А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері

А.Н.Леонтьев мектебінің өкілдері тұжырымы бойынша заттармен іс-әрекет жасай отырып адам олардың жасырын мәнді қатынастарын ашады. Адам заттармен ғана емес, өзінің түсініктері және ұғымдарының мазмұнымен де белгілі бір іс-әрекеттер жасай алады. Мұндай оңды іс-әрекеттер ақыл-ой немесе ойлау әрекеттері деп аталады. Заттық іс-әрекеттерден түсініктермен және ұғымдармен оңды іс-әрекет жоспарына көшу ойлар арқылы жүзеге асады. Ол әрқашан белгілі бір міндетті орындауға бағытталады. Сөйтіп, адамның ұғымдары және ақыл-ой әрекеттерін меңгеру процесі оның ойлауды үйренуін талап етеді. Адамның бүкіл ойлау (ақыл-ой немесе интеллектілік) іс-әрекетінің түпкі мақсаты оның алдына өндірістік немесе қоғамдық өмір қойып отыратын әр алуан практикалық міндеттерді ойдағыдай орындау болмақ. Бұл үшін түсініктер мен ұғымдарға жасалған іс-әрекеттерден алынған оңды шешімдерді нақты міндеттердегі нақты заттармен жасалатын практикалық іс-әрекеттерде жүзеге асыру қажет. Басқаша айтқанда, бұл үшін білімді практикалық міндеттерді орындауға қолдану, яғни іскерліктерді игеру керек.

Таным процестері қызметі іскерліктерді үйренумен толықтырылады. Адамның үйренуі — әр түрлі деңгейде өтетін күрделі, көп сатылы процесс.  Сенсорлық үйренуде қабылданған бейнелерді қабылдау, сондай-ақ білу және тану процестері қалыптасады. Моторлық үйренуде қимылдарды таңдау және тиісті программаларда біріктіру, оларды жіктеу, іріктеу және жүйелеу болады. Олардың синтезі — сенсомоторлық үйрену — қабылдау мен елестету бейнелерінің бақылауымен қимыл программаларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үйренудің бұл түрлерінің нәтижелері сенсорлық, моторлық және сенсомоторлық іскерліктер мен дағдылар формасында білдіріледі. Үйренудің когнитивтік деңгейінде адамда іс-әрекет заттарының мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері, сондай-ақ осы қасиеттер мен байланыстарды пайдалану жөніндегі мақсатқа сай іс-әрекеттер қалыптасады.

Үйрену жаттығулары бақылау, ұғыну және өзін-өзі бақылау негізінде жүзеге асады, бұлар ұғынылып барып қойылған мақсаттар мен міндеттер арқылы басқарылады. Бір жағынан, когнитивтік деңгейде тиісті сыныптардың есептерін шешу үшін қажет іс жүзіндегі білім мен практикалық іс-әрекеттерге үйрену (бұл орайда түсініктер мен практикалық іскерліктер қалыптасады), екінші жағынан, қорытылған теориялық білім мен ақыл-ой іс-әрекеттерін үйрену болады  (мұнда ұғымдар мен ойлау қалыптасады).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *