Алып Ер Тоңғаны жоқтау (үзінді)
Алып Ер Тұңға өлді ме?
Опасыз дүние қалды ма?
Заман өшін алды ма?
Енді жүрек жыртылар…
Бектер аты болдырып,
Қайғы оларды солдырып,
Меңді жүзі сарғайып,
Запыран рең сүртілер
Бөрідей жұрт ұлысып,
Айқайын жаға жыртысып,
Өкірген шнін өшіртіп,
Жылаған көзден жас өрер.
Көңілім ішті жандырды,
Жазылған жарар жаңғарды.
Көшкен күндер көзге ұрды,
Күн-түн демей ізділер