Эксперименталдық психологияның негізін құрушы В.Вундт темпераментті жеке тұлғаның аффектіге жақындығы: эмоция мен темперамент бір-бірімен түйсіну мен тітіркенгіштік сияқты байланысты деп көрсеткен.
Темпераментті зерттеудің физиологиялық кезеңінде келесі мәселелерге ерекше көңіл бөлінді: қанның химиялық құрамын зерттеу (қан — ағзаның ішкі ортасы, барлық мүшелер қан арқылы бір-бірімен физиологиялық байланыста болады); қан тамырларының кеңдігі мен оның қабырғаларының мықтылығы; зат алмасыдың жүру ерекшеліктері; ішкі секреция бездерінің қазметі; жүйке және ет ұлпаларының тонусы; жүйке жүйесінің қасиеттері.
Темпераментті жүйке жүйесінің физиологиялық қасиеті екендігін дәлелдеу физиолог И. П. Павлов, психологтар Б.М.Теплов, В.Д.Небылицын және олардың шәкірттері еңбектерімен байланысты.
Бұл физиологиялық концепция бастапқы кезде Павлов зертханасында «жүйке жүйесі туралы ілім» деп аталды, ал кейіннен «жүйке жүйесінің қасиеттері туралы ілім» деген ұғымға трансформацияланды.
И.П.Павлов жүйке жүйесінің негізгі қасиеттері ретінде келесі үш көрсеткішті анықтады: күші, тепе-теңділігі және құбылмалығы. ЖЖ-сінің осы көрсеткіштерінің әртүрлі комбинациялары 24 түрлі типтер негіз болатынын анықтады.
В.Д.Небылицын, Б.М.Теплов шеке-ретикулярных құрылымдардың ерекшелігінің жеке тұлға қасиеттеріне тигізетін әсерін зерттеу нәтижесінде осы жүйке құрылымдарының тұлғаны белсенділігіш және өзінің мінез-құлқын реттеуші құрылым екенін дәлелдеп, мінездің эмоционалдық аспектін басқаратынын дәлелдеді.
Қазіргі кездегі зерттеулерде мінездің «динамикалық аспекті» деген ұғым кеңінен пайдалануда: жалпы белсенділік, моторлық көрсеткіштері және эмоционалдықты бағалайды. Ал темперамент (психологиялық мағынада) — ол әр жеке тұлғаның мінез-құлықында көрініс беретін динамикалық қасиеттері.
Жүйке жүйесі күшті, сабырлы, белсенді балалар (сангвиниктер) әдетте жоғары белсенді болады. Олар шапшаң және жұмысқа тез кіріседі, сабаққа белсенді қатысады, сұрақ қойғанда жауап беру үшін қолын созады, қызметтің жаңа түріне жеңіл ауысып, көп уақыт шаршамай жұмыс істей алады.
Жүйке жүйесінің күшті, мазасыз, инертті түріне ие балалар (холериктер) белсенділігінен гөрі реакцияшылдығы (тез ашулану, ызалану т.с.с.) басым болуымен ерекшеленеді. Олар сабырсыз, күйгелек, өзді-өзі ұстай алмайтын тынымсыз болып, қызметтің жаңа түріне оңайлықпен ауыса алмайды. Алайда, мұндай бала қызықса, жеңіл және ынтызарлықпен жұмыс істейді, ал егер оған бірдеңе ұнамаса, ол бірден «өшеді». Бұл балалардың жұмыс істеу қабілеті тұрақсыз.