Ж ү р е к ш е л е р д і ң  ж и ы р ы л а  б а с т а у ы

. Ж ү р е к ш е л е р д і ң  ж и ы р ы л а  б а с т а у ы — жүрекшелердің жиырылуы кезінде жиырылу толқыны веноздық синус түйіннен басталып жүрекшелердін, қабырғасымен таралып, қанды қарыншаларға карай ығыстырады. Қарынша қанға толады, өйткені онда кысым жүрекшедегіден төмен, әрі екі-үш жақтаулы қақпақтар ашық. Атриовентрикулярлық түйіннен импульс жай жүріп, әрі қарай Гис шоғырына кетеді.

2. Қ а р ы н ш а л а р д ы ң    ж и ы р ы л а     б а с т а у ы.  Гис шоғырымен өткізілген импульс қарыншалардың ет қабатына жетіп, олар жиырыла бастайды, қысьщ тез артады. Екі-үш жақтаулы қақпақтар жабылып, жүректе ең бірінші дыбыс пайда болады.

3. Қ а р ы н ш а л а р д а    қ ы с ы м н ы ң   а р т у ы.    Қарыншаларда пайда   болған  қысым   артерия тамырларындағы қысыммен теңескенше   өте   жылдам   арта бастайды. Айшық   қақпақтар   жабық   болғандықтан, кан қарыншаларда болады.

4. А й ш ы қ   қ а қ п а қ т а р д ы ң   а ш ы л у ы.   Қарыншалардың ішкі қысымы артерия тамырларының кысымынан арта бастағанда, айшық қақпақтар ашылады да, қан қысымы жоғары жерден кысымы   төмен   өкпе   артериясы мен    қолқаға   қарай   ығысып   шығады.    Қарыншалардың
жиырылуы аяқтала бастағанда, қанның ығыстырылу шапшаңдығы темендейді. Қарыншалардың босаңсу кезеңі басталады.

5. Қ а р ы н ш а л а р д ы ң    б о с а қ с у    к е з е ң і н і ң б а с т а л у ы.   Қарыншалар босаңсыған сайын, қысымы да артерия тамырларындағы  қысымнан  төмендей  бастайды. Сол  кезде   айшық  қақпақтар   жабылып, жүректе  екінші дыбыс пайда болады.

6. Қ ы с ы м н ы ң   к е м у  к е з е ң і.  Айшық қақпақтар жабылған   соң   да   қарыншалардың   қабырғасы   одан әрі босаңси бастайды, қысым да кеми береді.   Бұл кезде қарыншалар жиырыла басталғанда, жабылған екі-үш жақтаулы қақпақтар да сол қалпын өзгертпейді, себебі: қысым жиырылған сайын пайда болатын жұмыс тогын дененің сыртынан электрокардиограф деген құрал арқылы қисық сызық түрінде жазып алуға болады. Егер жүректің қызметі өзгерсе, жұмыс тогын тіркегендегі қисық сызықты қалыпты жағдайдағы қисық сызықпен салыстыру арқылы жүректің қай бөлімінін. жұмысының өзгергендігін білуге болады.

Қозған және бөгеліп тұрған тканнің арасын жалғап, пайда болған биотокты тіркеп алуға болады. Жүректің қозып түрған бөлімі — теріс бөгелісі — оң электр зарядымен зарядталады. Ал қарынша жиырылса, теріс электр зарядымен зарядталады да, тыныштықта тұрған жүрекшемен салыстырғанда қозып, жиырылғанда қарынша теріс электр зарядымен зарядталады. Қозған және козбай бөгеліп тұрған жердіқ арасындағы электр потенциалы айырымынан пайда болған электр тогы дененің барлық жеріне таралады.

Жүрек жүмыс жасағанда пайда болған биотокті тіркеп алуды электрокардиограмма деп атайды. Жүрек әр жиырылған (цикл) сайын электрокардиограммада 5 тіс пайда болады. РQРSТ — тісі жүрекшелер қозғанда пайда болған электропотенциялық айырымын көрсетеді. QRS тістері қарыншаларда қысым жоғарылап, ондағы қозудың өзгере бастағанын, тісі аяқталғанын керсетеді.

Р-Q тістерінің ара қашықтығы, өткізгіш жолдар арқылы қозу толқынының жүрекшеден қарыншаға өткізілуіне кеткен уақытты көрсетеді. Р-Т тістерінің ара қашықтығы  механикалық систоланың уақытымен сәйкес  келеді.

Ж ү р е к  қ ы з м е т і н і ң  н е р в  а р қ ы л ы  р е т т е л у і. Жүректің физиологиялық бір қалыпты қызмет етуі организмнің сол уақыттағы сыртқы және ішкі ортасына өте тығыз байланысты. Организмнің тіршілігіне қарай жүрек қызметі үнемі бейімделіп, нерв арқылы рефлекторлық жолмен реттеліп отырады. Жүректің қызметін орталықтан тебетін симпатикалық және кезеген нервтер реттейді. Жүрекке жақындағанда симпатикалық нерв талшықтары кезеген нерв талшықтарымен қосылып бір нерв құрайды. Сондықтан жүректің көпшілік жеріндегі нерв торларының құрамында екі нерв талшығы болады.

Ж ү р е к т і ң  с и м п а т и к а л ы қ  н е р в т е р і.  Жүректің симпатикалық нервтерін тітіркендірсе, жүректің қызметі жылдамдайды. Бұл құбылысты 1866 жылы ағайынды Циондар ашты. Олар симпатикалық нерв талшығын — жүректің қызметін жылдамдататын нерв деп атады. Ал 1886 жылы И. П. П а в л о в итке тәжірибе жасау арқылы симпатикалық нерв талшығы жүректің қызметін күшейтетіндігін де дәлелдеді. Жүректің қызметін күшейтетін симпатикалық нерв талшықтарын тітіркендіру арқылы жүрек еттерінің жиырылу биіктігін арттырумен (тездетуімен) қатар, тоқтап қалған жүректі қайта жұмыс жасатуға болады. Бұл нерв талшығы жүрек еттеріндегі зат алмасу процесін жоғарылату арқылы жүректің ет талшықтарын жақсы коректендіреді де барлық тіршілік процесін, яғни қозуын, жиырылуын және импульс өткізу жылдамдығын арттырады. И. П. Павлов бұл нервке трофикалық нерв деп ат берді (трофикалық — қоректендіруші — деген сөз).

Жүректің жұмысын жылдамдататын симпатикалық нерв талшығын тітіркендіргенде жүрекшелер мен қарыншалардың жүмысындағы аракатынас бұзылады. Мысалы, қарыншалар бір жиырылғанда, жүрекшелер екі рет жиырылып үлгереді (ырғағы 1 : 2 болады).

Ал жүректін, жұмысын күшейтетін симпатикалық нерв талшығын тітіркендірсе, осы бұзылған арақатынасты өзінін  қалпына келтіреді (ырғақты 1 : 1 теңейді).

Симпатикалық нерв талшықтарын кесіп тастаса, жүректің соғу ырғағы баяулайды жүрек тоқтап қалады.

Ж ү р е к к е  к е з е г е н   н е р в т е р д і ң  ә с е р і. Кезеген нервтерді тітіркендірсе, жүректің жиырылуы баяулап, тоқтап қалады. Жүректің қозуы әрі сол қозу импульсін өткізуі баяулайды, жүрек еттерінің жиырылу биіктігі төмендейді, босаңсу уақыты артады.

Кезеген нервтің ядросы сопақша мида орналасады да, үнемі тонусы жоғары болады. Кезеген нервтердің ядроларының аздап болса да, үздіксіз қозу күйінде болуы, қандағы адреналин гормоны мен калий ионына байланысты. Себебі, бұл заттар симпатикалық нерв системасын да қоздырады. Ал симпатикалық нерв системасының қозуы кезеген нервтіқ бөгелуін оңайлатады.

Барлық вегетатив нервтері сияқты жүректің қызметін реттейтін нервтер де 2 нейроннан тұрады. Бірінші нейрон өсінділері, ядросы сопақша мида жататын кезеген нерв. Кезеген нерв жүректің рецепторына жетіп аяқталады. Осы жерде екінші нейрон орналасады да, өсінділері веноздық синус түйініне, жүрекшенің еттеріне, артриовентрикулярлык. түйінге барып аяқталады. Жүрек қарыншалары кезеген нерв арқылы нервтенбейді.

Жүрекке импульс жеткізетін симпатикалық нервтің бірінші нейроны жоғарғы бес кекірек жүлын сегментінің алдыңғы мүйіз тәрізді бөлігінің бүйір бөлімінде орналасады. 

Бұл нейрондардық өсіндісі мойын және көкірек симпатикалық түйіндеріне келіп аяқталады. Бұл түйіндерде, екінші нейрон орналасады, оның аксондары жүрек өт талшықтарына барып аяқталады. Жүректің симпатикалық нервтерінің көбісі (ganyl stellatum) жұлдыз тәрізді түйіннен шығады.

К е з е г е н   н е р в т і ң  ж ү р е к к е  ә с е р і. 1845 жылы ағайынды Веберлер жүректің қызметін кезеген нерв баяулатып, диастолы уақытын ұзартатындығын сол нервті тітіркендіру арқылы дәлелденген.

Электр тоғымен кесілген кезеген нервтің шеткі бөлімін тітіркендіргенде жүректің жауап эффектісі тітіркендіргіштін, күшіне байланысты екені анықталған. Әлсіз тітіркендіргіш жүректің жиырылуын баяулатқан. Бүл жағдайды — теріс хронотропты эффект, ал жүрек еттерінің жиырылу биіктігінің (амплитудасының) төмендеуін — теріс инотропты эффект деп атаған.

Күшті тітіркендіргішпен әсер еткенде жүрек біраз уақыт тоқтап қалады. Себебі кезеген нерв жүректің қозуын төмендетеді, оны қайтадан қоздыру үшін тітіркендіргіштің күшін есіру керек болады. Кезеген нерв әсерінен жүрек еттерінің қозуының төмендеуін теріс батмотропты эффект, жүрек еткізгіш жолдарынан импульс өту жылдамдығы баяулауын теріс дромоторопты зффект дейді.

Ж ү р е к к е  с и м п а т и к а л ы қ  н е р в  ә с е р і. Симпатикалық нервті тітіркендіргенде жүрек еттерінің жиырылу күшінің есуін — оң инотропты эффект дейді. Симпатикалық нерв тітіркенгенде жүректің еткізгіш жолдарынан импульс өту жақсарады.

Ж ү р е к  қ ы з м е т і н  р е т т е й т і н  н е р в  о р т а л ы қ т а р ы. Жүрекке импульс жіберетін нерв орталықтары үнемі қозып тұрады. Қезеген нервтер бөгейтін, ал симпатикалық нервтер арқылы жүректің қызметін күшейтетін әрі жылдамдататын импульс жеткізіледі.

Кезеген және симпатикалық нервтер арқылы нерв орталықтарынан жүрекке берілетін импульстер, әсері, кезеген нервті және симпатикалық нерв шығатын екі жұлдыз тәрізді нерв түйінін кесу арқылы дәлелденген. Сонымен бірге бұл тәжірибеден симпатикалық нерв орталықтары аса жақсы қалыптаспағанын байқауға болады. Жүректің әр түрлі рецепторларынан пайда болған импульстерді кезеген нерв, сопақша мидағы нерв орталығына жеткізіп, олардың тонусының үнемі жоғары   болуын  қамтамасыз   етеді. Әсіресе колқа доғасы мен каротид синусы рецепторларының импульстері кезеген нерв орталықтарының тонусын жоғарылатып тұрады. Бүл рецепторлардың бүлінуі сопақша мидағы кезеген нерв орталығының тонусын төмендетеді.

Кезеген нерв ядросының тонусы ұзақ уақыт жоғарылағанда жүрек соғысының сиреп, баяулауы — брадикардия, төмендегенде жүрек соғысының жиілеп, жоғарылауы — тахикардия деп аталады. Жүрек қызметі қан тамырларының рефлекгосендік зоналары арқылы, рефлекторлык. жолменен де реттеледі.

Жүрек қызметін бас мидың қыртыс қабаты реттейтіндігі шартты рефлекстер әдісі арқылы дәлелдёнген. Жүрек қызметін реттейтін нерв орталықтары жұлын мен сопақша мидан жоғары жатқан аралық мидың гипоталамус бөлімін-де де орналасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *