жеке адам формуласы:
Жеке адам=әлеуметтік + жекелік немесе жеке адам=жекелік+әлеуметтік.
Бұл жерде жекелік деген мағынасы оның табиғи қасиеттерін көрсетіп отыр. Сонда табиғи жетекші дегендер (биологизаторлар) адам=жекелік+әлеуметтік деген формуланы қолдайды; ал әлеуметтік ортаның әсері басым дегендер (әлеуметтендірушілер) әлеуметтік + жекелік деген формуланы қолдайды.
Жеке тұлға құрылымын зерттеушілер оның құрылымы жеке тұлғаның психологиялық қасеттерінен тұрады деп түсіндіреді.
К.К.Платонов концепциясы бойынша жеке тұлғаның құрылымы даму кезеңдерімен байланысты деп көрсетеді. Бұл тұжырым бойынша:
— жеке тұлғаның ең төменгі деңгейі оның биологиялық қасиеттерімен сипатталады;
— екінші кезеңде – жүйке жүйесінің қасиеттері, темперамент көрінісі;
— психикалық процестер, таным процестерінің жекелік ерекшеліктері;
Тұлғалық қасеттердің дамуының ең жоғарғы сатысы – жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибесі, білімі, іскерлігі, дағдысы және әдет-ғұрпы.
Жеке тұлға иерархиялық құрылымын К.К.Платонов келесі кестемен көрсеткен
Құрылымдық бөлімдердің қысқартылған атылуы |
Құрылымдық бөлімдердің мазмұны |
Биологиялық және әлеуметтіктің ара қатынасы |
бағыттылығы |
Сенім-нанымдар, дүниетанымы, жеке тұлғаның мағынасын түсінуі, қызығуы |
әлеуметтік деңгейде
(биологиялық жоқтың қасы) |
Тәжірибесі |
Білімі, іскерлігі, дағдылары, әдет-ғұрпы |
әлеуметтік-биологиялық деңгейде (биологиялыққа қарағанда әлеуметтік әлде қайда басым) |
Бейнелеу формасы |
Таным процестерінің ерекшеліктері (ойлау, сөйлеу, есте сақтау, қабылдау, түйсіну, зейін) |
Биоәлеуметтік деңгейде (әлеуметтіктен биологиялық әлде қайда басым) |
Биолологиялық конституционалдық қасиеттері
|
Жүйке процестерінің жүру жылдамдығы, қазу және тежелу процестерінің арақатынасы, жыныстық және жас ерекшеліктері |
Биологиялық деңгейі (әлеуметтік жоқтың қасында) |
Мысалы: Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әрекет жағдайын туғызушы фактор деп қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады.
Қызығу түрлері. Адамдар қызығу олардың іс-әрекеті сияқты өте алуан түрлі. Қызығуды оларды мазмұнынан, немесе бағыттылығына қарай ажыратады. Бұл ретте материалдық, қоғамдық және рухани қызығуды бөліп қарауға болады.