Жүрек ақаулары
Жүрек қақпақшаларының тарылуымен немесе олардың кемістікгерімен сипатталатын, көбінес эндокардиттің асқынуынан пайда болатын дерт.
Туа бітетін түрі жүрекшелер мен қарыншалардың аралықтарындағы перделердің дұрыс қалыптасуынан, Боталл артерия өзегінің бітпей ашық қалуынан және жүрек тесіктерінің табиғи тарылуынан пайда болады.
Жүре пайда болған ақаулар иттерде, жылқыларда, шошқаларда, құстарда жиірек, ал ірі қарада, қойлар мен ешкілерде, үй қояндарында сирек кездеседі.
Негізгі себептері:
- жіті және созылмалы эндокардиттер;
- әртүрлі жүрек жарақаттары;
- жүрек қақпақшаларының түсындағы әртүрлі ісіктер;
- эхинококк жылауығы және т.б.
Жүрек ақауларының негізгі белгісі — ішкі қабат (эндокардиальды) шуылы ұдайы естіліп тұрады, Қақпақшалардың зақымдану дәрежелері мен сипатына байланысты шуылдар үрген, ызылдаған, тырналаған, ыңылдаған сияқтанып естілуі мүмкін. Жүрек тұсын қолмен басып тексергендегі сезілетін әсер пырылдап отырған мысықты сипалағандағы әсер тәрізді.
Жүректің 8 жәй ақаулары және 247-ден аса күрделі ақауларының болатындығы тіркелген,
Кейде жүрек ақауы бола тура аурудың клиникалық белгілері анықталмаса, ондай ақауларды қызметін өтегіш ақаулар деп атайды. Ақаулардың клиникалық белгілері жүрек саздарының өзгерімен сипатталады. Сондықтан да жүрек саздарының құрамдарын талдай білу өте қажет.
Жүректің бірінші сазының құрамы:
- жүрек жүрекшелерінің жирылуы;
- жүрекше еттерінің тығыздалуы;
- атриовентрикулярлық қақпақшалардың жабылуы;
- жарты ай тәрізді қақпақшалардың ашылуы;
- қан тамырлары қабырғаларының созылып, дірілдеуі.
- Жүректің екінші сазының құрамы:
- жүрекше еттерінің босаңсуы;
- жарты ай тәріздес қақпақшалардың жабылуы;
- атриовенгрикулярлық қакпақшалардың ашылуы;
- қан тамырлары қабырғаларының созылып, діріддеуі.