Ұлы даланың дара ұстазы — Ыбырай Алтынсарин

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Қайрат ауылы

«Қайрат орта мектебі» КММ

Тақырыбы: Ұлы даланың дара ұстазы-Ыбырай Алтынсарин

Шарипова Гуляйым Сериковна қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

тел: 87761334570

электронды почта: Sharipova.g_86_86_86@mail.ru

  

        Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезім мен өз еліне деген сүйіспеншілігін, адамгершілік сезімдерін дамытуға тиіспіз», – деп атап көрсеткен. Елбасының осындай міндеттерін орындау үшін мектеп табалдырығынан аттаған оқушылардың бойына имандылық, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерімен бірге сабырлылыққа, қайырымдылыққа, талаптылыққа, терең ойлылыққа т.б. қасиеттерге сабақта, сабақтан тыс кезде көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушы бойына дарытуымыз керек.
       Көркем әдебиеттегі кейіпкерлердің іс – әрекеті, бейнелері, оқиғалары баланы сан-қилы сезімге түсіріп ойландырады, қуантады, кейбіреуінен аулақ болуға жетелейді. Сондықтан ғылыми жобамды жазуда педагог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен алдына қойған мақсаттары жайлы, сол мақсатты орындау жолындағы қыруар еңбектерін оқушы қауымға түсіндіруді мақсат еттім. Ыбырай шығармаларын бастауыш сыныптан бастап оқыту арқылы оқушыларды еңбек сүюшілікке, оқу, өнерге ұмтылушылыққа, Отанын, елін сүюшілік, талаптылық, жігерлілік, іздемпаздық, кішіпейілділік, махаббат, қайырымдылық, адамгершілік, жинақтылық т.б. жақсы мінез – құлықтарға тәрбиелеуді алдыма мақсат етіп қойдым.
        Талай дана – данышпан, дарабоз тарихи тұлғаларды дүниеге келтірген дархан Қостанай топырағында ұлтымыздың алғаш білім қоңырауын соққан ұстаз Ыбырай Алтынсарин да туған.

        Ыбырай (шын аты Ибраһим) Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Қостанай қаласындағы Затобол ауданында дүниеге келген. Ыбырай үш жасқа келгенде әкесі Алтынсары қайтыс болады. Оны Кенесары шапқыншылығында өлтіріп кетеді. Ыбырайды әкесінің досы Жетібай Өтемісұлы құтқарып қалады. Әкесі қайтыс болғаннан кейін тәлім-тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846 жылы Балғожа би Орынбордағы Шекара коммиссиясы жанынан ашылатын мектепке Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 22-тамызда сол мектепке Ыбырай алғашқы 30 баланың бірі болып қабылданады. Ол уақытын жан-жақты білім алуға ерекше ынтамен кіріседі.Балғожа Жаңбыршин жүзбасы, Қыпшақ руының ұзын тармағын басқарған Торғай, Тобыл және Аят өзендері аралығында көшіп қонған Орынбор шекара комиссиясының пікірінше, ол адамдарды басқару жағынан да, жалпы орда істері жөнінен де өз руластары алдында өте беделді болған. Ол ұзақ уақыт Орынбордағы погран (шекара) комиссиясы қол астында, қыпшақ старшина болып қызмет істеген, патша үкіметінен шен-шекпен алған ірі феодалдың бірі, яғни белгілі би, ірі бай болған кісі. Балғожа би немересі Ыбырайды жасынан-ақ адалдыққа, тапқырлыққа, турашылдыққа, шешендікке баулыған. Өзімен бірге жиын-тойларға алып жүріп, билік айтқызып, қанатын қатайтқан. Ыбырай жасынан зерек болып, атасын жерге қаратпай, алғырлық танытып, көпшілік құрметіне бөленеді. Оның бұл турашылдық шешендік қасиеттері Торғайда сот істерін жүргізген кездерінде айқындала түседі.

       «Іздегенге сұраған» дегендей, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап патша үкіметі қазақ даласын бағындырудың, билеп-төстеудің тағы бір жаңа әдісін қолдана бастады: қазақ балаларына арнап мектептер ашуға кірісті. Сонымен бұл мектеп 1850 жылы 22 тамыз күні Орынбор қаласында ашылды. Оған қазақтың 30 баласы алынды, солардың бірі 9 жасар Ыбырай болды.

       Ыбырайдың нағашылары – елін, жерін жатжерлік басқыншылардан қорғауға белсене қатысқан, әскери «Тархан» атағын қазақта тұңғыш алған асқан батыр, мәмілегер Жәнібек Қошқарұлының ұрпақтары. Жәнібектің тұңғышы Дәуітбай әкесі сияқты жау жүрек, хас батыр болған адам. Жәнібек қайтыс болғаннан кейін соғыс министрлігі алқасының 1759 жылғы жарлығымен «Тархан» атағы Дәуітбайға көшіріледі. Дәуітбайдан 9 бала, солардың бірі – Мұса, Мұсадан — Шеген. Шегеннен жеті ұл, екі қыз туады. Сол қыздың бірі – Айман Ыбырайдың анасы еді.

        Ыбырай 1864 жылы Сырдария облысы (қазіргі Қызылорда облысы ) Перовский уезіне қарасты Жаппас руындағы Шолақ деген кісінің Айғаныс атты қызына үйленеді. Айғаныс өзі оқымаған адам болғанмен, Ыбырайдың шығармашылық жұмысына барлық уақытта да жағдай жасап отырды. Ыбырайдың жанұясында көпке дейін бала болмайды, сондықтан ол қазақ арасында жиі кездесетін салт бойынша інісі Оспанның Хамитбек деген баласын алып тәрбиелейді. (ол алты жасында қайтыс болады).

        Ыбырайдың тұңғыш баласы Абдолла 1880 жылы дүниеге келеді. 1887 жылы Әбдірахман деген екінші ұлы, 1888 жылы Шарипа атты қызы туды. Балалары Әбдірахман мен Шарипа жас кезінде ауырып қайтыс болады. Әкесінен жастай қалған Абдолла ұзақ уақыт оқи алмай, шаруашылықпен айналысады.

        Нағима Абдоллақызы — Ыбырай Алтынсариннің жалғыз немере қызы. Нағима атасын көрмесе де, 1924 жылы қайтыс болған Айғаныстың көзін көріп өскен.Нағима Ыбыраева 1916 жылы Қостанай облысы Талапкер ауылында дүниеге келді. Нағима бала кезінде атасы Ыбырай ашқан Қостанайдағы мектепте үш жыл оқиды. 11 жасында анадан айырылады.

        1920-1930 жылдардағы дүрбелеңнен ұлы Ыбырайдың ұрпақтары да байдың тұқымдары ретінде қуғындалған. 1928 жылы Нағиманың әкесі Абдолла да кәмпескеге ұшырап, Қазақстаннан тыс жерге қоныс аударған. Ол Қырғызстанның Тоқмақ қаласында тұрды. Абдолланың өкпесіне суық тиіп Қошанның немересі Нұрахметтің қолында қайтыс болған. Жамбыл облысы Қордайдағы зиратқа жерленген.

        Қырғызстанда Ыбыраева Нағима тұрмысқа шығып, күйеуі соғыста қаза табады. Бірнеше жылдан кейін Нағима Аманкелдиев Байдабек деген кісіге қосылып, 2 баланы дүниеге әкеледі: Жұмакүл мен Дулат. 1959 жылы ол Қырғыз еліне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы «Жамбыл» атындағы совхозға көшіп келеді. Өмірінің соңғы жылдарын Тараз қаласында өткізді.

      1998 жылы 30 наурыз күні 82 жасында қайтыс болды.

         Ыбырай Алтынсарин – бар саналы ғұмырын туған халқын өнер-білімді, жаңа заманның өркениетті, мәдениетті елдерінің қатарына қосу жолына арнаған көрнекті тұлға. Ол өзінің ағартушылық, педагогтік, ақын-жазушылық тарихи қызметі мен зор талантын, жан-жақты терең білімі мен қайрат-жігерін елдің «желкілдеп өскен көк шөптей» жас ұрпағын оқытып, тәрбиелеуге, қазақ жерінде жаңа үлгідегі мектептер ашып, оқушыларды өз кезінің озық ғылымымен қаруландыруға, кәсіп түрлеріне үйретуге арнаған.
Ыбырай бұл жолда сан алуан кедергілер мен қиындықтарды жеңе отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді, сөйтіп, туған халқының мақтан тұтатын ардақтысына  айналды. 
         Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. 
Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады. Қалада оқып, қазақ даласына беймәлім жаңалықтардан хабардар болып, ой-өрісі кеңейген зерделі бозбаланың екі жылдай елде болуы — қазақ қоғамының жағдайын тереңірек түсініп, жаңаша сезінуіне, өзіндік ойға келуіне мүмкіндік береді.  Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға бейімдейді. 
        Ыбырай мәдениет пен білім жолына халқының өте ынталы екенін жақсы ұғады. Бұл оны жігерлендіре түседі. Ыбырай ел ішіндегі әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре білді. Әкімдердің зорлықшыл сорақы қылықтарын сынға алды. Олардан қарапайым халықты корғады. 
Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды. Қоғамдық әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз мінездерге қарсы күресу үшін, ол ел ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Мәдениетті де талантты педагог-жазушы әрі мінезге бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс зиялыларының арасында мейлінше беделді, сыйлы болған.  Оқулық жасау жолында оқулыққа Ыбырай мектепте қазақ балаларына білім мен тәрбие берудің басты құралы деп қарайды. Ол балаларға ана тілін таза және ұқыптылықпен үйретеді, шағын көркем шығармалар арқылы оларды жақсы мінез-құлыққа баулуды көздеді. Ыбырай балаларды мазмұны олардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды… қазақтың өз тілінде… басып шығару керек деп білді. Өзі 1876 жылдан бастап «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды.  «Қазақ хрестоматиясы» балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.  «Қазақ хрестоматиясы» арқылы жеткен Ыбырайдың бүкіл әдеби мұрасы оның көркем шығарма жазуды ағартушылық идеясына бағындырғанын айқын көрсетеді. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, оны жақсы, үлгілі істерге үйрететін күшті құрал деп ұқты.

     Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды. Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген Алтынсарин өз ойын іске асыруда түрлі тосқауыл кедергілерге кездесті, бірақ оларды табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді.

1) «Қазақ хрестоматиясының» дүниеге келуі

Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бір де кітаптың жоқтығынан, оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан көзге көрінер ешқандай пайдасы болмаса да, шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемшілігі жоқ ана тілін тастап, татар тілін үйренуге тура келеді. Екінші жағынан, татардың кітап тілі, бұл тілді татарлардан шыққан оқымыстылардың өздері де менсінбегендіктен араб, парсы сөздеріне лық толған; сондықтан ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы жағынан алып қарағанда да дүниеяуи мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ мектептерінде пайдалану үшін, мысалы, орыс тіліне аудартып жаттықтыру үшін қолайсыз. Осылармен қабат бір ескертетін нәрсе — қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды, оның ой-пікірі еркін, оның келешегі үшін оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр. Ал осы айтылған мақсаттарға жету жолында, мен білсем, осы күнге дейін ешқандай жетекші құрал болған жоқ.

       Жалпы бастауыш оқу құралдары, хрестоматиялар сияқты кітаптар шын білім беретін, пайдалы мәліметтер беретін ғылыми, күрделі оқу құралдарына жол салып беретіндігін, ал мұндай жалпы білім беретін кітаптардың Азия халықтарының ешбірінде жоқ екенін еске алып, біз мұндай жетекші оқу құралдарын жақын жердегі орыс тілінен іздеуге мәжбүр болдық, сондықтан бұл шығарғалы отырған кітабымыз көздеген мақсатына сәйкес болып, орыстың ғылыми және жалпы пайдалы кітаптарына тікелей жол салып беру үшін және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да, әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, біз осы кітабымызды орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп таптық. Жоғарыда айтылған қолайсыздықтарды оқу ведомствосының көптеген білімді қайраткерлері бұрын да көрсетіп келген болатын, сондықтан мен сол білімді адамдардың ақылын алып, екінші жағынан, өзім де осылай етуді қажет деп тауып, осы хрестоматияны құрастыруға кірістім.

        Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім, екіншіден, бұл кітапта келтірілген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болу жағын көздедім, сондықтан бұл кітапқа енгізген әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім, әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды. Бұл хрестоматияны мен екі кітап етіп шығаруды ойладым. Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай төрт тарауға бөлінді:

1)Балалар өмірінен алынған әңгімелер, бұлар түрлі орыс хрестоматияларын, көбінесе Паульсонның хрестоматиясынан алынды, мысалдар мен халық әдебиеті, балалардың туғандарына жазған хаттары.

2) Әр түрлі жастағы адамдардың өмірінен алынған әңгімелер.

3) Ең жақсы қазақ ақындарының өлең-жырларынан үзінді.

4) Қазақтың мақал-мәтелдері.

Екінші кітапта қазақтың төл әңгіме,аңыздарынан басқа, табиғат тарихы мен жалпы тарих жөнінен, география, өндірістехникасы жөнінен және кеңсе ісін жүргізу үлгілері жөнінен мақалалар қоспақшымыз.

           Тұңғыш рет шыққалы отырған еңбек болғандықтан, бұл хрестоматияныңкейбір кемшіліктері де болуы мүмкін,бірақ сонда да болса бұл кітап ізсіз қалмас, тұңғыш оқу кітабы ретінде көздеген мақсатына жетер деген үмітпен өзімді жұбатып отырмын. Оның бер жағында осы күні халқымыз өз тіліндегі ғылыми оқу құралдарына аса сусап отырғанына, надан жатқан; бірақ әліазғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқымыздың шамасының келгенінше қызмет ету біздің әрқайсымыздың да борышымыз екеніне, бәлкім, басқа да менен білімдірек елдестеріміздің де санасы жетіп қалар.

2) «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы»-орыс графикасына негізделіп жасалған ең алғашқы оқулық. 1879 жылы Орынбор қаласында шыққан. Бұл орыс тілі грамматикасы қысқаша курсын қамтитын оқу құралы. Оқулықта жеті бөлім бар: 1) Нәрселердің аттары (зат есім). Имя существительное; 2) Зат-мақұлықтың қасиетінің аттары (сын есім); 3) Есеп аттары (сан есім). Имя числительное; 4) Местоимение деген сөздің бөлімі (есімдік); 5) Ақыры өзгерілмейтін сөздер (үстеу, демеу). Наречие и союз; 6) Предлог деген сөздің бөлімі (жалғау); 7) Глагол деген сөздің бөлігі (етістік). Қазақшадан орысшаға кешіруге арналған сөздер. Оқулықтың алғы сөзінде оқу құралын қалай оқыту жөнінде әдістемелік нұсқау берілген (оқыту әдісі белімдерден кейін де көрсетіліп отырады). Әрбір бөлім сөздіктен тұрады. Әрқайсысынан кейін орыс грамматикасының негізгі, басты ережелері ұсынып отырады (мысалы, септік жалғаулары, көпше, жекеше түр, род, реңк мәнді жұрнақтар, зат есімнен жасалатын сын есімдер, шырай түрлері, етістіктің шақтары, райлары т. б.). Ережелер қабылдауға оңай нұсқауда келтірілген. Сөздердің тізбесін, грамматикалық ережелерді беруде арнайы әдістемелік мақсат көзделінген: оқушы әдебиеттік оқуды меңгермес бұрын, жекелеген сөздердің тобымен, бастапқы, негізгі ереже түрлерімен таныс болады, жүйелі дайындық курсынан өтеді. Оқулық бірде-бір орыс сөзін білмейтін қазақ баласына тіл үйрену неден қалай басталуы керек деген мәселені қояды. Бұл — сол кезеңдегі орыс грамматистері мен әдістемешілері де қолға ала қоймаған күрделі жұмыс. Тіл үйрену үстінде бала екі бірдей дағдыны қатар игереді.

         Оқулықта орыс тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыра оқыту қажеттігі басым айтылған. Бұл оқу құралы сол кезең үшін де және қазіргі талап тұрғысынан да терең негізгі лингвистикалық-әдістемелік еңбек болып табылады. Мұнда шет тілін жаңадан бастап үйренуге арналған оқу құралының сипаты қандай болуы керек деген мәселе шешімін тапқан.

Сонымен бірге екі тілдің грамматикасы үйлестіре оқыту мәселесі де алғаш рет Алтынсарин заманында қолға алынған. Шет тілінде дұрыс жазуға үйрету, тіл ұстарту мәселелері көтеріледі. Алтынсариннің оқу құралы тіл үйренудің лингвистикалық негізгі тілдің лексиклық жүйесіне негізделуі керек деген қортындыға әкелді.

           Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы «Қазақ хрестоматиясы» (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылды. Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде «Сөз басы» деген атпен алған. Қазір бұл өлеңдер «Кел, балалар,оқылық», «Өнер-білім бар жұртта» деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды.

«Кел, балалар,оқылық»өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. Ал «өнер- білім бар жұрттар» өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімге қолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.Ыбырай Алтынсариннің бір алуан өлеңдері әлеуметтік мәселелерге арналған. Бұған «Өсиет өлеңдер», «Әй жігіттер» тәрізді т.б. өлеңдерін атауға болады.Мұндай өлеңдері биік адамгершілік тұрғысынан ұрлық- қарлықты, әділетсіздікті сынап, еңбексіздікті зияндығын көрсетіп, адал- еңбектің адамгершілік мінез- құлығын бейнелейді.Мысалы:
Араз бол, кедей болсаң, ұрлықпенен, Кете бар, кессе басың, шыңдықпенен.
Қорек тал бейнеттен де, тәңірім жәрдем, Телмірме бір адамға мұңдықпенен.
Әй, жігіттер, үлгі алмаңыз Азған елдің ішінен Алыс- алыс қашыңыздар
Зияндасты кісіден. Жақсыны көзден салмаңыздар, Жақсыдан қапыл қалмаңыздар…
       Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық ағарту идеясын көтерді. Оның «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңдері осындай мақсатта туған.  «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады: 

Оқысаңдар, балалар,  Шамнан шырақ жағылар. 

Тілегенің алдыңнан Іздемей-ақ табылар. 

Кел, балалар, оқылық! 

Оқығанды көңілге  Ықыласпен тоқылық! Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады. 
Мал, дәулеттің байлығы – Бір жұтасаң, жоқ болар.

 Оқымыстың байлығы–Күннен күнге көп болар, 

Еш жұтамақ жоқ болар. Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. 
Ыбырай «Өнер-білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету. 

Өнер-білім бар жұрттар Тастан сарай салғызды. 

Айшылық алыс жерлерден  Көзіңді ашып, жұмғанша, 

Жылдам хабар алғызды. …

Отынсыз тамақ пісірді, 

Сусыздан сусын ішірді. 

Теңізде жүзді балықтай, 

Дүниені кезді жалықпай. Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны «тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын» елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты. 
Біз надан боп өсірдік, 

Иектегі сақалды. Өнер – жігіт көркі» деп, Ескермедік мақалды. Біз болмасақ, сіз барсыз,Үміт еткен достарым,

      Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады. 
Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті.Табиғат суреті  Ыбырайдың «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді. 
Таулардан өзен ағып сарқыраған, 

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта, 

Аралап тау мен тасты арқыраған. 

Көңілің суын ішсең, ашылады, 

Денеңде бар дертіңді қашырады. 

Өксіген оттай жанып жануарлар, 

Өзеннен рақат тауып, басылады. Ақын тау өзенін нақты әрі әсерлі суреттеген. Бүкіл тіршіліктің «өзеннен рақат тауып» жатқанын нақты сипаттау оқырман көңіліне жағымды сезім ұялатады. «Жаз» өлеңінде көктемгі табиғаттың келісті суреттері бар. «Ұшпақтың күн сәулесі жерге түсіп», «Аспаннан рақымменен күн төнгенде», «Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша, жайқалып шыға келер жердің гүлі», «Кеш болса, күн қонады таудан асып, шапаққа қызыл алтын нұрын шашып», т.б. суреттер мен бейнелі сөздер Ыбырайдың табиғат көріністерін сезінуінің тереңдігін, суреткерлігін көрсетеді. Ақын бар тіршілікті көктем күнінің мейірімді шағымен байланыста бейнелейді. Қырдағы жаз көріністеріне сүйсіну, мал бакқан елдің қыстан қысылып шығып, жазда тынысының кеңуі, қуаныш-шаттығы көңілді әсерге бөлейді. 

Бір малы шаруаның екеу болып, 

Қыстаудан ауыл көшер алуан-алуан.

Күлісіп, құшақтасар, әзіл етер, 

Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған. 

Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда, 

Қуанып ықыласпен келген жылға… 

Алыстан мұнарланған сағымдары Шақырып, тұрар күліп: «Кел, – деп, – мұнда…» Бұл өлеңдер арқылы Ыбырай қазақтың жазба әдебиетінде табиғат лирикасын бастады. Оны кейін Абай әлемдік поэзияның биік деңгейіне жеткізді: 
       Қазақ халқының дарынды перзенті Ыбырай Алтынсарин аса күрделі тарихи кезеңде, патша үкіметі Шығыс халықтары арасында қатаң отарлау саясатын жүргізіп жатқан кезеңде өмір сүрді. Қазақ халқының тарихында Ыбырай Алтынсарин ерекше роль атқарады. Ол қазақтың тұңғыш педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ұйымдастырып, қазақ жастарына білімнің есігін ашты.  Ыбырай Алтынсарин өз халқын жан-тәнімен сүйген, халқының мәдени көркейіп өсуі үшін бойындағы бар күш-жігерін аянбай жұмсаған нағыз патриот еді. Білімге деген құштарлық, халқына қалтқысыз қызмет ету  Ыбырай Алтынсариннің негізгі ұстанымы болды. 

        Қазіргі өркениетті қазақ халқы не бәрі 48 жасында өмірден өткен Ыбырай атамызды ұлы ұстаз, педагог, ғалым, ірі қоғам қайраткері деп бағалап құрмет тұтады. Оның қай әдеби шығармасы болса да, баланың тіл мәдениетін көркейтуге, дамытуға әсері мол. Оны балалар сүйіп, ынтыға оқиды. Өзі өшсе де сөзі өшпейді дегендей, өзі жоқ болса да біз үшін оның еңбектері мәңгі өшпейтін мұра болып қалған туралы түсінік беруге тырыстым. Біз қазақ әдебиеті сабағында Ы.Алтынсариннің шығармаларын қызыға оқимыз. Ы.Алтынсариннің қай шығармасын алсақ та ол бізді тек әдептілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Мұндағы мақсатым Ыбырай атамыздың шығармаларындағы рухани –адамгершілік құндылықтар туралы танысып біле отырып, басқалар үшін де, аз да болса көпке татыр мәліметтерді тауып топтастырып ұсынуға жұмыс жасадым.

        Мен өз ғылыми — ізденістерім арқылы барлық баллалардың бойына әдептілік, адамгершілік болса , артымнан ерген бауырларым инабатты да ибалы болса деймін.

Осы жоспарларым жүзеге асырылды, таңдаған мақсатым орындалды ғой – деп мен өз — өзіме сенім білдіргім келеді.

      Жас буынға айтарым халқымыздың жақсы қасиеттерін, өнегелерін өзімізге үлгі тұтайық себебі ананың ақ сүтін, еңбегін өтеу, ата дәстүрлерімізді құрметтеу –ұрпақтық борышымыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *