- Өзіндік зерттеу — Ауру тарихы
Өзіндік зерттеу жұмысымды М.О.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің Агроөнеркәсіптік факультетінің «Ветеринарлық медицина және зоотехния» кафедрасына қарасты Ветеринарлық клиникасында бастадым.
Өзімнің курстық жұмысымның тақырыбына сәйкес, ісік ауруымен ауырып тұрған ірі қараны емдедім. Жетекшім Б.К. Ильясов болды.
2.1 Proanamnesis
Малдың түрі –қара мал
Малдың жынысы — ұрғашы
Малдың жасы — 4
Малдың тұқымы – шведский
Малдың салмағы — 430
Малдың лақап аты – марқа
Малдың иесі – Нұржанов Жандаулет
Мекен — жайы — ОҚО, Кайтпас ауданы , 247 үй, 10 пәтер
2.2 Anamnesis vitae
Мал иесінің айтуы бойынша малды өте жақсы қоршалған, малдың күтімі өте жақсы, уақытысында әр түрлі құнарлы, витаминедерге бай азықтармен азықтандырып, табиғи суды беруге пайдаланады екен. Ауруға дейін малдың күйі, жағдайы, күтімі, мал өзін — өзі кеңістікте ұстауы, азыққа тәбеті, жатып тұруы, зәр, нәжісі бөлуі жақсы болған. Мал бұрын — соңды осы аурудың өтуіндей ауырмағанын айтады. Ауруға дейін белгілері жақсы болған. Малдың иесінің айтуы бойынша мал ауырғаннан кейін малдың азыққа деген тәбеті төмендеп, мал арықтаған, бойында ауырсыну сезімі барлығын байқатқан, температурасы көтерілген, алдыңғы аяғын сылтып басқан, тік тұрғанда табанын жерге тигізбейді.
Малдың күндіз серуендегенде, кейіннен кіргізуге айдағанда мал енжарлық танытып, жүрмей тұрып алады. Малдың мінез -құлқы өзгерген, қабаған, аяғын басарда сылтып басады. Қара малда бұрын бұрын — соңды мұндай белгілер байқалмағанын айтады. Бұл белгілер 1 апта алдын, яғни 10.03. 2011 күніне байқала бастаған. Малда бұрын ауру белгілер байқалмаған, малды дәрігерге көрсетпеген.
2.3 Anamnesis morbi
Ауруға шалдыққан мал мазасыздана бастады. Болмашы қозғалысының өзінде ауырсынуы және сықырлау байқалады. Тәбеті болмай, жүре алмай қалды. Ісік төңірегіндегі тканьды, көрші мүшені қысып-жаншиды. Жануарлардың жалпы жағдайы өзгермейді. Ең бірінші домбығу білінеді, ауырсыну, функциясының бұзылуы бар. Қызарады, түйін пайда болған. Ісік пайда болған жердің терісі қара-күрең тарта ісініп, қатайып кеткен. Эпидерміс қабатында шұрық тесіктер пайда болған, сол тесіктерден елек көздерінен түскен ұн сияқты, жасыл қошқыл қою ірің ағып тұр. Дене қызуы 44ºС көтеріңкі.