Мұғалімдер типологиясы.
Студенттердің ЖОО адаптациясы келесі құрамды бөліктерден тұрады:
А) мамадық адаптация. ЖОО оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне және оқу мазмұнын меңгеріге тез икемделуі және өз бетімен ізденуге, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге икемделуі;
Б) әлеуметтік-психологиялық адаптация. Жеке тұлғаның студенттік топтағы және оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемделуі, мінез-құлық стилінің қалыптасқандығы. Әлеуметтік-психологиялық адаптация барысында жеке тұлға көптеген ортаның ерекшеліктерін меңгеріп, сол ортада өмір сүру стратегиясын ішкі дискамфортсыз қалыптастырады.
Адаптациядан тез өту студенттің барлық іс-әрекеттерде табысты болуының кепілі болады. Психологияда бірінші курс студенттерінің ЖОО адаптациядан өтуінің келесі үш формасы анықталған:
формалдық адаптация, ЖОО құрылымдық ерекшеліктеріне, мәліметтік-танымдық әрекеттер түрлерін меңгеруге, жаңа орта талаптарына және өз міндеттерін орындауға адаптациялануы.
Кей кезде балалардың үлгерімі нашарлауы өз бетімен өз өмірін ұйымдастыруға үйренбегендікпен, өз уақытын дұрыс пайдалану дағдысының қалыптаспағандығымен байланысты болады.
әлеуметтік адаптация, студенттер тобының ішкі интеграциясының қалыптасуы және топтың жалпы университет ұжымымен интеграцияда болуы;
дидактикалық адаптация, студенттердің ЖОО оқу-әдістемелік жұмыстардың жаңа формаларына үйренуі.
Студенттердің оқу мотивациясын зерттеу негізінде типологиясы.
Лисовский В.Т. ұсынған типология:
- Гармониядағы студент. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған. Жақсы оқиды, ғылыми жұмыстарды қызығып, дәйекті жүргізеді, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Жақсы дамыған, мәдениетті, ашық-жарқын, әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Кемістіктерге кешірімсіз, шыншыл, адал. Өз ұжымында беделді, сенімді жолдас.
Профессионал студент. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған. Жақсы оқиды, ғылыми ұжымдар жұмысына қызықпайды және сирек қатысады, өйткені тәжірибеге бағытталған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады, барлық тапсырмаларды уақытында, сапалы орындайды. Спортқа да көңіл бөліп жүреді. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Кемістіктерге кешірімсіз, шыншыл, адал. Беделді.
- Академик. Ол өз мамандығын саналы таңдап алған, тек беске оқиды. Университетті бітіргеннен соң аспирантура, магистратура т.б. оқу орындарында білімін шыңдауға бағытталған, сондықтан ғылыми-зерттеу жұмыстарын өте көп уақытын бөледі.
- Қоғамшыл. Қоғамдық жұмыстарға өте бейім және құмар, сондықтан ол сабақтардан да қоғамдық жұмысқа көбірек уақыт бөледі, сондықтан үлгерімі төмендеп кетуі мүмкін. Дегенмен ол мамандығын дұрыс таңдадым деп есептейді. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Досуг ұйымдастыруға шебер.
- Өнерсүйгіш. Жақсы оқиды, ғылыми жұмыстарға сирек қатысады. Әдебиет пен өнер шығармаларына қызығады, оларды уақытында оқып, танысып жүреді, әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғалармен танысып отырады. Эстетикалық талғамы күшті дамыған, кругозоры кең, өнер жағынан білгіш.
- Еңбеккер. Мамандығын таңдауға көптеген факторлар әсерін тигізген, сондықтан болашақта кім болатынын анықтамаған. Қабілеті орта бірақ барлық күшін салып жақсы, ұқыпта оқиды. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі, әдебиет пен өнер шығармаларына қызығушылығы төмен. дегенмен ол кино мен эстраданы жақсы көреді. Дене тәрбиесі бағдарламаға сай.
- Орташа. Оқу мәселесі жағдайға байланысты, онша күш жұмсамайды. Ол тек диплом алуды көздейді, ал жұмысты басқалардан кем орындамаймын деген сенімі күшті. Мамандық таңдауға онша көңіл берген жоқ. Бірақ оқуға түскеннен соң оны бітіру керек деп есептейді. Жақсы оқуға тырысады, бірақ кейде салақтыққа салынады.
- Көңлі қалған. Қабілетті, бірақ болашақ мамандығы еш ұнамайды. Бірақ ақуға түскеннен соң оны жақсы оқу керек, бітіру керек деген ойменен. Өзін қызығушылықтары бойынша жасаған әрекеттерімен жұбатып жүреді (спорт, өнер т.б. хобби).
- Жалқау. Зорға оқиды, дегенмен өзі оған қанағаттанады. Болашақ мамандық қызметі туралы қам жемиді. Студенттер мен оқытушылар оны «балласт» деп есептейді.
- Шығармашыл. Барлық жұмысқа шығармашылықпен қарайды. Сондықтан ол оқуда да, қоғамдық жұмыстада табысты. Дегенмен тер төгіп, шыдамдылықпен орындайтын тапсырмаларға онша емес. Сондықтан оның табысты болуы тұрақты емес. Кейде төмен баға алып қалады. Ғылыми жұмыстарда ерекше тақырыптар қызықтырады.
- Богемдік. Престижі жақсы факультеттерде жақсы оқиды. Басқа факультеттер студенттерін менсінбейді. Топта лидер болуға тырысады. Барлық нәрседен хабардар. Бірақ білімі жан-жақты емес, шектеулі. Өнерде тек мода болып тұрған ағымдарды ғана таниды. Барлық уақытта өз пікірі бар және басқалардан өзінің пікірімен санасқанды талап етеді. Кафе, ресторандардан шықпайды.