в а н о в н а: Тегіңе тартқан екенсің. Әкең де Совет
өкіметінің жағасына жармасып өліп еді…
Т а м а р а: (зілденіп) аруақты қозғама! Ол өз шындығы
үшін күрескен адам.
а н н а И в а н о в н а: Бір бармағыңды бүгіп жүр екенсің
ғой…
Паровоздың гудогі естіледі. Жұрт жапа-тармағай вагонға
ұмтылады. Жау самолетінің гуілі естіледі, бомбылай бастайды.
Дүние астан-кестен болады. Тынышталғанда, ағаш түбін
паналап отырған Жамал мен Серікті көреміз. Жамал жараланып
жатыр.
С е р і к: (шырқырай жылап) мама! Саған не болды?
маматайым…
Ж а м а л: (ауырсына) Құлыным! Серігім менің! Ж-а-л-ғы-
зым… менің… Ух, аллай-ай, қиналды-ау, жаным… Ертеңгі күнің
не болар екен?.. Жазығым не менің?.. Бар жазығым жарымның
соңынан еріп келгенім бе… Серік… Сені кімдерге тастап
кетемін?.. Келші… ақырғы рет мауқымды басып сүйейін…
Серікті бауырына тартып аймалайды.
С е р і к: (зар еңіреп) маматайым! Өлмеші!.. атам ұрсады
ғой маған… Папама не деп айтамын?.. Жұмбашы көзіңді…
Ж а м а л: (ауыр демалып) Жарығым, ақылды қозым… Сен
тірі қалсаң, елге аман-есен оралсаң – одан артық арман бар ма?
Әке-шешеңнен бірдей айрылып, қу жетім атанар ма екенсің…
Қайтейін, балам, қайтейін… Хош, ел-жұртым, хош, туған жер,
352
хош, өскен ел… Тәңірім, табиғат ием, жалғыз ұлымды саған
т-а-п-с-ы-р-дым…
С е р і к: (ышқына айқайлап) мама! Өлмеші! Жалғыз
тастамашы мені! Қорқамын… сенен айрылып қалсам, атам
ұрсады ғой…
анна мен Борис келеді.
а н н а И в а н о в н а: (Жамалдың жүрегін тыңдап). Қайран
құрбым-ай, арманда кеттің-ау.
Борис Серікті құшақтап, ол да жылайды. Жау солдаттары-
ның мылтық атып, дабырлағаны естіледі. анна Серік пен
Бористі жетелеп қашады. Серік: «мама», – деп жұлқынып,
шешесінің өлі денесіне ұмтылады. Сахнаға неміс солдаттары
шығады.
Н е м і с с о л д а т ы: (Жамалға үңіле қарап). азият…
Европада қайдан жүр бұл?
аяғымен түрткілеп өлі-тірісін тексереді. Кетеді. Басқа
бір ағаштың түбінен сығалап қарап тұрған анна айғайламақ
болған Серіктің аузын алақанымен басады.
Жарық сөніп, қайта жанғанда жас қабірді, сол қабірге гүл
қойып, жылаған анна Ивановна, Серік пен Бористі көреміз.
а н н а И в а н о в н а: Қош, аяулы Жамал! Топырағың
торқа болсын. Обалың жас өміріңді қыршын қиған неміс
басқыншыларына. Сен үшін қасық қаным қалғанша кек аламын.
Серігімді көзімнің қарашығындай сақтармын. Өз баламнан
артық көріп, Жомарттың қолына табыс етермін. Бақыл бол!
С е р і к: (ұмтылып барып, қабірді құшақтап) маматайым!
Папам мен атама не деймін? Қалай айрылып қалдың, деп
ұрсады ғой. мені жалғыз қалдырмашы, мама! м-а-м-а!
Осы кезде барабандата автоматын кезенген фашистер легі
жақындайды. Бұларға қарсы жақтан қара жамылған әйелдер
қарсы шығады. «Топан» күйі ойналады.
353
ТӨрТІНШІ КӨрІНІС
Орман. Партизандар. Отряд командирі Примак пен анна
Ивановна әңгімелесіп отыр. Бөрене бөлменің ішінде парти-
зандардың керек-жарақтары.
а н н а И в а н о в н а: …Сіздің пікіріңізге толық қосы-
ламын, деп айта алмаймын, жолдас капитан. Бала – біздің
болашағымыз. Ендеше, оларды қалайда сақтауымыз керек.
Сайып келгенде, Отанды қорғау дегеніміз – баланы қорғау ғой.
П р и м а к: Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел қамын жер азамат
екенін түсінбейді дейсіз бе, анна Ивановна. Сондықтан да
біздің міндетіміз партизан отрядындағы екі-үш баланың қамын
жеу емес, сонау тылда жатқан миллиондаған сәбидің өміріне
қауіп-қатер төндірмеу. Серік пен Борис естияр балалар, өздері
де түсінеді.
а н н а И в а н о в н а: Еліктеу арқылы ерлікті аңсайтын
романтиканың әсерінен арылып болған жоқ.
П р и м а к: (темекі тұтатып) Жо-жоқ, олай ойламаңыз.
Олар не істесе де ақылмен, санамен істейтін ересек балалар.
адамды есейтетін уақыт емес, уақиға… Көзіңді жұмып көлге
секірер әумесерліктен гөрі, Отан мүддесін шын түсінген өжет
жігіттер…
а н н а И в а н о в н а: (мырс етіп күліп) Өжет жігіттер,
дедіңіз-ау… Қалай десеңіз де, бұл тапсырмаға жібере
алмаймын, қинамаңыз. Сережа, Серікті айтамын, шешесінің
өлімін өз көзімен көрген жетім… Әкесінің қайда жүргенін де
білмейді. Қазақстанға он екі мүшесін сау, аман-есен жеткізу
аруақ алдындағы борышым. Тіпті, өз ұлым Бористі жалғыз
жіберсем де, Серікті мұндай қауіпті сапарға қия алмаймын…
мен – анамын.
П р и м а к: (ойланып, әрі-бері жүреді) Да-а, сіз мұндай
тәуекелге барады деп ойлаған жоқ едім… Бұл кез келген
ананың қолынан келмес те. (Паузадан соң). Бірақ, сіз баланың
ғана емес, бүкіл балалардың, тіпті бүкіл адамзаттың анасы
екеніңізді ұмытпаңыз.
354
а н н а И в а н о в н а: ауырлау айттыңыз… Бұл тапсырмаға
Бористің жалғыз өзін жіберейін деген пікірімнен айнымай-
мын. Біріншіден, Боряның жасы сәл де болса үлкен, ақыл
тоқтатқан, екіншіден, Серік – қоңыраулы бала, Украина орман-
ында қара бала қайдан жүр деп немістер күдік алады.
П р и м а к: мұныңыз жөн, анна Ивановна. мені қайран
қалдырып тұрған – қазақтың ұлын өз балаңызды құрмалдыққа
шала қорғағаныңыз.
а н н а И в а н о в н а: «Бүкіл Отанымыздың анасы» –
деп асыра бағаламадыңыз ба. Олай болса, жер бетіндегі бала-
ның ана үшін ақ, қарасы, ұлты жоқ, бәрі бірдей. Бористің
шешесі – тірі, ал Серік болса – жетім.
П о п о в: Үлкен жүректі адам екенсіз, анна Ивановна.
Сіздей жар тапқан полк комиссары Савченко жолдастан бақыт-
ты жан жоқ шығар.
а н н а И в а н о в н а: (күліп) Қызғанасыз ба?
П о п о в: Жоқ. Қызығамын.
а н н а И в а н о в н а: Вокзал басынан Тамараны көрдім.
Бұрынғыдан ары сұлуланып кетіпті…
П о п о в: (күрсініп) Ескі жараның аузын тырнап қайтесіз.
адам қателесем десе, адасам десе, қас пен көздің арасында…
мен одан бұдан үш жыл бұрын айрылысып кеткенмін…
Түрмеде өлген әкесінің өлімін менен көреді. Туыстарының
жат мінез, арам пиғылынан көрмейді. Юхно селосындағы әке-
шешемді неміс фашистері азаптап өлтіріпті. Тегі Тамара айтып
қойса керек. Әйтпесе, Чапаев партизан құрамасы командирінің
семьясы екенін қайдан біледі…
а н н а И в а н о в н а: (сасқалақтап) …кешіріңіз…
П р и м а к: (шұғыл бұрылып) Бористі шақыртайық,
(дауыстап) партизан Борис Савченко, мұнда келіңіз!
Борис кіреді.
Б о р и с: (қолын шекесіне апарып). Партизан Савченко сіз-
дің бұйрығыңыз бойынша келіп тұр, жолдас капитан!
П р и м а к: Отставить! Отырыңыз. (Бала шешесіне жау-
таңдап қарап, қасына отырады). Сізді жауапты тапсырмаға
жұмсамақпыз.
355
Б о р и с: (қарғып тұрып) Бұйрығыңызды орындауға
дайынмын! Бірақ… (Желкесін қасиды).
П о п о в: Не бірақ…
Б о р и с: Бірақ… мен жалғыз барамын ба?
П о п о в: Немене, қорқасың ба?
Б о р и с: (қайта тікейіп). Қорықпаймын, жолдас капитан!
мұндай жауапты тапсырманы Серік екеуміз бірігіп атқаруға
дайындалып едік.
а н н а И в а н о в н а: Серікті дәл осы жолы жіберуге
болмайды, Боря.
Б о р и с: ренжиді ғой.
П р и м а к: Бұл жер балабақша емес, партизандар отряды.
Сондықтан да, қандай тапсырманы еңбектеген баладан,
еңкейген кәріге дейін бұлжытпай орындауы керек. Серік сен
келгенше аттарды баға тұрады… ал, сенің міндетің – (ойлана
жүріп) Подольск қаласына барып, жалпы жағдайды болжау…
Ондағы астыртын ұйымға бізден алғашқы хабарды жеткізу…
Бізге керегі жау әскерінің қаладағы саны, қару-жарақ мөлшері.
Көпір арқылы өтіп, күзеттің күшін байқайсың. Әсіресе,
темір жол мен вокзалды тексер… Шығысқа қарай қандай жүк
тасымалдап жатқанын анықтау керек. Қалғанын анна Ивановна
айтар.
а н н а И в а н о в н а: Кел, жаныма отыр, Боря. (Құшақтап
сүйеді).
Б о р и с: мама, мен кішкентай бала емеспін ғой.
а н н а И в а н о в н а: Кішкентай ғана жауынгерім менің…
Сен қалаға барған соң, көшеде бостан-бос қаңғи берме… мына
адреспен анатолий деген кісіні тауып ал. (Қағаз ұсынады).
П р и м а к: (сөзін бөліп). адресті жадыңа сақта да, қағазды
жыртып таста.
а н н а И в а н о в н а: анатолий екеуміз Виница педагоги-
калық институтында бірге оқығанбыз. Қызыл армия қаладан
шегінер алдында көргемін, астыртын ұйымға қалдырыпты.
мұндағы жағдайды анықтап айтарсың.
П р и м а к: (сөзін бөліп) Байланыс керек де, байланыс…
Бет-бетімізбен лақпай, бірігіп қимылдағанымыз жөн.
356
а н н а И в а н о в н а: ал, жолың болсын, ұлым! Сақ бол.
Өз бетіңше еш нәрсе істеме.
П р и м а к: Қаладағы астыртын ұйым мен партизандар
арасындағы алғашқы байланысшы өзіңсің. маңдайыңдағы
қызыл шүберекті, қолыңдағы қаруыңды тапсыр.
Борис қызыл шүберекті шешіп, мылтығын да қоса столға
қояды.
а н н а И в а н о в н а: Ендігі қаруың – сақтық, ұлым…
П р и м а к: (иығынан қағып) Орындаңыз!
а н н а И в а н о в н а: (құшақтап) аман орал мені жылатпай,
балам. Онсыз да жасым аз төгілген жоқ…
П р и м а к: анна Ивановна… мұныңыз әлсіздік қой…
Борис сарт-сұрт шыға жөнеледі. Оны есік көзінде Серік
аңдып тұрады.
С е р і к: Сен қайда барасың? мылтығың қайда?
Б о р и с: (қашқалақтап). Жай әншейін… тәртіп бұздың деп,
алып қалды…
С е р і к: Жоқ-жоқ, сен, қу, бір нәрсені жасырып тұрсың.
«Өлсек те, бірге өлеміз», – деп анттасқанымыз қайда? Сені
бұдан былай дос, туыс деп санамаймын… (Қолын сілтеп). Әй,
сендерге сеніп жүрген мен ақымақпын…
Бұрылып жүре береді.
Б о р и с: (соңынан ере). Серік, Сережа деймін, тоқта-
шы… Жүрші былайырақ, (жеңінен тартып) ел көзінен жасы-
рынайық.
Жарық сөніп, қайта жанғанда ағаштың түбінде әңгімелесіп
отырған екі баланы көреміз. Құстың сайрағаны естіледі.
С е р і к: Құлағым сенде, айта бер.
Б о р и с: (оның мойнынан құшақтап). Өкпелеп қалдың ба?
Біз ағайын адамдармыз ғой.
357
С е р і к: (ағаш басына қарап, күрсіне). Әй, қайдам:
«Орыспен жолдас болсаң, балтаң беліңде болсын», – деуші еді
біздің ауылда бір шал.
Б о р и с: Сенің ол шалың оттайды. адамның әкесінен
жасыратын сыры болады. (Өкпелі пішінде).
С е р і к: (қытықтап) айтасың ба, жоқ па?..
Б о р и с: (сықылықтап күліп) Қой деймін, ішегімді үзіп
өлтіресің… Қытығым қатты.
С е р і к: айтасың ба, жоқ па?
Б о р и с: (зәрезап болып) айтайын, айтайын, ойбай, қоя
берші. (Орнынан тұрып). Давай, күреселік, егер мені жықсаң
– ертемін, ал, жыға алмасаң – осы жерден тұп-тура кері
қайтасың.
С е р і к: Ә, ә, алдадың ба? Сен менен үлкенсің, сондықтан
ондай шартқа келісе алмаймын.
Б о р и с: Ендеше, құпия тапсырмаға сені апара алмаймын.
Серік сәл ойланып отырады. Содан соң алақанына түкіріп
атып тұрады.
С е р і к: Күш атасын танымас, кел!
Екеуі белдесе кетеді. Бірін-бірі аңдып, тәсіл қолданбай
жүреді. Борис жата қалып қарсыласын басынан асыра
лақтырады. Бірақ, Серік одан бұрын тұрып кетеді.
Б о р и с: Болды, болды, сен жығылдың.
С е р і к: (шаңқылдап) Өтірік соқпа. Қазақтар бұлай
күреспейді. мықты болсаң, жауырынымды жерге тигіз.
Кеудемнен басып отыр. Орысша лақтыруды мен де білемін.
Б о р и с: Ой, су мұрын, ежіреңдеп болмадың ғой. Тек
бақырып жылап жүрме, жау естіп қалады.
С е р і к: (шірене мықынын таянып). Кімнің жылайтынын
көреміз. Жауырынды жерге тигізу деген, міне осылай… Құпия
тапсырмаға кімді жіберу керегін көрсетейін…
Б о р и с: Қоя бер деймін! (Қызарақтап). Это не честно,
сенің күрестен разрядың бар екен…
358
С е р і к: (күліп) Қайдағы разряд. атам үйреткен.
Қатарласа отырады. Осы кезде балалардың алыс-жұлысын
бағанадан бағып тұрған Неміс солдатын көреміз.
Б о р и с: Серік, мен қалаға кетіп барамын… ал, сені ертудің
ешбір қисыны жоқ.
С е р і к: Неге?
Б о р и с: Сенің бұл қаланың, тіпті бұл елдің баласы емес
екеніңді бірден біледі.
С е р і к: Өйткені мен қарамын ғой…
Б о р и с: (құшақтап) ренжіме, бауырым, бұйрық солай…
С е р і к: (итеріп) Кетші ары, өтірік жабыспай.
Б о р и с: Егер өз еркімде болса, қазір-ақ ертіп кетер едім.
Ештеңеден қорықпайсың, күштісің, ептісің, амал не…
С е р і к: (жер шұқып) Жылағым келіп отыр. мамамның
кегін қайтарайын деп едім…
Б о р и с: (қамданып) ал, мен аттанайын.
Тұра берген кезде Неміс солдаты арқасынан теуіп құла-
тады.
Н е м і с с о л д а т ы: Хендо хок! лежать! (Серік жатады.
Ал, Борис тізерлеп отырады. Неміс солдаты автоматын
кезенген күйі, талтайып тұр. Өз тілінде әлденені былдырлап
айтады. Борис ұқпадым дегендей басын шайқайды. Серік жау
солдатының тура аяқ жағында солқылдап жылап жатыр).
азият… трус… (Аяғымен түртеді). Партизан…
Борис басын шайқайды.
Б о р и с: Партизан емеспіз. Көрші деревняның балаларымыз.
Саңырауқұлақ теріп жүрміз, адасып кеттік.
Н е м і с с о л д а т ы: Корзинка где?.. Корзинка?
Солдаттың тура аяқ жағында жатқан Серік Борисқа ымдап,
көзін қысады.
359
Б о р и с: менде аусвайс бар. (Орнынан тұрады). ал
корзинка әне, ағаштың түбінде. Неміс солдаты солай қарай
жүре бергенде жерде жатқан Серік аяғынан шалып құлатады.
Қолындағы автомат ұшып кетеді. Борис автоматты тез ала
қояды. (Автоматты кезеніп). Хендо хок! лежать! Орныңнан
тырп етпе. (Серік белбеуін шешіп, солдаттың қолын артына
қайырып байлайды). Көзін де байла!
С е р і к: Немен таңамын?
Б о р и с: Көйлегіңді шешіп.
Серік көйлегін шешіп солдаттың көзін байлайды.
С е р і к: (тепкілеп) азияттың қандай боларын көрсетейін
саған… мамамды өлтірген осы қанішерлер. Боря, автоматты
бер, (ұмтылады) автоматты бер деймін, мамамның кегін
аламын…
Б о р и с: (бермей) Отрядқа тірідей апарамыз. Сен неге
жыладың?
С е р і к: (ыржия күліп) маскировка. Жаны ашып, мән
бермесін деп жыладым.
Б о р и с: Бәсе, аяғының астында бұратылып жатқаныңнан-
ақ сезіп едім. молодец! Қу екенсің. (Жау солдатын алдарына
салып айдай жөнеледі). Шнель! Быстро шнель!
С е р і к: (еліре қуанып) Боря, бізге батыр атағын берсе
қайтеміз. Соғыс бітіп, мектепке барғанда балалардың көзін
қызықтырар едік. мұғалімдер қорыққанынан бес қояр еді.
Әсіресе, математикадан сабақ беретін ағайды бір шошытсам.
Б о р и с: Жаудың жалғыз солдатын қолға түсіргеніміз үшін
батыр атағын бермейді. Гитлердің өзін ұстасақ, бір сәрі.
С е р і к: Шіркін-ай, сол итті қақпанға түсірер ме еді…
(Сүрініп жүре алмаған солдаттың қолынан жетелейді).
Шнель! атаңа нәлет, шнель! Шу, көк өгізім, шу