Қанның    маңызы. 

  Қан   мен   лимфа   және  ткань  аралық  сұйықтық   организмнің    ішкі   сұйық   ортасын   құрайды   да,  бүкіл  дене  клеткаларын,   тканьдерін   жуып   жатады .

Организмнің ішкі сұйық ортасының құрамы, физикалық  және  химиялық    қасиеті    біршама   тұрақты  болады,   сондықтан  да  организмдегі    клеткалардың    тіршілік   процесі   қалыпты    жүріп жатады.

Қан  қан тамырларымен    ағады     да,     организмнің    барлық  клеткаларына    қоректік    заттарды  тасу  қызметін  атқарады.  Мысалы,  қан  тканьге  глюкоза,  амин  қышқылдары,  май,  витамин,  минерал  заттарын,  суды,  оттегін  т.б.қоректік  заттар  жеткізсе,  екінші  жағынан  зат  алмасу  процесінің  нәтижесінде  организмнен  бөлінген  ақырғы  өнімдерді  (мочевина,  аммиак,  несеп  қышқылы,  көмір  қышқылы)  сыртқа  шығару  органдарына:  бүйрекке,  тері  бездеріне,  ішекке  және  өкпеге  апарады.

Иммунитет  —  қандағы  лейкоциттердің  фагацитоз  процесіне  бейімділігі.Қандағы  қорғағыш  денелер  организмдегі  микробтарды,  олардың  бөлетін  улы  заттарын  зиянсыздандырады  және  зиянды  белоктарды  ыдыратады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *