Өзіндік зерттеу — Ауру тарихы
Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, абцесс ауруымен ауырып тұрған ірі қараны емдедім. Жетекшім Б.К. Ильясов болды.
2.1 Proanamnesis
Малдың түрі –ірі қара
Малдың жынысы — ұрғашы
Малдың жасы — 4
Малдың тұқымы – шведский
Малдың салмағы — 350
Малдың лақап аты – Алма
Малдың иесі – Нұржанов Бекжан
Мекен — жайы — ОҚО, Кайтпас ауданы , 247 үй, 10 пәтер
2.2 Anamnesis vitae
Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін — өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын — соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, аяғын басарда сылтып басады. Малда бұрын бұрын — соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2010 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.
2.3 Anamnesis morbi
Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Аяғының болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды.
2.4 Status prоesens communis universale
1. Жүрек — қан тамыр жүйесін зерттеу
Жүрек дүрсілінің ең жақсы байқалатын жері: ұсақ малдарда сол жақ шынтақтан 2-3 см жоғары 4-ші қабырға аралығында 5-7 см көлемінде, аумағында. Сиырда сол жақ иық буынымен жауырын жалғасқан тұсының сызығынан жүргізілген түзудің бойынан 7-8 см төмен, 4-5 см аумағымен 5-ші қабырға аралығында.
Тамыр соғуы: ырғағы орташа, тамырлардың қанға толу дәрежесі жақсы, тамырлар қабырғасының серпімділігі қалыпты, тамыр соғуының күші орташа.
Жүрек тұсын сол жақ 3-4 жақ қабырға арасын тексердім. Жүрек түрткісінің күшін және оның білінетін жерлерін фонендоскоппен тексеруге көштім. Жүрек саздарының дыбыстылығы — көмескі. Жүрек саздарының тазалығы — 1 — ші және 2 — ші саздардың жарықшақтануы орташа, эндокардиальды және перикардиальды шуылдар байқалмайды.
Жүрек шекарасы жоғары және артқы шекарасы өзгеріссіз. Жақсы сақталған.
Сипау арқылы жүрек тұсында көкірек жақтауының дүрсілін сеземіз. Жүрек түрткісі дегеніміз жүрек етінің жиырылуымен сәйкестеніп келетін көкірек жақтауының сыртқа керілуі.