ҚАННЫҢ ЖАСАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАН СИСТЕМАСЫНЫҢ РЕТТЕЛУІ
Қан түйіршіктерінің жасалуы және бұзылуы. Қан клеткалары түзілетін және олардың бұзылатын органдары да қан системасына жатады. Бұл системаға: сүйек кемігі, бауыр, көк бауыр және лимфа бездері кереді. Үлкен адамның қан клеткалары сүйек кемігінде түзіледі. Ал ұрықтың дамуында сүйек кемігімен қатар бауыр да осы қызметті коса атқарады. Адам өскен сайын бауырдың бұл қызметі бірте-бірте жойылады.
Қанның клеткалары түзілетін органдарды қан жасаушы органдар дейді.
Бір тәулікте 200-250 млрд эритроциттер түзіліп тұрады. Олар сүйек кемігіндегі ядролы эритробласт клеткасынан жасалады. Олардың протоплазмасындағы рибосомадан тұратын түйір затында гемоглобин түзіледі.
Эритроциттер шамамен 120 күн тіршілік етеді, содан кейін бауыр мен көк бауырда үнемі бұзылып отырады. Олар бұзылғаннан кейін гемоглобиннің құрамында темір молекуласы жоқ өт пигменттері — билирубин мен биливердин түзіледі. Ал бұзылған гемоглобиндегі темір молекулалары жаңадан пайда болған гемоглобиннің құрамына өтеді.
Қан жасаушы органдардың реттелуі. Организмнің қалыпты жағдайында жасалатын және бүзылатын эритроциттерінің жалпы саны бірдей болады. Организмде оттегінің жетіспеуі, эритроциттердің санының шамадан тыс көбеюіне әкеліп соғады.
Орыстың атақты ғалымы, дәрігер С. П. Б о т к и н өткен ғасырдың 80-жылдарында қан жасаушы органдар қызметін нерв системасы реттейтіндігін ашты. С. П. Боткин өзінің лабораториясында иттерге мынадай тәжірибе жасады. Сүйек кемігіне келетін нервті тітіркендіргенде, олардың қанында эритроциттердің саны артқан, ал симпатикалық нервті тітіркендіргенде лейкоциттердің саны артқан.
Тамақ ішкеннен кейін ас қорыту процесі күшті жүреді, сол уақытта лейкоциттердің саны артады, мұны тамақ лейкоцитозы деп атайды. И. П. Павловтық оқушылары зерттеп, тамақ лейкоцитозын шартты рефлекс арқылы жасауға болатынын дәлелдеді. Қан жасаушы органдарда, сүйек кемігінде, көк бауыр, бауыр, лимфа бездерінде толып жатқан рецепторлар бар. Осы рецепторларды тітіркендірсе, әр түрлі физиологиялық реакция береді. Сонымен, қан жасаушы органдар нерв системасымен екі жақты байланыста болады: біріншіден, қан жасаушы органдар өзінін қызметін реттей отырып, жоғары нерв системасынық импульсін қабылдайды, екіншіден, өзінің физиологиялық жағдайын орталық және жоғары нерв системаларына хабарлап, өзінің және организмнің өзгеруіне байланысты жаңа рефлекстердің пайда болуын реттейді.
ҚАН АЙНАЛУ ОРГАНДАРЫ
Қан және лимфа айналудың жалпы с х ем а с ы. Жылы қандыларда қан организмді толық бір рет айналып шығу үшін жүректен екі рет ағып өтуі керек: бірінде жүректің сол жақ бөлімінен, екіншісінде оның оң жак бөлімінен ағып өтеді. Жүректің сол жақ қарыншасы канды қолқаға айдап шығарады. Ал колкадан — артерия тамырлары өте ұсақ артериялар мен артериолдарға тарамдалып, бүкіл организмді артерия қанымен қамтамасыз етіп отырады. Өте ұсақ артериялар және артериолдар жіңішке капилляр тамырларға тарамдалып, кейіннен тарамдалып бөлінген капилляр тамырлар өзара қайта бірігіп, вена тамырының негізін құрайды. Ұсақ вена тамырлары бірте-бірте бірігіп, іріленіп вена тамырларын түзеді. Екі вена куысымен аққан вена қаны жүректің оң жақ жүрекшесіне келіп құяды.
Қан айналу системасының сол жақ қарыншадан қолқа түрінде басталып, оң жақ жүрекшеге келіп құятын қанның жолын — қан айналудың үлкен шеңбері деп атайды. Қан айналудың үлкен шеңберін құрайтын артерия тамырларында оттегіне қанық артерия қаны ағады. Қапиллярға келгенде артерия қаны өзінің құрамындағы оттегінің біразын тканьге береді де, оның орнына зат алмасу процесінің нәтижесінде тканьде түзілген көмір қышқыл газымен әрекеттесіп, вена қанына айналады.
Оң жақ жүрекшеге құйылған вена қаны кейіннен оң жақ карыншаға ауысады да, одан өкпе артериясы және оның тармақтары арқылы өкпе кепіршіктеріне қарай бағытталып ағады. Өкпе капилляры мен өкпе көпіршіктері арасындағы газ алмасу процесі арқасында вена қанындағы көмір қышқыл газы шығып, оның орнына оттегі қанға өтіп, қан артерия қанына айналып, өкпе венасы арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құяды. Қан айналу системасының оң жақ қарыншадағы өкпе артериясы турінде басталып, сол жақ жүрекшеге келіп өкпе веналарымен аяқталған бөлігін қан айналудың кіші шеңбері немесе өкпелік шеңбер деп атайды. Бұл шеңбердің капиллярлар қабырғалары арқылы қан өкпедегі ауадан оттегін алып сіңіреді, клеткалардан әкелген көмір қышқыл газды бөліп өкпеге шығарады.
Сонымен қанның толық бір айналуы екі жарты шеңберд ден, осы шеңберлер аркылы организмдегі барлык кан мөлшepi бip жуйемен ағып тұрады (1-түстi таблица).
Қан тамырлар системасы ішінде аққан қан организмнің клеткаларымен тікелей жанаспайды. Клетканың сыртын қоршап тұрған сұйық орта ткань сұйықтығымен жанасады. Ткань сүйықтығы клеткалардың арасындағы барлық бос жерді алып жатады да, дененің барлық салмағының 50%-ін құрайды. Қан капиллярларының ішінде еріген заттары бар судың біраз мөлшері ткань сұйықтығына өтеді. Ткань сұйықтығының артығы ірі екі лимфа тамырларына етеді де, вена қуыстары арқылы оң жақ құлақшаға құяды. Бүкіл организмдегі артық ткань сұйықтығы екі лимфа тамыры арқылы ағып кетіп отырады.
ҚАН ЖӘНЕ ЛИМФА АЙНАЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Организмде қан және лимфа айналудың маңызы зор, олар тасушы, реттеуші қызмет атқарады. Өкпеден, ішектен ағып өткен қан оттегімен және қоректік заттармен байиды да, бүкіл организмніқ тканьдеріне, клеткаларына осы заттарды жеткізіп түрады. Зат алмасу процесінің нәтижесінде олардан бөлінген ыдырау өнімдерін реттеп, пайдаланатын өнімдерді пайдаланып, ал пайдаланбайтын өнімдерді шығаратын органдарға жеткізеді.
Қан құрамына бүкіл организм органдарын езара байланыстырып, реттейтін екінші бір органның бөлген биологиялық актив заты — гормондар. Ол шапшаң таралып жеткізіліп отырылады. Қан айналу шеңберлерімен қанның үздіксіз ағуы және лимфа тамырлары арқылы лимфаның артығының ағып кетуі, тканьмен сыртқы ортаның зат алмасу процесінің дұрыс жүруін қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде ткань сүйықтығының ортасы салыстырмалы тұракты бір шамада сақталады да, организмніқ тіршілік қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді.
Ж ү р е к. Жүрек — көкірек қуысында орналасқан қалың ет органң. Оның қабырғасы жүректің көлденен, жолақ ет талшықтарынан құралады да, дәнекер тканьмен тартылып біріктіріліп бір тұтас болып тұрады. Жүректің сыртын берік дәнекер тканьнен түзілген перикард (жүрек қабы) қаптап жатады. Перикардтың ішкі жағы мен жүректін сыртқы жағын жұқа, әрі тегіс эпителий клеткалары қаптап жатады. Жүрек қабының ішінде жүрек жиырылғанда үйкелісті азайтатын жүрек сұйықтығы болады.
Жүректің нерв импульсін еткізетін жолдарын жүрек ет талшықтары және оларды жалғастырып тұратын күрделі протоплазмалық кепіршелер торы кұрайды. Сондықтан жүрек еттері жиырылғанда «барлығы немесе жоқ» — деген заңға бағынады. Бұл заң бойынша, егер жүрекке келетін нерв импульсінің күші ет талшықтарын түгел жиырылта алатындай болса, жүрек жиырылады, ал одан куші кем болса, жүрек жиырылмайды. Жүректің және барлык кан тамырларының ішкі жағы жұқа, тегіс әрі жылтыр тығыздала орналасқан клеткалар қабатынан тұрады, оны эндотелие деп атайды. Эндотелие қабаты қаннын іште ұйып қалмауын реттейді. Әр түрлі ауруларға байланысты эндотелие қабаты бұзылғанда, жараланғанда оның іші кедір-бұдыр болып, қан тамырының ішінде қан ұйып, оны бітейді де, қанның ағуына кедергі жасайды.
Миокард — жүректің негізгі массасын құрайтын ортаңғы ет қабаты. Миокардтың кұрылысы мен функциясында өзіне тән ерекшелігі, әрі сирек кездесетін өзгешелігі бар. Миокард құрылымдық ерекшелігіне байланысты скелет ет талшықтары мен ішкі органдар қабырғасын құрайтын бірыңғай салалы ет талшықтарынын арасынан орын алады. Миокардтың құрылысы, скелет етін құрайтын көлденең жолақ ет талшықтарына өте ұқсас. Екеуінің де саркоплазмасында актин және миозин миофиламентінен тұратын миофибриллдер бар, тек миокардта саркоплазма ретикулумы сиректеу. Екеуінде де жиырылу процесі уақытында саркоплазма ретикулумынан кальций ионының саркоплазмаға шығу механизмі ұқсагі, тек миокардта кальций ионы сыртқы ортадан да кіреді.
Саркоплазмадағы кальций ионының концентрациясы әр уақыт миокард ет талшықтарының жиырылу биіктігін анықтайды да жүректің күшті жиырылуына әсер етеді. Миокард ет талшықтары өзара бірігіп, біртұтас тор немесе синцитий құрайды.
Әрбір осындай тордың ішінде жан-жағына тарамдалған формасы цилиндр тәрізді миокардиалдық көптеген талшықтары бар. Параллель орналасқан жүрек ет талшықтары осы миокардиалдың талшықтары аркылы өзара байланысып, біртұтас ет қабатын құрайды. Жүрек етінің кез келген синцитиінде пайда болған қозу толқыны, миокардқа бірдей жылдамдықпен жайылады.
Жүрек еттерінің негізгі физиологиялық қасиеттері. Жүрек еттерінде де, скелет еттері сияқты козу, жиырылу, қозу толқынын өткізу қасиеттері болады.
Қозу. Электрлік, механикалык, температура, химиялық тітіркендіргіштер арқылы әсер етсек, жүрек еттерінде қозу пайда болады.
Жүрек еттерінің жиырылу күші скелет еттеріндегі сияқты тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Олар порог күшіне максимальды жиырылады да, содан кейін тітіркендіргіштің күшін қанша өсірсе де жиырылу биіктігі өзгермейді. Жүрек еттерінің жиырылу биіктігі тітіркендіргіштің күшіне байланысты емес. Жүрек еттерінің осы қасиетіне Боудичтің жоғарыда айтылған «барлығы немесе жоқ» деген заңы негізделген. Бұл заңға миокард белгілі бір жағдайларда ғана бағынады. Мысалы, барлығының да өзгеруіне, температура, еттердің созылуы, шаршауы т. б. факторлар әсер етеді.
Микроэлектрод техникалық әдіс арқылы ғалымдар, қозбай тұрған жүрек ет клеткаларының цитоплазмасы, клетканың ішкі бетімен салыстырғанда теріс зарядталып, клетканың сыртқы беті поляризационалады. Мембрананың бұл потенциялының биіктігі 80-90мВ. Қозу уақытында клетка мембранасында потенциалдық айырым бірқатар азаяды. Соның нәтижесінде натрий катионы мембрана аркылы клетканың ішіне кіріп, цитоплазма өзінің теріс зарядынан айрылады, клетка мембранасы деполяризацияланады да оқ зарядқа ие болып, потенциал биіктігі 20-30 мВ-ке теңеледі. Жүрек ет клеткаларында, скелет еттерімен салыстырғанда әсер потенциалы үзаққа созылады.