Психологиялық диагноз


1. Психологиялық диагноз туралы түсінік
2. Психологиялық диагноз түрлері
3. Психологиялық диагноз жасауда кететін қателіктер
Психологиялық диагноз туралы түсінік
Тұлғаны зерттеу үшін алуан түрлі психодиагностикалық тесттерді (әдістемелерді) қолдану практикасы «психологиялық диагноз» түсінігімен тікелей байланысты. «Диагноз» түсінігі ғылым мен техниканың түрлі салаларында кеңінен қолданылады, қандай да бір құбылыстың мағынасы мен ерекшеліктерін анық-тау, тану міндеті тек медицинаға ғана қатысты емес. Әде-биеттерде «психологиялық болжам» түсінігін беретін анық-тамалар аз емес. Қалыптан ауытқумен, аурумен тығыз бай-ланысты медициналық болжам психологиялық ғылымдағы осы түсініктің анықталуына әсер етті. Психологиялық болжамды осы тұрғыдан анықтау – ол жайсыздықтың жасырын себептерін ашу дегенді білдіреді. «Медицинадағы, техникадағы, басқарудағы, қолданбалы психологиядағы диагноз болса да – ол көбінесе көптеген себеп-салдарлы байланыстар жағдайында байқалған жайсыздықтың себептерін іздеу, ашудан тұрады» (В.И.Войтко, Ю.З.Гильбух, 1976). Кейбір шетел психологтары психологиядағы болжамды тек қандай да бір бұзылулар мен ауытқушылықтарға «атау» беру үшін қолдану қажет деп санаған (Rozenzweig, 1947 және т.б.). Мұндай көзқарастар психологиялық болжам сала-сының тарылуына әкеліп соқты, одан қалыпты жеке дара – пси-хологиялық айырмашылықтарды анықтау және есепке алумен байланыстының барлығы түсіп қалады.
Поляк психологы Януш Рейковский ұсынған психологиялық болжамның теориялық сызбаларының бірі, психодиагност жұмы-сындағы төрт негізгі бағытты бөліп көрсетеді:
1. Іс-әрекеттің, мінез-құлықтың болжамын жүзеге асыру, яғ-ни зерттелуші мінез-құлықтың ерекшеліктерін сипаттау, талдау және мінездеме беру.
2. Іс-әрекетті реттеу үрдістеріне бложам жасау немесе іс-әрекеттерді жүзеге асыратын психикалық үрдістерді зерт-теу.
3. Реттеу тетіктеріне, психикалық үрдіс тетіктеріне тәуелді жүйке байланыстарының жүйесіне болжам жасау.
4. Реттеу тетіктерінің генезисіне диагностика жүргізу неме-се индивидтің психикасы қандай жағдайларда қалыптас-қанын анықтау.
Іс-әрекет белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған үрдіс. Рейковский іс-әрекетке болжам жүргізуде екі неғұрлым кең аспектіні ажыратуды ұсынады: құралдық (әрекеттердің сапасы, жыдамдығы және адекваттылығы) және қарым-қатынас аспектісі, яғни субъектінің өзі орындайтын әрекеттерге, қошаған ортаға және өзіне қатынасын білдіретін сипаттамалар. Психологиялық болжамның міндеті қандай да бір әрекетердің қате өтуін ғана емес, сондай-ақ индивидуумның қандай әрекетерді жемісті жүзе-ге асыра алатынын анықтаудан тұрады. Іс-әрекеттің жүйеленген сипаттамаларын алу үшін адамның қоғамда атқаратын негізгі рөлдер жүйесін қолдану керек. Рейковский клиникалық диаг-ностикада көбінесе қарым-қатынас аспектісі, ал кәсіби диаг-ностикада құралдық аспектіні есепке алу маңызды деп есептейді. Әрекеттер неліктен дұрыс жүрмейді деген сұраққа жауап беру үшін реттеу үрдістеріне бложам жасау қажет. Рейковский реттеу үрдістеріне диагностика жүргіуде құбылыстардың екі сыныбын бөліп көрсетеді: құралдық типтегі үрдістер және қарым-қатынас типіндегі үрдістер. Құралдық типтегі үрдістерге рет-теу үрдісінің үш тобы жатады: бағдарлық, интеллектуалдық және орындаушылық. Бағдарлық үрдістерге болжам жүргізу қабыл-даудың адекваттылығы, құбылыстарды түйсіну қабілеттерін және түсініктердің қалыптасуын зерттейді. Интеллектуалдық қызмет-тер іс-әрекет бағдарламаларын құрастырады, оларға болжам жа-сау жоспарлаудың тиімділігін, мәселелерді шешуді бағалаумен байланысты. Орындаушылық қызметтерге психомоторлық реак-циялар жатады. Қарым-қатынас типіндегі үрдістерді Рейковский эмоционалдық және түрткілік үрдістер деп түснеді. Эмоционалдық үрдістерді диагностикалағанда жағдайлар мен эмоционалдық реакциялар ұзақтығы, күші, белгісі және эмо-циялардың мазмұны арасындағы сәйкестік деңгейі анықталады. Түрткілік үрдістерге диагностика жүргізу – ол индивидуумды әрекетке итермелейтін түрткілердің түрін және қарқындылығын бағалау.
Реттеу үрдістері адамның бүкіл өмірі бойында қалып-тасатын жүйке байланыстарының күрделі жүйесінің негізінде жүзеге асады.
Психологиялық диагноз түрлері
Медициналық болжам мен психологиялық болжамның ара қатынасын зерттеу психологиялық болжамды тереңірек тү-сінуге мүмкіндік береді. Медициналық болжам дегеніміз – ол патофизиологиялық тетіктер синдромына тән байланыстары ар-қылы белгілі болатын аурудың көріністерін анықтау және жіктеу.
Қазіргі психодиагностикада клиникалық психологиялық болжам жақсы деңгейде құрастырылған деп саналады. Түрлі зерттеушілердің көзқарастарын жалпылай келе, А.Левицкий клиникалық-психологиялық болжамның негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызады: кәсіби өмірде, отбасылық өмірде, адам-дармен қарым-қатынаста, сондай-ақ зерттеу барысында аңға-рылатын мінез-құлықтың ауытқушылығын сипаттау; мотивация және танымдық үрдістер аумағындағы психикалық дис-функцияны анықтау; жағдаяттық немесе тұлғалық факторлардың бұзылуына байланысты психологиялық тетіктерді белгілі бұзылу-лар генезисі тұрғысынан анықтау; тұлғаның ауытқушылығының органикалық факторлары мен психологиялық факторларының деңгейін анықтау. Мысалы, эпилепсиямен ауыратын адамның бас миының органикалық зақымдануы (клиникалық болжам) тұлға өзгерістерінің себебі ретінде жиі қарастырылады. Бұл жерде аурудың күрделі әлеуметтік жағдайы, оның осы аурудан ұялатындығы, адамдармен қарым-қатынасының бұзылуы есепке алынбайды.
Психиатриядағы нозологиялық (синдромдық) диагноз психикалық ауруларды оңалту (реабилитация) міндеттерімен ты-ғыз байланысты. Осыған байланысты функционалдық диагноз теориясы құрастырылуда. Бұл болжам үш бөліктен тұрады: клиникалық, психологиялық және әлеуметтік (М.М.Кабанов, 1978). Функционалдық болжам дәрігерге аурудың «атауын» ғана емес, кімде (қандай тұлғада) және қандай ортада (әлеуметтік кіші орта) бұл аурудың пайда болатынын айтуға мүмкіндік береді.
Психологиялық диагнозда (медицинадан бөлек) біз әрбір жекелеген жағдайда осы көріністердің зерттелушінің мінез-құл-қында неліктен пайда болатынын, оның себептері мен салдарын анықтауымыз қажет.
Сонымен, психологиялық диагноз – зерттеу мақсатына орай, тұлғаның жеке дара — психологиялық ерекшеліктерінің ма-ғынасын, олардың ахуалын бағалау, әрі қарай дамуын болжау жә-не нұқсаулар беру мақсатында сипаттау мен анықтауға бағыт-талған психолог іс-әрекетінің соңғы нәтижесі.
Психологиялық диагноз жасауда кететін қателіктер
Алайда психологиялық біркелкі нәтиже үнемі бола бер-мейді. З.Плевицкий екі негізгі топқа бөліп ұсынған диагности-калық қателіктерді талдап көрейік. Олардың бірінші тобына нә-тижелерді жинақтауда жіберілетін қателіктер жатады:
Бақылау қателіктері (мысалы, бложамға қажетті сипаттарға, тұлға көріністеріне «көз жұмып» қарау; сандық және сапалық жағынан бұрмаланған сапаларды бақылау);
Тіркеу қателіктері (мысалы, хаттамадағы жазбалардың эмо-ционалдық бояуы сыналушының мінез-құлық ерекшелік-терінен гөрі психологтың қатынасын көрсетеді);
Техникалық және интерпретациялық аспектіде аппаратуралар мен өлшеу құралдарын дұрыс қолдана алмаудан туындайтын құрал-жабдықтық қателіктер;
Нәтижелерді өңдеу, интерпретациялаудағы негізгі қателіктер:
-«алғашқы әсерлену» эффектісі – бастапқы ақпараттың диаг-ностикалық мағынасын асыра бағалауға негізделген қателік;
-атрибуция қателігі – зерттелушіге оның бойында жоқ сапа-ларды таңу немесе тұрақсыз сапаларды тұрақты ретінде қа-растыру;
жалған себеп қателігі;
-танымдық радикализм – болжамдардың мағынасын асыра ба-ғалау және жақсы шешімдерді іздеуден бас тарту;
-танымдық консерватизм – болжамдарды өте сақ қолдану.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *