Тұлғалық сауалнамалар


1. Тұлғаны зерттеудің маңызы: жалпы ережелер
2. Бақылау
3. Анамнез әдісі. Анамнез әдісін бағалау
4. Корреляциялық әдіс. Корреляция әдісін бағалау
Тұлғаны зерттеудің маңызы: жалпы ережелер
Тұлғаны зерттеу (бақылау немесе эксперимент болса да) мі-нез-құлыққа қатысты күрделі сұрақтарға жауап беретін ақпарат немесе дәйек жинау құралынан тұрады. Ғылыми әдіс міндетті түрде эмпирикалық тексеруден өтуі қажет. Бұл жан-жақты ба-қылау немесе эксперименттен соң нақты дәйектер немесе айны-малылар арасындағы ара қатынасты анықтау дегенді білдіреді. Айнымалыларды зерттеу үшін қолданылатын процедуралар басқа зерттеушілер оларды тексере алу үшін жүйелі түрде жүргізілуі қажет. Ғылыми зерттеудің бұл аспектісі зерттеу практикасының басты күші болып табылады, себебі қате ақпараттардан арылуға көмектеседі.
Эмпирикалық әдістің екі артықшылығы бар: біріншісі, ол қа-телікке жол бермейді. Егер екі зерттеудің қорытындысы бір-бі-ріне сәйкес келмесе, персонологтар оны анықтау үшін қосымша зерттеулер жүргізеді. Екіншісі, адамдарды және олардың реак-цияларын қалай сипаттау керектігі туралы түсініктері, па-йымдаулары анық, әрі нақты эмпирикалық әдіс қызықтырған оқиғаларды немесе құбылыстарды сипаттағанда тек ғылыми тілді ғана қолданады.
Бақылау
Кез-келген зерттеу, мейлі ол ауру тарихын зерттеу, корреля-циялық тәуелділікті анықтау немесе зертханалық эксперимент болса да бақылауды қолданады. кейбір жағдайларда зерттеу идея-сының тууы жүйесіз бақылаудан басталады (мысалы, сыныптас екі қыздың төмен баға үшін мұғалімді кінәлауы).
Мінез-құлық туралы ақпарат алудың басқа жолы – жүйесіз бақылауға қарағанда шынайы өмір жағдайындағы көріністерді бақылау және тіркеу (бірақ, бұл жолы анағұрлым жүйелірек). Ол шынайы бақылау деп аталады. Балалардың ойын үлгілері мен достық қарым-қатынастары, жасөспірімдердің антиәлеуметтік мінез-құлқы, толық және қалыпты салмағы бар адамдардың та-ғамға қатысты әдеттері, іскерліктегі сәтті менеджерлердің бас-қару стилі, сондай-ақ көптеген клиникалық құбылыстар шынайы бақылау жолымен зерттелген. Бұл мінез-құлықты түсіндірмейді, бірақ әдеттегі ортада адамдардың өздерін қалай ұстайтындығы жайында ақпарат береді.
Алайда шынайы бақылаудың да шегі бар. Негізгі мәселе ба-қылаушылардың көп жағдайда өздері басқара алмайтын, алдын- ала болжанбаған оқиғалардың жәй ғана куәсі болатындығында. Бұған бақылаушының өз мәселелері де қосылады: пайымдаулары және бақыланушы оқиғаның кейбір аспектілеріне баса мән беруі. Бақыланушы адамдар санының аздығы да сынға ұшырауда. Ай-талық, бақылаушы конфликтіні шешу стилін үшін зертеу үшін отбасының пікірталасын бақылайды. Конфликтіні шешу тәсіліне білдірмей әсер етуі үшін ол отбасы мүшелерінің сеніміне қандай деңгейде ие болуы қажет. Бұған қарамастан, шынайы ба-қылаудың артықшылықтары айқын: біз адамдар мінез-құлқының үлгілерін зертхананың жасанды атмосферасынан емес, күнделікті жағдайлардан аламыз.
Анамнез әдісі. Анамнез әдісін бағалау
Жеке адамның мінез-құлқын ұзақ уақыт бойы бөлшектеп зерттеу ауру тарихын немесе анамнезді зерттеу деп аталады. Бұл әдіс психологиялық мәселелері бар адамдарға диагностика жүр-гізу және емдеу мақсатымен клиникалық межицинада қолда-нылады.
Мысалы, Фрейдтің психодинамикалық теориясы жекелеген клиникалық жағдайларды қарқынды зерттеу негізінде анықталды. Бұл әдісті әдетте психотерапия үрдісінде немесе диагноз қоюда өмір тарихы зерттелінуші психикалық аурулармен немесе мәсе-лесі бар пациенттермен жұмыс жасағанда қолданады. Тек нақты бір тұлғаның ауру тарихын неғұрлым кеңірек, бөлшектеп си-паттау мен талдаудан тұрса да, оларды зерттеу өте маңызды бо-лып табылады. Себебі, бір ғана клиникалық жағдай адам мінез-құлқының белгілі бір заңдылықтарын түсінуге жол ашады. Мы-сал ретінде өлім жазасына кесілген 15 ер адамның ауру тарихын зерттеуге үңілуге болады. Оларға кесілген жаза орындалуы қажет болғандықтан, солардың кандидатурасы таңдалып алынды. Зерт-теушілердің таңырқауына орай, 15-ң де анамнезінде бас қаң-қасының ауыр жарақаты болған, ал 12-ң миының зақымдануының белгілері тіркелген және көбінің интеллектуалдық даму деңгейі ортадан төмен болған. Алынған нәтижелер қылмыскер жайлы қа-лыптасқан қатігез, суыққанды, адам өлтіруші деген таптаурын бейнені өзгертуге алып келді.
Клиникалық жағдайларды зерттеудің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар. артықшылығы тұлғаның жеке дара сапа-ларының күрделілігін және қарама-қайшылығын толықтай қам-туға мүмкіндік береді. бір немесеғ бірнеше индивидуумның өмір-лік тәжірибені қалай жинайтынын, күйзелістерменикүресуін зерт-теу қажет болса, онда клиникалық оқиғаларды зерттеу әдісін қол-дануға болады. қандай да бір феноменнің өте сирек кездесетін жағдайларын зерттеудің жалғыз әдісі клиникалық оқиғаларды зерттеу әдісі болып табылады.
Кемшіліктері. біріншіден, зерттеуші анықтаған ара қа-тынастарының себеп-салдары бар екендігіне толық сенімді бола алмайды. Екіншіден, бұл әдісте тек бір адам ғана зертте-летіндіктен, жалпылама қорытынды шығару мүмкіндігі шектеулі. Үшіншіден, клиникалық жағдайды зерттеуден алынған нәтиже-лер ретроспективті немесеғ өзінің шығу тегі бойынша анық болмауы мүмкін (бұрмаланған). Соңында, дәйектер дәлелденсе де, индивид ерекшеліктері туралы қорытындыға зерттеушінің жеке басының құштарлықтары мен пайымдаулары еніп кетуі мүмкін.
Корреляциялық әдіс. Корреляция әдісін бағалау
Клиникалық жағдайлар әдісінің шектеулерін жеңу үшін, зерттеушілер корреляциялық әдіс деп аталатын альтернативтік әдісті қолданады. бұл әдіс оқиғалар арасында және солардың ішінде өзара байланыс орнатуға тырысады. Айнымалы – кез-кел-ген өлшенуі мүмкін көлем. Мысалы, үрейлену – айнымалы, се-бебі оны өлшеуге болады және де адамдардың үрейленуінің кө-ріну деңгейі де әрқилы. белгілі бір дағдыны қажет ететін тап-сырманы орындау дәлдігі де өлшеуге болатын айнымалы болып табылады. бірқатар адамдардың үрейлену деңгейін, сондай-ақ со-лардың әрқайсының топпен бірге күрделі тапсырманы орын-даудағы әрекеттерінің дәлдік деңгейін өлшеп корреляциялық зерттеу жүргізуге болады. егер жарияланған нәтижелер басқа зерттеулермен дәлелденсе, онда үрейлену деңгейі төмен субъекті-лердің тапсырманы орындау дәлдігінің көрсеткішетрі анағұрлым жоғары деп санауға болады. тапсырманы дәлдікпен орындауға басқа да факторлар (мысалы, осыған дейінгі оны орындау тә-жірибесі, түрткі, интеллект) әсер етуі мүкін. болғандықтан, әрекеттердің дәлдігі мен үрейлену арасындағы байланыс толық сенімді емес, дегенмен де ол назар аударуды қажет етеді.
Корреляциялық зерттеу кезіндегі айнымалыларға сы-нақтардың нәтижесі, демографиялық сипаттамалар (жас, жыныс, өмірге келу реті және әлеуметтік-экономикалық мәртебе), өзін-өзі бағалау, түрткілер, құндылықтар мен ұстанымдар, физиология-лық реакциялар (жүрек соғысының жиілігі, артериалдық қан қы-сымы және тері-гальваникалық реакция), сондай-ақ мінез-құлық стилі. Корреляциялық әдісті қолданғанда психологтар жоғары бі-лімнің кәсіби жемістілікке әсері бар ма? өзін-өзі бағалау мен жалғыздықтың арасында өзара байланыс бар ма? деген тәрізді сұрақтарға жауап іздейді.
Корреляциялық әдіс ол сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беруден басқа, бір айнымалының нәтижелері екіншісінің нәтижелеріне сәйкестігіне сандық баға берумен айналысады. ол үшін психологтар корреляция коэффи-циенті деп аталатын статистикалық индексті есептеп шығарады. Корреляция коэффициенті (кішкентай r әрпімен белгіленеді) бізге мынаны көрсетеді: 1) екі айнымалының тәуелділік деңгейін және 2) ол тәуелділіктердің (тікелей және теріс тәуелділік) бағытын көрсетеді.
Корреляция коэффициенті -1 (толық теріс немесе сәйкессіздік тәуелділігі) 0 арқылы байланыстың болмауы +1 (толық тәуелділік немесе тікелей тәуелділік) дейін. Нөлге жақын коэффициент өл-шенуші екі айнымалының бір-бірімен ешқандай да байланысы жоқтығын көрсетеді. Яғни Х айнымалысының үлкен немесе кіші көрсеткіші Y көрсеткішінің үлкен немесе кіші көрсеткіштерімен маңызды байланысы жоқ дегенді білдіреді. мысал ретінде мына екі айнымалыларды алайық: интеллеект пен дененің салмағы. Жалпы алғанда, толық адамдардың арық адамдарға қарағанда интеллектісі төмен немесе жоғары деп айта алмаймыз және керісінше, +1 немесе-1 корреляция коэффициенті екі айнымалы-ның арасында толық, бұлтартпас сәйкестік барлығын айта аламыз. Толық сәйкестік корреляциясы тұлғаны зерттеуде мүлдем кездеспейді деп айтуға болады, сондықтан да көптеген психологиялық айнымалылар бір-бірімен байланысты болса да, оның деңгейі соншалықты күшті емес. 0,30 және 0,60 ше-гіндегі корреляция коэффициенті тұлғаны зерттеуде жиі кездеседі. Сондықтан да ғылыми болжам жасау үшін теориялық және практикалық маңызы бар. 0 мен 0,30 арасындағы кор-реляция коэффициентіне сақтықпен қараған жөн, олардың ғылыми болжам үшін құндылығы төмен.
Бір айнымалының үлкен көрсеткіштері басқа айнымалының үлкен көрсеткіштерімен байланысты болуы немесе бір айныма-лының аз көрсеткіштері басқа айнымалының аз көрсеткіштерімен байланысты болуы оң корреляция дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда, екі айнымалы бірге үлкейіп, бірге кішірейеді. Мысалы, адамның бойы мен денесінің салмағы арасында оң корреляция бар. Жалпы алғанда, бойы ұзын адамдардың, бойы төмендерге қарағанда үлкен салмақты болу тенденциясы бар. Тағы бір оң корреляция – балалардың теледидар бағдарламаларынан көретін зорлық-зомбылық көріністерінің саны мен олардың өздерін аг-рессивті ұстауы арасында байланыстың болуы. Орташа алғанда, балалар теледидардан зорлық-зомбылық көріністерін неғұрлым жиі көрсе, соғұрлым агрессивті мінез-құлық танытады.
Теріс корреляция бір айнымалының жоғары көрсеткіштерінің басқа айнымалының төмен көрсеткіштерімен (және керісінше) байланыстылығын білдіреді. Кері корреляцияға мысал ретінде студенттердің сабаққа жиі келмеуі мен емтихандарды жемісті тапсыруы арасындағы байланысты алуға болады. Жалпы алғанда, сабақтан жиі қалатын студенттер емтиханда төмен баға алу тен-денциясын жиі байқатады. Сабақтан аз қалған студенттер жоғары бағалар алады. Басқа мысал – ұялшақтық пен табандылық. Ұялшақтық көрсеткіші бойынша жоғары ұпай алғандар сенімсіз мінез-құлық көрсетуге бейім, ал ұялшақтық көрсеткіші төмендер табандылық, сенімділік танытады.
Корреляция коэффициенті +1 немесе -1 неғұрлым жақын болса, зерттелінуші айнымалылардың арасындағы байланыс соғұрлым күштірек болады. +0,80 кор-реляция коэффициенті +0,30 корреляция коэффициентіне қа-рағанда екі айнымалы арасындағы анағұрлым күшті тәуелділікті көрсетеді. -0,25 корреляция коэффициентіне (r) қарағанда, -0,65 r айнымалыларының өзара күшті байланысын білдіреді. Кореляция коэффициенттің сандық мағынасына ғана тәуелді екендігін есте ұстаған жөн, коэффициент алдында тұрған «+» немесе «-» белгілері корреляцияның оң немесе теріс екендігін ғана білдіреді. Мысалы, r = 0,70 көрсеткіші де күшті корреляцияны аңғартады.
Корреляциялық әдісті бағалау.
Корреляциялық әдістің кейбір айрықша артықшылықтары бар. Эксперименталдық зерттеулер көмегімен тексере алмайтын айнымалылар жиынтығын зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, балалық шақта басыанн өткен жыныстық зорлық көрсету мен ересек жасындағы эмоционалдық мәселелер арасындағы бай-ланысты анықтау үшін корреляциялық талдауды қолдану әдептік тұрғыдан алғанда жалғыз тәсіл болуы мүмкін. Дәл осы тәрізді, адамның құндылық бағдарларының ата-ананның тәрбиелеуі арасындағы сәйкестік қаншалықты екенін анықтау үшін де осы әдісті қолдануға болады, себебі ата-ананың тәрбиелеу стилін эксперименталды бақылау әдеп тұрғысынан жөн болмағандықтан осы әдіс таңдалады.
Корреляциялық әдістің екінші артықшылығы шынай өмір жағдайында тұлғаның көптеген аспектілдерін зерттеуге мүм-кіндік береді. Мысалы, ата-ананың ажырасуының балалардың мектепке беімделуі мен мінез-құлқына әсерін анықтағымыз кел-се, ажырасқан отбасы балаларының әлеуметтік және ака-демиялық жетістіктерін белгілі бір уақыт аралығында жүйелі зерттеуіміз қажет. Үшінші артықшылығы, кейде оның көмегімен бір айнымалыны білу арқылы, басқа бір айнымалыны алдын-ала болжауға болатындығында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *