ҚОРҒАЛЖЫҢ ҚОРЫҒЫ

Қорғалжың қорығы 1958 жылы Ақмола облысының бірнеше көлді (Қорғалжың, Теңіз) алқабының табиғат байлығын қорғау, құстарға қамқорлық жасау, қоқиқаз, аққулардың санын көбейту мақсатымен ашылды. Басты байлығы — су құстары. Қорық арқылы Пәкістанда, Үндістанда, Солтүстік Африкада және Каспий теңізінде қыстаған құстардың солтүстікке қарай ұшу жолы өтеді. Көктем, жаз айларында құстарға толы көлдері бар бұл қорықты «Кұс базары» деп атайды. Қамыс арасын шағала, қасқалдақ, сұқсыр үйрек, қоңыр қаздар мекендейді. Сондай-ақ әупілдек, қарадегелек, аққұтан, қалбағайларды, шөлді дала аймағында дуадақ, безгелдек, ақбас тырналарды, тоғай ішінде жыртқыш құс — саз құладынын көруге болады. Қорғалжыңда түлкі, қарсақ, суыр, т.б. жануарлар да бар.