Қатынас моделдері бойынша типологиялау .

Қатынас моделдері бойынша типологиялау .

Адамның әлеуметтік ортадағы мінез көрсетуі бойынша типология құру психологияда кең тараған зерттеу түрі. Осындай типологияның бір түрін Фромм ұсынған. Ол өз типологиясын құруға негіз ретінде әлеуметтік мінез-құлық анықтамасын алған.

  Фромм жеке тұлғаның жетекші қасиеті ретінде оның әлеуметтік мінез-құлық көрсетуі деп тауып, осы қасиетті типологияға негіз ретінде анықтаған. Оның баптары: Әлеуметтік мінез-құлық дегеніміз адамның қоршаған ортада қалыптасқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа икемделу динамикасына байланысты көрініс беретін энергиясы. Әлеуметтік мінез-құлық адамның қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған субъективтік функцияны атқарады. Әлеуметтік мінез-құлық арқылы адам өзінің барлық күш-қуатын сыртқы әлеуметтік-экономикалық ортаның талаптарын орындауға жұмылдырады. Әлеуметтік мінез-құлық әлеуметтік ортаның өзгеруімен бірге өзгеріп тұрады.

  Мінез – нақты адамның мінез-құлық көрсету моделі. Ол адамның қандай жағдайда қандай шешім қабылдап, не істеу керек екенін анықтап, көп ойланбастан әрекет жасауына мүмкіндік береді.

  Әлеуметтік мінез-құлық пен жеке тұлға мінез-құлықының арасында айырмашылық бар. Осы айырмашылыққа байланысты бір мәдениеттік ортадағы адамдардың әрқайсысы тек өзіне тән ерекшелікпен сипатталады. Мысалы: студенттердің барлығы жақсы оқуы керек, сабақтан қалмауы керек, осы әлеуметтік талапты әр баланың орындауы әр түрлі болады. Ол отбасындағы тәрбиеге, (дененің сырт пішініне) конституцияға және темпераментке байланысты.

  Әлеуметтік мінез-құлық негізінде типология жасағанда Фромм адамдарды өз іс-әрекетінде қандай бағыт-бағдарды басшылыққа алатын ескере отырып келесі типтерді ұсынады:

  Біріші типті өз іс-әрекетінде өнімсіздікке бағытталғандар деп атаған.

Өнімсіздікке бағытталғандар типтері ішінде әлеуметтік мінез-құлықтың рецептивтік бағытта болу, қанаушылық (эксплуотатор), пайдакүнемдік (стяжательская), нарықтық (рыночная) бағытта болу

Рецептивтік бағыттағылар – ереже бойынша (рецепт бойынша), норма бойынша өмір сүретіндер, өз қажеттілігін қанағаттандыру көздері сыртта орналасқан, сондықтан матералдық құндылықтарды, білімді, ләзаттануды басқалар қамтамасыз етуі керек, ол тек өзгелер өзін жақсы көруі керек деп есептейді, ал өзі ешнәрсе істемей өмір сүруге бағытталған. Өзі ізденбейді.

Олар өзін толық қамтамасыз ететіндерді іздейді, оны тапса толық оған тәуелді болады. Сәтсіздікке ұшырағанда тамаққа тойымсыз, ішімдікке құмар болып кетеді.

Қанаушы (эксплуотатор) бағытындағылар – бұлар да барлық игілік, қажетті нәрселер сырттан келеді, өзгелер оның қажеттілігін толық қамтамасыз етуі керек деп есептейді, дегенмен ешкім өз еркімен ешнәрсе бермейді, барлық материалдық және рухани байлықты зорлық-зомбылық немесе құлық көрсетіп алу керек. «Ұрлап алған жеміс ең дәмді жеміс» деген ұранды басшылыққа алып, әр адамды одан нені алуға болатыны жағынан бағалайды. Өзгелермен қатынасында сенімсіздік, арсыздық, агрессивтілік,  қызғаншақтық және күншілдік білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *