XX ғасырдағы психодиагностиканың дамуы


1. 1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
2. 1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың дамуы
3. 1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
4. 1960 — 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
5. 1980 — 1990 ж.ж. психодиагностиканың дамуы

1901 – 1920 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
ХХ ғ. индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу сала-сындағы елеулі қол жеткізген нәтижелерге А.Биненің тесттері жатады. Бине шкаласы неғұрлым кең ауқымда қолданыла бас-тайды.
Еуропадан келуші иммигранттарды зерттеуге арналған әдістемелер ішіне қосқан Генри Годдард оны алғашқы қолда-нушылардың бірі болды. Ағылшын тілін нашар білетін немесе мүлдем білмейтін адамдарды зерттеуде бейімделмеген тесттерді қолдану неге әкелетінін Годдардтың жұмысы анық көрсетті. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша еврейлердің 83%, венгрлердің 80 %, итальяндықтардың 79%, Ресейден келушілердің 87% ақыл-есі төмен болып сипатталуы мүмкін еді.
Г.Годдард ұсынған Бине-Симон шкаласына (1908 ж.) кө-ңілі толмаған америкалық психолог Льюис Мэдисон Термен мен Х.Д.Чайлдз бірігіп тестті жаңадан қайта бейімдеуге кіріседі. Ол шкала тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігін тексеруге мән береді. Тесттің көптеген тапсырмалары модификацияға ұшы-рады, сонымен қоса жаңа тапсырмалар қосылды. Ол шкала (Бине-Симон шкаласының Стэнфордтық нұсқасы) 2100 бала мен 180 ересектерге жүргізіліп стандартталды. Ол 3 жастан ересек жастағыларға дейін диапазонды қамтыды, бірақ 11 жасқа арналған тесттер болмады. Нәтижесі ақыл-ой дамуы мен жастың ара қатынасының көрінісі ретінде және интеллект коэффици-ентіне немесе IQ-ге ауыстырылуы мүмкін болды. Термен осы шкаланың көмегімен IQ – ді орналастыру негізінде мынадай классификациялық сызбаны ұсынды: 90 – 109 IQ – орташа ақыл-ой қабілеттері, 70-тен төмен IQ ақыл-есі кемдікті, 140-тан жоғары IQ данышпандықты білдіреді. Бұл жерде ол анықтаған шектеулер ерікті түрде таңдалғанын және осы классификациялық сызба жаңа өлшеу үшін жалпы басшылыққа алуға ғана арналғанын ес-кертті. Өкінішке орай ол сақтықты көптеген мамандар ескермеді.
Бине шкаласының қазірзі таңдағы қолданыстағы дамуы-ның негізгі кезеңдерін былайша көрсетуге болады.

Жыл Автор (авторлар) Ескерту
1905 Бине және Симон 30 тапсырма, стандартталмаған
1908 Бине және Симон Ақыл-ой жасының концепциясы, жеткілікті стандартталмаған
1911 Бине және Симон Ересектерге арналған шектеулі шкала қосылған
1916 Термен және Меррилл Вербалдық материалы көп
1937 Термен және Меррилл Екінші басылуы, параллельдік формалар қолданылады, стандартталуы жақсартылған
1960 Термен және Меррилл Үшінші басылуы, 4,5 мың адам зерттелген
1972 Роберт Торндайк 2,1 мың адамға рестандартизация жүргізілген
1986 Торндайк, Хаген, Сеттлер 15 субтесті бар, стандартталуы қанағаттанарлық (5 мың адам), жас ерекшелік диапазоны: 2-0, 23-11

1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың дамуы
1930 жж. көптеген жаңа тесттер пайда болды. Олардың көпшілігі АҚШ-да құрастырылды. 1936 ж. Мына бес тест жайлы мақалалар өте көп жарияланды: Стенфорд-Бине – 141, Роршах тесті – 68 мақала. Келесі орынды Бернрейтердің тұлғалық сауал-намасы (Bernreuter Personality Inventory), Сишордың музыкалық талантты өлшеуіштері (Seashore Measures of Musical Talent) және Стронгтың кәсіби қызығушылықтар бланкісі (Strong Vocational Blank).
Екі жақсы құрастырылған вербалдық емес шкалалар он жылдықтың басында пайда болды. Кос кубиктері мен Портеус лабиринттері (Arthur Point Scale of Performance Tests) тәрізді белгілі тесттерден алып құрастырылған 6-дан 16 жасқа дейінгі балаларды зерттеуге арналған Грейс Артурдың шкаласы жария-ланды. Бұл шкала Стэнфорд-Бине шкаласымен корреляциялануы қажет еді, алайда қажетті корреляция тек 12 жастағыларды зерттегенде ғана байқалды.
Стэнфорд-Биненің неғұрлым танымал шкаласы 1937 жылы шықты. 2 жастан бастап үлкен ересек жас деңгейлері үшін тесттер құрастырылды, олардың ішіне 1916 ж. редакциясына кірмеген 11 мен 13 жасқа арналған тапсырмалар да енді. Сол кезде шкаланың екі эквивалентті формасы L және M (авторлардың есімдерінің алғашқы әріптері: Льюис Термен және Мауд Мерилл) құрастырылды. Бұл нұсқа Америкада туылған бір жарым мен 18 жас аралығындағы ақ нәсілді 3000 балаға жүр-гізіліп, стандартталды, бұл жерде авторлар сыналушылардың тұр-ғылықты жерінің географиясы мен әлеуми-экономикалық мәрте-бесін бақылауға тырысқан.
1937 ж. шкаланың нұсқасын сынау 1916 ж. жарияланған шкаланың сыналуымен үйлес болды: вербалдық тапсырмалардың көптігі; ересектерді бағалау үшін құндылығының күмәнділігі, тапсырмалардың үнемі дұрыс құралмауы және т.б. дегенмен де бұл шкала алдыңғысына қарағанда анағұрлым жетілдірілген еді. Оны көптеген психологтар қабылдады.
1938 ж. Ұлыбританияда қазіргі күнге дейін бүкіл әлемнің психологтары қолданатын тест пайда болды. Ол тест – Равеннің прогрессивтік матрицалары, оны Л.Пенрос пен Дж.Равен жал-пы интеллектіні зерттеу үшін құрастырды және одан алынған нәтижелерге мәдениет пен білімнің ықпалы өте аз болады деп саналды.
Бұл жылдары бұдан да басқа көптеген тесттер жариялана бастады.
1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
Бұл кезеңде диагностикалық әдістемелер көбейе бастады. Оскар Бурос 1940 ж. шығарған «Ежегодник психических из-мерений» журналында психологиялық тесттердің саны беріледі, оның тиісті шығарылымдарында 325 тестке шолу жарияланады және 200 тест беріледі. Әрине, ол тесттердің барлығы психо-логтар арасында танымал болған жоқ.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тәрізді екніші дүниежүзілік соғыс та жаңа тесттерді құрастыруға түрткі болды. Екінші дүние-жүзілік соғыстың басында АҚШ психологтары әскердің мұқтаж-дықтары үшін, тағы да топтық тесттер құрастыруға бет алады. Осылайша Әскери жалпы классификациялық тест деп аталған (The Army General Classification Test) – соғыс барысындағы шамамен 10 миллион әскери қызметкерлерге топтық тест жүргізіледі. Сонымен қоса, сыналушыға күшті стресстік фактор-лардың тікелей ықпал етуін зерттейтін жағдаяттық тесттерді құрастыруда елеулі алға жылжу болды. Олар Екінші дүниежүзілік соғыста барлау-шпиондық іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым қолайлы тұлғаларды іріктеу үшін қолданылды.
1942 ж. Векслер-Белльвью – II немесе «әскерлік Векслер» деген атпен танымал Векслер тестінің екінші редакциясы жарық көрді. Бұл он жылдықта АҚШ-тағы интеллектуалдық дамуы дең-гейін анықтау үшін қолданылатын әдістемелердің ішіндегі көшбасшысы Векслер шкаласы.
1949 ж. Векслер ересектерге арналған шкаланың үлгісін бойынша балалардың интеллектуалдық дамуының деңгейін анықтауға арналған шкала жариялады. Ол 200 балаға зерттеу жүргізіліп стандартталды: 5-15 жасқа дейінгі 100 ұл және 100 қыз бала.
1960 — 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
ХХ ғ. алпысыншы жылдары тесттер туралы пікір-таластардың жылдары. Ол әсіресе АҚШ- да ерекше көрініс алды. Әлеумет азаматтық құқықтардың сақталуына алаңдай бастады, әсіресе жеке өмір құқығына қатысты, интеллектуалдық даму дең-гейін бағалауға және тұлғалық сапаларға қатысты тесттерге күмәнмен қарау пайда болды.
1967 ж. мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп оқушы-ларының интеллект деңгейін бағалауға арналған жеке-дара жүргізілетін Векслер шкаласының жаңа нұсқасы жарияланды.
Екі жылдан соң Бэйлидің нәрестелер дамуының шкала-лары ұсынылды, олар 2 айдан 30 айға дейінгі 1262 балаға жүр-гізіліп стандартталған.
Балалардың мектепте нашар оқуы жайлы мәселе осы жылдары жиі қойыла бастады. Сондықтан да оқып үйренуге бай-ланысты дағдыларды бағалауға арналған қосымша тесттер құ-растырылды. Олардың ішіндегі ең танымалдары Миннесоталық перцептивтік-диагностикалық тест, Фростингтің визуалдық даму тесті және Иллинойстық психолингвистикалық қабілеттер тесті. Аталған тесттердің біріншісі 1963 ж. ұсынылды және 1967 ж. 5 – 18 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға зертету жүргізіліп, қайта стандартталды.
1970 жж. Пайда болған тұлғалық сауалнамалар ішінде Д.Голдбергтің жалпы денсаулық сауалнамасын және Т.Миллон құрастырған Көп осьті клиникалық сауалнаманы атап өтуге болады. Голдбергтің сауалнамасы психикалық жайлы-лықты, эмоциялық тұрақтылықты диагностикалауға арналған.
1980 — 1990 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
Бұл он жылдықта да тесттер саны өсе түсті. Тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалауға арналған сауалнамалар көптеп шығарыла бастады. Бірақ кез-келген әдістеменің валидтілігі диагностикалық әдістемелердің ең осал тұстары болып қала берді. Аладйа жобалау тесттерінің мәртебесіне сын пікірлер аса ықпал ете алмады. АҚШ-да 1935-1982 жж. Арасында неғұрлым танымал тесттер мыналар.

Тест Рангтегі орны
Миннесоталық көп аспектілі тұлғалық сауалнама 1
Ересектерге арналған Векслердің интеллект шкаласы 2
Бендердің гештальт-тесті 3
Роршах тесті 4
Балаларға арналған Векслердің интеллект шкаласы 5
Тақырыптық апперцепция тесті 6
Сөйлемдерді аяқтауға арналған тесті 7
«Адамның суретін сал» тесті 8
«Адам-Үй-Ағаш» тесті 9
Пибода тесті 10
Сөйлемдерді аяқтауға арналған Ротттер тесті 11
Векслердің есте ақтау шкаласы 12

1992 ж. Психикалық өлшеулер жылнамасының он бірінші шығарылымы 477 коммерциялық тесттерді (бұлардың зертету тесттерінен ерекшелігі, олар мамандарға сату үшін шығарылған) жариялады. Ол тесттердің басым көпшілігі тұлғаны диаг-ностикалауға (28,3%), ал интеллектіні зерттеуге жаңа тесттердің ішінен орта есеппен небәрі 4,6% ғана арналған.
Интеллектіні диагностикалу тесттерінің ішінде таны-малдығы бойынша түрлі жас топтарына арналған Векслер шка-ласы бірінші орынды алады. 1991 ж. балаларға арналған шкала-ның үшінші редакциясы (WISC-R), ал 1998 ж. – үлкендерге арналған шкаланың үшінші редакциясы (WAIS — III) шығады.
А.Кауфман және Н.Кауфман интеллектіні өлшеудің жаңа тесттерін құраструды әрі қарай жалғастырды. 1990 ж. бір вер-балды және бір вербалды еме субтесттерден тұратын және 4 –тен 90 жасқа дейінгі диапазонды қамтитын «Кауфманның қысқаша интеллект тесті» шықты.
АҚШ-да тарала бастаған «Британдық қабілеттер шкаласын» да еске алған жөн. Оның қайта қаралып және кеңейтілген «Қабілеттердің дифференциалдық шкалалары» деген атаумен шыққан нұсқасын 1990 ж. Эллиот жариялады.

3 тақырып. Психодиагностика ғылым ретінде
Жоспар
1. Психодиагностика туралы түсінік
2. Психодиагностиканың пәні және құрылымы
3. Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен бай-ланысы
Психодиагностика туралы түсінік
Индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерді өлшеу үшін жиі қолданылатын термин- «психологиялық тест» болып табылады. Алғашында «психологиялық тест» термині кең мағы-нада қолданылды. Кейінірек, тесттердің дамуына орай, психо-логиялық тесттің аумағы тұлғалық ерекшеліктер мен когнитивтік қабілеттерді зерттеуге дейін тарылды.
«Психодиагностика» термині 1921 ж. Герман Роршах құрастырған «перцепцияға негізделген диагностикалық тесттің» көмегімен жүргізілген зерттеуден кейін қолданысқа енді. Алайда бұл терминнің мазмұны кеңейе бастайды. Индивидуалдық айыр-машылықтарды өлшеумен байланыстылардың барлығын психо-диагностика деп түсіну қалыптаса бастайды.
Терминнің тағдырын әрі қарай зерттесек, Р.Хейс оның ерекше мағынаға ие болғаны туралы айтады (мүмкін ол 1930 жж. екінші жартысындағы психометрикалық тесттердің дағдарысы-мен байланысты шығар).
Г.Роршахтан кейінгі психодиагностика – ол тұлғаны пси-ходиагностиканың әдістемелерімен және жобалау тесттерімен зерттеу. Психодиагностиканы жобалау әдістемелеріне жатқызу және оны психологиялық тесттің эквиваленті ретінде қолдану көбінесе неміс және швейцар психологтарының (Мейли, 1961; Хейс, 1966 және т.б.) жұмыстарында жиі қолданылған.
Кеңінен танымал WEBSTER сөздігіне үңілейік: «Психо-диагностика – ол клиникалық психологияның құралдарымен тұлғаға бағалау немесе психикалық ауытқушылықтарға диаг-ностика жүргізу практикасы және ғылымы». Осы анықтаманы «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігімен» салыстырайық: «Психодиагностика – эксперименталдық – пси-хологиялық тесттер көмегімен аурудың психикалық ахуалын ба-ғалау».
АҚШ-тың ғылыми әдебиеттеріндегі басым ұстанымның Батыс елдеріне ықпалы өте зор. 1970 жж. дейін кез-келген психо-логиялық тесттерді құрастыру және қолданумен байланыс-тылардың барлығы, осы зерттеу бағытының нысаны анықталмаса да «психологиялық тестілеу» термині арқылы белгіленді (Анастазиді қараңыз, 1982). Аталғандарға дәлел ретінде 1960-1970 жж. басшылыққа алынған ең таңымал атауларды көрсетіп кетейік: «Психологическое тестирование» (Anastasi, 1968; Анастази 1982, 2001), «Сущность психологического тести-рования» — Essentials of Psichological Testing (Cronbach, 1960), «Теории тестов» — Test Theory (Magnusson, 1967), «Теория и практика психологического тестирования» — Theory and Practice of Psichological Testing (Freeman, 1963). «Психодиагностика» термині біртіндеп қолданыстан шығуда. 2000 ж. шыққан «Энциклопедия психологии» сегіз томдығында (Enciclopedia of Psichology. – APA and Oxford University Press; Америкалық психологиялық ассоциация Оксфорд университетімен бірігіп шығарған) психодиагностикаға арналған мақала жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *