Тыныстану жүйесін зерттеу.

Тыныстану жүйесін зерттеу.

Тыныс алу түрінің ырғағы аралас, ендікпесі жоқ. Өкпесін тыңдағанда фонендоскоп қолдандым. Маңдай, жоғары жақ қуыстарын, ауа капшықтарын пальпация және перкуссия жолымен тексергенімде өзгеріссіз.

Тыныс алу қозғалысын зерттеу көкіректі анықтап көруден, көргенде оның сыртқы пішінін, көлемін және көкірек қозғалысын, тыныс алу түрін, санын, жиілігін, ырғағын және тыныс алу қозғалысының біргей, бір мезгілде қозғалуын анықтаудан басталады. Көкіректің көлемін, қозғалысын және сырт пішінін малдың оң жақ, сол жақ қапталынан және артқы жағынан қараумен анықтайды.

Тыныс алу санын көкірек клеткасының бұлшық еттерінің жиырылуына, жылқы танауының желбіреуіне, тынысты сыртқа шығару екпінін санаумен анықтайды. Ауру малдарда тыныс алудың жиілеуі кездеседі және тереңнен жеңіл — жалпы дем алуы кездеседі.

Көмей және кеңірдікті тексергенімде пішіні өзгеріссіз, ауырсыну жоқ, жергілікті қызуы байқалмайды, көмей рефлексі орташа.

Өкпені аускультациялау кезінде — тыныс күшінің шуылдары жоқ, орны және сапасы өзгеріссіз, бөгде шуылдар — сырыл, қытырлау дыбыстары естілмейді, өзгеріссіз.

Өкпені перкуссиялағанымда — перкуссияның дыбыстық сипаты, естілу орны шекарасы өзгеріссіз жақсы сақталған.

Дені сау малдардың мұрнынан су ағуы байқалмайды (немесе азғана сулы, сулы — кілегейлі сұйық байқалады). Мұрын, өкпе, бронх, қосалқы қуыстар қабынғанда және өкпе ісінгенде танаудан жайылмайтын (ұдайы) немесе әлсін — әлсін (араласып) бөлініп отыратын су ағу байқалады, ол сұйық , кілегейлі, кілегейлі — іріңді, іріңді — сасық иісті болып келеді.

Тыныс алу мүшелерін зерттеген кезде тыныс ырғағына көңіл бөледі — бұл демді ішке және сыртқа шығарудың өзара кездесіп алмасып тұруы.

Ұсақ малдарда саусақтар көмегімен нұқу тәсілі қолданылады. Көкіректі нұқу қабырғалар арасымен жоғарыдан төмен қарай соғу арқылы іске асады. Дені сау малдардың өкпе тұсын нұқығанда айқын, созылыңқы, дыңғырлаған дыбыс естіледі, ол өкпенің анық нұқу дыбысы деп аталады. Ал ірі қара малдарда аспаптық нұқу болады. Нұқу кезінде өкпенің шекараларын анықтайды, оны өкпенің ашық нұқу дыбысының сызданған сыбырлы немесе даңғырлаған дыбысқа ауысқандығынан білеміз.Дені сау малдардың көкірегін нұқығанда өкпенің анық нұқу дыбысын естиміз. Ауру малдарда нұқу дыбыстары өзгеріліп естіледі, оларға мына дыбыстар жатады.

Шыңқылдаған (шел, өкпе қабығы, өкпе қабынғанда), сызданған    сыбырлы    (экссудатты    плевритте,    өкпенің    фибринді қабынуы, жылқының плевропневмониясы, ала өкпе).

Даңғырлаған (өкпедегі тесік каверна, бронх түтігінің кеңеюі, кеуде
қуысына ауа толғанда пневмоторакс).

Шіңкілдеген (өкпенің ішіндегі доп тәрізді қуыс пайда болғанда ішкі қабаты тегіс қатты болады).

Түбі тесік қауақ тыңқылындай (өкпеде қуыс пайда болып ол бронхы арқылы жіңішке түтікшемен сыртқы ортамен байланысқанда шығады).

Өкпенің артқы нұқу шекарасы көлденеңінен жүргізілген үш түзу арқылы анықталады; 1.Сербек түзуі; 2.Жамбас сүйегінің төменгі басынан жүргізілген түзуі; 3. Иық буыны түзеді. Ауру малдың өкпесі таза, артық шулар жоқ.

3. Азық қорыту жүйесін зерттеу

Азыққа тәбеті орташа төмендеген, шөлдемейді. Азық пен суды еркін қабылдайды, шайнау сипаты жақсы, жұлыну, кекіру, құсу жоқ.

Ауыз қуысын ашып тексергенімде жоғарғы таңдайдың, жақтың, қызыл шектің, тілдің, еріннің, кілегей қабықтарының жағдайы, ауыздан шыққан иіс, сілекей бөлуі, тістердің жағдайы жақсы сақталған, өзгеріссіз. Өңешті пальпациялау арқылы тексергенімде ауырсынуы жоқ.

Ауыз қуысы мүшелерінің зерттеу кезінде тісі жоқ жерінен қолды енгізіп, тілді сыртқа шығару арқылы немесе ауыз кергішті (зевник) енгізу арқылы аузын ашамыз. Содан соң мыналарға көңіл аудару керек;

1 .Көру арқылы және сипау тәсілдері арқылы шырышты қабықтың күйін білу және зерттеу. Көзбен көру арқылы шырышты қабықтың түсуін, түсін оның өзгерістерін, жара және бөртпелері бар жағын анықтайды. Ауыздың шырышты қабығын сипап оның қызуын, сезімталдығын және құрзақтығын анықтайды.

2.Ауыздан шыққан иісті мал сілекейімен сулаған мақтаны иіскеп анықтайды.       3.Тілді көру арқылы дақтарды және ісікті анықтайды.

4.Тістің күйін қараған кезде, тістің босауын, желінуін, түсуін, және оның өсіп кетуін анықтау керек.

Азық қорыту жүйесін зерттеу иттің азық қабылдау және су ішу қабілетін тексеруден басталады. Мал азықты қалай қабылдайды және суды қалай ішетінін анықтай отыра мынандай құбылыстарға мұқият зер салып қарау қажет;

а) Тәбет және оның бұзылуы;

б) Жұлу және шайнау, оның өзгерісі;

в) Құсу, кекіру және күйіс қайтару және олардың бұзылуы;

Ауыз қуысын, жұтқыншақты, өңешті және құстың жемсауын зерттеу. Ауыз қуысын зерттеудің негізгі тәсілдері көру, сипау және қосымша иіс сезетін мүшелер арқылы шыққан иісті анықтау.(иіскеу). Дұрыстап зерттеу үшін ауыз кергіштер қолданылады. Көзбен көру ауыз қуысының жабылуын және ашылуын, еріндерінің еріксіз қозғалуын, сілекей бөлінуінің және олардың бөтен өзгерістерін анықтаймыз.

4. Зәр бөлу жүйесін зерттеу

Несеп бөлу актісі —  жиілігі жоқ, несептің мөлшері орташа, несеп бөлу кезінде ауырсыну байқалмайды.

Бүйрек пен қуықта сипау кезінде көлемі өзгермеген, пішіні сақталған, консистенциясы жақсы, ауырсыну жоқ, қуықты тексеру үшін катетор енгізгенімде бөгде заттың болмағанын анықтадым.

Несептің физикалық қасиетін анықтадым. Несеп тұсы. Шыны цилиндрге зерттеуге арналған несепті құйып, сосын оның түсін күндізгі жарықта анықтадым.

Ірі қараның түріне қарай несеп түсі — ақшыл — сарыдан, ашық — қоңыр аралығында болады. Несеп тұсінің өзгеруі ондағы басқа заттардың қосылуы салдарынан болады, несеп құрамында қан, гемоглобин, өт пигменттері және басқа да заттардың денедегі ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен жіберілген дәрі — дәрмектің түсіне байланысты.

б) Несеп консистенциясы (сұйықтығы). Несеп сұйықтығын екі шыны ыдыс алып оның біреуіне несеп құйып, содан соң оны жайлап келесі ыдысқа сапыра құю арқылы анықтайды. Барлық малдарда (дара тұяқтылардан басқа) несеп су тәрізді болады. Дара тұлқтыларда несеп кілегейлі болып келеді, құйғанда жіп тәрізді болады да ағады, себебі несеп құрамында муцин сілекейінің болуы.в) Несептің иісін сезім мүшелерімен анықтайды. сиырдың түріне қарай өзіне тән, лайықты несеп иісі болады. Қуық сал болғанда, қабынғанда, уратрадан несеп өтпей қалғанда несеп құрамының бұзылуы байқалады, осы сезде аммиактың иісі пайда болады. Куық ісігінде шіріген иіс, кетозда ацетон иісі кездеседі г) Несептің салыстырмалы тығыздығын анықтау.

Цилиндрге несепті құйып, оған жайлап бөліктерінде 1,0- ден 1,060 санына дейінгі көрсеткіші бар уро метрді батырады. Урометр бір қалыпқа келген соң оның төменгі шкаладағы бөлігіндегі көрсеткішін белгілеп анықтайды. Нефритте, нефроз, склерозда несеп тығыздығының төмендеуі байқалады. Несеп тығыздығының көтерілуі диспепсияда, колибактериозда, паратуберкулезде, құсқа да, шаншуда және дене қызуы көтерілгенде кездеседі. Несептің ракциясын индикаторлы қағаздың көмегімен анықтайды. Ол үшін идикаторды несепке батырып алып, содан соң индикаторды түрлі-түсті ілгілермен (бөліктермен) шкаламен салыстырып анықтайды, ондағы сандармен белгіленген сан бөліктері шкала несептің қандай реакция екенін көрсетеді.

Циститте, қуық қабынғанда, мал құсқаннан соң несеп негізгі сілтілі болып келеді. Қышқылды несеп бүйрек жүмысының жетіспеушілігінде, мал ұзақ ашыққанда және дене қызуы көтерілетін кейбір ауруларда кездеседі.

Ауырған сиырдың несеп бөлу жүйесі қалыпты жағдайда, ешқандай өзгерістер жоқ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *