Психодиагностика ғылым ретінде


1. Психодиагностика туралы түсінік
2. Психодиагностиканың пәні және құрылымы
3. Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен бай-ланысы
Психодиагностика туралы түсінік
Индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерді өлшеу үшін жиі қолданылатын термин- «психологиялық тест» болып табылады. Алғашында «психологиялық тест» термині кең мағы-нада қолданылды. Кейінірек, тесттердің дамуына орай, психо-логиялық тесттің аумағы тұлғалық ерекшеліктер мен когнитивтік қабілеттерді зерттеуге дейін тарылды.
«Психодиагностика» термині 1921 ж. Герман Роршах құрастырған «перцепцияға негізделген диагностикалық тесттің» көмегімен жүргізілген зерттеуден кейін қолданысқа енді. Алайда бұл терминнің мазмұны кеңейе бастайды. Индивидуалдық айыр-машылықтарды өлшеумен байланыстылардың барлығын психо-диагностика деп түсіну қалыптаса бастайды.
Терминнің тағдырын әрі қарай зерттесек, Р.Хейс оның ерекше мағынаға ие болғаны туралы айтады (мүмкін ол 1930 жж. екінші жартысындағы психометрикалық тесттердің дағдарысы-мен байланысты шығар).
Г.Роршахтан кейінгі психодиагностика – ол тұлғаны пси-ходиагностиканың әдістемелерімен және жобалау тесттерімен зерттеу. Психодиагностиканы жобалау әдістемелеріне жатқызу және оны психологиялық тесттің эквиваленті ретінде қолдану көбінесе неміс және швейцар психологтарының (Мейли, 1961; Хейс, 1966 және т.б.) жұмыстарында жиі қолданылған.
Кеңінен танымал WEBSTER сөздігіне үңілейік: «Психо-диагностика – ол клиникалық психологияның құралдарымен тұлғаға бағалау немесе психикалық ауытқушылықтарға диаг-ностика жүргізу практикасы және ғылымы». Осы анықтаманы «Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігімен» салыстырайық: «Психодиагностика – эксперименталдық – пси-хологиялық тесттер көмегімен аурудың психикалық ахуалын ба-ғалау».
АҚШ-тың ғылыми әдебиеттеріндегі басым ұстанымның Батыс елдеріне ықпалы өте зор. 1970 жж. дейін кез-келген психо-логиялық тесттерді құрастыру және қолданумен байланыс-тылардың барлығы, осы зерттеу бағытының нысаны анықталмаса да «психологиялық тестілеу» термині арқылы белгіленді (Анастазиді қараңыз, 1982). Аталғандарға дәлел ретінде 1960-1970 жж. басшылыққа алынған ең таңымал атауларды көрсетіп кетейік: «Психологическое тестирование» (Anastasi, 1968; Анастази 1982, 2001), «Сущность психологического тести-рования» — Essentials of Psichological Testing (Cronbach, 1960), «Теории тестов» — Test Theory (Magnusson, 1967), «Теория и практика психологического тестирования» — Theory and Practice of Psichological Testing (Freeman, 1963). «Психодиагностика» термині біртіндеп қолданыстан шығуда. 2000 ж. шыққан «Энциклопедия психологии» сегіз томдығында (Enciclopedia of Psichology. – APA and Oxford University Press; Америкалық психологиялық ассоциация Оксфорд университетімен бірігіп шығарған) психодиагностикаға арналған мақала жоқ.
Психодиагностиканың пәні және құрылымы
КССР-де «психодиагностика» деп аталған зерттеу бағыты 1960 жж. Б.Г.Ананьевтің күш салу арқылы пайда болады. Батыстық тестілеуге қарсы қойылған кеңестік ғалымдардың психологиялық жаңа бағыты зерттеу нысаны мен ұстанымдарын анықтауды қажет етті. Б.Г.Ананьев психодиагностиканы «тұл-ғаның психофизиологиялық қызметтерінің, үрдістерінің, жағдайлары мен қасиеттерінің даму деңгейін анықтауды… олардың әрқайсының құрылымдық ерекшеліктерін және олардың мінез-құлықтың күрделі синдромдарын құрайтын констел-ляцияларын анықтауды… күрделі жағдайлар мен фрустра-торлардың, түрлі стимуляторлардың әсері кезіндегі адамның аху-алдарын танып білуді … адамның дамуының потенциалдарын анықтауды мақсат ететін зерттеу бағыты ретінде қарастыру керек деп есептейді» (Ананьев, 1968).
Психодиагностика бойынша алғашқы ресейлік моно-графиялардың бірі адамдарды психологиялық және психофи-зиологиялық белгілеріне қарай жіктеу мен ранжирлеу әдістері ре-тінде сипаттайды.
Осы анықтаманың авторы К.М.Гуревичтің пікірі бойын-ша, психодиагностиканы осылайша талқылау соның ауқымында бір адамды екінші адамнан немесе бір топты екінші топтан ажы-ратуды мақсат еткен психологиялық және психофизиологиялық әдістемелерді қарастыруға мүмкіндік береді. Психологиялық диагностиканың нысаны бұлайша түсіндірумен келісу қиын. Сон-да психодиагностика тек қана психологиялық емес, статис-тикалық және психофизиологиялық әдістемелердің жүйесіз жи-ынтығынан тұратын болып шықты. Адамдарды жіктеу мен ранжирлеу психодиагностиканың өлшеуінің іргетасын – психо-метрияны құрайтын статистикалық процедураларсыз мүмкін емес. Алайда психодиагностика психофизиологиялық әдіс-темелердің көмегімен психологиялық айырмашылықтарды анықтай алмайды. Бұл әдістемелерді психодиагностикаға енгізу-ші психологтар психологиялық феномен физиологиядан шығады деген ескі көзқарастарды ұстанды. Гуревич ұсынған анықтама психодиагностиканы қолдану аясын осылайша тарылтты.
Өткен ғасырдың 80 жж. екінші жартысында психоло-гиялық практиканың түрлі салаларына тесттердің біртіндеп «енуі» негізінде кеңес психологтары оған жаңа анықтамалар бе-реді. Мысалы, «Краткий психологический словарь» «индивид-уалдық ерекшеліктер мен тұлғаның даму перспективаларын анықтау әдістерін құрастыратын психология саласы» деп көр-сетеді.
Түрлі анықтамаларды ескере отырып Л.Ф.Бурлачук мына-дай анықтама ұсынады:
Психодиагностика – тұлғаның жеке – дара психология-лық ерекшеліктерін бағалау мен өлшеу теорияларын, ұстаным-дарын және құралдарын шығаратын психология ғылымының са-ласы.
Психодиагностиканың бір ғаысрдан астам уақыты ішін-дегі даму барысында психологиылқ әдістемелерді қолданудың негізгі аймақтары қалыптасты, оларды жалпы психодиаг-ностиканың салалары деп атауға болады.
Білім берудегі психодиагностика – оқу материалын тиім-ді игеруді өлшеу үшін қолданылады.
Клиникалық психодиагностика – науқастың жеке-дара психологиялық ерекшеліктерінің психикалық соматикалық ауру-лардың (тұлғаның құрылымдық, дианмикалық ерекшеліктері, ауруға қатынасы, психологиялық қорғаныс тетіктері және т.б.) пайда болуы мен ағымына тигізетін әсерін зерттеуге бағытталған.
Кәсіби психодиагностика – кәсіби іріктеу мен кәсіби бағдарлау үшін диагностикалық әдістемелерді қолдану.
Психодиагностиканың психологияның басқа салаларымен байланысы
XIX ғ. мен XX ғ. тоғысқан тұсында көрнекті неміс психо-логы Вильям Штерн «психикалық қызметтер мен қасиеттердің маңызды айырмашылықтары» туралы ғылымды бөліп көрсету үшін дифференциалды психология» түсінігін енгізді.
Психодиагностика мен дифференциалды психологяның зерттеу нысандары сәйкес келеді. Алғашқысы жеке-дара айыр-машылықтарды өлшеуге бағытталған, ал екіншісі осы айыр-машылықтардың себептері мен салдарын тану, түбіне үңілу. Психодиагностика мен дифференциалды психологияны бөлек қарастырудың сипаты жасанды, ал шындығында олар бір-бірін толықтырып тұр.
Алғашында психикалық үрдістердің уақытша сипаттама-ларын өлшеу психометрия деп аталған. соңынан психикалық құбылыстарды сандық өлшеумен байланыстылардың барлығы психометрияға жатқызылатын болды. «Словарь XX века» сөздігі оны «өзгермелі факторлармен жұмыс жасаушы психология саласы» деп анықтады. Мұндай көзқарас бойынша психометрия психофизиологиядан бастап тұлғаға дейінгі психологиялық өлшеу аясын тұтас қамтиды.
Өлшеуге арналған кез-келген психологиялық құралды құрастыру тиісті талаптарды бұлжытпай орындауы қажет екендігі белгілі. Ол талаптар өлшеу әдістемесінің дәлдігіне, шынайылығына және адекваттылығына, оның көмегімен алынған нәтижелердің салыстырмалылығына қатысты. Оларға сәйкес болуы математикалық — статистикалық процедуралармен анық-талады. Осыған байланысты кең қолданылатын «психометрикалық тесттер» термині — өлшеу ұстанымдарын қанағаттан-дыратын валидтілігі және сенімділігі белгілі стандартталған әдіс-темелер дегенді білдіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *