Сүтқоректілер  мен  құстардың жүрегі

Жүрек еттері минутына 70 рет жиырылса, әсер потенциалы 0,3 секундқа созылады. Ал жүректің жиырылуы жиілесе әсер потенциалы уақыты қысқарады, сиресе,  керісінше ұзарады.

Бір козу толқыны екіншісімен неғұрлым тез ауысып отырса, соғұрлым әсер потенциалы шапшаң өтеді. Міне осы жағдай синус түйінінде пайда болған әр түрлі қозу ритміне байланысты, жүрек еттерініқ жұмыс кабілеті өзгеріп, әрі соған бейімделіп отырады. Жүрек еттерінде қозу толқыны ұзақтығының тез езгеруі аркасында, жүрек бір түрлі жұмыс ритмінен екіншісіне ауысуына мүмкіндік алады. Жүрек етінің қозу уақытында немесе іле қозудан кейін тітіркендіргішке жауап қайтара алмауын абсолюттік рефрактерлік кезен. деп аталған. Бүл кезен үзақтығы әсер потенциалынан қысқа болады да журек систола уақытымен сәйкес келіп, жүрек еттері біркелкі жиі келген импульске ұзак  уакыт кыскарып жауап бере алмайды. Себебі жүрек жиі берілген тітіркендіргіштің барлығына кезегімен жауап беріп үлгере алмайды.

Абсолюттік  рефрактерлік кезеңнен кейін жүректе қозу аздап кетеріледі. Осы уақытта жүрек өте күшті берілген тітіркендіргішке жауап қайтара  алуын  салыстырмалы  рефрактерлік кезең  деп атайды. Бүл кезеңнен кейін өте күшті қозу кезеңі байқалады да, экзальтация кезеңі басталады. Бұл кезеңде жүрек еттері қозу пайда ете алмайтын тітіркендіргіштің (подпорог) күшіне де қозып жауап қайтарады.

Өте қатты созылған жүрек еттері, өте күшті жиырылады. Мұны Старлингтің «жүрек заңы» деп атайды, бүл заңдылық жүрекке өте   көп   қан кұйылғанда байқалады.

Жүрек  еттерінін, ете қатты созылуы,  актин мен миозин белоктарының жанасу келемін кебейтеді де, жиырылу биіктігі артады.  Жүректің  шығаратын  қан  көлемінің артуының  адаптациялық  манызы зор. Мысалы өте ауыр дене қызметін жасағанда жүрек еттерінің жиырылу күші симпатикалық нерв арқылы реттеліп, миокардта зат алмасу процесі күшейіп, жұмыс істеп тұрған жүрек еттері жақсы қоректенеді. Жүректің жиырылу жылдамдығына ауа, дене температурасы, күн мен жыл тәуліктері, психико-эмоциялық процестер, нерв системасының жалпы физиологиялық жағдайы т. б. факторлар әсер етеді.

Сүтқоректілер  мен  құстардың жүрегі төрт камераға бөлінген. Жоғарғы  бөлімінде  оң және сол жүрекшелері, ал төменгі белімінде оң және сол қарыншалар орналасады. Жүрекшелердің қабырғасы жұқалау келеді де ол  вена тамырларымен келген канды қарыншаларға кұяды. Қарыншалардың қабырғасы калыңдау болады, өйткені қан жүректен артерия қан тамырлары арқылы шығарылып, бүкіл организмге таратылады.

Жүрек өзінің насостық ролін атқаруы үшін қақпақтармен қамтамасыз етілген, олар автоматикалык жолмен жабылуы арқасында қан тамырларына шығарылған канды кері қарай ағызбайды. Жүректін, екі жақ белігіндегі жүрекшелері мен қарыншаларынын арасында тесік бар. Ал жүректің оң жақ бөлігі мен сол жақ бөлігінің арасында қатынас жоқ. Сонда жүректің екі жақ бөлігінде насостар бар сияқты (оң жақ және сол жақ насостар). Оң жак. жүрекше мен қарыншаның тесігін жауып тұратын қақпақты үш жаңтаулы қақпақ,  ал  сол жақ жүрекше  мен  қарыншаның тесігін   жауып   тұратын   қақпақты   қос жақтаулы қақпақ деп атайды. Бұл қақпақтар жабылғанда қан жүрекшелерге қарай ауысып өтпеуі үшін тесікті дәл жауып тұратын кақпақтардың жіңішке тарамыс жіпшелері болады. Олардың бір жағы кақпақтар жармасына бекітілсе, екінші жағы жіңішке  қарыншалардың   ішкі  қабатындағы емізік  етке бекітіледі. Қарыншалардан шығатын екі ірі артериялардың түбінде де дәнекер тканьнен жасалған екі айшык кақпақтар бар. Бірі оң жақ қарынша мен өкпе артериясы, екіншісі сол жақ қарынша мен қолқа арасында орналасады. Қан қарыншалардан артерия тамырларына шығарылғанда, бұл қақпақтар қабырғаға жабысады да, қанның ағу бағытына ешқандай кедергі   жасамайды.  Ал қарыншалар босаңсығанда, артерия тамырларында қан қысымы жоғары болғандықтан, қан кері қарай қарыншаға ағады, сол кезде кері аққан қан айшық қақпақтардың куысына толады да, өкпе артериясы мен қолқаның  көлденең  кесіндісін жауып тастап, қанды қарыншаларға өткізбейді  (III түсті таблица).

Оң жақ жүрекшеге келіп кіретін екі үлкен қуыс веналарда   және   сол  жақ   жүрекшеге   келетін өкпе вена қан тамырларында- ондай қақпақтар жоқ, сондықтан жүрекшелер қанының біраз мөлшері вена тамырларына қайта құйылады. Кері құйылатын қан мөлшерінің аз болу себебі: вена тамырларының жүрекшелермен   жалғасатын ұшында жүрекшелер жиырылар алдында өзінен-өзі жиырылып қалатын   деңгелек   бұлшық   еттер   бар.   Оң   жақ   жүрекшеге өкпеден басқа барлык, денеден   жиналып   ағатын қан екі үлкен қуыс венамен келіп құяды. Жоғарғы қуыс вена қанды бастан, екі қолдан және дененің жоғарғы бөлімінен, ал төменгі куыс вена екі аяқтан   және  дененің төменгі бөлімінен жинайды. Сол жақ қарыншаның қабырғасы оң жақ қарыншамен   салыстырғанда   қалыңырақ   болады, себебі: сол қарынша қолқа арқылы артерия  қанын   бүкіл денеге  таратып ағызады, ал оң жақ қарынша қанды тек әкпеге айдайды.

Қанның жүрек арқылы жүретін жолын қыскаша төмендегідей сипаттауға болады. Барлық денедегі қан оң жақ жүрекшеге құйылады да толғаннан кейін оның жиырылуынан үш жақтаулы қақпақтар ашылып, қан оң жақ карыншаға өтеді. Содан кейін оң жақ қарынша жиырылады, үш жақтаулы қақпақтар жабылады да, айшық қақпақтар ашылып, вена қаны жүректен өкпе артериясы аркылы өкпеге шығарылады. Өкпеге шыққан вена қаны көпіршіктері арқылы артерия қанына айналып, өкпе вена қан тамырымен сол жақ жүрекшеге келіп құяды. Толғаннан кейін оның қабырғасы жиырылуынан екі жақтаулық қақпақ ашылып, қан сол жақ қарыншаға ауысады, Сол жақ қарынша толғаннан кейін жиырылады, екі жақтаулы қақпақтар жабылып, айшық қақпақтар ашылады да қан үлкен қысыммен қолқаға шығарылып, бүкіл үлкен кан айналыс шеңбері арқылы таралады.

Жүректің ет талшықтарын жүрек камераларынан өтетін қан қоректендіре алмайды, себебі: канның құрамындағы қоректік зат пен оттегі жүректің қабырғасы қалың болғандықтан диффузия жолымен өте алмайды. Жүректің ішкі ет талшықтарына артерия қанын қолқаның басталар жерінен тармақталған жүрек артерия тамыры жеткізеді. Ал жүрек ет талшықтарынан жиналған вена қаны, жүректің вена қан тамырлары арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады.

Жүректің жиырылуы. Жүректің қызметі ұрыктың даму кезеңінің ең алғашқы сатысынан басталып, организмнің барлық тіршілік процесінде үздіксіз белгілі бір ырғақпен жиырылып отырады. Организмнің барлық тканьдері үздіксіз оттегін қажет еткендіктен, оны жеткізіп тұратын қан үнемі ағуы керек. Ал қан тамырларында қанның, ағуы жүректің жиырылуына — байланысты болғандықтан, жүрек бірнеше минут тоқтаса да, ми клеткаларына оттегі жетіспейді де, адам есінен танады, жүрек тоқтаса, адам өледі.

Адамның жүрегі қалыпты жағдайда бір минутта 5 литрге жуық қанды, ал бір соққанда 75 мл қанды қабылдап және сонша қанды шығарады. Сонда әрбір минут сайын жүректен организмдегі қанның барлық мөлшері өтіп отыратын сияқты. Ал шынында барлық қан мөлшері бір минутта жүректен ағып өтпейді: қысқа жолмен ағатын қам бірден көбірек, ал ұзын жолменен ағатын қан жүрекке қайта келіп құйып үлгермейді.

Адам жүрегі 70 жыл ішінде 2600 миллионға жуық жиырылып, 155 млн литрдей (150 мың г) қанды жүрек қабылдап және сонша қанды шығарып тұрады. Сонда жүректің қызметі орта есеппен  салмағы   10 тонна   жүкті, 16 км

1 — с у р е т. Жүректің өткізгіштік системасы.

1 — синусоартериальдық   түйін;

2 — атриовентрикулярлық   түйін;

3 — Гис   шоғыры.

биіктікке көтеруге кеткен күшпен тең.    Бұл — салмағы   300 грамға   жуық   органның   қызметі.  Адамның дене қызметі күшейген    сайын    жүректің   бір минуттағы соғу саны мен бір  минуттағы қабылдап және шығаратын қанның көлемі де артады.  Жүректі   шынықтырғанда мысалы, спортшыларда жүректің, соғу саны азайып, жүрек ет  талшықтарының  жиырылуы   күшейеді   де,   әр   соққанда қабылдап   және   шығаратын қанның  көлемі  көбейеді,    сонық    нәтижесінде    жүректің минуттық көлемі артады. Жүрекке келетін нервтерді кесіп тастаса да, жүрек соға береді. Бұдан біз жүректің қызметі мидан импульс келмей қалса да, тоқталмай соға беретінін  көреміз.   Бөлініп   алынған   жүректі   денедегідей физиологиялық сүйықтыққа салса, жиырыла береді.  Мұндай сырттан тітіркендіргіш берілмей өзінен-өзі жиырылуды жүрек еттерінің автоматикалық қасиеті деп атайды. Мұндай автоматикалық қасиет жүрек еттерінен бөліп алынған жеке жүрек ет талшықтарындай да   бар екені анықталған. Бұл қасиет жүрек ет талшықтарындағы атиптік ет тканьдеріндегі гликогенге бай Пуркенье талшықтары, нерв клеткалары мен олардың өсінділері және үлкен ми сыңарларының қыртысынан келетін екі нерв системасының талшықтары қосылып, барлығы жүректің қозу импульсін өткізетін система құрайды (1-сурет). Бүл система жүректе ғана болады да орталықтан  тебетін   нервтермен   келген нерв импульстерін қабылдап, жүректің қызметін әр түрлі жағдайларға байланысты езгертіп реттеп отырады. Бұларда нерв тканінің және ет тканінің қасиеттері бар.   Мұндай системаның жобасы төменгі сатыдағы омыртқалыларда да болады. Мысалы: балықтар мен бақанын, жүрегінде веноздық синус деген жеке бөлімі   бар.   Веноздық синусқа қан вена тамырларынан құйылады да кейіннен ол қан оң жақ жүрекшеге   ығыстырылып  шығарылады. Ал жоғарғы   сатыдағы дамыған омыртқалыларда веноздық синус жойылып, оның орнында толып жатқан атипті.к ет тканьдерінде нерв түйіндері қалып, өткізгіш системасының басы — синус түйіні пайда   болған.   Бұл   түйін жоғарғы вена қуысының оң жақ жүрекшеге жалғасатын жерінде орналасқан. Осы түйін екіге тарамдалып, бірі төменгі вена қуысына карай, екіншісі оң жақ жүрекшенің қабырғасының бойымен орналасады. Екінші атиптік ет тканьдері мен нерв клеткаларының топтасқан жерін атриовентрикулярлық түйін деп атайды. Бұл түйін екі жүрекшелердін  арасында орналасады. Осы түйіннен төмен қарай тармақталған қарыншаларды бөліп тұрған пердеге келіп тіркелетін қалың ет шоғыры орналасады, мұны Гис шоғыры деп атайды. Гис шоғыры оң және сол тармаққа белініп, қарыншаларды алып жатады. Әр қарыншадағы Гис шоғырынық аяғы тарамданып жіңішке жеке талшықтарға бөлініп, олардың аяғы қарыншалардың қабырғасын құрайтын қалың ет қабаттары мен емізік еттердегі атиптік ет талшықтарымен жалғасады. Гис шоғыры қозу импульсін жүрекшелерден қарыншаларға еткізеді. Әрбір белгілі уақыт арасы еткен соң веноздық синус түйіннен жүрекшелердің еті арқылы жиырылу толқыны тарайды. Ол толқын атриовентрикулярлық түйін арқылы Гис шоғырының бойымен қарыншаларға етеді. Жүрекшелер мен қарыншалардың арасын байланыстыратын ет талшықтары жоқ. Олардың үйлесімді жиырылуы өткізгіш жолдары арқылы реттеледі. Импульс веноздық синуста пайда болып өткізгіш жолдар арқылы қарыншаларға дейін бір бағытта еткізіледі. Сонда импульс жоғарыдан темен қарай өтеді, ал кері бағытта импульс жүрмейді, мұны жүректің градиент заңы деп атайды.

Веноздық синус жүректің соғу жылдамдығын реттейтіндігін сол түйінді жылыту немесе салқындату арқылы дәлелдеуге болады. Жылытса жүректің соғуының жиілегенін, салқындатса баяулайтындығын байқауға болады. Егер әр түрлі ауруларға байланысты веноздық синус бұзылса, оның қызметін атриовентрикулярлық түйін атқарады.

Жүректің әрбір соғуы жүрек еттерінің жиырылуынан және босаңсуынан тұрады. Қалыптағы соғу жиілігі 1 минутта 75 рет. Жүректің еттерінің бір рет жиырылуы мен босаңсуы жүректің толық айналымы болып табылады. Жүректін, толық бір айналым жиырылуына 0,8-0,9 секунд уақыт кетеді. Қарыншалар мен жүрекшелер бір уақытта жиырыла алмайды. Алдымен жүрекшелер жиырылады, оған 0,1 секунд уақыт кетеді, одан кейін қарыншалар жиырылады, оған 0,3 секундтай уақыт кетеді. Ал қалған 0,4-0,5 секундта жүректің барлық камералары босаңсып тыныс алады. Алғашқы жиырылу толқыны пайда болатын веноздық синус оң жақ жүрекшеде орналасқандықтан оң құлақша сол құлақшадан бұрынырақ жиырыла бастайды.

Ж ү р е к т і ң  ж и ы р ы л у ы р ғ а ғ ы. Жүрек ырғақпен жұмыс істейді, оның еттерінің жиырылуы босаңсуымен кезектесіп отырады. Жүрек еттерінің жиырылуын — систола, босаңсуын — диастола — деп атайды. Жүректің толық бір айналым сатысын жүрекше жиырылуынан бастап кезекті жүйелілігімен баяндаймыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *