Адамдар өндіріс процесінде толық қатынастар жүйесін құрып, жасайды, соны қалыптастырады. Аңдарда еңбек бөлінісінің тек қана белгілі элементі және әлеуметтік ұйымның қайсібір бастамасы ғана болады. Мысалыға ара мен құмырысқаның еңбек бөлінісін алуға болады. Оларда биліктің, тәртіптің қайсыбір элементтнрі — өзара қорғаныс, өз ұрпағына деген қамқорлық, т.б. кездеседі. Бірақ бұл элементтерді бәрі де инстинкпен шарттандырылған, олардың сипаты саналы түрде болмайды.
Адамзат қоғамы салыстырмалы түрде тез өзгереді, ал аңдар қауымдастығы болса ұзақ уақыт бойы белгілі өзгеріссіз ұзақ сақталады. Адам әрі биологиялық, әрі қоғамдық мән ретінде өзгереді. Адамзат қоғамында үздіксіз даму сақталады: аға ұрпақ қоғамдық жетістікті өз ұрпағына мұра етіп береді. Абай дүниенің даму заңдылығын мойындаған ұлы ойшыл, ол дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпты тұрмайды, өзгеріп отырады деп тұжырымдады. Бұл жөнінде ол: «Дүние бірқалыпты тұрмайды, адамның қуаты, ғұмыры бірқалыпты тұрмайды». «Дүние — үлкен көл, заман соққан жел. Алдыңғы толқын – алғаш артқы толқын – інілер, кезекпен өлінер, баяғыдай көрінер» деген болатын. Бүгін пайда болған жетістік, материалдық немесе мәдени игіліктер адамзат қоғамында ертең жаңа ұрпақтың мұралануына етелі ал аңдарда бұл сияқты процесс болмайды.
Адамзат қоғамы мен аңдар қауымдастығын ажырататын негізгі сипаттамалар қоғамдағы арнаулы құбылыстың — әлеуметтіктің пайда болып, өмір сүруіне мүмкіндік жасайды, ал ол аңдар қауымдастығында мүлде кездеспейді.
Алайда қоғам мен табиғаттың ерекшелігімен қатар, оның жалпы бір – бірін толықтыратын қасиеттері де бар. Олар биологиялық және инстинктивтік шарттылық. Осылардың нәтижесінде олардың арасында абсалюттік шекара деген болмайды.
Соған қарамастан аңдар қауымдастығы биологиялы құбылыс, адам қоғамы — әлеуметтік құбылыс, бұлар дамудың арнаулы заңға бағынады.
Аристотель адамды «саяси аң» деп ккөрсеткен екен. Сонымен қатар адамда екі бастау бар: олар – аңдық (биологиялық) және саяси (әлеуметтік).
Осы екі бастаудың қайсысы шешуші болып қалыптасқан, міне проблема дәл осында.
Сезім, тәртіп, әрекет секілді көріністердің өмір сүру, қалыптасуын адам бойындағы биологиялық және әлеуметтік секілді ұғымдардың қайсысы анықтайды және жүзеге асырады дегенге келсек, әрбір адамды өмірде өзінше ерекше, қайталанбайтын құбылыс дегенді мойындай отырып, адамды әр түрлі белгілеріне сәйкес топтастыруға, оларды сипатына (айталық жынысы, жасы), биологиялығына қарай және екіншіден, әлеуметтік жағынан, ал қайсы біреулерін биологиялық пен әлеуметтіліктің өзара әсері арқылы анықтауға болады.